Лекция:: 15 Семинар: 13 СӨЖ: 62 Барлық сағат саны: 90 Аралыќ баќылау (АБ)- 60балл


Жоқ қылу («ауыстыр, жоққа шығару») – күшті уайым, кінәлілік сезімін тудыратын әрекеттер мен ойлар. Сублимация –



бет7/10
Дата17.06.2016
өлшемі0.94 Mb.
#142176
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Жоқ қылуауыстыр, жоққа шығару») – күшті уайым, кінәлілік сезімін тудыратын әрекеттер мен ойлар.

Сублимация – («оны өзгерт») – әлеуметтік мақұлданған балама дүниелерді жүзеге асыру арқылы ығыстырылған қажетсіз сезімдерді (сексуалдық немесе басқыншылық) қанағаттандыру. Тәсілдері: іс-әрекеттің өзге түріне ауысу, қоғамдық маңызды, орынды әрекеттер жасау.

Рационализация («оны ақтап шық»)- қажетсіз сезімдерден пайда болған әрекеттерді ақтау үшін шындыққа жанасымды сезімдерді табу. Қолданылатын тәсілдер: мақсатты дискредитациялау; көңіл аудармай жүрген өзге адам қажеттілігін дискредитациялау; оқиғаның, тағдырды рөлін асыра көрсету; жағымсыз жақтарын жағымды етіп көрсету; құндылықтарды, барлық мотивациялық жүйені асыра бағалау; өзін-өзі күнәдан арылту.

7. Реактивті пайда болу («оны қарама-қарсыға аудар») - әрекеттегі қарама-қайшы бағдарларды өңдеу және көңіл аудару.

8. Орнын толтыру («оны иемденуге тырыс») - саналы түрде дамып қолданылатын онтогенездік ең соңғы және күрделі қорғаныс механизмі. Шынайы немесе шәк келтіретін кемшіліктерге байланысты уайымдарды, қайғыларды ұстауға арналған. Оған теңестіру және қиял механизмдері жатады.

9. Идентификация («оны жоғалтпау үшін осы сияқты бол») – өзінің құндылығын көтеру жолы ретінде өзге адамның әрекеттерін модельдеу.

10. Қиял («ол туралы арманда») – тұлға ішілік дау-дамайларды шешумен байланысты шынайы мәселелерден қашу мақсатында қиялға мойынсыну.
Баќылау с±раќтары:

1. Дау-дамай негізінде жатқан қайшылықтардың табиғатына сүйене отырып, оларды неше топқа бөлуге болады

2. Тұлға аралық дау-дамайларды шешудің механизмдері мен тәсілдері

3. Рационализация

4. Сублимация

5. Интеллектуализация

6. Изоляция

7. Проекция

8. Тұлға ішілік дау-дамайларды конструктивті шешу факторлары

9. Тұлға ішілік дау-дамайларды шешу дегеніміз

10. Тұлға ішілік дау-дамайлардың салдары.
10- лекция. Таќырыбы: Адамдар қарым-қатынасының түрлі саласындағы дау-дамайлар
Жоспары: 1. Отбасылық дау-дамай психологиясы

2. Басшы мен бағынушы арасындағы дау-дамай



Лекция маќсаты: Адамдар қарым-қатынасының түрлі саласындағы дау-дамайлар және отбасылық, басшы және бағынушы арасындағы дау-дамайлардан шығудың түрлерін түсіндіру
Лекция мєтіні

1. Отбасы – адамдардың өзара әрекеттесулерінің ежелгі институты, бірегей құбылыс. Оның бірегейлігі бірнеше адамның ондаған жылдарға есептелетін ұзақ уақыт ішінде, яғни адам өмірінің көп бөлігінде өте тығыз өзара әрекеттесетіндігінде. Қарқынды өзара әрекеттесудің мұндай жүйесінде таластардың, дау-дамай мен дағдарыстардың пайда болмауы мүмкін емес.

Өзара әрекеттесу субьектілеріне байланысты отбасылық дау-дамайлар мынадай дау-дамайларға бөлінеді: ерлі-зайыптылар; ата-аналар мен балалары; ерлі-зайыптылар мен олардың әр біреуінің ата-аналары; әжелер (аталар) мен немерелері арасындағы дау-дамайлар.

Отбасылық қатынастарда ерлі-зайыптылар дау-дамайлары басты рөл атқарады. Олар көбінесе ерлі-зайыптылардың қажеттіліктерінің қанағаттандырылмауына байланысты пайда болады. Осыған сүйене отырып, ерлі-зайыптылар дау-дамайларының негізгі себептері бөліп көрсетіледі (Владин, Капустин, 1986; Сысенко, 1989; Лысенко, 1993 және т.б.).



  • ерлі-зайыптылардың психосексуалды үйлесімсіздігі;

- «Мен» қажеттіліктерін қанағаттандырмау, серіктес тарапынан адамгершілік сезімін құрметтемеу;

  • жағымды эмоцияларға деген қажеттіліктердің қанағаттандырылмауы, мейірімнің, қамқорлықтың, ықылас пен түсіністіктің болмауы;

  • ерлі-зайыптылардың біреуінің өз қажеттіліктерін шамадан тыс қанағаттандыруға әуестігі (маскүнемдік, нашақорлық, қаржыны қара басының қамына жұмсау және т.б.);

  • үй шаруашылығын жүргізу, бала тәрбиелеу, ата-аналарға және т.б. қатысты мәселелерге байланысты өзара көмек көрсету мен өзара түсінісуге деген қажеттіліктердің қанағаттандырылмауы;

  • бос уақытын өткізуге, әуестіктеріне байланысты қажеттіліктердің айырмашылықтары.

Психологтардың зерттеулері отбасылардың 80-85%-ында дау-дамайлардың бар екендігін көрсетеді. Қалған 15-20%-ында түрлі себептерге байланысты «ұрыс-керістің» бар екендігін тіркейді (Поликарпов, Залыгина, 1990). Дау-дамайлардың жилігіне, тереңдігіне және шиеленісушілігіне қарай дағдарысты, даулы, проблемалық және жүйкесі әлсіреген отбасыларын бөліп көрсетеді (Торохтий, 1995).

Дағдарысты отбасы. Ерлі-зайыптылардың мүдделері мен қажеттіліктерінің қайшы келуі өткір сипат алады және отбасы өмірінің маңызды сфераларын қамтиды. Ерлі-зайыптылар ешқандай келісімге көнбестен, бір-біріне ымыраға келмейтін, тіпті дұшпандық ұстанымда болады.

Даулы отбасы. Ерлі-зайыптылар арасында олардың мүдделері күшті және ұзаққа созылатын жағымсыз көңіл күйлер туғыза отырып, қайшы келетін тұрақты одақ болады.

Проблемалық отбасы. Оған некенің тұрақтылығына соққы беруге қабілетті қиындықтардың ұзақ уақыт болуы тән. Мысалы: тұрғын үйдің болмауы, ерлі-зайыптылардың біреуінің ұзақ уақыт науқастануы, отбасын асырауға қаражаттың болмауы, қылмысы үшін ұзақ мерізімге сотталу және басқа да бірқатар мәселелер.

Невротикалық отбасы. Мұнда ерлі-зайыптылардың психикасындағы тұқым қуалаушылық арқылы берілген ауытқушылықтар емес, отбасының өз өмірлік жолында кездесетін психологиялық қиындықтар әсерінің жиналуы негізгі рөл атқарады. Ерлі-зайыптыларда әбден мазасыздану, ұйқының бұзылуы, кез-келген себепке байланысты эмоциялар, жоғары агрессивтілік және т.б. байқалады.

Отбасылық дау-дамайлардың психотравмалық салдары болады, олар: отбасылық қанағаттанбаушылық күйі, «отбасылық дабыл», жүйкелі-психикалық қысымшылық, кінә сезімі.

Ерлі-зайыптылардың өзара қатынастарын қалпына келтіруге, дау-дамайлы жағдаяттардың дау-дамайға ұласуының алдын-алуға байланысты көптеген ұсыныстар жасалған (Владин, Капустин, 1886; Дорно, 1990; Егидес, Левкович, 1983; Рюриков, 1989; Сатир, 1992; Чернышева, 1994 және т.б.).

Олардың көпшілігі мынаған саяды:

1. Өзіңді, ал басқаны тіптен құрметте. Ол сенің ең жақын адамың, сенің балаларының әкесі (анасы) екенін есіңнен шығарма.

2. Қателіктерді, реніштер мен «күнәларды» қазбалауға тырыспа, оларға бірден жауап қайтар. Бұл жағымсыз эмоциялардың жиналуын болдырмайды.

3. Сексуалдық жазғыруларға жол берме, өйткені олар ұмытылмайды.

4. Бір-бірлеріңе басқалардың көзінше (балалар-дың, таныстардың, қонақтардың) ескертулер жасамаңдар.

5. Өзіңнің қабілеттерің мен артықшылықтарыңды асыра айтпа, әрқашан және барлық жерде өзіңдікі дұрыс деп санама.

6. Көбірек сен де, қызғанышты барынша азайт.

7. Мұқият бол, зайыбыңды тыңдай және түсіне біл.

8. Өзіңді төмендетпе, дене тартымдылығыңа көңіл бөл. Өз кемшіліктеріңмен күрес.

9. Ешуақытта зайыбыңның тіпті айқын кемшіліктерін талқылама, нақты жағдаяттағы нақты мінез-құлық жайлы ғана әңгіме жүргіз.

10. Зайыбыңа қызығушылықпен және құрметпен қара.

11. Отбасы өмірінде қалай болғанда да ақиқатты анықтаудан гөрі, кейде шындықты білмеген де дұрыс.

12. Кейде бір-біріңізден демалуға уақыт табуға тырысыңыз. Бұл қарым-қатынастағы эмоционалдық-психологиялық шектен тыс қарқындылықты жоюға көмектеседі.



Ерлі-зайыптылар арасындағы дау-дамайларды шешу. Ерлі-зайыптылар дау-дамайларын шешудің конструктивтілігі бірінші кезекте ерлі-зайыптылардың бір-бірін түсіне, кешіре және келісімге келе білуіне байланысты.

1. Бірін-бірі жақсы көретін ерлі-зайыптылардың дау-дамайды доғару шарттарының бірі – жеңіске жетуге талпынбау. Сүйікті адамыңды жеңіліске ұшырату есебінен жеткен жеңісті жетістік деп атау қиын.

2. Қандай кінәсі болса да, басқаны құрметтеген жөн.

3. Өз-өзіңнен шын мәнісінде не толғандыратынын сұрауға (ең бастысы, өзіңе адал жауап беруге) қабілетті болу.

4. Өз ұстанымыңды дәлелдеу кезінде орынсыз бар мүмкіндігіңді сарқа пайдаланбау және үзілді-кесілділік көрсетпеуге тырысу.

5. Өзара түсіністікке өзіңнің келгенің және өз дауларыңа басқаларды – ата-аналарыңды, балаларыңды, көршілер мен таныстарыңды араластырмаған жөн. Отбасының жақсылығы тек қана ерлі-зайыптылардың өздеріне байланысты.

Ерлі-зайыптылар дау-дамайларын шешудің ажырасу сияқты негізгі тәсіліне жеке тоқталмаған жөн. Психологтардың пікірінше, оған мынадай сатылардан тұратын үрдіс ықпал етеді: а) ерлі-зайыптылардың бір-біріне оқшаулануынан, жатсынуынан байқалатын көңіл-күйдің үйлеспеуінен эмоционалды ажырасу; б) бөлек тұруға әкелетін тән жақындығынан ажырасу; в) некені тоқтатуды құқықтық рәсімдеуді талап ететін заңды ажырасу (Гребенников, 1984).

Көпшілігін ажырасу өшпенділіктен, жек көрушіліктен, өмірін күңгірт еткеннің бәрінен, алдаудан құтылуға әкеледі. Әрине, оның жағымсыз салдары бар. Ажырасу кезінде әдетте балалармен қалатын әйел адам анағұрлым осалдық танытады. Ол ер адамға қарағанда нервтік-психикалық күйзелістерге көбірек шалдығады.

Ерлі-зайыптылармен салыстырғанда ажырасудың жағымсыз салдары балалар үшін анағұрлым маңыздырақ. Бала ата-анасының біреуін (кейде сүйіктісін) жоғалтады, өйткені көп жағдайларда аналары әкелерінің балаларымен кездесуіне кедергі келтіреді. Бала көбінесе ата-анасының біреуінің жоқтығы себебінен құрдастарының қысымына ұшырайды, бұл оның жүйкелік-психикалық күйіне әсер етеді. Ажырасу мынаған әкеп соқтырады: қоғамда толық емес отбасы пайда болады, мінез-құлқында ауытқуы бар жеткіншектер саны артады, қылмыс көбейеді. Бұл қоғамға қосымша қиындықтар туғызады.

Отбасылық дау-дамайды шешу мақсаттарында көбінесе психологиялық кеңес беру қолданылады. Даулы отбасыларына кеңес берудің мәні оның өмір сүруін қиындататын және онда даулы қатынастар туғызатын жағымсыз психологиялық факторларды өзгертуге байланысты арнайы ұсыныстар жасаудан тұрады.
2. Басшы мен бағынушы арасындағы конфликтілер

Басшылар мен бағынушылардың өзара қатынастары мәселесі қазіргі ғылым мен практика үшін маңызды болып табылады. «Басқару тиімділігі, басшылық ету стильдері, басшы беделі, ұжымдағы әлеуметтік- психологиялық ахуалды қолайландыру мәселелеріне назар аударылады. Осының барлығы «басшы-бағынушы» буындағы қатынастарды қолайландыруға, яғни «тігінен» болатын дау-дамайларға байланысты.

Басшылар мен бағынушылар қатынастары даулылығының объективті және субъективті себептерін бөліп көрсетеді.

Обьективті себептерге жататындар: қатынастардың субординациялық сипаты, өзара әрекеттесудің жоғары қарқындылығы, жұмыс орнының қайта балансталуы, ұйымдағы жұмыс орындары арасындағы байланыстардың келіспеушілігі, әлеуметтік және кәсіби бейімделудің күрделігі, басқару шешімдерін орындауға қажеттілердің жеткіліксіз қамтамасыз етілуі. Басқару және тұлғалық алғышарттар «тігінен» болатын дау-дамайлардың субъективті себептерін құрайды.

Басқару себептері: негізделмеген, қолайсыз және қате басқару шешімдері; артық қамқорлық және бағынушыларды басшылық тарапынан қадағалау; басшылардың кәсіби дайындығының жеткіліксіздігі, орта және төменгі звено басшылары еңбектерінің мәртебелерінің төмендігі; бағынушылар арасында қызмет жүктемесін теңдей бөлмеу; еңбекті ынталандыру жүйесіндегі кемшіліктер.

Тұлғалық себептер: қарым-қатынас мәдениетінің төмендігі, дөрекілік; бағынушылардың өз міндеттерін адал атқармауы; басшының қайткен күнде де өз беделін нығайтуға тырысуы; басшының басшылық етудің тиімді емес стильдерін таңдауы; басшының бағынушыға қатысты жағымсыз бағдары және керісінше; басшылар мен бағынушылар арасындағы шиелініскен қатынастар; өзара әрекеттесуге қатысушылардың психологиялық ерекшеліктері (жоғары басқыншылық, эмоциялық тұрақсыздық, мазасыздану, тым жоғары өзін-өзі бағалау; мінез акцентуациялары және т.б.) .

Тігінен болатын дау-дамайлардың алдын-алу шарттары. Басшының бағынушылармен даусыз өзара әрекеттесуіне төмендегідей шарттардың мүмкіндік беретіндігін тәжірибе көрсетіп отыр:


  • ұйымға мамандарды психологиялық іріктеу;

  • адал еңбек етуге мотивацияларын ынталандыру;

  • ұжымның күнделікті іс-әрекетін ұйымдастырудағы әділеттілік пен жариялылық;

  • басқару шешіміне қатысты адамдардың барлығының мүдделерін ескеру;

  • адамдарды олар үшін маңызды мәселелерге байланысты дер кезінде құлақтандыру;

  • отбасы мүшелерінің қатысуымен бірлескен демалыс ұйымдастыру жолымен әлеуметтік-психологиялық шиеліністі жою;

  • «ынтымақтастық» түріндегі еңбек өзара әрекеттесуді ұйымдастыру;

  • басқарушылар мен атқарушылардың жұмыс уақытын оңтайландыру;

  • қызметкердің басшыға тәуелділігін төмендету;

  • бастамаларын қолдау, өсу болашағын қамтамасыз ету;

- бағынушылар арасында жүктемелерді әділетті түрде бөлу.

Күнделікті өмірде «тігінен» болатын дау-дамайлардың алдын-алу үнемі мүмкін бола бермейді. Басшы үшін бағынушылармен арадағы дау-дамайларды конструктивті шешуге ненің мүмкіндік беретінін білуі маңызды.



  1. Басшыға бағынушыны даулы шешудің өзі ұсынған жолына қызықтыруы қажет. Бағынушының мінез-құлық мотивациясын әр түрлі тәсілдермен өзгертуге болады, яғни оның ұстанымының қате екендігін түсіндіруден бастап, егер басшының әрекеті дұрыс болмаса білгілі бір келісімге келу жолдарын ұсынуға дейін.

  2. Дау-дамайда өз талаптарын дәлелдеу. Бағынушыға қойылатын талаптардың табандылығын құқықтық нормалармен нығайту.

  3. Дау-дамайда бағынушыларды тыңдай білу. Басшы кейде қажетті ақпараттың жоқтығына байланысты қате шешім қабылдайды. Ол ақпаратты бағынушы бере алады. Бірақ басшы қарамағындағының түсіндіруіне құлақ аспайды. Бұл дау-дамайды шешуді қиындатады.

  4. Бағынушының қажеттіліктерін түсіне білу. «Тігінен» болатын дау-дамайлардың көпшілігі бағынушы іс-әрекетінің ретсіздігіне, олардың жүктемені шамадан тыс деп қабылдануына байланысты пайда болады.

  5. Ерекше қажеттігі болмаса, басшының бағынушымен арадағы дауды эсколациялауға баруы қажет емес.

  6. Бағынушымен екеуара дау шешуде дауыс көтеру жақсы дәйек емес. Зерттеулердің көрсетуі бойынша бағынушылармен болатын дау-дамайлардың 30%-нда басшылар дөрекілік көрсетеді, айғайға басады және т.б. Дөрекілік басшының жағдаятты және өзін меңгере алмайтындығының белгісі болып табылады.

  7. «Сізден» «сенге» көшу бағынушыны жәбірлеу болып табылады, бұл оған оның да осылайша жауап қайтаруына моральдық құқық береді. Дау-дамайды шешу кезінде бағынушыға қатысты қызмет ара қатынасын сақтау, оған «Сіз» деп қатынас жасау маңызды;

  8. Егер басшы әрекеті дұрыс болса, онда ол қызметтік мәртебесіне сүйене отырып, дұрыс әрекет етуі тиіс. Басшының байсалдылығы, оның сенімділігі бағынушы алдындағы өзінің басшылық талаптарының орынды екендігін күшейтеді.

  9. Бағынушы келісімге келмей, ал басшыныкі дұрыс болған жағдаятта, басшы жоғары басшылық пен жұртшылықтың қолдауын пайдаланғаны орынды.

  10. Лауазымдық шен – бағынушымен дау-дамайға түскендегі құрметті басымдылық, бірақ оны шектен тыс қолданудың қажеті жоқ. Тәжірибесіз басшылар дау-дамайды өз пайдасына шешу үшін оппоненттің жұмыс жүктемесін арттыру, оған ыңғайсыздықтар мен қиындықтар туғызу, тәртіп санкцияларын қолдану және т.б. сияқты ықпал ету тәсілдерін қолданады. Осы тәріздес әрекеттер бағынушының ашуын туғызады, оны ырыққа көнбейтін етеді. Бұл дау-дамайды шешуді қиындатады.

11. Бағынушымен болған дау-дамайды созу жұмыс уақытын жоғалтумен қатар ұзаққа созылатын дау-дамайларға, өзара реніштерге және оның салдары ретінде дұрыс жақтың артықшылықтарын жоғалтуға ұрындырады. Дау-дамайдың ұзақтығы артқан сайын бағынушының жеңу ықтималдығы да артады және басшы үшін мұндай ықтималдық азаяды.

12. Басшы өзінің ұстанымының дұрыс екендігіне сенімсіз болған жағдайда, ымыраға келуден қорықпауы тиіс.

13. Егер дау-дамайда басшының ұстанымы дұрыс болмаса, онда дауды созбай бағынушымен келісімге келу тиімдірек. Осыны өз-өзіңе мойындатуға жігер табу, ал қажет болса бағынушы алдында кешірім сұрау қажет. Бағынушының жіберген қателігін көрсету де қажет (әдетте мұндайлар болып тұрады), мұны мүмкіндігінше оңашада жасаған жөн.

14. Даулы басшы бұл үнемі жаман басшы емес екенін естен шығармау қажет. Ең бастысы әділетті, өзіне және бағынушыға талап қоя білетін, ара қатынасты шиеленістірмей мәселені шеше білуі қажет.

15. Даулы басшы бұл үнемі қолайсыз басшы екендігін білу. Дау-дамай алдындағы және даулы ситуацияларды даусыз емес тәсілдермен шеше білуі басшының беделін нығайтуға мүмкіндік туғызады.

Баќылау с±раќтары:

1. Тігінен болатын дау-дамайлардың алдын-алу шарттары.

2. Басшы мен бағынушы арасындағы конфликтілер

3. Ерлі-зайыптылар арасындағы дау-дамайларды шешу.

4. Невротикалық отбасы.

5. Проблемалық отбасы.

6. Даулы отбасы.

7. Дағдарысты отбасы.

8. Отбасы – адамдардың өзара әрекеттесулерінің ежелгі институты, бірегей құбылыс

9. Владин, Капустин, 1986; Сысенко, 1989; Лысенкобойынша ерлі-зайыптылар дау-дамайларының негізгі себептері


11- лекция. Таќырыбы: Адамдар қарым-қатынасының түрлі саласындағы дау-дамайлар
Жоспары: 1. Топаралық дау-дамай пайда болуының психологиялық механизмдері

2. Дау-дамай психологиясының қазіргі адам, отбасы, ұжым мен қоғам өміріндегі рөлі


Лекция маќсаты: Адамдар қарым-қатынасының түрлі саласындағы дау-дамайлар және отбасылық, басшы және бағынушы арасындағы және топаралық даудың механизмдерін, ұжым мен қоғам ролі жайлы студенттерге үйрету
Лекция мєтіні

1. Соңғы онжылдықта топ аралық дау-дамайлар біздің қоғамдық өмірдің күнделікті құбылысына айналды. Көп жағдайда топаралық дау-дамайдың жандануының арқасында конфликтология жылдам дами бастады. Әр түрлі субьектілер бәсекелестікке түсті: шағын және үлкен еңбек ұжымдары, этникалық топтар мен басқа да ірі бірлестіктер: әлеуметтік топтар мен таптар, діни бірлестіктер, партиялар мен бұқаралық қозғалыстар. Осындай дау-дамайлардың әр түрлігіне қарамастан, олар әдетте пайда болу мен дамудың бірыңғай механизмдеріне ие.

Топаралық дау-дамайлар мен өшпенділіктердің пайда болу механизмдерін зерттеуге психологтар үлкен үлес қосты. Әр түрлі психологиялық мектептердің (психоаналитикалық, необихевиористік, когнитивті, іс-әрекеттік) өкілдері топаралық дау-дамай механизмдерінің бірін оған үлкен мән бере отырып дәлелдеді. Сондықтан, топ аралық дау-дамайлардың пайда болу механизмдерін қарастыру кезінде келесі жағдайларды ескеру қажет.


  1. Әр түрлі топаралық дау-дамайларда олардың пайда болуының қандай да бір механизмі үстем болуы мүмкін (Агеев, 1990).

  2. Топаралық механизмдер тұлға аралық өзара әрекеттесудің психологиялық механизмдеріне қарағанда анағұрлым кертартпа болады.

Топаралық дау-дамайлардың пайда болуының негізгі механизмдерінің ішінен топаралық өшпенділік; мүдделердің объективті дау-дамайы; топішіндегі фаворитизмді бөліп көрсетеді.

Топаралық өшпенділікті тұңғыш рет Г.Лебон (1896) мен У.Мак- Дугаллдың (1916) еңбектеріне сүйене отырып З.Фрейд (1925, 1930) сипаттады. З.Фрейд топтың кез-келген өзара әрекеттесуінде топаралық өшпенділіктің әмбебап фактісін дәлелдеді. Ол осы өшпенділікті топтың бірлігін, нығаюын қолдаудың басты құралы ретінде түсіндіре отырып, оның функциясын анықтады. З.Фрейд «өзгелерге» деген өшпенділіктің қалыптасу көздерін анықтады.

Аталмыш механизм өз дамуының жалғасын Д.Доллард (1939), Н.Миллер (1941) және Л.Берковитцтің еңбектерінен тапты. Мысалы, Л.Берковитц адамның басқыншылығының барлық «басқаларға», бұрынғы кезде «әлеуметтік үйрену» үрдісінде фрустрациялаушы әсерін тигізгендерге ауысатындығын дәлелдеді (1972). Бұл жерде топаралық басқыншылықтан құтыла алмаушылық қайта көрсетіледі.

«Фрустрация-басқыншылық» теориясын ұстанушылар адам фрустрациялаушы әсерді тікелей бастан кешірмей, тек оның енжар куәгері болып табылған жағдайда агрессияның пайда болу мүмкіндігін көрсетті (Берковитц, 1965; Берковитц, Джин, 1965).

Мүдделердің обьективті даулары. Аталмыш механизм Д.Кэмпбелл жасаған топтық дау-дамайдың реалистік теориясында анағұрлым толық сипатталған (1979). Бұл теорияның негізін төмендегі жағдайлар құрайды.

1. Әр түрлі топтар мүдделерінің даулары топ аралық дау-дамайды туғызуы мүмкін.

2. Мүдделердің даулары, сондай-ақ бұрынырақ орын алған топаралық дау-дамай топтың жекелеген мүшелерінің басқа топ тарапынан болатын қауіп-қатерді қабылдауына себепші болады.

3. Қауіп-қатер топтың жекелеген мүшелерінің қауіп-қатер бастауына өшпенділігін оятуға себепші болады.

4. Қауіп-қатер топ ішіндегі ынтымақтастыққа себепші болады.

5. Қауіп-қатер жеке адамның өзіндік топ құрамында болушылығын анағұрлым толық ұғынуға себепші болады.

6. Қауіп-қатер топтық шекаралардың беріктігін, жасырындылығын арттырады.

7. Қауіп-қатер жеке адамдардың топтық нормалардан ауытқуын азайтады.

8. Қауіп-қатер өз тобына адалдықты бұзғандарды шеттету мен жазалау шараларының дәрежесін арттырады.

9. Қауіп-қатер топтық нормалардан ауытқыған топ мүшелерін жазалау қажеттілігіне әкеледі (шынайы қауіп-қатер догматизм мен этноцентризмді арттырады).

10. Топ мүшелерінің сыртқы топ тарапынан болатын қауіп-қатерді қате қабылдауы топ ішіндегі ынтымақтастықтың жоғары болуына және сыртқы топқа қатысты өшпенділікке себепші болады.

Топ ішіндегі фаворитизм. Бірқатар мамандар (К.Фергюссон, Х.Келли, 1964, Д.Рабби, М.Горвитц, 1969) топаралық даулы мүдделердің объективті дауларынсыз да, тек қана белгілі бір таным процестері арқылы да байқауға болатындығын көрсетті. Аталмыш құбылыс «топ ішіндегі фаворитизм» деген атауға ие болды. Оның мәні жеке топ мүшелерінің басқа топ мүшелерінің қарсы әсеріне жағдай туғызу беталыстарымен сипатталады. Ол сырттай бақыланатын мінез-құлық ретінде, сондай-ақ өзінің және басқа топ мүшелеріне қатысты пікірлердің, пайымдаулардың, бағалаулардың қалыптасуынан да көрінуі мүмкін. Бұл эффектілер қандай да бір өлшемдер бойынша, яғни «өз жақындары» немесе «бөтен» ретінде бағаланатын адамдар арасындағы «демаркациялық шекараны» анықтай отырып, әлеуметтік өзара әрекеттесудің әр түрлі деңгейлеріндегі түрлі ситуацияларда әрекет етуі мүмкін (В.Агеев, 1990).

Аталмыш механизм психологиялық болып табылады. Алайда, топтар арасындағы таптық, этникалық, аймақтық, жас кезеңдік және т.б. терең объективті қайшылықтар ахуалында топ ішіндегі фаворитизмнің жоғары дәрежесі деструктивті әлеуметтік салдарға ұшыратады. Топтар арасындағы дау-дамайлар топ ішіндегі фаворитизм мен топ аралық өшпенділікті күшейтеді.


2. Қазіргі таңдағы адам, отбасы, ұжым және қоғам өміріндегі дау-дамай психологиясының рөлі

Дау-дамайдың қазіргі адам мен қоғам өміріндегі рөлі жайлы әңгімені қорытындылай келе, бірқатар сәттерді анықтап алу қажет. Әлеуметтік дау-дамай мәселесі үнемі кез-келген қоғам үшін қандай да бір дәрежеде өзекті болды. Алайда, еліміз дамуының барлық кезеңдерінде дау-дамайлар оның тарихына тек елеулі ғана емес, әдеттегідей шешуші ықпалын тигізді. Соғыстар, революциялар, билік үшін күрес, жеке меншік үшін күрес, ұйымдардағы тұлға аралық және топаралық дау-дамайлар, кісі өлтіру, тұрмыстық және отбасылық дау-дамайлар, тұлға ішілік дау-дамайларды шешу тәсілі ретіндегі өзін-өзі өлтіру біздің еліміздегі адамдар өлімінің басты себебі болып табылады. Дау-дамай қазақ елі мен оның азаматтарының қауіпсіздігіне әсер ететін шешуші фактор болды және болашақта бола да бермек.

Өмірдің бізге дау-дамайдың өмірлік тәжірибе мен салиқалы ой негізінде тиімді басқаруға болатын құбылыстарға жатпайтындығын дәлелдеді және әлі де дәлелдей түседі.

Бүгінгі таңда түрлі деңгейдегі басшылар әлеуметтік дау-дамайларды басқаруда. Мұнда міндетті түрде ғылымның көмегі керек. Біз дау-дамайды айтарлықтай терең білгенде, оның пайда болуының шынайы себептерін түсінгенде, оның даму мен шешу заңдылықтарын көрсеткенде ғана әлеуметтік дау-дамайға тиімді әсер ете аламыз.

Біздің қоғамды реформациялау салдарларының бірі әлеуметтік дау-дамайларды санының қарқынды өсуі мен әр түрлілігі болып табылады. Бұл – әбден табиғи жайт. Демократиялық емес мемлекеттегі билік басындағы әлеуметтік топтың бағындырушы күші қандай да бір әлеуметтік дау-дамайлардың болу мүмкіндігін жоққа шығарады.

Дау-дамайлар санының жылдам өсуі біздің демократияландыру жолымен келе жатқанымызды дәлелдейді, өйткені қоғамда өз мүдделерін ашық білдіретін және бұл мүдделердің көбінесе билік құрылымының мүдделеріне қайшы келетініне қарамастан, оларды қорғау мүмкіндігін мойындайтын көптеген әлеуметтік топтар пайда болды.

Шынайы демократия әркімнің өз мүдделерін әр түрлі, тіпті дау-дамайға дейінгі тәсілдермен қорғау мүмкіндігі бар екендігімен емес, пайда болған дау-дамайлардың конструктивті, адамгершілікті, өркениетті тәсілдермен шешілетіндігімен сипатталады. Қоғамда әлеуметтік шиеленісті күшейтетін себептердің бірі біздің әлеуметтік дау-дамайларды конструктивті шеше білмеуіміз болып табылады. Дауласушы жақтар қандай да жағдай болсын, ұстанымға баруды қаламайды.

Олар қайшылықтарды шешудің орнына, өзара қарама-қарсы әрекеттесуді, қарсыласқа барынша көп зиян келтіруді көздейді. Күрес қара бастың қамы үшін болғанда, ол қоғамның прогрессивті дамуының қозғаушы күші бола алмайды.

Қабылданған шешімдердің конфликтогенділігін бағалау, дау-дамайлардың деструктивті дамуына жол бермеу үшін әрбір адам және әсіресе, басшы әрдайым адам өміріне қосарлана жүретін және оған қауіп төндіретін құбылыс ретіндегі дау-дамай жайлы қажетті білімдерді меңгеруі тиіс. Өкінішке орай, біздің елімізде ғалымдардың дау-дамайды түсінуі дәрежесі әзірге әлеуметтік дау-дамайлардың қазіргі еліміздің спецификасын ескере отырып, түсіндіру мен реттеу үшін айтарлықтай тиімді қолдануға болатын білімдерді меңгеруге мүмкіндік берген жоқ. Сондай-ақ, басқару ұйымдарының дау-дамайды зерттеуші ғылым өкілдері меңгерген білімдерді пайдалану жағдайында емес екендігін айтпай кетуге болмайды.

Дау-дамайлардың жекелеген адам, отбасы, ұжым, мемлекет, жалпы қоғам өміріндегі басты рөлі дау-дамайларды зерттеумен, болжаумен және реттеумен айналысатын арнайы ғылымды құру мен оны тез дамыту қажеттігін туғызады. Мұндай ғылымның, яғни конфликтологияның және оның жетекші салаларының, дау-дамай психологиясының негіздері көп елде қалыптасып үлгерді. Сонымен, дау-дамай психологиясы біздің қоғамды реформалауда аса прогрессивті рөл атқара алады. Дау-дамай психологиясы басшыларға конфликтогенді шешімдерді азырақ қабылдауға, әр түрлі әлеуметтік дау-дамайларда өздерін анағұрлым конструктивті ұстануға көмектесе алады. Ол тұлға ішілік және әлеуметтік дау-дамайлардың деструктивті салдары нәтижесінде күн сайын зиян шегетін миллиондаған адамдардың денсаулықтарын, жақсы тұрмысын және тіпті өмірлерін сақтай алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет