Лекция: 30 Практикалық: Семинар: 8 Лабораториялық: обсөЖ: СӨЖ: 97



бет3/14
Дата29.02.2016
өлшемі1.64 Mb.
#31631
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Түрік қағанаты


1













3

4.

Батыс Түрік және Түргеш қағанаттары

1













4

5.

Қарлұқ қағанаты


1













3

6.

Оғыз мемлекеті

1













3

7.

Қимақ қағанаты

1













3

8.

ҮІ-ІХ ғғ. бірінші жартысындағы отырықшы және көшпелі мәдениет, олардың өзара әсері

1













3

ІІ тарау. Х-ХІІ ғ.ғ. Ортағасырлық мемлекеттер

9

Қарахан мемлекеті

1




1







4

10

Наймандар, Керейлер, Жалайырлар.

1













3

11

Қарақытайлар мемлекеті

1













3

12

Қыпшақ хандығы

1




1







4

13

ІХ ғ. 2-жартысы ХІІ ғ.ғ. материалдық және рухани мәдениеті

1













3

14

Қазақстан монғол шапқыншылығы тұсында

1













3

15

Алтын Орда. Саяси және мемлекеттік құрылымы.

1




1







4

ІІІ тарау. ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. ортағасырлық феодалдық мемлекеттер

16

Ақ Орда

1













3

17

Моғолстан

1




1







3

18

Әмір Темір мемлекеті

1













3

19

Әбілқайыр хандығы

(«Көшпелі Өзбектер мемлекеті)



1













3

20

XIII-XV ғғ. Ноғай Ордасы, Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір.

1













3

21

Қазақстанның XIV-XV ғғ. экономикасы.

1













3

22

Қазақстанның XIІІ-XV ғғ. мәдениеті

1













3

ІҮ тарау. Қазақ хандығы дәуірі

23

Қазақстан аумағындағы этникалық процесстер. Қазақ этногенезі.

1




1







3

24

Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (ХҮ-ХҮІ ғ.ғ. басы)

1




1







4

25

XVІ ғғ. І-ші жартысындағы Қазақ мемлекеті

1













3

26

XVI ғ. ІІ-ші жартысы - XVIІ ғғ. басындағы Қазақ мемлекеті

1













4

27

XVIІ ғғ. Қазақстанның ішкі саяси және халықаралық жағдайы.

1




1







4

28

Қазақ хандығы кезеңіндегі саяси-құқықтық жағдай.

1













3

29

ХҮІ-ХҮІІ ғ.ғ. Қазақ халқының материалдық мәдениеті

1













3

30

ХҮІ-ХҮІІ ғ.ғ. Қазақ халқының рухани мәдениеті.

1













3

Барлығы

30




8







97




  1. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ

1 лекция.



Тақырыбы:

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы пәні.

Жоспары:

1. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы пәні, оны оқып-үйренудің мақсат-міндеттері.

2. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының тарихнамасы және деректемелері.

Лекция мақсаты: Студенттерге Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы пәні, оны оқып-үйренудің мақсат-міндеттері, Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының тарихнамасы және деректемелері туралы мағлұмат беру.

Лекция мәтіні

1. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы пәні, оны оқып-үйренудің мақсат-

міндеттері.

Дүние жүзіндегі барлық өркениетті мемлекеттер сияқты біздің елімізде де бүгінгі таңда Отан тарихын оқытудағы ерекше көңіл бөлініп отыр. Әсіресе, тәуелсіздік алғаннан кейін Отанымыздың тарихына деген қоғамдық сұраныс өлшеусіз өсе түсті. Қазіргі кезде өз Отанының тарихын оқып білу, еліміздің әрбір саналы азаматтарының борышы мен міндеті болып отыр. Бұл – толық заңды табиғи құбылыс, өйткені тамырсыз ағаш болмайтыны сияқты, тарихсыз ел, мемлекет болмайды. Туған ана тіліміз сияқты, туған ата тарихымыз да әрбір саналы адамның ажырамас табиғи, рухани тірегі.

Екіншіден, тарихымызды біліп, одан тағылым, сабақ алып бүгінімізді бағамдап, болашағымызды бағдарлап, дұрыс жолға түсіп дамуымыз үшін, тарих бізге адам баласына ауадай қажет. Егер өткен тарих сол күйінде ұмытылып қала берсе, одан ешқандай тағылым, сабақ алынбаса, адамзат қоғамы ешуақытта прогрессивтік жолмен дами алмас еді. “Тарихты білмей, өткені қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын” дейді ұлы ғұлама Әбу Насір Әл-Фараби.

Үшіншіден, “Егер өткениетке жеткізетін ғылым дейтін болсақ, соның бірде-бір саласы дәл тарихтай жас ұрпақты отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа, әділеттілікке тәрбиелей алмайды” деп елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай, жастарды патриотизмге, өз ұлтын сүюге, өзге ұлттармен тату болуға, елдікке, бірлікке, ерлік пен батырлыққа, демократияға адалдыққа тәрбиелеуге, олардың ұлттық рухын дамытуға тарихтың маңызы зор.

Ал, біз өткелі отырған Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы осы Отан тарихының бір бөлігі болып табылады. Қазақстан тарихы дүниежүзілік адамзат тарихының бір бөлігі екенін ескерсек, онда бұл пән де орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихының бір бөлігі болып табылады. Пәннің қарастыратын кезеңі – орта ғасырлар, яғни, феодалдық дәуір. Хронологиялық шектері ҮІ ғасырдан - ХҮІІІ ғасырдың басына дейін (немесе дәлірек айтқанда - 552-1730 жж.) аралығын қамтиды.

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы – осы кезеңдегі Қазақстан аумағындағы халықтардың, тайпалардың, мемлекеттердің саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени даму тарихын зерттейді. Пәнді оқытудың мақсаты: студенттерді Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихындағы нақтылы оқиғалармен, қазақ халқы және басқа халықтардың тарихымен таныстыру.

Пәннің міндеттері:

- Отан тарихында маңызды орын алатын түркі дәуіріндегі мемлекеттер: Ұлы Түрік, Батыс Түрік, Шығыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ, Қарахан, Қарақытай, Найман, Керей, т.б. мемлекеттердің тарихын сабақтастық негізінде оқытып үйрету;

- Қазақстандағы ҮІ-ХІІ ғасырлардағы әлеуметтік-мәдени дамуын: Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалардың дамуы, сауданың дамуы, сәулет өнерін, тайпалардың материалдық мәдениетін, сонымен бірге рухани мәдениеті: тіл, жазу, дін және ғылымның дамуын оқып үйрену және оның дүниежүзілік адамзат өркениетінде алар орнын білу;

- Қазақстанның монғол дәуіріндегі тарихын: дүние жүзін зілзалаға келтірген монғол шапқыншылығы, Ұлыстардың құрылуы, Алтын Орда мемлекетінің құрылуы, олардың саяси тарихын түрлі көзқарастарды негізге алып, обьективті түрде оқып үйрену;

- Монғол дәуірінен кейінгі кезеңдегі мемлекеттер: Ақ Орда, Моғолстан, Әмір Темір мемлекеті, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы т.б. тарихын этносаяси қауымдастық пен ұлттардың, ұлттық мемлекеттердің қалыптасу заңдылықтарымен байланыстыра оқытып үйрету;

- Қазақ халқының этногенезін, ұлттың қалыптасу барысы мен оның негізгі кезеңдерін, бұдан бұрынғы қазақ даласында өмір сүрген тайпалар мен мемлекеттердің дамуымен байланыстыра, сабақтастыра оқытып үйрету;

- Қазақ хандығының құрылуы мен оның маңызын, ХҮ-ХҮІІІ ғ. басындағы Қазақ хандығының саяси тарихын кезең кезеңімен оқытып үйрету.

2. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының тарихнамасы және деректемелері.

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихын зерттеу негізінен алғанда Шығыстың шектес және алыс елдерінен шыққан авторларжазған жазбаша деректердің материалдарына негізделеді.Соның ішінде парсы тілінде жазылған шығармаларда аса маңызды материалдар бар, оларды шағатай, ескі өзбек (түркі), сондай-ақ араб тілдерінде жазылған еңбектер толықтырады.

Монғолдардың жаулап алуы түрлі тілдердегі ауқымды әдебиеттерді өмірге келтірді. Оңтүстік Қазақстандағы, Орта Азиядағы монғолдар жаулап алуын зерттеуде басты деректеме Ала ад-дин Ата Мәлік Жувейнидің «Тарих-и джахангуша» («Әлемді бағындырушының тарихы») деген еңбегі болып табылады. Бұл еңбекте Отырарды қоршау, Сыр бойындағы басқа қалалрдың талқандалуы туралы, Жошы, Шағатай, Үгедей ұлыстарының Қазақстан аумағында орналасуы, ХІІІ ғ. Шағатай ұлысында болған қырқыстар туралы деректер келтіреді.

Фазлаллах Рашид ад-Диннің «Жами ат-Таварих» («Жылнамалар жинағы») деген еңбегі ХІІ-ХІІІ ғғ. монғол және түрік тайпаларының тарихы жөнінде өте елеулі еңбек болып табылады. Онда тайпалардың этникалық құрамы, Қазақстан монғол ұлысына кірген кездегі оның топонимикасы, саяси тарихы жөніндегі деректер, Орда Ежен ұлысының тарихы, оның ұрпақтарының, басқа да Жошы ұрпақтарының генеологиясы жөніндегі мәліметтер келтірілген.

ХІҮ-ХҮ ғғ. Орта Азия мен Қазақстанның тарихы ашып көрсетілген орта ғасырлар авторларының еңбектері негізінен Темір ұрпақтары тобының шығармаларынан тұрады. Мысалы, Низам ад-дин Шамидің «Зафар-наме», Шараф ад-дин Әли Йаздидің «Зафар-наме», Абд ар-Раззақ Самарқандидің «Матла ас-са даин ва маджма әл-бахрайн» т.б. еңбектер. Муин ад-дин Натанзидің «Мунтахаб ат-таварих-и Муини» деген еңбегі Қазақстан тарихын зерттеу үшін құнды деректеме болып табылады.

Темір ұрпақтарының тарихнамасында осы әулеттің өкірдері жазған еңбектер де бар. Бұлар – түрік тіліндегі, Темір шығарды деп саналатын «Темір ережелері» мен «Улус арба», яғни төрт монғол ұлысының тарихы.

ХҮІ ғ. белгілі тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи-и Рашиди» деген еңбегі Қазақ хандығы тарихы үшін аса маңызды еңбек. Онда 90 жыл ішіндегі қазақ хандарының тарихы қысқа болғанымен, дәйекті түрде баяндалған. Кітап екі дафтардан тұрады. І дафтар моғолдың Шағатай ұрпақтарынан шыққан хандарының тарихынан тұрады. ІІ дафтар автор 1541 жылға дейін жеткізген мемуарлар болып табылады.

Шах-Махмұт Шорастың «Тарих» деген шығармасы қазақ хандары Бұйдаш, Хақназар, Тәуекел, Есім және оның ұлы Жәңгір кезіндегі ХҮІ-ХҮІІ ғғ.қазақ-моғол қатынастарының тарихы жөніндегі түпнұсқа болып табылады.

Шайбанилік тарихнама қатарында Орта Азия мен Қазақстан тарихы жөніндегі аса маңызды еңбек – Фазлаллах ибн Рузбихан Исфаханидің «Михман наме-и Бұхара» («Бұхара қонағының әңгімесі») деген еңбегі ерекше орын алады. Шайбанилік әдебиет арасында Масуд ибн Усман Кухистани «Тарихи-и Абулхайыр-хани» деген еңбегі 1428-1468 жж. Шығыс Дешті Қыпшақта билік еткен көшпелі өзбектер ханы Әбілқайыр тарихына арналған. Абдоллах Балхидің «Зубдат әл-асар» («Маңызды жылнамалар») деген еңбегінде қазақ тарихына қатысты маңызды мәліметтер бар.

Тарихшы, ақын, билеуші – Үндістанда Ұлы Моғолдар империясының негізін салушы Бабырдың тарихнамада «Бабыр-нама» («Бабыр жазбалары») деген атпен белгілі еңбегі орта ғасырлардаың тамаша тарихи-әдеби ескерткіштерінің бірі болып саналады.

ХҮІ ғ. «Шыңғыс-наме» деген құнды тарихи шығарма туды. Оның авторы – Хиуа тарихшысы Өтеміс қажы ибн Маулана Мұхаммед Дост. Бұл еңбек мәліметтерінің Орта ғасырлардағы Қазақстан халқының саяси, шаруашылық, этникалық, әлеуметтік-мәдени өмірінің проблемаларын шешуде маңызы зор.

Қазақтың жалайыр тайпасының өкілі Қадырғали бек Жалайыри «Жәми ат-таварих» («Жылнамалар жинағы») деген тарихи еңбек жазды. Бұл шығарма ауызша тарихи аңыздар мен Рашид ад-Диннің тарихи жинағы негізінде жазылған.


Бақылау сұрақтары:

1. Отан тарихын оқытудың еліміз үшін маңызы.

2. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының хронологиялық шектері.

3. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихын оқып үйренудің мақсаты.

4. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының міндеттері.

5. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының заңдылықтары мен ерекшеліктері.

6. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының басқа ғылымдармен, пәндермен байланысы.

7. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының тарихнамасы және деректемелерінің жалпы сипаты.

8. Ала ад-дин Ата Мәлік Жувейни еңбегінің Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы үшін деректік маңызы.

9. Рашид ад-Диннің еңбегінің Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы үшін деректік маңызы.

10. Низам ад-дин Шамидің, Шараф ад-дин Әли Йаздидің, Абд ар-Раззақ Самарқандидің еңбектерінің Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы үшін деректік маңызы.

11. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи-и Рашидиі», оның Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы үшін деректік маңызы.

12. Шах-Махмұт Шорастың «Тарихы», оның Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы үшін деректік маңызы.

13. Масуд ибн Усман Кухистанидің еңбегінің Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы үшін деректік маңызы.

14. Фазлаллах ибн Рузбихан Исфаханидің еңбегінің Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы үшін деректік маңызы.

15. Абдоллах Балхидің еңбегінің Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы үшін деректік маңызы.



16. Бабырдың «Бабыр-намасы», оның Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы үшін деректік маңызы.

17. Өтеміс қажының «Шыңғыс-намесі», оның Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы үшін деректік маңызы.

18. Қадырғали бек Жалайыридің «Жылнамалар жинағы», оның Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы үшін маңызы.

2 лекция



Тақырыбы:

ІІІ-Ү ғ.ғ. Орталық Азиядағы саяси жағдай. Түрік этногенезі.

Жоспары:

1. Түріктердің шығу тегі туралы зерттеулер, тарихи аңыздар мен шындық

2. Түріктердің қоныстануы, саяси және әлеуметтік құрылымы

Лекция мақсаты: Түріктердің шығу тегі туралы зерттеулер, тарихи аңыздар мен шындық, Түріктердің қоныстануы, саяси және әлеуметтік құрылымы туралы студенттерге таныстыру.

Лекция мәтіні

1. Түріктердің шығу тегі туралы зерттеулер, тарихи аңыздар мен шындық

Түркі халықтарының тұрмыс белгілері, этнографиялық шығу тегі осы күнге дейін толық анықталмады. Тарихта алғаш рет еске алынатын көшпелі халықтар қандай этнографиялық және лингвистикалық топтарға жататындығы, олардың қайсысы түркі, монғол немесе тұңғұстар болғаны туралы сұрақтың өзі даулы болып шешілмей келеді.

Ү-ҮІ ғғ. түркілер далалы аймақтарды мекендеді және оларды қытайлықтар «жужандар», еуропалықтар «аварлар» деп атаған. «Түркі» сөзі ҮІ ғ. бірінші рет көшпелі халықтың атауы ретінде пайда болды. Бұл ғасырда түркілер Монғолиядан және Қытайдың солтүстік шекерасынан Қара теңізге дейін ұлы көшпелі империяның негізін қалады.

Батыс ғалымдары түркілер сақтарға туыс немесе осы халықтың бір бөлігі деп жорамалдады. Курцийда Яксарттың сыртында тұратын скифтердің патшасының ағасы Картазис аталады. Қытайлар түркілерді хундардың ұрпақтары деп есептейді.

Соңғы жылдары лингвистикалық зерттеу негізінде түркілердің шығу тегі, көне тарихы туралы мәселе қарастырылуда. Алтай ата тілінің бар екендігі расталды, оған түркі ата тілі, монғол ата тілі, тұңғұс ата тілі барып тіреледі. Орхон жазбаларының тілі дамудың қандай сатысында тұрса, түркі ата тілі дамудың сондай сатысында тұр.

Түркі халқының шығуы туралы ешқандай айғақты деректер болмағанымен, Хун империясы ежелгі түркі мемлекеті болып саналады. Орыс ғалымы Н.А. Аристовтың айтуынша б.з.б. ІІІ ғ. Хундар түркіше сөйлеген. Хун замандастарына қаңлылар, үйсіндер, және Жетісу бойынан ығыстырылған сақтар (қытайша сэ) жатады. Сол кездегі Енисейде тұрған қырғыздар қытай деректеріндегі хундар дәуірін (б.з.б. 201 ж.) еске түсіреді.



2. Түріктердің қоныстануы, саяси және әлеуметтік құрылымы

Ү ғ. Түркілер деп Ашина ордасына қараған тайпалар аталды. Ал көршілес тайпалар түркілер қатарына саналған жоқ.. Түркілердің шығу тегін зерттеу ғылымда ХІХ ғ. соңына дейін көршілес қытай, парсы, грек, Византия елдерінің деректері арқылы белгілі болды. 568 ж. Земарх басқарған Византия елшілері әрқандай деректер жазып қалдырды. Жекелеген түркі халықтары мен олардың тіршілік еткен мекені туралы толығырақ мәліметті ІХ-Х ғғ. Араб географиясынан кездестіреміз. Онда «түркі» сөзі халықтар тобы және олардың тілінің ортақ иесі ретінде көрсетілген. Қытай жазбаларында түркілерді хундар тұқымы деп, қытайша «жин, жуань-жуань, жужань» деп атаған, бірақ бұл атау халықтың атауымен ешбір сәйкеспейді.

Н.А. Аристов «түркілердің бастапқы шығу тегі мен олардың ата жұрты туралы» деген мәселеде: «Түркілердің негізгі басты үлкен тайпалары алғашында Алтайды мекендеген. Алтайдағы жер-су аттары көне түркі халық аңыздарына енуі бұған дәлел бола алады. Ежелгі түркі мемлекеті хундар империясы болып есептеледі», - дейді. Орхон жазбалары бұған дәлел.

Ескерткіште хан өз халқын түркілер, ал басқаларды оғыздар деп атады. Орхон жазбаларын оқуға жол ашылғанға дейін В.В. Радлов ҮІ-ҮІІІ ғғ. Түркілер оғыз халқына жатты деген қорытындыға келіп, кейін оны жазбаларымен дәлелдеді.

Оғыздар немесе түркілер бірнеше халықтарға бөлінеді: телестер, шығыста тардуштар, батыста түркештер және т.б. Қарлұқ, қырғыз, ұйғырларды сенімді түрде түркілер деп есептейміз, бірақ сол кезде бұл халықтар өздерін түркіміз деп есептеген дәлелді дерек жоқ.. Печенектер мен қыпшақтарды орыстар да, еуропалықтар да түркілер деп атаған жоқ, «түрік» сөзі еуропада оғыз халықтарынан шыққан осман империясын білдіру үшін кеңінен қолданылды.

Соңғы жылдары лингвистикалық зерттеулер негізінде түркілердің шығу тегі, көне тарихы туралы мәселе қарастырылу үстінде. Ол туралы мәліметтердің басым бөлігі грек, парсы, мұсылман, қытай қолжазбаларында кездеседі. Грек деректерінен біз, түркілер ҮІ ғ. өзінде-ақ Шығыс Европаға келіп, Боспор мен Керч бұғазын жаулап алғанын білеміз. Парсы деректері бойынша түркілер парсылардан Каспий теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауын тартып алғаны белгілі. Ең батыс түркі халқы печенектер еді. Алғашында Еділден шығысқа қарай мекендеген олар ІХ ғ. Оңтүстік Ресейге қоныс аударған. Еділдің орта және төменгі ағысын мекендейтін бұлғарлар мен хазарлар бір тілде сөйлейтін, тілдері түркі тілі тобындағы чуваш тіліне ұқсайтын.

Еділден шығысқа қарай Қытай шекарасына дейін оғыздар мекендеген, орталықтары Сырдарияның төменгі ағысында болған. Қарлұқтардың орталығы Шу өзенінің бойында болды. Қарлұқтардан өзге Жетісуда тухси, аз, шігілдер (Ыстықкөлдің солтүстігі), яғмалар (Нарынның оңтүстігі) қоныстанды. Тоғыз-оғыздардың орталығы Турфан еді. Тоғыз-оғыздардан солтүстікке қарай қырғыздар өмір сүрді, орталығы Енисейде болды. Қырғыздардың батыс көршісі қимақтардың орталығы Ертісте болатын. Қимақтардың бір бөлігі қыпшақтар. Олар печенектермен көршілес тұрып, өз алдына жеке халық атанған.

М. Қашқаридің жазуы бойынша түркілерге шығу тегі жағынан түркі емес, бірақ түркіше білген халықтардың бәрі жатқызылады. Ол барлық түркі халықтарын солтүстік және оңтүстік деп екі топқа бөледі, әрқайсысында он-оннан халық болған. Солтүстік топқа енгендер: печенектер, қыпшақтар, оғыздар, қимақтар, башқұрттар, ябакулар, татарлар, қырғыздар, т.б. Оңтүстік топқа жататындар: шігіл, тухси, яғма, играк, чарук, жұмыл, ұйғыр, таңғұт, хитай, табғаш. М. Қашқари таза түркі деп қырғыз, оғыз, тухси, яғма, шігіл, играк, чарук халықтарын атады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет