Лекция: 30 сағ. Зертханалық сабақтар: 15 сағ. СӨЖ: 45 сағ обсөЖ: 45 сағ Барлық сағат саны: 135 сағ



бет16/20
Дата09.03.2016
өлшемі12.01 Mb.
#47385
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

“Информатика” пәні бойынша 050110 “Физика”, 050109 “Математика” мамандықтарының студенттері үшін


ОҚЫТУШЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ

ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

(ОБСӨЖ)

Жетісай –2005




10.ОБСӨЖ – ЖОСПАРЫ
І - кредит




Тақырыбы

Бақылау түрі

1

1 Сабақ. Информатика пәні мен оның мәселелері.


Сауалнама

2

2 Сабақ. Ақпараттардың өлшем бірліктері.

    1. Кодты және бүтін санды түрлі санау жүйелерінде өрнектеу.

Сауалнама

3

3 Сабақ. Есептеу техникасы және дербес компьютер.

    1. Компьютерлік жүйелерді пайдалану.

    2. Есептеу жүйесінің құрамы.

Сауалнама

4

4 Сабақ. Дербес компьютердің құрылғылары

    1. Енгізу құрылғылары

    2. Графиктік мәліметтерді енгізуге арналған құрылғылар

    3. Міліметтерді баспаға шығару құрылғылары

Сауалнама

5

5 Сабақ. Дербес компьютердің құрылғылары

    1. Мәліметтерді сақтау құрылғылары

    2. Мәліметтерді алмасу құрылғысы

Сауалнама

6

6 Сабақ. Пернетақта

    1. Пернетақта және ондағы пернеліктердің қызметтері

Сауалнама

7

7 Сабақ. Программалық қамтамасыз ету.

    1. Операциялық жүйенің жіктелуі.

Сауалнама

8

8 Сабақ. Программалық қамтамасыз ету.

    1. . Дербес компьютерлерге арналѓан MS DOS операциалыќ ж‰йесі

Сауалнама

9

9 Сабақ. Norton Commander (Nc) қабықшасы.

    1. Norton Commander қабықшысында файлдармен орындалатын әрекеттер

    2. Каталог құру жолдары.

Сауалнама

10

10 Сабақ. Windows операциялық жүйесінде жұмыс істеу негіздері.

    1. Windows жүйесінің негізгі ұғымдарына сипаттама.

Сауалнама

11

11 Сабақ. WINDOWS ж‰йесіндегі терезелерді пайдалану.

    1. Белгішелер, жарлықтар, бумалар.

Сауалнама

12

12 Сабақ. WINDOWS жүйесінің стандартты программалары

Сауалнама

13

13 Сабақ. Компьютерлік вирустар. Олармен күресу жолдары

    1. Kaspersky Anti – Virus антивирустық программасымен жұмыс істеу

Сауалнама

14

14 Сабақ. Архиватор программаларымен жұмыс істеу

    1. Файлдарды архивтен шығарып алу, мазмұнын қарап шығу.

Сауалнама

15

15 Сабақ. Қарапайым суреттермен жұмыс істеу программасы.

    1. Paint графикалық редакторында мәтінді енгізу жолдары.

    2. Paint графикалық редакторында суреттерді баспаға шығару.

Сауалнама











ІІ - кредит



Тақырыбы

Бақылау түрі

1

1 Сабақ. Microsoft Word текстік редакторында құжат параметрлерін тағайындау.


Сауалнама

2

2 Сабақ. Microsoft Word текстік редакторында текстерді өңдеу

Сауалнама

3

3 Сабақ. Microsoft Word текстік редакторында құжаттарды безендіру

Сауалнама

4

4 Сабақ. Microsoft Word текстік редакторында формуланы форматтау

Сауалнама

5

5 Сабақ. Microsoft Word текстік редакторында кестелермен жұмыс жасау

Сауалнама

6

6 Сабақ. Microsoft Word текстік редакторында кестелерді форматтау

Сауалнама

7

7 Сабақ. Microsoft Word текстік редакторында диаграмма тұрғызу

Сауалнама

8

8 Сабақ. Microsoft Word текстік редакторында суреттерді кірістіру

Сауалнама

9

9 Сабақ. Microsoft Word текстік редакторында құжаттарды баспаға шығару

Сауалнама

10

10 Сабақ. PowerPoint программасында презентацияны безендір

Сауалнама

11

11 Сабақ. PowerPoint программасында слайдқа диаграммалар тұрғызу

Сауалнама

12

12 Сабақ. PowerPoint программасында иллюстрациялармен жұмыс істеу

Сауалнама

13

13 Сабақ. Интернетте гиперсілтемелермен жұмыс істеу

Сауалнама

14

14 Сабақ. Электрондық пошта

Сауалнама

15

15 Сабақ. Электрондық поштаның құрылымы.

Сауалнама












ІІІ – кредит




Тақырыбы

Бақылау түрі

1

1 Сабақ. Excel программасында сандарды, формулаларды енгізу. Бағаналар мен жолдардың биіктігін өзгерту

Сауалнама

2

2 Сабақ. Excel электрондық кестесінде ұяшықтағы мәліметтерді түзету

Сауалнама

3

3 Сабақ. Excel электрондық кестесінде қаріптермен жұмыс жасау

Сауалнама

4

4 Сабақ. Excel электрондық кестесінде сан форматтарымен жұмыс жасау

Сауалнама

5

5 Сабақ. Excel программасында кестені баспаға шығару

Сауалнама

6

6 Сабақ. Кеңістікте көлемді дөңгелек диаграмма тұрғызу және оны түзету

Сауалнама

7

7 Сабақ. Абсалюттік, Салыстырмалы және аралас сілтемелерді қолдану.

Сауалнама

8

8 Сабақ. Excel программасындағы мәліметтер базасын қолданылатын қарапайым амалдар.

Сауалнама

9

9 Сабақ. Excel программасында құрама кестенің тұрғызылуы

Сауалнама

10

10 Сабақ. Excel программасында құрама диаграмманың тұрғызылуы.

Сауалнама

11

11 Сабақ. Енгізілген мәліметтерді тексеру режимін баптау.

Сауалнама

12

12 Сабақ. Параметрлі сұраныс құру. Таңдамаға сұранысты құру.

Сауалнама

13

13 Сабақ. Қорытынды сұраныс дайындау.

Сауалнама

14

14 Сабақ. Көшіру амалын қолданып мәліметтерді енгізу.

Сауалнама

15

15 Сабақ. Алғашқы қалыпты даярлау.

Сауалнама












І - кредит

1 Сабақ. Информатика пәні мен оның мәселелері



Информатика есептеу техникасы құралдарының көмегімен мәліметтерді қабылдау, құру, сақтау, түрлендіру, өңдеу және жеткізу тәсілдерін жүйеге келтіретін жаңа техникалық ғылыми пән.



Информатика пәні келесідей ұғымдарды қарастырады:

  • Есептеу техникасы құралдарының аппараттық жасақтамасы;

  • Есептеу техникасы құралдарының аппараттық программалық жасақтамасы;

  • Аппараттық және программалық жасақтамалардың өзара әсерлесу құралдары;

  • Аппараттық және программалық құралдармен адамның өзара әсерлесу құралдары;

Аппараттық және программалық құралдармен адамның өзара қарым-қатынасының әдістерімен құралдарын қолданушы интерфейсі деп атайды.

Информатиканың негізгі мәселесі – есептеу техникасының аппараттық және программалық құралдарымен жұмыс істеу тәсілдерін жүйелеу болып табылады.



Бүгінгі таңда информатиканың негізгі мәселелерінің құрамына келесі бағыттарды жатқызуға болады:

  • Есептеу жүйелерінің архитектурасы (мәліметтерді автоматты түрде өңдеуге арналған жүйелерді құрудың тәсілдері мен әдістері);

  • Есептеу жүйелерінің интерфейсі (аппараттық және программалық жасақтаманы басқару тәсілдері мен әдістері);

  • Программалау (компьютерлік программаларды даярлау әдістері);

  • Мәліметтерді түрлендіру;

  • Ақпаратты қорғау;

  • Автоматтандыру;

  • Стандарттау (әр түрлі есептеу техникасы құралдарына сәйкес аппараттық және программақ құралдар арасындағы, мәліметтердің беру пішімі арасындағы үйлесімдікті қамтамасыз ету).

Информатиканың оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ – дерді пайдалану мүмкіндіктерімен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында ақпаратты кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді.

Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ – дер күнбе – күн пайда болып, олардың даму процесі үздіксіз ғылыми – техникалық процеске айналып отыр. Сонымен қатар ақпаратты өңдеу, жинау және беру тәсілдері де күннен күнге дамып келеді. Осы себептерге байланысты информатика жиі өзгеріске ұшырайтын ғылыми пән болып саналады да, оны оқып үйрену күннен күнге күрделеніп барады.

Информатиканың негізгі объектісі, яғни оның шикізаты мен беретін өнімі ақпарат болып саналады. Сондықтан “ақпарат” ұғымы информатика мен ЭЕМ – де жұмыс істеудің ең түбегейлі атауларының бірі болып есептеледі.

2 Сабақ. Ақпараттардың өлшем бірліктері.



Кодты және бүтін санды түрлі санау жүйелерінде өрнектеу.

Тапсырмалар.

  1. Аты – жөніңізді толық жазып, оны екілік кодпен өрнектеңдер.

  2. 01001101, 01011001, 00100000, 01001110

01000001, 01001101, 01000101, 00100000

01001001, 01010011 екілік кодтарын символдвр арқылы жазыңдар




  1. Кез келген газет немесе журнал қиындысында неше символ бар екендігін анықтаңыз және ол қанша байтқа тең?

3 Сабақ. Есептеу техникасы және дербес компьютер.



    1. Компьютерлік жүйелерді пайдалану.

    2. Есептеу жүйесінің құрамы.


3.1 Компьютерлік жүйелерді пайдалану

Жұмыс өнімділігі. Басқа құралдар мен машиналарды қолданғандағы сияқты, компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі жұмыс өнімділігін арттыру болып саналады.

Егер компьютерді есеп – қисап жасау, мәліметтерді өңдеу немесе құжаттарды қағазға басып алу істеріне пайдалансаңыз, сіз бір сағатта көптеген істерді тындырасыз.



Мәліметтерді өңдеу жылдамдығы. Компьютерді пайдаланудағы екінші себеп мәліметтерді мәліметтерді үлкен жылдамдықпен өңдеу болып саналады. Дайындығы мол маман адам минутына 250 сөз оқып шыға алатын болса, компьютер 1000 000 сөз оқи алады екен.

Дәлдік пен ұқыптылық. Компьютерлік жүйелерді пайдаланудағы үшінші себеп – олардың дәлдәгі мен ұқыптылығында жатыр. Егер біз компьютерге нақты мәліметтер беріп, оларды өңдеудің дұрыс жолдарын көрсетсек, ол әрқашан қатесіз дұрыс нәтижелер береді. Кейде компьютер қате нәтиже берді деп айтады. Мұндайда компьютер қателеспейтінін, мәліметтердің оған дұрыс берілмегендігінен немесе осы мақсатқа арналған мәліметтерді оған дұрыс берілмегендігінен немесе осы мақсатқа арналған мәліметтерді өңдеу алгоритмінің қате болғаны екенін ашып айту қажет.
3.2 Есептеу жүйесінің құрамы.

Есептеу жүйесінің құрамын оның конфигурациясы деп атайды. Есептеу жүйесінің аппараттық және программалық құралдары әрқайсысы өз алдына жеке қарастырылатындықтан, сәйкесінше есептеу жүйесінің аппараттық конфигурациясы мен программалық конфигурациясы да жеке жеке қарастырылады.



Аппараттық жасақтамаға есептеу техникасының аппараттық конфигурациясын құрайтын құрылғылары жатады. Қазіргі заманғы компьютерлер мен есептеу кешендері блокты-модульды құрылымнан тұрады, яғни олар нақты бір жұмыс түрін атқаруға ыңғайландырылып дайын түйіндер мен блоктардан жиыстырылатындай аппараттық конфигурациядан тұрады.

Орталық процессорға қатысты алғанда құрылғылар ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Енгізу – шығару құрылғыларының көбі және аппараттық ұзақ уақыт сақтауға арналған құрылғылар сыртқы құрылғыларға жатады.

Жеке түйіндер мен блоктар арасындағы үндестік аппараттық интерфейс деп аталадын аппараттық – логикалық құрылғылардың көмегімен орындалады. Есептеу техникасындағы аппараттық интерфейс стандарттары хаттама деп аталады.

Программалық жасақтама. Программа деп реттелген командалар тізбегін айтады. Кез – келген компьютерлік программагың негізгі атқаратын қызметі – аппараттық құралдарды басқару. Аппараттық және программалық жасақтама үнемі өзара тығыз байланыста болады.

Программалық жасақтама бірнеше сатылардан тұрады: негізгі, жүйелік, қызметтік және қолданбалы.

Негізгі программалық жасақтама аппараттық құралдармен өзара байланыста болады.

Жүйелік программалар компьютерлік жүйенің аппараттық жасақтамасымен, программалық жасақтамасымен өзара қарым – қатынысын қамтамасыз етеді. Нақты бір құрылғымен байланысты жүзеге асыратын программа драйвер деп аталады. Жүйелік сатыға енетін программалардың екінші бір тобы қолданушымен өзара қарым – қатынамста орнатылады. Мұндай программалық құралдар қолданушы интерфейсін қамтамасыз ету құралдары деп аталады.

Қызметтік программалық жасақтама . ол негізгі сатыдағы программалармен де, жүйелік сатыдағы программалармен де тығыз байланыста болады. Қызметтік программалар компьютерлік жүйені тексеру, баптау және жөндеу жұмыстарын автоматтандырады. Сонымен қатар олар жүйелік программалардың қызметін жақсарту мен кеңейту үшін қолданылады.

Қолданбалы программалық жасақтама. Қолданбалы программалардың көмегімен өндірістік, шығармашылық, оқыту және т.б мақсатта нақты жұмыстар атқарылады.

Қолданбалы программалық құралдарға мәтіндік редакторлар, мәтіндік процессорлар, графиктік редакторлар, электрондық кестелер, мәліметтер базасын басқару жүйелер, автоматтандырылған жобалау жүйелері, баспахана жүйелері, Web-редакторлары, браузерлер және т.б. жатады.

4 Сабақ. Дербес компьютердің құрылғылары


    1. Енгізу құрылғылары

    2. Графиктік мәліметтерді енгізуге арналған құрылғылар

    3. Мәліметтерді баспаға шығару құрылғылары

Енгізу құрылғылары


Мәліметтерді енгізудің ең негізгі құрылғысы пернетақта болып табылады. Одан басқа да енгізу құрылғыларына тышқан, джойстик, трекбол және т.б. жатады. Джойстик – компьютерлік ойындарда қолданылатын қолмен басқарылатын құрылғы. Трекболдың тышқаннан айырмашылығы оның қорапқа орнатылған кішкене шары алақанмен қозғалысқа келтіріледі және ол жазық бетті қажет етпейді, сондықтан ол ықшам компьютерлерде қолданылады.

Графиктік мәліметтерді енгізуге арналған құрылғылар

Графиктік мәліметтерді енгізу үшін сканерлер, графиктік планшеттер (дигитайзерлер) және цифрлы фотокамералар қолданылады. Сканерлердің көмегімен символдардан тұратын мәліметтерді де енгізуге болады. Бұл жағдайда берілген материал графиктік түрде енгізіледі, сонан соң арнаулы программалық құралдардың көмегімен өңделеді. Сканерлер парақ бетіндегі мәліметтерді оқып, оны компьютерге енгізеді.
Мәліметтерді баспаға шығару құрылғылары

Мәліметтерді баспаға шықару үшін мониторға қосымша притер деп аталатын баспаға шығару құралы қолданылады. Принтердің көмегімен экрандағы құжаттың көшірмесін қағазға басып шығара аламыз. Принтерді жұмыс істеу принциптеріне қарай матрицалық, лазерлік, сия бүркіш және термографиктік деп бөлінеді.


5 Сабақ. Дербес компьютердің құрылғылары



    1. Мәліметтерді сақтау құрылғылары

    2. Мәліметтерді алмасу құрылғысы

Мәліметтерді сақтау құрылғылары.

Магниттік дискілер мен лазерлік дискілерге қосымша мәліметтерді сақтаудың сыртқы құрылғыларына стримерлер, Zip – тастауыштар және HiFd – тасуыштары жатады.

Стримерлер- мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғылар. Стримерлерге арналған магиттік таспалардың (картридж) көлемі жүздеген мегабайтқа жетеді.

Zip – тастауыштарды мәліметтерді сақтаудың сыртқы құрылғыларын жасауға негізделген Iomage компаниясы шығарады. Бұл құрылғы өлшемдерді стандарттық иілгіш дискіден сәл ғана үлкен және сыйымдылығы 100-ден 250 Мбайт болатын дискілермен жұмыс жасайды. Zip – тастауыштардың негізгі кемшілігі олардың 3,5 дюмдік иілгіш дискілермен үйлесімсіздіктірінде.

Sony компаниясы жасап шығарған HiFd құрылғысы кәдімгі стандарттық иілгіш дискілермен үйлесімді болып келеді. Олар сыйымдылығы 200 Мбайт болатын арнайы тасуыштармен де, кәдімгі иілгіш дискілермен де жұмыс істеуге бейімделген.


Мәліметтермен алмасу құрылғысы
Модемдер (модулятор + ДЕМмодулятор) алыс қашықтықтағы компьютерлер арасында байланыс арналары бойынша мәліметтер алмасу үшін қолданылатын құрылғы. Мұндағы байланыс арналары деп кабельдік, радиожиіліктік және сымдық байланыстарды түсінеміз. байланыс арналарының типіне қарай қабылдау – жіберу құрылғыларын радиомодемдер кабельдік модемдер және т.б деп бөлінеді. Компьютерден модемдерге түскен сандық мәліметтер модульяциялық жолмен түрленіп (фазасы, амплитудасы жиілігі бойынша ), телефон желісіне бағыталады.

6 Сабақ. Пернетақта

Пернетақта және ондағы пернеліктердің қызметтері
Пернетақта немесе пернелік;

ДЭЕМ пернелік тақтасы немесе пернелігі, кез-келген ЭЕМ пернелігі тәрізді бір тақтада орналасқан пернелер жиынтығынан тұрады. Әрбір адам пернелік арқылы компьютерге символдық ақпарат енгізіп солардан оны басқару командаларын да құрастыра алады. Бұл күнде IBM компьютерлері пернелігінің екі түрлі стандартты бар: 84 және 101 пернелік. Бірақ екі стандартта да пернелерінің қызметі бірдей тек олардың орналасуында кейбір пернелердің екі-екіден болуында ғана аздап айырмашылық бар. IBM мен үйлесімді ДЭЕМ пернелігі стандартты пернелер жиынтығынан тұрады, олар белгілі бір тәртіппен орналасып мынадай топтарға жіктеледі;

___алфавиттік-цифрлық және таңбалық пернелер:

Латын әріптері және олармен бірге орналасқан орыс,қазақ әріптері цифрлар, тыныс белгілері арифметикалық,логикалық және де басқа символдар “бос орын” белгісі;

___Функционалдық пернелер;F1-F12

___әр түрлі қызмет атқаратын пернелер:, enter,tab,ctrl,alt,shift,numlock,capslock scrolllock,pause(break),prtsc,және “+”, “-”, “*”, “/” тәрізді пернелер;

___түзету үшін қолданылатын басқару пернелері: Insert, Delete, Home, End, Pgup, Pgdn, Bascspace және бағыттауыш тілсызық пернелер. Терілген символдар экранның “I” таңбасы яғни курсор тұрған екпінді нүктесіне енгізіледі.



Курсор (сілтеме белігі) - жыпылықтап тұратын тік сызықша тәрізді бір символдың орнын көрсетіп тұратын таңба.

Алфавиттік әрбір перне латының не қазақтың (орыстың) бір әріпін енгізе алады.Латын әріптері QWERTY стандарты (екінші жолдың сол жақ шетінде орналасқан пернелер тізбегі) бойынша,ал қазақ орыс әріптері баспа машинкасындағыдай болып орналасқан. Цифрлық пернелер қазақ әріптерімен бірге жоғарғы жолда тұр, сандар енгізуді оңайлату мақсатында олар оң жақ шетте тағы қайталанған. Функционалдық пернелер басқару командалары ретінде белгілі бір операцияны орындалай алады.Олардың атқаратын қызметі жұмыс істеп тұрған программаға байланысты болады. F1 пернесі көбінесе ЭЕМ-нің өзінен жылдам көмек алуды сұрау үшін қолданылады.

Бағыттауыш ( ) тілсызық пернелер мен Home, End, Pgup, Pgdn пернелерін курсорды басқару пернелері деп аталады. Олардың қызметі:

-пернелері курсорды көрсетілген бағытта бір орынға жылжыту;



Home – курсорды жолдың басына жылжыту;

Pgup - курсорды мәтін бойынша бір рет жоғары көтеру;

Pgdn - курсорды мәтін бойынша бір рет төмен түсіру;

Baskspace пен Delete пернелері қате енгізілген символдарды өшіреді, Baskspace – сол жақтағы символды өшіреді, Delete – курсордың оң жағындағы символдарды өшіреді. Бір сөзбен, екінші сөз “бос орын” пернесін басу арқылы бөлініп жазылады.Tab пернесі курсорды көрші терезеге немесе кестенің келесі бағанасына жылжытады. Insert пернесі мәтінді түзету режимінде екі мүмкіндіктің бірінен біріне ауысуын қамтамасыз етеді, олар: ”Енгізу”-символдарының арасына оларды ығыстыра отырып, жаңа символ енгізу режимі және “Алмастыру”- бұрынғы енгізілген символдарды теріліп отырған жаңа символдармен ауыстырады. Enter – пернесін басу кез-келген команданың енгізіліп біткенін көрсетеді де, енгізіліп ақпаратты компьютермен өңделе бастайды.

Capslock, Scrolllock, Numlock - белгілі бір тәртіп (режим) орната алатын пернелер тобын құрайды. Бұлардың бірін басқанда мүмкін болатын екі тәртіптің бірін орындайды: негізгі тәртіп компьютер іске қосылғанда бірден орнатылады.Сол пернені қайта бассақ, қосалқы режим іске қосылады.

Қосалқы режимге көшкенде пернеліктегі кішене шам жанып белгі береді.



Capslock - пернесінің негізгі режим – кіші әріптерді енгізу, қосалқысы – бас әріптерді енгізу.

Numlock- пернесінің негізгі режимі - қосымша цифрлық пернелердің курсорды басқару тәртібін орнату болса, қосалқы - цифрларды теру тәртібін орнату.

Ctrl, Alt, Shift - пернелері тіркелу пернелері болып саналады да басқа пернелермен бірге пайдаланып әртүрлі әрекеттер комбинациясын іске асырады. Олардың атқаратын қызметтері әрбір программада өзгеріп отырады,сол себепті атқаратын жұмысын программалар сипаттамаларын білу керек.

Ctrl,Alt пернелері басқа пернелер қызметін өзгертуге пайдалынады.



Компьютерді басқару мақсатында қолданылатын бірнеше негізгі комбинация бар:

Сtrl+Alt+Delete-компьютерді өшіріп қайта іске қосу әрекетін орындайды,яғни оператциялық жүйе жұмысын жаңалау ісін атқарады.Көптеген ЭЕМ-дер жүйе блогында Reset батырмасы бар. Соны басу арқылы да жоғарыдағы әрекетті орындауға болады.

Ctrl+Break-орындалып жатқан программаны кілт тоқтату немесе команда орындауды доғару,кейде бұл комбинция орнына Ctrl+C пернесінде болады.

Ctrl+S орындалап жатқан әрекетті уақытша тоқтата,тұрып мұның да орнына Pause пернесін басуға болады.

Shift+Prtsc экрандағы бейнені баспа құрылғысына шығару жаңа компьютерлерінде бұл экрандағы бейне буферге алу қызметін атқарады. Мәтіндерді түзету кезінде регистрлік пернелер ішінен тек shift пернесінің тікелей атқаратын қызметі бар,ол бас әріп енгізуді іске асырады.Мысалы Shift+r-R бас әріпін енгізу.Ал цифрлық перненің бетінде жазылған екі символдың жоғарғы жағында көрсетілгенін енгізу үшін Shift пернесін басу қажет.Бас әріптерді тұрақты күйде теру үшін Caps Lock пернесін қолданамыз.

Esc-пернесі (шығу,көшу) кез келген әрекетті орындамай тоқтатуды жүзеге асырады.

Tab-мәтінді түзету кезінде кестенің келесі бағанасына өтуді орындайды.Кейбір программада оның атқаратын қызметі басқашада болуда ықтимал:экрандағы келесі терезеге өту немесе менюдің басқа командасына ауысу және т.с.с. Пернелікте латын әріптері американдық машинкалардағы секілді,ал қазақ,орыс әріптері біздегі машинанкалар таңбаларына сәйкес орналастырылған. Бұл алфавиттен екіншіге ауысу перне драйверінің арнаулы програмасын орындау арқылы жүргізіледі. Ол компьютер ток көзіне жалғанғанда іске қосылып тұрақты күйде жұмыс жасап отырады.Кейбір драйверлер алфавитті ауыстыру үшін екі Shift пернелерін қатар басуды талап етсе,кейбір Shift+Ctrl пернелерін немесе одан да басқа комбинацияларды пайдалануды талап етеді.


7 Сабақ. Программалық қамтамасыз ету.

Операциялық жүйенің жіктелуі.

Дербес компьютерлер үшін операциялық жүйелер бірнеше параметрлер бойынша ерекшеленеді. Көп жағдайда операциялық жүйе:

- Бір есепті және көп  есепті;

- Бір қолданушылық және көп қолданушылық болып жіктеледі.

     Бұдан басқа, операциялық жүйеде командалық немесе графикалық (немесе екеуі бірдей) көп терезелі интерфейс болуы мүмкін.

     Бір есепті операциялық жүйе әрбір кезеңде компьютерде адамға бір ғана есепті шешуге, яғни тек бір ғана іспен айналысуға мүмкіндік береді.

     Мұндай жүйелер әдетте негізгі режимде бір программаны және фондық режимде көмекші тағы бір программаны іске қосуға мүмкіндік береді. Мысалы, негізгі режимде мәтіндік редакторды, ал фондық режимде басу программасын іске қосуға болады.

     Көп есепті операциялық жүйе бір мезгілде бірнеше программаларды іске қосуға мүмкіндік береді.

     Бұл программалар бір-біріне кедергі келтірмей, қатар жұмыс істейтін болады. Мысалы, бір программа адаммен шахмат ойнайтын болса, ал тағы бірі басқа компьютерлермен  бірге модем арқылы мәліметтерді тексереді.

     Бір  есепті жүйелер  қарапайым, шағын, ең аз қуатты компьютерлерде жұмыс істей алады, бірақ жұмыс істеу қолайлылығы жағынан көп есептіден ұтылады, сондықтан оларға жылдам жол беріп, ығыстырылып келеді.

     Бір қолданушылық операциялық жүйе компьютерде тек бір ғана адамға жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

     Әрине, дербес компьютерде кезекпен бірнеше адамға жұмыс істеуіне болады және де олардың әрқайсысы компьютердегі барлық ақпараттармен байланыса алады.

     Көп қолданушылық жүйеде әрбір қолданушы барлық ақпараттармен және пароль енгізу арқылы тек өзіне қатысты жеке ақпараттармен байланыса алады.

     Кейбір көп қолданушылық жүйелер, мысалы UNIX, бір мезгілде бірнеше қолданушыларға бір компьютерде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бқл жағдайда әрбір қолданушының жұмыс орнында терминал орнатылуы қажет. Терминал қызметтік не арнайы бағытталған құрылғылар (пернетақтасы бар бейнемонитор), не дербес компьютерде жүктелген арнайы программа орындауы мүмкін. өз терминалындағы бірнеше қолданушылар бір-бірін байқамай және кедергі келтірмей, бір мезгілде бір компьютермен ғана жұмыс істей береді.

     Терминал компьютерден бірнеше метрде немесе бірнеше мың километрде орналасуы мүмкін. Егер мекеме компьютерінде көп қолданушылық операциялық жүйе және бірнеше модемдер орнатылған болса, онда әрбір қызметкер компьютермен модем арқылы байланыса алады және өзінің дербес (жұмыс орындық немесе тасымалданатын) компьютерін терминал ретінде қолдана отырып, ол өзінің жұмыс орнында отырғандай жұмыс істей алады.   Терминал негізгі компьютермен және дүниежүзілік компьютерлік желі арқылы Internet-пен байланыса алады.

     Жиырма жылдай бұрын адамның операциялық жүйемен қарым-қатынасы командалық режимде болған: қолданушы жүйенің  шақыруына жауап ретінде  команданы теретін, жүйе оны орындайтын. Мұндай командалық режим көптеген командалардың пішімдерін білуді және ұзын командалық қатарды қатесіз енгізуді талап ететін.

     Соңғы жылдары графикалық көп терезелі интерфейс жиі қолданылады, мұнда қажетті әрекеттер және объектілердің сипаттамасы мәтін түрінде енгізілмейді, мәзірден, файлдар тізімінен немесе тышқан арқылы таңдалады. Бұл көп терезелі интерфейс бір мезгілде бірнеше программалармен жұмыс істегенде ерекше қолайлы: олардың әрқайсысымен адам жеке терезеде жұмыс істейді.

     Бұдан бірнеше жыл бұрын Microsoft компаниясының қарапайым бір есепті, бір қолданушылы командалық интерфейсі бар MS-DOS операциялық жүйесі ең танымал болған. Бұл жүйе дербес компьютерде ең қарапайым ресурстармен жұмыс істеуге қабілетті болатын.

  Бүгін дербес компьютерлер қуаты соншалықты күшті болғандықтан, оған көп терезелі графикалық интерфейсі бар қуатты, көп есепті операциялық жүйені орнату мүмкін және тиімді.

Сонымен ОЖ – адам мен ЭЕМ аппаратыќ ќ±ралдарыныњ арасында байланысты ±йымдастыратын программа немесе µзара байланысќан ±йымдастыратын программа тобі. Оныњ ќ±рамына µз командалары жєне драиверлер – сыртќы ќ±рылѓыларды басќару программалары, утилиттер – ж±мыс жењілдететін программалар жєне тьаѓы басќалар кіреді. ОЖ –ыњ атќаратын мынандай ‰ш топќа ж‰ктеуге болады: 1. мєліметерді енгізу - шыѓарудыњ барлыќ т‰рлерін ±йымдастыру, 2. ЭЕМ – ныњ сыртќы ортамен ќатынасын ±йымдастыру: 3. мєліметерді саќтау мен µњдеу ж±мыстарын атќару. Компюьтерлердіњ єр т‰рлі модельдеріне ќарай ОС – тыњ архитектурасы ќ±рылымы мен м‰мкіндіктері єр ќалай бола береді. Ењ кµп тараѓан ОЖ т‰рлеріне MS – DOS (PS - DOS) CDOS, MSX, UNIX жєне де соњѓы кезде кењінен ќолданыла бастаѓан кµп терезелі операциялыќ ж‰йелер – Windows программалары жатады.
5.4 Дербес компьютерлерге арналѓан MS DOS операциалыќ ж‰иесі.

Біз ќарастырѓалы отырѓан MS – DOS операциялыќ ж‰йесі 1981 жылы ІВМ дербес компьютерлерімен бір мезгілде пайда болып, єр компьютерлерге орналастырылѓан болатын.

Ќазіргі кездерде стандарты операциялыќ ж‰йе ретінде Windows есептеледі, біраќ MS – DOS ж‰йесініњ негізгі ќаѓидалары операциялыќ ж‰йелердіњ барлыѓында толыќ пайдаланады.

Дербес компьютерлерде программалар мен мєліметтерді саќтаушы рµлін магнит дискідегі жинаќтауыштар (МДЖ) атќарады, сондыќтан ЭЕМ ж±мысыныњ пєрменділігі оларды д±рыс ќолдана білуге байланысты. Дискілер латын алфабитініњ алѓашќы бас єріптерімен А:, В:, C:, D: жєне т.с.с. болып белгіленеді.

Компьютерлердіњ кµбісінде иілгіш магниттік дискідегі екі мєлімет жинаќытауыштар болады, олар А: жєне B: болып, ал ќатты дискідегі жинаќтауыштар бір немесе бірнеше бола береді де C:, D:, E:, жєне т.с.с. т‰рінде белгіленеді.

ДЭЕМ іске ќосылѓанда ОЖ кµбінесе C: ќатты дискісінен немесе A: иілгіш дискісінен оќылып жедел жадна ж‰ктеледі де, экранѓа ОЖ – њ ќызмет атќаруѓа дайындыѓын білдіретін тµмендегідей стандартты т‰рдегі ж±мысќа шаќыру белгісі шыѓады. A:\> - б±л A: дискісініњ ж±мыс істеуге дайындыѓын кµрсететін шаќыру белгісі, егер компьютер іске ќосылѓанда A: дискіжетек ±ясына дискет салынбаса, онда ЭЕМ автоматты т‰рде B: немесе C: дискілерінен ОЖ – ні оќуѓа тырысады;

С:\> - С: дискісініњ ж±мыс істеп т±рѓанын кµрсететін шаќыру белгісі.

ОЖ ЭЕМ жедел жадына д±рыс ж‰ктелген соњ, экранѓа A:\> немесе C:\> тєрізді команда енгізу жолдары шыѓады.

Сонымен, ОЖ магниттік дискіде (ќатты) немесе дискетте (иілгіш) саќталады. Дискілердіњ негізгі бµлігі мєліметтерді немесе программаларды саќтауѓа арналѓан. Оныњ шамалы бµлігінде ѓана ОЖ мен єрбір адамныњ программаларыныњ мазм±ны (каталог не директорий) саќталады.
8 Сабақ. Программалық қамтамасыз ету.

Дербес компьютерлерге арналѓан MS DOS операциалыќ ж‰йесі


Дербес компьютерлерге арналѓан MS DOS операциалыќ ж‰иесі.

Біз ќарастырѓалы отырѓан MS – DOS операциялыќ ж‰йесі 1981 жылы ІВМ дербес компьютерлерімен бір мезгілде пайда болып, єр компьютерлерге орналастырылѓан болатын.

Ќазіргі кездерде стандарты операциялыќ ж‰йе ретінде Windows есептеледі, біраќ MS – DOS ж‰йесініњ негізгі ќаѓидалары операциялыќ ж‰йелердіњ барлыѓында толыќ пайдаланады.

Дербес компьютерлерде программалар мен мєліметтерді саќтаушы рµлін магнит дискідегі жинаќтауыштар (МДЖ) атќарады, сондыќтан ЭЕМ ж±мысыныњ пєрменділігі оларды д±рыс ќолдана білуге байланысты. Дискілер латын алфабитініњ алѓашќы бас єріптерімен А:, В:, C:, D: жєне т.с.с. болып белгіленеді.

Компьютерлердіњ кµбісінде иілгіш магниттік дискідегі екі мєлімет жинаќытауыштар болады, олар А: жєне B: болып, ал ќатты дискідегі жинаќтауыштар бір немесе бірнеше бола береді де C:, D:, E:, жєне т.с.с. т‰рінде белгіленеді.

ДЭЕМ іске ќосылѓанда ОЖ кµбінесе C: ќатты дискісінен немесе A: иілгіш дискісінен оќылып жедел жадна ж‰ктеледі де, экранѓа ОЖ – њ ќызмет атќаруѓа дайындыѓын білдіретін тµмендегідей стандартты т‰рдегі ж±мысќа шаќыру белгісі шыѓады. A:\> - б±л A: дискісініњ ж±мыс істеуге дайындыѓын кµрсететін шаќыру белгісі, егер компьютер іске ќосылѓанда A: дискіжетек ±ясына дискет салынбаса, онда ЭЕМ автоматты т‰рде B: немесе C: дискілерінен ОЖ – ні оќуѓа тырысады;

С:\> - С: дискісініњ ж±мыс істеп т±рѓанын кµрсететін шаќыру белгісі.

ОЖ ЭЕМ жедел жадына д±рыс ж‰ктелген соњ, экранѓа A:\> немесе C:\> тєрізді команда енгізу жолдары шыѓады.

Сонымен, ОЖ магниттік дискіде (ќатты) немесе дискетте (иілгіш) саќталады. Дискілердіњ негізгі бµлігі мєліметтерді немесе программаларды саќтауѓа арналѓан. Оныњ шамалы бµлігінде ѓана ОЖ мен єрбір адамныњ программаларыныњ мазм±ны (каталог не директорий) саќталады.

9 Сабақ. Norton Commander (Nc) қабықшасы.

Norton Commander қабықшысында файлдармен орындалатын әрекеттер

Каталог құру жолдары.




  1. Norton Commander (Nc) жүйесін іске қосыңыз, Nc папкасын ашып nc.exe файлын жүктеу арқылы.

  2. С:\ дискісіне өтіп, өзіңізге ат беріп каталог ашыңыз F7 пернесін басу арқылы.

  3. Сол ашылған каталог ішінен ат беріп текстік (*.txt) файл ашыңыз, яғни Shift пернесімен біргелікте F4 пернесін басу арқылы.

  4. Ашылған файлға өз өмірбаяныңызды жазыңызда, оны сақтаңыз. Сақтау үшін F2 пернесі жұмсалады.

  5. Өз файлдарыңызды А:\ - дискісіне немесе D:\ дискісіне көшіріңіз. Көшіру F5 пернесінің көмегімен іске асырылады. Ал екінші дискіні көрсету үшін Alt + F1 не Alt + F2 пернелері көмегімен ашамыз.

10 Сабақ. Windows операциялық жүйесінде жұмыс істеу негіздері.

Windows жүйесінде жұмыс істеуді үйрену .
Жұмыс орнының фондық өрнегін баптау.


  1. Компьютерді іске қосыңыз, операциялық жүйенің толық қосылуын күтіңіз. Жұмыс үстелінің (Рабочий стол) бос жерінде тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз.

  2. Жанама мәзірден Қасиеттер (Свойства) бөлімін таңдаңыз, сонда Қасиеттер:Экран (Свойства:Экран) сұхбат терезесі ашылады. Фонқыстырмасының ашылғандығына көз жеткізіңіз.

  3. Жұмыс үстелінің сурет тізімінен қалауымызша басқа суретті таңдаңыз, сіз суреттің бейнесін компьютер экранындағы Экрантерезесінде көресіз. Сурет бүкіл экранды алып тұруы үшін Поместить бөлімінде айналдыру батырмасымен растянуть әрекетін таңдаңыз. Егер сіз Рядом немесе По центру әрекеттерін таңдайтын болсаңыз, онда сурет экранда қалай көрінетіндігін қараңыз.

  4. Егер сіз стандартты өрнекті таңдағыңыз келсе, онда Рисунок рабочего стола бөлімінен Отсутствует тізімінен таңдаңыз және Узор батырмасы бойынша шертіңіз.

  5. Узор диалог терезесінде ұсынылған өрнектер жүйесі тізімінен кез – келген өрнекті меңзермен таңдаймыз және Образец терезесінде оны қараймыз. ОК батырмасын шертіңіз.

  6. Егер сіз жұмыс үстелінде өзіңіз салған немесе өзіңіз қалаған суретті жайластырғыңыз келсе, онда Обзор батырмасы бойынша шертіңіз

  7. Өзіңіз қалаған фалды тауып Открыть батырмасын басыңыз

  8. Егер қойылған сурет өзіңізді қанағаттандырса ОК батырмасын шертіңіз.

Қыстырмаларды (заставка) қою



  1. Басты мәзірден Настройка →Панель управления командасын таңдаңыз. Басқару қапшығының терезесінде Экран таңбашасы бойынша тышқанды екі рет шертіңіз. Свойства:Экран терезесінен Заставка қосымшасын екпінді қылыңыз. Немесе бұл терезені мынадай жолменде ашса болады: Жұмыс үстелінің бос жерінде тышқанның оң батырмасын басқанда жанама мәзірден Қасиеттер (Свойства) бөлімін таңдап сонда ашылған (Свойства:Экран) сұхбат терезеснен Қыстырма (Заставка) бөлімін таңдау арқылы.

  2. Заставка тізімінен айналдыру батырмасымен қыстырманы таңдаңызСіз суреттің кескінін компьютердің экранындағы Экран терезесінде көресіз. Прсмотр батырмасы бойынша шертсеңіз, қыстырма сіздің компьютеріңіздің экранында бүкіл анимациялық әсерлерімен шығады. Тышқанды шертіңіз, Экран терезесі қайтып келеді.

  3. Минут пен уақыт арлылын қойыңыз, уақыт өткеннен кейін сіздің компьютеріңізде (сіз жоқ болған кезде) қыстырма пайда болады.

Безендендіру схемасын (Оформление) баптау

Безендендіру схемасын өзгерту үшін Басты мәзірдің Настройка командасын немесе Жұмыс орнында тышқанның оң жақ батырмасын қолдануға болады. Windows жүйесі ұсынатын безендендіру схемасын таңдау үшін Оформление қосымшасы екпінді болып тұрған Қасиеттер:Экран диалог терезесінде мынадай әрекеттерді орындаңыз:


  1. Схема өрісінде айналдыру батырмасымен тізімнен кез келген безендендіру схемасын таңдаңыз, Элемент өрісінен түсін өзгерткіңіз келетін элементті таңдаңыз, мысалы, екпінді терезенің тақырыбы немесе терезе батырмалары, терезе шекарасы, жұмыс орны және т.с.с. алдын ала көру терезесінде сіздің әрекеттеріңіздің нәтижесі бейнеленетін болады. Бұл терезеде қаріпті, оның өлшемін және түсін өзгерту үшін параметрлерді таңдауға болады.

  2. Барлығын стандартты жағдайына қайтару үшін Стандартная Windows деп аталатын безендендіру схемасын таңдаңыз және Применить, содан кейін ОК батырмасы бойынша шертіңіз.

  3. Екпінді немесе екпінді емес терезе тақырыбының түсін, сонымен қатар мәтін түсін өзгерту үшін алдын ала көру терезесінде екпінді немесе екпінді емес терезе тақырыбының қатары бойынша шерту жеткілікті және Цвет өрісінде айналдыру батырмасымен түсті таңдаңыз.

  4. Егер өзіңіз іріктеп алған түстер схемасы сіздің көзіңіз үшін жағымды болса және Windows іске қосылғанда соны таңдағыңыз келсе, онда сохранить как батырмасы бойынша шертіп, оны сақтаңыз. Сохранение схемы терзесінде схеманың атын енгізіңіз.

  5. Сіз құрған схеманы өшіру үшін Схема тізімінен оны таңдаңыз және Удалить батырмасы бойынша шертіңіз.

Белгішелердің көрінісін баптау

Жұмыс үстеліндегі кейбір белгішелердің көрінісін өз қалауымызша өзгерткіміз келсе, онда мыныдай әрекеттер жасаңыз: Тышқанның оң батырмасын жұмыс үстелінің бос жерінде басып Свойства бөлімін таңдап сонда ашылған (Свойства:Экран) сұхбат терезеснен Эффекты бөлімін ашыңыз. Сондағы “Значки рабочего стола” бөлімінен біз өзгерткіміз келген белгішелердің суреттерін таңдаймыз. Суретті таңдаған соң “Сменить значок” батырмасын басамыз. Сонда бізге ауыстырылатын басқа белгішелердің нұсқалары көрсетілген дилогты терезе көрсетіледі. Өзімізге қажет нұсқаны таңдап ОК батырмасын басамыз. Жұмыс үстеліндегі белгішелерді аты, типі, өлшемі, уақыты бойынша қалыпқа келтіре аламыз. Ол үшін жұмыс үстелінің бос жайында тышқанның оң жақ батырмасын басқанда ашылатын жанама мәзірдер “упорядочить значки” бөлімінен өзімізге қажет нұсқаны таңдаймыз.
Экран параметрлерімен танысайық.

Экран параметрлерін ретке келтіру үшін Қасиеттер:Экран терезесінен “Настройка” бөлімін таңдаймыз. Сіздер “Цветовая палитра”, “Область экрана” облыстарын өзгертіп көріңіздер.


Мәселелер тақтасы және басты мәзір(пуск)

Біз Пуск (Басты) мәзіріне жаңа команда қосып көрейік. Ол үшін мынадай әрекет етіңіз: Алдымен Пуск мәзірінен “Натройка” бөлімін одан кейін Мәселелер тақтасы және басты мәзір (Панель задач и меню пуск) бөлімін таңдағанда ашылған “Свойства: Панель задач и меню пуск” терезесінен “Дополнительно” жапсырмасын таңдаңыз. Добавить батырмасын басып ашылған “Создание ярлыка” диалогты терезеде өзімізге қажет болған папканы көрсетеміз. “Обзор” батырмасы ол папканы табуға көмек береді. Таңдап болған соң “Далее” батырмасын шертіңіз. “Выбор папки” папкаларды таңдау диалогты терезесі ашылады. Бұл терезеде сіз өз таңдаған программаңыз немесе папкаңыз қайсы орында жайласуын көрсетесіз. “Әрі қарай” батырмасын басып келесі терезеден жарлық атын береміз немесе бұрынғы атымен үнсіз келісім бойынша қалдырамыз. Дайын (Готово) батырмасын басыңыз. Пуск мәзірін ашып көріңіз.

Мәселелер тақтасы бізге кез келген істелінетін әрекеттерге жылдам қатынау үшін көбірек керек болады. Бізге көп қажет болатын программаларды мәселелер тақтасына қойып қойсақ өзімізге онымен қатынау ыңғайлы болады.

“Свойства: Панель задач и меню пуск” терезесін ашыңыз. Пуск → Натройка → Панель задач и меню пуск командалаын орындау арқылы немесе мәселелер тақтасында тышқанның оң жақ батырмасын басқанымызда шығатын жанама мәзірден Свойства бөлімін таңдау арқылы. Сол терезенің общие жапсырмасынан көрсетілген жалаушаларды алып тастап, қойып көріңіздер.

11 Сабақ. WINDOWS ж‰йесіндегі терезелерді пайдалану.

Белгішелер, жарлықтар, бумалар.

Белгіше (Icon)- бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияны, файлды, т.б. бейнелеп тұруы мүмкін. Әр белгіше белгілі бір терезеге сәйкес келеді және ол қажет болғанда үлкейту батырмасы арқылы терезеге айналады. Экрнда мынадай белгішелер кездеседі:

-қосымша (қолданбалы) программалар белгішесі;



  • белгілі бір топтар белгішесі;

  • функциялар белгішесі.

Жарлық (shortcut) --- бұл белгілі бір обьектімен тікелей қатнас жасауды іске асыратын командалық файл. Мысалы, жарлық арқылы каталогтың, желідегі дискінің ішіндегісін көрсетуге болады, тез арада басқа каталог та орналасқан программаларды іске қосуға, файлды жылдам ашуга болады және т.б.

Бума (folder) – экранда каталогтарды әне программалық топтарды белгілеу үшін қолданылады. Мүның мағынасы мынада: каталог пен программалар тобі белгілі бір обьектілерді орналастыруда қолданылатын контейнер болып табылады. Бума – каталог, директорий ұғымының балмасы болып табылады. Каталог файлдарға арналған контейнер, программалық топ-жеке программаларға арналған контейнер, т.с.с. Әрине мұндай контейнерлер әр обьекті үшін әр түрлі болуы мүмкін. Бірақ олармен атқарылатын амалдар біртектес бола береді (мысалыға, жою, көшіру және т.б.).
12 Сабақ. WINDOWS жүйесінің стандартты программалары

Windows жүйесінің стандартты программалары.

Windows жүйесінің стандартты программалары құрамына бір топ программалар жиыны кіреді. Олар әр адамға қажетті операциялық жүйе орындай алмайтын бірсыпыра жұмыстардың орындалуын қамтамассыз етеді, мысалы:



  • мәтіндік құжаттарды дайындау;

  • графикалық бейне көріністерді даярлау және оларды өңдеу, түзету;

  • жұмыс уақытын жоспарлау және ұйымдастыру;

  • математикалық есептеулерді орындау және т.б.

әдетте, бұл қосымша программалар “Стандартты” тобында орналасқан.

WordPad мәтіндік редакторы

WordPad, Write редакторлары күрделі мәтіндік құжаттарды дайындауға мүмкіндік береді. Слайда кейінгі шығып жатқан мамандандырылған мәтіндік редакторларға қарағанда оның мүмкіндігі төмендеу.

WordPad, Write редакторлары мәтіндік құжаттарды пернелерді теріп дискілерді сақтауға, оларды өңдеуге – ішкі көрінісімен қаріпін өзгертуге, құжат ішінде символдарды іздеу мен ауыстыру әдістерін іске асыруға, графиктік суреттерді қосуға, оның беттерінің параметрлерін өзгертуге және қағазға басып шығару мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет