Жоспар:
-
Қосмекенділердің экологиялық топтары
-
Қосмекенділерді қорғау
Қолданылатын әдебивттер
Негізгі әдебиетер.
1. Жизнь животных под ред. З.Зеньковича т.1 1968 т.2 1968 т.3 1964 М.Просвещение
2. Духин Е.И. Зоология М. Выс. Школа 1981.
3. Н.П.Наумов, Н.Н.Карташев Зоология позвоночных М.,1979
4. С.П.Наумов, Зоология позвоночных М.1983.
5. Р.Каррингтон Млекопитающие М.1974
6. А.Карр Рептилии М. 1975.
7. Н.Н.Карташев Систематика птиц М. 1974
8. Хадрин Р.Венер Общая зоология 1989
Қосымша әдебиеттер
1. Биология Оқулық - Алматы 1966
2. Қайымов Қ. Балықтар әлемінде - Алматы, 1981
3. Қайымов Қ. Қызықты зоология Оқұшылар мен мұғалімдерге арналған оқулық -
Алматы, 1975.
Лекция мәтіні:
Бірінші рет құрлықта тіршілік етуге шыққан омыртқалы жануарлар, құрлықта тіршілік ететін омыртқалы жануарлардың дамуына жол ашқан космекенділер. Оларды орманда, далалық аймақта, бау-бақшада, өзен-көлдер жағасында көруте болады, бірақ көбеюі суда өтеді. Қосмекенділер насекомдармен және олардың личинкаларымен (қоңыздар, масалар, шыбындар т.б.) және өрмекшілермен қоректенеді. Олар моллюскалар (шырышты тоспа ұлуын т.б.) мен балықтың шабақтарымен де қоректенеді. Мысалы, шөп бақаның біреуі ғана жаз бойы 1200 зиянды насекомды жеп пайда келтіреді. Қосмекенділердің өздері балықтарға, құстарға, жыландарға, кірпілерге, сасық күзеңдер мен құндыздарға таптырмайтын қорек. Құрбақа мен саламандрлардың терілерінде улы бездері болғандықтан оларды ешкім жемейді. Қосмекенділер суық түсісімен қысқы ұйқыға кетеді.
Қосмекенділерді қорғау. Қосмекенділер - табиғаттың көне дәуіріндегі тамаша туындысы. Олар жер бетінде осыдан 300 миллион жыл бұрын шыққан. Қосмекенділердің құрлыққа шығуын жануарлар дүниесінің дамуындағы үлкен бетбұрыс деп қарау керек. Біздің елімізде олар өте аз кездеседі, бірақ олардың табиғи биоценоздағы маңызы зор. ТМД елдерінде қосмекендшердің 33 түрі кездессе, оның 11 түрі Қазақстанда таралған, ал қазір де жер шарында шамамен 2500 түрі бар. Олардың ішінде құйрықсыз, құйрықты және аяқсыз қосмекенділер кездеседі.
Біздің республикамыздың Территориясында құйрықты қосмекенділердің үш түрі мекендейді. Сибирь бұрыштістілері (Сибирские углозубы), Жетісу бақатісі (Семиречинский лягушкозуб), кәдімгі тритон (обыкн. тритон) оның 280 түрі бар.
Құйрықсыз қосмекенділердің дүние жүзінде 800-дей түрі кездессе, оның 8-і біздің республика республика территориясында таралған. Қызыл бауыр шұбар бақа (жерлянка), кәдімгі тарбақа (обыкновенная чесночница), жасыл құрбақа (зеленая жаба), көлбақа, шөпбақа, қызылаяқ бақа, кәдімгі құрбақа, бізтұмсық бақа (остромордая лягушка).
Аяқсыздар. Оның шамамен 55 түрі, негізінен тропикалық аймақта, жер астында тіршілік етуге бейімделген. Қосмекенділер бау-бақша, орман, егістіктерге үлкен зиянын тигізетін насекомдармен және басқа да омыртқасыздармен қоректеніп, олардың санын тежеп реттеп отырады, сонымен бірге бауырымен жорғалаушыларға, құстарға, сүтқоректілерге таптырмайтын тамақ. Сондай-ақ басқалар түрлі аурулар таратуға себеп болатын маса, шыбын-шіркей, құмыты және олардың личинкаларын азық етіп, оларды құртуға себін тигізеді. Мәселен, кейбір жерлерде шұбарбақа бір айдың ішінде маса личинкаларының 50 процентін жем етеді. Бір ғажабы — бақалар көбіне түнде ұшатын зиянкес насекомдармен қоректеніп, оларды жойып отырады. Қосмекенділердің адамдар үшін тағы бір маңызы, олардың кейбіреуін (саламандра, көлбақалар, өгіз-көлбақа т.б.) тамақ ретінде пайдаланады.
Бақаларды тәжірибе үшін пайдаланады. Медицина мен биологиядағы тәжірибелер, оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінде бұл мақсаттар үшін жылына бірнеше мың бақалар пайдаланылады. Мысалы, біздің елімізде жылына 1 миллион қосмекенділер дайындалады. Сондықтан да бірқатар елдерде оның саны азайып кеткендіктен қорғауға алынған. АҚШ-та оның саны 50 процентке төмендеген, Англия, ГДР, Польшада бақалар қорыққа алынып, аулауға тыйым салынған. Қосмекенділерді аулауға тыйым салынған және өндіруге болмайды делікген қаулылар да бар. Қосмекенділердің уылдырық шашатын жерлерін ауыл шаруашылығынан, ластаудан қорғайды. Совет Одағының "Қызыл кітабына" қосмекенділердің 9 түрі, оның ішінде 1 түрі жетісу бақатісі Қазақстанда кездеседі.
11-лекция
Бауырымен жорғалаушылар класы немесе рептиллилер (Reptilia)
Жоспар
1 Бауырымен жорғалаушылар класына жалпы сипаттама.
2. Ет жүйесі
Қолданылатын әдебивттер
Негізгі әдебиетер.
1. Жизнь животных под ред. З.Зеньковича т.1 1968 т.2 1968 т.3 1964 М.Просвещение
2. Духин Е.И. Зоология М. Выс. Школа 1981.
3. Н.П.Наумов, Н.Н.Карташев Зоология позвоночных М.,1979
4. С.П.Наумов, Зоология позвоночных М.1983.
5. Р.Каррингтон Млекопитающие М.1974
6. А.Карр Рептилии М. 1975.
7. Н.Н.Карташев Систематика птиц М. 1974
8. Хадрин Р.Венер Общая зоология 1989
Қосымша әдебиеттер
1. Биология Оқулық - Алматы 1966
2. Қайымов Қ. Балықтар әлемінде - Алматы, 1981
3. Қайымов Қ. Қызықты зоология Оқұшылар мен мұғалімдерге арналған оқулық -
Алматы, 1975.
Лекция мәтіні:
Ертеректе ғалымдар "жексұрын" деген атпен бақаларды және тритондарды зерттесе, сол атпен кесіртке, жылан, тасбақаларды да қоса зерттеп келеді. Деседе, олардың сыртқы және ішкі құрылыстарын, тіршілік ортасын мұқият зерттей келе, олар жеке өз алдына топ болу керектігін анықтады.
Эволюцияның барысында бауырымен жорғалаушылардың құрлыққа шығуы жануарлар дүниесіндегі дамудың тарихи кезеңі. Құрлықта кең таралу мақсатында, бұл жануарларда алғы шарттардың бәрі жасалынды.
Қосмекенділердің ата-тегі су жануарлары болғандықтан олар сумен байланысын әлі үзбеген. Құрлықты толығымен меңгеру омыртқалылар эволюциясының келесі сатысында ғана жүзеге асады. Бұл саты бауырымен жорғалаушылар. Олар нағыз жер бетінде тіршілік етуге бейімделген. Әрине бауырымен жорғалаушылардың барлығы да судан біржолата шығып кетті десек, ол ағаттық болған болар еді. Көптеген бауырымен жорғалаушылар өзіне қажетті мекенді, қоректік заттарды судан табады. Оларға крокодилдер, кейбір жыландар мен тасбақалар жатады. Бірақ олар суда тіршілік еткенмен, құрлықта көбейеді. Сол сияқты жыландардың, кесірткелердің екінші рет аяқтарынан айырылуы, ол да ортаға бейімделгіштіктің салдары. Олай болса, эволюцияның барысында жануарлар, дүниесінде "екінші белгісі" ретінде бейімделу қабілеті пайда болды. Оны палеонтологияның, эмбриологияның және экологияның көптеген мәліметтері дәлелдеп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |