1-лекция
Еңбек нарығының жалпы сипаттамасы
Еңбек рыногында жұмыс күші бір жағынан сатылады, ал екінші жағы оны сатып алады. Жұмыс күші дегеніміз адамның физикалық және ой қабілеті, осы қабілетін ол материалдық және рухани игіліктерді өңдіруде пайдаланады.
Еңбек рыногы дегеніміз “жұмыс істеп жүрген” жұмыс күші рыногы. Ол қоғамда туған жұмыс күшіне деген сұраныспен, кәсіптік қабілет пен оны бағалаумен, жұмыс күшті белгілі уақыт ішінде пайдалану қатынастармен байланысты.Еңбек рыногы пайда болуы және іске кірісуі үшін оның құрылымы мына бөліктер болу қажет:
* еңбек рыногының субьектілері (жалданған еңбеккерлер және олардың кәсіподағы, жұмыс берушілер және олардың одақтары, мемлекет және оның органдары) ;
* субьектілер қабылдаған экономикалық бағдарламалар, шешімдер мен заң нормалары;
* рынок механизмі (жұмыс күшінде деген сұраныс пен ұсыныс, оның бағасы, бәсекелестік);
* жұмыссыздық және оған байланысты әлеуметтік төлемдер;
* рынок инфрақұрылымы.
Еңбек рыногының екі түрін көрсетуге болады:
-
жұмыс күшінің территория жүзінде жылжуға бейімделген, яғни жұмыс орындарын еңбеккерлермен фирма арасында ауыстыру жолымен толтырылады. Мұндай рынокты сыртқы рынок деп атады.
-
Еңбеккерлердің фирма ішінде жылжуына бейімделген. Бұл рынокты кейде ішкі рынок деп атайды.
Еңбек рыногының үш моделін атайды: американдық, жапондық және шведтік.
Американдық моделіне экономиканың бәсекелестік жағдайын қолдау саясаты, оның аса орталықтануына жол бермеу, кәсіпкерлерді белсінділікке және қызметкерлерді жеке табысқа, ақшы табуды мақсат етуге итеру тән. Штаттық және федеральдық жұмыссыздықты сақтандыру қорларына кәсіпорындар мен қызметкерлер әрқайсысына бөліп жарнама төлейді. Қордың негізгі сомасын кәсіпкерлерден түсетін салық құрайды. Бұл елде сырт рыногы басым екенін көрсетеді.
Жапондық модельдің ерекше бір сипаты – “өмір бойында жалдану жүйесінің” орын тебуі, яғни қызметкерлер осы жүйе бойынша еңбекпен қамтамасыз етілуіне кепілдеме алады. Жапонияда кәсіподақтар компания ішінде құрылады және қызмет істейді. Байланысты дәстүрлі “өмір бойы жұмысқа жалдану жүйесі” өзгертіліп жатыр, тұрақты жұмыспен қамтылатын адамдар саны азаюда.
Шведтік модельдің ерекшелігі мемлекеттің белсенді түрде жұмыспен қамтамасыз ету саясатын жүргізуі. Мемлекет органдары қызметкерлерді кәсіптік дайындау мен қайта дайындау, жұмыс орнын жасау, жұмыс іздеп жүргендерді бос жұмыс орнын табу үшін кәсіптік бейімдеу және мәлімет беру, жаңа жұмыс орнына жету үшін жәрдем ақша беру арқылы жұмыс күшінің бәсекелестік қабілетін арттыруға көп көңіл бөледі.
Қазақстанда пәтер-үй мен коммуналдық шаруашылық саласында реформа жасалғанына біраз жыл болып қалды, зейнет жүйесіндегі реформа, жалпы экономикалық реформа нәтижелер беріп отыр.Рыноктың даму дәрежесіне қарай, талдау мақсаты және де басқа қолданылатын критерийлер бойынша рынокты әр түрлі сегменттерге бөлуге болады.Мемлекеттің еңбек рыногында ықпал жасау дәрежесіне қарай үш сегментті айыруға болады:
-
мемлекеттің жұмыспен қамту жөніндегі қызмет орындары реттейтін рынок, ол ресми тіркелген жұмыссыздар, жұмыс іздеп жүргендер және кәсіптік бейімделуге, дайындауға және қайта дайындауға құштар жұмыссыздар жатады.
-
бақылаудан тыс қалған жұмыс кұші рыногы. Бұған жұмысқа орналасумен айналысатын ресми органдарының бақылауынан тыс қалған жұмыс күшінің ұсынысының бір бөлігі және бос жұмыс пен оқу орындары жатады.
-
еңбек рыногының өзгеше сегменті ретінде жасырын еңбек рыногын атауға болады. Бұл рыноққа ресми секторда жұмыс істеп жатқан адамдар жатады, бірақ олар толық жұмыс уақытын әр себеппен пайдаланбайды.
Ғылыми-техникалық прогрестің кезеңінде экономикада және еңбек рыногында маңызды өзгерістер болып жатыр. Қызметкерлердің кәсіптік білімі дамуы, компьютерлік, информациялық технология материалдық өндірісте және қызмет істеу саласында жұмыс орнын қысқартып, жұмыссыздықты көбейттіріп отыр. Осы жағдайда еңбеккерлер өз құқын қорғауды күшейте түсті, үкімет пен жұмыс берушілерді өз талаптарына көндіруге мәжбүр етті: жұмысты икемді графикпен істеу, әлеуметтік қорғау жүйесін күшейту, ж±мыстан босату тәртібін қатањдату және т.б.
2- лекция
Жұмыс күші ұсынысы
Жұмыс күші ұсынысы-қызметкердің еңбек рыногында өзінің еңбекке деген қабілетін тауар ретінде жұмыс берушіге белгілі бағамен белгіленген уақытқа сатып алуға ұсыну. Бұл кезде сұраныс пен ұсыныс бір-бірімен тығыз байланысты, бір-біріне тәуелді. Экономикалық категория ретінде жұмыс күші ұсынысы екі тауар иелерінің түйісу кезінде меншікті қатынастарын көрсетеді: кәсіпкер (өндіріс құралдарына меншігі) және жалданған қызметкер (жұмыс кұшіне меншігі).Жұмыс күшін екі топқа бөлуге болады:
-
жұмыс істейтіндер;
-
жұмыс істемейтіндер.
Нақты экономика дамыған елдерде бірінші топ ішінде өз бетімен жұмыс орнын өзі құратын адамдарды бөледі. Олар тек өз еңбегіне сүйенгендер, жалдама еңбек қолданбайды. Олардың жұмыс істеуі еңбек рыногына сыртта шешіледі, өз жұмыс күшін еңбек рыногында ұсынбайды. Бұл сөздер үй шаруашылығымен айналысқан, көбінесе әйелдерге де жатады, өйткені олардың еңбегі нарықтық қатынастың сыртында болады. Демек, аталған адамдар тобы жиынтық еңбек ұсынысынан алыну қажет. Сонда еңбек рыногында өз жұмыс күшін ұсынатын адамдар санына шығамыз. Олардың жұмыс істеуі рынокта жұмыс күшін сатып – сатып алу нәтижесінде шешіледі.
Жұмыс істейтіндер құрылымыда бір келкі болмайды. Олардың ішінде ұзақ уақыт бойы жұмыс таба алмай, күдер үзіп еңбек рыногынан бір жолата кеткендер болады. Сонымен қатар еңбекке қабілеті бар, бірақ жұмысқа ықыласы жоқ, жұмыс істемеуді тұрмыс қалпы ретінде қалайтын адамдар да болады. Мұндай жағдай, әдетте, еңбектен тыс табысы бар адамдар арасында жиі кездеседі.
Осы сөз болған екі топты жұмыс істемейтін адамдар қатарынан алсақ, нәтижесінде көптеген жұмыссыз жүрген адамдар санына шығамыз. Негізінен, белсене жұмыс іздеп жүрген осылар еңбек рыногында жұмыс күші ұсынысының жиынтығын құрайды.
Толық жұмыссыздар екі бөліктен тұрады: жұмыстан босағандар. Жұмыстан айырылғаннан соң еңбек рыногына жұмыс іздеп келеді, алғашқы рет еңбек рыногына келгендер. Әр түрлі оқу орындарын бітіргендер және түрлі себеппен бұрын еңбек рыногына шықпағандар (мысалы, үй шаруасында болған әйелдер).Жұмыс күші ұсынысын, басқа сөзбен айтқанда, жұмыс орнына сұраныс деп табуға болады, ал жұмыс күшіне сұранысты жұмыс орны ұсынысы деуге болады.
Жұмыс күші ұсынысын бірнеше топ көрсеткіштерімен сипаттауға болады. Әдетте, төрт топ көрсеткіштерін атауға болады. Соның ішінде сан көрсеткіштері маңызды орын алады.Ұлттың экономикада жұмыс күші ұсынысының көлемі, ең алдымен, жұмысқа қабілетті адамдар санына тәуелді, ал соңғы өз қатарынан біраз факторларды тәуелді болып келеді.
Еңбекке қабілетті адамдар елдің еңбек ресурстарының ең үлкен бөлшегі болып табылады; олардан басқа еңбек ресурсына жастары еңбекке қабілетті жастан жоғары және төмен адамдар кіреді. (1.1 кестеге қараңыз)
Қазақстанның халық санымен еңбек ресурстары.
|
1985
|
1990
|
1995
|
1998
|
2000
|
2001
|
Халық саны, мың адам
|
1584,0
|
16741,7
|
16066,1
|
14957,8
|
14896,1
|
14841,9
|
Еңбек ресурстары мың адам
|
8854,1
|
9262,1
|
9153,0
|
8471,2
|
“....”
|
“....”
|
Оның ішінде:
|
|
|
|
|
|
|
Еңбекке жарамды жастағы еңбекке жарамды халық саны
|
8600,5
|
9032,6
|
8983,1
|
837,66
|
“.....”
|
“.....”
|
Үлкен жастағы адамдар
|
241,8
|
218,0
|
161,4
|
89,2
|
“....”
|
“...”
|
Бозбалалар
|
11,8
|
11,5
|
8,5
|
5,4
|
“....”
|
“...”
|
Экономикалық белсенді халық саны мың адам
|
-
|
-
|
7359,8
|
7052,6
|
7107,4
|
7479,1
|
Оның ішінде:
|
|
|
|
|
|
|
Экономикады жұмыс істеушілер
|
-
|
7560,
|
6551,5
|
6127,6
|
6201,0
|
6698,8
|
Жұмыссыздар
|
-
|
-
|
808,3
|
925,0
|
906,4
|
780,3
|
Жұмыс күші ұсынысының көлеміне көп теген факторлар әсер етеді, оның ішінде туу, өлім – жітім және миграция ерекше роль атқарады. Демографиялық процесті талдайтын болсақ, туу және өлім- жітім Қазақстанда жұмыс күші ұсынысы көлеміне бір бағытта әсер етеді: туу азаюы, өлім – жітімнің ұлғаюы еңбек рыногында жұмыс күші ұсынысының төмендеу тенденциясына жол беіп отыр (1,2 кестеге қараңыз)
Қазақстан халқының тууы, өлімі және табиғи өсімі (1000 адамға шаққанда)
|
1985
|
1990
|
1995
|
2000
|
2001
|
Туу коэффициенті
|
25,1
|
21,7
|
17,5
|
14,6
|
14,6
|
Өлім коэффициенті
|
8,0
|
7,7
|
10,7
|
10,0
|
9,9
|
Табиғи өсім коэффициенті
|
17,1
|
14,0
|
6,8
|
4,6
|
4,6
|
Соңғы жылдары Қазақстанның еңбек рыногында жұмыс күші ұсынысы көлеміне ең күшті әсер берген фактор ретінде эмиграция болып табылады. (1,3 кестені қараңыз)
Қазақстан халқының сыртқы миграциясы
|
1991
|
1995
|
2000
|
2001
|
Келуі, адам
|
206094
|
71137
|
33621
|
49344
|
Кетуі, адам
|
255015
|
309632
|
156816
|
143593
|
Қалдығы, адам
|
-48921
|
-238495
|
-123195
|
-94249
|
Елден кетіп жатқандардың көпшілігі білікті, білімді және бәсекелестіктік қабілеті жоғары, еңбекке қабілетті жастағы азаматтар екенін ескерсек, біздің қоғамымыздың еңбек потенциалына орны толмайтын шығын әкелгенін айткымыз керек.
Жұмыс күші ұсынысын сипаттайтын екінші топ көрсеткіштерін қатарына өз еңбегін ұсынған жұмыс күшінің қай бағытта шешем қабылдауын өлшейтін көрсеткіштер жатады. Ертеректе айтылғандай, нарықта экономика жағдайында әр адам жұмыс істеу-істемеуін өз бетімен шешеді.Тағы бір топ көрсеткіштер жұмыс күші ұсынысын жұмысшының өзіне жіктеген еңбек міндеттемелерін орындауға қаншалықты ынтамен кіріседі- соны сипаттайды. Мұнда континиум бір шетінде еңбекқор адам болса, екінші шетінде-жалқау тұрады. Көп адамдар осы екі шет арасында орналасады.
Жұмыс кұші ұсынысының тағы бір елеулі сипаттамасы ретінде бір жыл ішінде жұмыс істелген уақыт көлемін қолдануға болар еді. Егерде оны орынды талдасақ, еңбек рыногында адамдар жұмыс күшін ұсынуын қанша сағат көлемінде қалайтындығын есептеп көруге болар еді. Алайда, статистика органдары бұл көрсеткішке кейінгі жылдары көңіл бөлуден қалады.
3 – лекция
Жұмыс күшін ұсынудың моделдері
Жалақының рыноқтық мөлшері сыртқы факторлар әсерінен туады. Бірақ адамның жеке басындағы сипаттамалары – білімі, өндіріс стажы т.б сонымен қатар аймақ пен әр мамандар түрі бойынша еңбек рыногындағы жағдай ескеріледі.
Дәмегер жалақы мәнін түсіндіруші үшін мынаны көз алдымызға келтірейік. Адам өз еркімен пайдаланатын уақытын барынша көп пайдамен екіге бөлгісі келеді:
- еңбек рыногында сатылатын уақыт, оны жұмыс уақыты деп атайтын боламыз;
- еңбек рыногынан тыс пайдаланатын уақыт. Оған үй жұмысы, баланы тәрбиелеу, білім алу, бос уақыт т.б жатады. Уақыттың бұл бөлігін бос уақыт деп атауға келісейік.
Уақытты осы екі бөлікке бөлу үшін әр қайсысының белгілі бағасын ескереді: жұмыс уақыт бағасы (W) еңбек рыногінде белгіленеді. Ал бос уақыт бағасы осы уақытты қолданған кезде туатын пайда белгілейді, ол еңбек рыногында ұсынылған жұмыс күшінің балама құны болып келеді. Рыноктың жалақысына қарама-қарсы келетін “бос уақыт” жағасын байқау мүмкін емес, бірақ оған әсер ететін факторларды байқауға болады.
Шекті пайдалылық, тұтынушылар таңдау және тағы басқа теорияларға сүйеніп жасалған жұмыс күші ұсынысының стандарттық статистикалық моделі бойынша адам (і) өз еркінде бар белгілі бір уақытта (Т) барынша пайда келтіретін екі бөлікке бөледі: жұмыс уақыты (Н) және бос уақыты (Ғ). Сонда Т=Н+Ғ. Жәнеде алдын ала мына жағдайда ескеру қажет.
-
Адам еңбек ақыны жалақы ставкасына ( әдетте сағаттық) және жұмыс істеген уақытына сай алады;
-
Тұтас жалақысы еңбек ақыдан және жұмыстан тыс табыстарынан құралады;
-
Адам игілік жинақтығынан тұтынады, ал оларды өз тұтас жалақысынан сатып алады;
-
Бос уақыт тұтыну игілігі қатарына жатады; ол нормалды, әдеттегі игілік болып есептелінеді;
-
Адам тұтынылған игіліктердің пайдалылығы бойынша көп болғандығын көздейді.
Жұмыс күші бағасының өзгермеуімен оның ұсынысы арасында қатаң байланыс жоқ. Еңбек бағасы өсуі міндетті түрде оның ұсынысын көбейітпейді; ал жұмыс күші бағасының төмендеуі өзінен өзі жұмыс істейтін адамдар санын қысқартуға апарып соқпайды. Күнделікті тәжірибеде жалақы төмендесе де, қызметкерлер кәсіп орнын өз еркімен кете бермейді, ал тұрақты жұмыс істеуге кепілдеме берілсе, жалданушы қызметкерлер төменгі жалақымен де жұмсы істей бергенді жоғары бағалайды. Жалақы ставкасын жоғарлату еңбек рыногында жұмыс күші ұсынысына екі түрлі әсер етеді. Бір жағынан адам табысының барынша көп болғаның қалайды, осы себепті еңбек ұсынысын өсіреді. Бос уақыт осы мақсатқа жетуге “құрбанға” шалынады да, оның орнын қосымша не мерзімінен тыс жұмыс уақытымен “толтырады”, нәтижесінде табыс өсе түседі. Бұл жағдайды орын басу эффекті деп атайды.
Табыс өскен сайын адам әрн түрлі игіліктердің тұтыну көлемін көтереді, ал ол игіліктер ішінде бос уақыт та бар. Демек, бос уақыттың көбірек болғаның қалайды, ал бұл еңбек ұсынысын төмендетуге әкеліп соғады. Бұл құбылысты табыс эффекті деп атайды.Табыс эффектінің жалақы ставкасы өзгеруінің еңбек ұсынысына жасаған жалпы әсеріне “қосқан үлесі” жұмыс сағаты санына тура пропорционалды болып келеді. Табыс эффекті мен орын басу эффекті қарсы бағытта әсер етеді.
Егер де орын басу эффекті басым болса, онда еңбек ұсынысының жалақы бойынша икемдеілігі оң таңбалы болады, ал табыс эффекті басым болғанда, еңбек ұсынысының жалақы бойынша икемділігі теріс белгіге ие болады.
4 – лекция
Адамның өз жұмыс күшін ұсыну туралы шешім қабылдауына әсер ететін басқа факторлар
Адамдар жұмыс уақытын қысқартуды не, керісінше, ұзартуды тілеуі мүмкін. Соңғы мақсатпен әр түрлі ұзақты жұмыс орнын үйлестіруге ұмтылады. өмірде жиі кездесетін жағдай 2.4 – суретте көрсетілген: төрт талғаусыз қисығы – I1, I2 I3 I4; бюджеттік шектеу сызығы – АВТ; адамға барынша көп пайдалы жұмыс уақыт ұзақтығы С1Т-ға тең.
Жалақы ставкасы әр түрлі болғандықтан, басында жоғары бағаланбаған жұмыс орны адамға барынша көп пайда әкелуі мүмкін. Жалақы мөлшері біркелкі болмауының жұмыс күшінің ұсынысына әсерін мерзімінен тыс істелген жұмыс сағат мысалында көруге болады. Кәсіпкер қызметкерді мерзімінен тыс жұмыс сағатын ұсынуға итеру үшін, жалақының сағаттық мөлшерін көтеру туралы шешім қабылдайды. Ал ол өзінің күтуіне мүлде қарама-қарсы нәтиже алуы мүмкін: адам мерзімінен тыс жұмыс уақытынан бас тартып қоймай, бұрынғыдан гөрі аз жұмыс сағатын ұсынады.
Адамның еңбек процесіне кірісу туралы шешім қабылдауы кезінде тұрақты деп аталатын жұмысқа ілеспелі шығындардың маңызы елеулі: мысалы; оған жұмысқа барардағы және қайтардағы жол ақысы, арнайы киімге кететін шығын, жұмысқа барар мен қайтарда және екі жұмыс орынның арасына уақытты босқа оздыру және т.б. жатады. Бұлар адамның тиісті шешіміне қалай әсер ететінін көрсетуге болады.
Бюджеттік шектеу сызық емес түрінде бейнеленуі елдегі салық салу немесе трансферттік төлемдер желісінің нәтижесін ретінде туады. Ертеректе айтылғандай, әр адам еңбек және еңбектен тыс табысқа ие болады. Қазақстанда ақшалай табыстың ішінде 2001 жылы 77% еңбек табысы үлесіне тиді. Екі табыс түрі бірдей салық мөлшерімен қамтылса, еңбектен тыс табысқа салық салынуы әрқашанда табыс эффектіне әкеледі. Ал осы еңбектің тыс табысқа жоғары салық салынса, ол еңбек рыногынан жұмыс күші ұсынысының көбеюіне әкеліп соғады. Ал еңбек табысына салық салу нәтижесі туралы бір жақты айту қиын.
Бұл эффект салық салу мөлшері өскен сайын жұмыс күші ұсынысын өсіруге апарады. Дегенмен, салық салудың жұмыс күші ұсынысына жасайтын нәтижелік ықпалы, оған қарама-қарсы келетін орын басу эффектісі бар болуына байланысты, белгісіз болып қалады.
Дұрыс салық салу жүйесін таңдаудың әлеуметтікпен экономикалық саясат жүргізуде ролі зор екенін ерекше атап өткеніміз жөн. Мысалы, жоғары салық мөлшері астарлы, көлеңкелі сектордың пайда болуына және оның өсуіне әкеліп соғады, өйткені ол екі жақты да жұмыс берушімен жұмыс алушыларды - әлеуметтік сақтандыруға бағытталған салық пен жарналар төлеуден қашқақтауға итереді.
5 – лекция
Ж±мыс к‰шініњ эффектілері
Жұмыс күші қатарына қосылу деңгейіне жұмыссыздық деңгейі әсер тигізеді. Бұл жерде екі мүмкіншілік туды. Бірінші, жұмыссыздық кең орын алған кезде кейбір адамдар жұмыс іздеуден түңіліп, күдер үзеді де жұмыс күші қатарынан шығып үй шаруашылығымен айналысады, не оқиды, не мерзімінен бұрын зейнеткер болады. Бұл құбылысты экономика ғылымында күдер үзген қызметкердің эффекті деп атайды. Екінші , жұмыссыздық мезгілінде адамның біраз бөлігі еңбек рыногына шығады, өйткені жаұядағы негізгі қызметкер жұмыстан айырылғандықтан жанұя табысын көтермелеу керек. Бұл құбылысты қосымша қызметкер эффекті деп атайды.
Осы аталған екі эффекті орын басу мен табыс эффектіне ұқсас қарастыруға болады, өйткені жұмыссыздық деңгейінің өзгеруі күтіп отырған жалақы мен басқа табыстар өзгеруіне өз әсерін тигізеді.
Жұмыссыздық деңгейі жоғары болуы жанұядағы негізгі қызметкердің жұмыстан айырылуына себепкер болады, ал ол жоғары ықтималдықпен жанұя табысын уақытша қысқартады, басқа жанұя мүшелері оның орнын толықтыру үшін еңбек рыногына шығуға мәжбүр болады. Нәтижесінде табыс эффекті туады, ол қосымша қызметкер эффектіне алып келеді.
Екінші жағынан, егер жұмыссыздық деңгейі биік болса, еңбек рыногындағы артық ұсыныс жалақыға қысым жасайды, жалақы төмендеуге тенденция байқатады, бос уақыт бағасы уақытша қысқарады, осының салдарынан адамдар еңбек рыногындағы қызметті бос уақытқа алмастыруға тырысады.
Осыған ұқсас нәтижеге басқаша да келуі мүмкін. Жалақы төмендемейді, бірақ күтіліп отырған жалақы жұмыс іздеген кезде төмендеуі мүмкін, өйткені жұмыссыздық деңгейі жоғары болғандықтан қолайлы жалақысы бар жұмыс орнын табу ықтималдығы елеулі төмендейді. Орын басу эффекті пайда болып, ол күдер үзген қызметкер эффектіне алып келеді.
Қосымша мен күдер үзген қызметкер эффектілері бір-біріне қарсы бағытта болады, олардың тұтас әсері осы эффектілердің абсолюттік шамасына тәуелді болып келеді. Көбінесе, қосымша қызметкер эффекті күдер үзген қызметкер эффектіне қарағанда төмен болады, өйткені жұмыс күші қатарына қосылу тенденциясының ұлғаюы қосымша қызметкер санын қысқартады, ал күтіліп отырған нақтылы жалақының төмендеуі және жұмыс орын саны азаюы барлық жанұяларды шалып өтуі мүмкін.
6 – лекция
Жұмыс күші ұсынысын жанұялық
тұрғыдан қарастыру.
Жанұялық өмірінің өзгешеліктері жұмыс күші ұсынысы қалыптасу механизмін қарастырған кезде ескерілуі керек.
Осыған байланысты жанұя құру тенденциясын анықтаған дұрыс. Қазіргі жастар жанұя құруды кейінге қалдырады. Осы себепті бойдақтар саны көбейеді де, олардың бірін-бірі кездестіру, тұрмыс құру ықтималдығы жоғарылатады. Ал екінші жағынан, өмірде мұны жиі көруге болады, жанұя құру үміткерлердің саны көп болуы болашақ жұбайына қоятын талабын көтеруге әкеледі, демек бұл жағдай жанұя құру ықтималдығы төмендетеді. Осы екі бір-біріне қарсы келетін эффектінің қайсысы басым болатыны теорияда әлі шешілмеген. Жанұя жағдайын талдағанда әдетте үш мәселе қозғалады: балалар саны, олардың тәрбиелеу сапасы және қай кезде балаларды туу. Батыс мамандарының зерттеулеріне қарағанда, жоғары табысты жанұяларда көбінесе аз бала болғанды қалайды (бұл тенденция біздің қоғамда да барған сайын орын алып отыр); тұрмыс халі өрлеген сайын көп балалы болуға деген ықылас төмендейді. Ата аналары баланы тәрбиелеу сапасын жақсартуға көбірек көңіл бөледі.Жанұя үшін баланың дүниеге қай кезде келуі де өте маңызды.
Бір жағынан, таңдалған уақыт баланы күтуге және тәрбиелеуге қажет шығындар аз болғаны көздейді, ал, екінші жағынан, анасының кәсіптік тәжірибесі төмендеуінен жалақы кеми түсетінін ескеру қажет. Осының барлығы жұмыс күшін ұсынысына тікелей қатысы бар, өйткені ол үй жұмысымен еңбек рыногындағы жұмысы арасындағы қатынастарды айқындайды .
Бұл қатынастардың қалай құрылатындығына бір жақты жауап беру мүмкін емес. Ол үшін нақтылы зерттеулер жүргізу керек.
Еңбек ұсыну бойынша жанұя шешімдерінің үш моделін ажыратады:
- “шовинистік” модель. Бұл модельде жанұя басы, басқа жанұя мүшелірінің пікіріне қарамай, өз еңбегін ұсыну туралы шешім қабылдайды; ал басмқалары шешім қабылдағанда, жанұя басының жалақысын өздерінің еңбектен тыс табысының бір бөлігі деп есептейді;
- жанұялық бюджет шектеулері ескеріліп, жалпы жанұя пайдалылық функциясын барынша көп болуы ұйғарады;
- жанұялық бюджет шектеулері ескеріліп әр адам пайдалылығын барынша көп болуын ұйғарады.
Достарыңызбен бөлісу: |