Ф-ОБ-007\ 017
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«СЫРДАРИЯ» УНИВЕРСИТЕТІ
«Экономика және құқық» факультеті
«Экономика» кафедрасы
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
(силлабус)
«Ақша, несие, банктер» пәнінен
050509 «Қаржы» мамандығының студенттері үшін
Оқу түрі: сыртқы
Курс: 3 Семестр: 3
Кредит саны: 3
Лекция: 30
Семинар: 10
СӨЖ: 95
Барлық сағат саны: 135
Аралық бақылау (АБ)- 60 б
Қорытынды бақылау: Емтихан-40б
Жетісай 2010
Силлабусты дайындағандар: 1. аға оқытушы Адамбекова Мейрамкүл
Силлабус Қазақстан республикасы Білім және Ғылым министрлігі
23. 12. 2007_жылғы №779 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандықтың типтік оқу жоспары және ҚР БҒМ 11. 05._ 2007_жылғы № 289___ бұйрығына сәйкес шыққан бағдарламаның орнына енгізілген ҚРБҒМ 22. 06. 2006ж., Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі Кеңес жиналысының Хаттама шешімімен бекітілген пєнніњ типтік оќу баѓдарламасы негізінде дайындалған.
Силлабус кафедраның мәжілісінде қаралды
Хаттама № __ « ____» _________ 200_ж.
Кафедра меңгерушісі ______________ э. ғ. д. М.Қантөреев
қолы
Факультеттің оқу-әдістемелік бюросында бекітілді
Хаттама № __ « ____» _________ 200_ж.
Әдістемелік бюро төрағасы/төрайымы/ __________ ___________________
қолы аты-жөні, ғылыми атағы
Университеттің Ғылыми Кеңесінде мақұлданған
Хаттама № __ « ____» _________ 200_ж.
Ғылыми Кеңес хатшысы ______________ Ғ. Құдияр
қолы
МАЗМҰНЫ.
-
Алғы сөз ….…………………………………………............................
-
Жалпы мәліметтер………………………….………...........................
-
Курстың мақсаты мен міндеті …………………………………….....
-
Курстың пререквизиттері, постреквизиттері.………….....................
-
Жұмыс оқу жоспарынан көшірме.……...............................................
-
Оқу сабақтарының құрылымы………………………..........................
-
Студентке арналған ережелер…………………......................................................................
-
Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып бойынша бөліну кестесі.........
-
Лекция сабақтары.................................................................
-
Семинар сабақтарының жоспары.........................................................
-
ОБСӨЖ жоспары және орындау кестесі .............................................
-
СӨЖ жоспары және орындау кестесі...................................................
-
Пайдаланатын әдебиеттер мен web сайттар тізімі...................................
-
Студенттердің білімін бақылау түрлері (тест, бақылау сұрақтары т.б)............
-
Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі..........
-
АЛҒЫ СӨЗ
Оқу - әдістемелік кешені – “Ақша, несие, банктер” пәні бойынша «Қаржы» - мамандығының студенттеріне осы курс бойынша дәріс беруші оқытушының жұмысын тиімді ұйымдастыруға арналған. Білім беруде кредиттік технологияны пайдалана отыра, барлық құжаттарды бір жүйеге (комплекске) біріктіру, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғары деңгейге көтеру көзделіп отыр.
Жұмыстық бағдарламада оқу жұмысының түрлері бойынша сағаттар көрсетілген: СС- семинар сабақтар, СӨЖ- студенттердің өзіндік жұмысы.
Оқытудың мұндай бағдарламасы (SYLLABUS), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына есебін тигізеді деп күтілуде.
СӨЖ- де зерттеліп отырған материалды студент өз бетімен игеруімен үйге берілген тапсырманы орындау көзделеді: Оқу материалы барлық оқыту формаларының өрімделуі мен ерекшеленеді.
Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыптан қарастырылуда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдармен терминдерді енгізеді.
Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.
Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге аудиториялардан тыс өзіндік жұмысты, үй тапсырмасын орындауға арналған.
Тесттік тапсырмалар студентке кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынық/емтиханды алуға арналған.
-
ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР.
№
|
Оқытушының аты-жөні
|
Сабақты өткізу, орны
|
Байланыстырушы мәлімет
|
Аудиториялық сабақтар
|
СӨЖ
|
|
1
|
Адамбекова М
|
Уақыты 14-16 сағ
Ауд 14
|
Уақыты ___
Ауд ______
|
Тел:___________
Каб:___________
Корпус:________
|
3. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ, ОНЫҢ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕГІ РОЛІ
Курстың мақсаты: ақша, несие және банктердің теориялық аспектілері, ақша және несие жүйесінің, халықаралық несие – есептік және валюталық қатынастар, бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру негіздерінің толық білім жүйесін қалыптастыру, ақшаның, ақша айналымының, банктік және биржалық қызметтің маңызын беретін түсіндірме – терминологиялық аппаратты ұсыну, барлық түсініктердің өзара байланысын, олардың ішкі логикасын ашу.
Курстың міндеттері: ақшаның, несиенің, банктердің теориясы бойынша теориялық білімнің белгілі – бір қажетті минимумын беру, оларға банк аясында қызмет істеу үшін қажетті практикалық әдістерді дарыту, банк қызметінің болашақ профессионалдарына мүмкін болатын банктік жаңалықтар, Интернет – технологиялар және басқаларды қоса алғандағы жұмыстың негізгі бағытын белгілеп қою.
4. КУРСТЫҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ МЕН ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ
№
|
Пререквизиттер
|
Постреквизиттер
|
кафедра
|
Кафедраның қабылдаған шешімдері, хаттаманың реті мен күні
|
1
|
Экономикалық теория
|
Қаржы менеджменті
|
Экономика
|
Хаттама №1 28.08.2010
|
2
|
Микроэкономика
|
Банк ісі
|
|
|
-
ЖҰМЫС ОҚУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ
№
|
Кредит саны
|
Курс
|
Жалпы сағат саны
|
Аудиториялық сабақтар
|
Аудиториядан тыс сабақтар
|
Қорытынды бақылау
|
лекция
|
Прак/сем
|
сем
|
лабор
|
ОБСӨЖ
|
СӨЖ
|
1
|
3
|
4
|
135
|
30
|
|
10
|
|
|
95
|
Емтихан
|
6. ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:
Жұмыс бағдарламасында (силлабус) сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.
Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.
Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет
Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек
ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.
Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру.
Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.
СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.
Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құрастыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.
7. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР:
Сабаққа кешікпеу керек.
Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.
Сабаққа іскер киіммен келу керек.
Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.
Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.
Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.
8. ОҚУ САҒАТТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БӨЛІНУ КЕСТЕСІ
№
|
Тараулар атауы, реті
|
Аудиториялық сабақтар
|
Аудиториядан тыс сабақтар
|
лекция
|
прак
|
сем
|
лабор
|
ОБСӨЖ
|
СӨЖ
|
1 тарау. Ақша, несие, банктер туралы түсiнiктер
|
1
|
Ақшаның мәні мен қызметтерi
|
1
|
|
|
|
|
2
|
2
|
Ақшаның мәні мен жаратылысы
|
|
|
1
|
|
|
2
|
3
|
Ақша айналымы, ақша айналысы және ақша жүйесі
|
1
|
|
|
|
|
2
|
4
|
Ақшаның және төлем құралдарының түрлерi
|
1
|
|
|
|
|
2
|
5
|
Ақша жүйесi туралы түсiнiк және оның элементтерi мен негiзгi типтерi
|
1
|
|
|
|
|
2
|
6
|
Инфляция
|
|
|
1
|
|
|
2
|
7
|
Инфляцияның қоғамға тигiзер әсерi және онымен күресу әдiстерi
|
1
|
|
|
|
|
2
|
8
|
Инфляция және оның әсері
|
|
|
1
|
|
|
2
|
9
|
Ақша реформалары
|
1
|
|
|
|
|
2
|
10
|
Қазақстан Республикасындағы 1993жылғы ақша реформасы және оның қажеттiлiгi мен жүргiзiлу тәртiбi
|
1
|
|
|
|
|
2
|
11
|
Қарыз капиталы, өсiмақы және несие
|
1
|
|
|
|
|
2
|
12
|
Несие формалары
|
1
|
|
|
|
|
2
|
13
|
Маманданған несие –қаржы институттары және олардың типтерi мен қызмет көрсету ерекшелiктерi
|
1
|
|
|
|
|
2
|
14
|
Несие жүйесі
|
|
|
1
|
|
|
2
|
15
|
Банктiң типтері
|
1
|
|
|
|
|
2
|
16
|
Несие мекемелерiнiң түрлерi
|
1
|
|
|
|
|
2
|
17
|
Қазақстан Республикасының банктік емес қаржы институттары
|
|
|
1
|
|
|
2
|
2.тарау. Коммерциялық банктер, олардың қызметтерi мен қызмет етуiн ұйымдастыру
|
18
|
Екi деңгейлi банк жүйесі
|
1
|
|
|
|
|
2
|
19
|
Екiншi деңгейдегi банктердiң қызмет етуiн ұйымдастыру негiздерi
|
1
|
|
|
|
|
2
|
20
|
Банктердiң комиссиялық – делдалдық және сенiм операциялары
|
1
|
|
|
|
|
2
|
21
|
Банк практикасындағы тәуекелдер
|
1
|
|
|
|
|
2
|
3.тарау. Орталық банк- несие және банк жүйесiнiң негiзгi буыны
|
22
|
Мемлекеттiң орталық банкi, оның қалыптасуы және дамуы
|
1
|
|
|
|
|
2
|
23
|
Банктердің Ұлттық банктермен қарым қатынасы
|
|
|
1
|
|
|
2
|
24
|
Ұлттық банкті басқаруды ұйымдастыру
|
1
|
|
|
|
|
2
|
25
|
Ұлттық банктiң экономиканы реттеуде ақша-неие саясатын жүргiзуi
|
1
|
|
|
|
|
2
|
26
|
Коммерциялық банктер
|
|
|
1
|
|
|
2
|
4тарау. Жалған капитал және қор биржасы
|
27
|
Жалған капитал және оның формалары
|
1
|
|
|
|
|
2
|
28
|
Акционерлік қоғамдардың пайда болуы мен дамуы
|
1
|
|
|
|
|
2
|
29
|
Бағалы қағаздар эмиссиясының тәртiбi
|
1
|
|
|
|
|
2
|
30
|
Бағалы қағаздар нарығы
|
|
|
1
|
|
|
2
|
31
|
Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар
|
1
|
|
|
|
|
2
|
32
|
Қор биржасы
|
1
|
|
|
|
|
2
|
5 тарау. Халықаралық валюталық –несиелiк қатынастар
|
33
|
Валюта жүйесi және валюталық қатынастар түсiнiгi
|
1
|
|
|
|
|
2
|
34
|
Валюталық нарық
|
|
|
1
|
|
|
2
|
35
|
Төлем балансы және оның құрылымы
|
1
|
|
|
|
|
2
|
36
|
Валютамен халықаралық есеп айырысуды жүргiзудiң тәртiбi
|
1
|
|
|
|
|
2
|
37
|
Төлем және есеп айырысу әдістері
|
|
|
1
|
|
|
2
|
38
|
Дүниежүзiлiк валюта жүйесiнiң кезеңдерi
|
1
|
|
|
|
|
2
|
39
|
Азиялық даму банкi, оның мiндетi мен қызметтерi
|
1
|
|
|
|
|
2
|
40
|
Европа қайта құру және даму банкінің мақсаты мен қызметi
|
1
|
|
|
|
|
2
|
41
|
Ақшаның қызметтері және олардың ерекшелiктерi
|
|
|
|
|
|
1
|
42
|
КСРО-дағы 1947 ж ақша реформасы және оның экономиканың дамуына тигiзген әсерi
|
|
|
|
|
|
1
|
43
|
Маманданған несие –қаржы институттары және олардың типтерi мен қызмет көрсету ерекшелiктерi
|
|
|
|
|
|
1
|
44
|
Несие және банк жүйесі
|
|
|
|
|
|
1
|
45
|
КСРО-дағы 1930-32 жж несие реформасы
|
|
|
|
|
|
1
|
46
|
КСРО-дағы 1998 жылғы түбегейлi реформа банк реформасы
|
|
|
|
|
|
1
|
47
|
Банктердiң актив және пассив операциялары
|
|
|
|
|
|
1
|
48
|
Банктердiң өз қаражатын құру әдiстерi
|
|
|
|
|
|
1
|
49
|
Банктің пайдасы
|
|
|
|
|
|
1
|
50
|
Коммерциялық банктердiң табыстары мен шығыстары деңгейiне әсер етушi факторлар
|
|
|
|
|
|
1
|
51
|
Ұлттық банк – Қазақстан Республикасының орталық банкi
|
|
|
|
|
|
1
|
52
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінiң қызметтерi мен операциялары
|
|
|
|
|
|
1
|
53
|
Ұлттық банк – Үкiмет банкісi
|
|
|
|
|
|
1
|
54
|
Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы
|
|
|
|
|
|
1
|
55
|
Халықаралық валюталық- несиелiк институттар
|
|
|
|
|
|
1
|
|
Барлығы
|
30
|
|
10
|
|
|
95
|
-
ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ
1- лекция. Тақырыбы: Ақшаның мәні мен қызметтерi
Жоспары: 1. Ақшаның пайда болуы және оның тауарлы табиғаты
2. Ақшаның мәні және экономикадағы ролі
3. Ақшаның қызметтері
Лекция мақсаты: Адамзат қоғамының даму сатыларында айырбас қатынастары да дамып, одан әрі жетіліп, нарықта тауарлар тек натуралды зат ретінде ғана бір - біріне айырбасталып қоймай, бүкіл тауарлар дүниесінен ерекше бір тауар, яғни тауар - ақша пайда болды. К. Маркстың сөзі мен айтканда: "Айырбас кұны, тауарлардың бөлініп жэне сол тауарлар мен қатар дербес тауар ретінде жүретін ауар, ол - ақша". Әрбір жеке тауар тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны белгісіз, ол тек тауар-ды ақшаға теңгергенде ғана анықталады. Тауар мен ақша айырбас процесінде бірін-бірі алмастырады және біріне - бірі теңгеріледі.
Лекция мәтіні: Ақша адамдарға ежелден таныс. Бірақ оның қалай пайда болғандығы туралы құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін беймэлім болды. Бұл сұрактарға қоғам өмірін зерттей келіп, оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын маңызын жан - жакты ашып, жауап берді. Ақша - тауарлары өндірістің өнімі. Сонда өнім мен тауардың айырмашылыгы неде? Тауардың ақшаның пайда болуына, оның қолдануының өрістеріне әсер ету жғдайларын тарихи тұрғыдан карап өтелік.
Ақша - ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше тауар, ол тауарлар дүнимесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквиваент рөлін атқарады.
Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар:
ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын;
онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын;
тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді.
Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды; оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны. Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне тауар мен ақша арасындағы әрі бірлік, әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында бұл заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардың қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат емес, адамдардың арасындағы өндірістік қатынас.
Ақшаның қызметі: құн өлшеуші; айналыс құралы; төлем құралы; қазына жинау; дүниежүзілік ақшалар болып табылады. Жалпы, ақшаның қызметі туралы толығырақ, сіздер, осы курстық жұмыстың келесі тарауында танысасыздар. Біз білетіндей, ақша болмаса, айырбас жасау да мүмкін емес. Бұл деген сөз, қоғам дамуының негізі - мамандандырудың (еңбек бөлінісінің) жүзеге аспайтындығы, болмайтындығы. Қазіргі экономиканың барлық құрылымы ақшаға тәуелді. Сауда-саттық ақшаны «туғызды», ал сауда болса – адамдардың ең байырғы қызметінің бірі болғандықтан, ақшаның пайда болу тамыры да сол кезеңге кетеді. Әрине, ақшаның құрылымы да ( түрі де) мыңдаған жылдар ішінде талай рет өзгерген.
Ақша ерекше тауар, жалпыға бірдей балама, яғни, басқа тауарлардың жалпыға бірдей баламалық құнының нысаны.
Ақшаның тағы да бір ерекше қасиеті құнның сақталуын қамтамасыз ететін күші. Мысалы, құнды тауарға салса, оның ақшалай көлемі кұн санап азая береді. Өйткені, ол тауарды сактау үшін белгілі көлемде шығын шығарылады. Ал, егер, құн ақшаға салынса, ондай шығын болмайды.
Ақшаның мәнін көрсетуші оның атқарымы болып есептеледі. Экономиканың кез келген үлгісінде ақшаның атқарымы өзгермей, бір қалыпта қалады. Қазіргі жағдайда да ақшаның атқарымдары бұрынғыдай.
-
Ақша кұнды өлшеуші ретінде.
-
Ақша, айналым кұралы ретінде.
-
Ақша төлем құралы ретінде.
-
Ақша корлану кұралы ретінде.
-
Дүниежүзілік ақша атқарымы ретінде.
Бақылау сұрақтары:
1. Ақша кұнды өлшеуші ретінде.
2. Ақша, айналым кұралы ретінде.
3. Ақша төлем құралы ретінде.
4. Ақша корлану кұралы ретінде.
5. Дүниежүзілік ақша атқарымы ретінде.
2- лекция. Тақырыбы: Ақша айналымы, ақша айналысы және ақша жүйесі
Жоспары: 1. Ақша айналымы және ақша айналысы туралы түсiнiк
2. Қолма-қол және қолм-қолсыз ақша айналысы
Лекция мақсаты: Тауар айналысы процесіндегі қолма-қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру кезінде кызмет көрсету, сонымен бірге кәсіпорындар мен қаржы-несие мекемелерінің арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы — ақша айналысы
Лекция мәтіні: 1.Қайта құру кезеңіне дейін "ақша айналымы" мен "ақша айналысы" ұғымдары арасында айтарлықтай шек койылатын.
Ақша айналысы деп - қолма-қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендіктен ол қолма-қол және қолма-қолсыз айналым мағынасын сипаттайды. Бұл жағдайда қолма-қол ақша қозғалысы тұрғындардың ақшалай табыстарының бөлінуін қарастырса, қолма-қолсыз ақша өндіріс қаражаттарының бөлінуін қарастырады.
Тауар айналысы процесіндегі қолма-қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру кезінде кызмет көрсету, сонымен бірге кәсіпорындар мен қаржы-несие мекемелерінің арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы — ақша айналысы деп аталады.
Ақша айналасының объективті негізі — тауар өндірісі мен тауар айналысы болып табылады. Құн формасының өзгеріп отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алу үшін қолданылуы, ақшаның әрдайым козғалыста, яғни айналыста болуына мүмкіндік жасайды.
Бірақ ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екі процесс бір-бірінен жекешеленіп жүреді. Тауарлар, оларды сатып алғаннан кейін, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүреді.
Айналыста жүре отырып ақша әрі айналыс құралы, әрі төлем құралы функицяларын атқарады. Сонымен, тауарды сатудан түскен ақша қарызды өтеуге жұмсалуы мүмкін. Өз кезегінде, қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу үшін қолданылуы мүмкін.
2.Жалпы акша айналысының көлемі тауар бағаларының соммасынан әрдайым артық болады. Ақшаның кызмет көрсетуі тек сату-сатып алумен шектелмейтіні түсіндіріледі. Ақша еңбекакрі, зейнетакрі, стипендия төлеу үшін, банктен қарыз алу үшін және тағы басқа мақсаттар үшін қолданылады.
Ақша айналысын реттеудің маңызды элементі — қолма-қол ақшаның қолдану аясын азайту болып келеді. Бұл мәселе біздің елімізде кәсіпорындар арасындағы есеп айырысуларда қолма-қол ақшаның қолданылуын шектеу, есеп айырысу чектерін өндіру арқылы ғана шешіледі.
Банк жүйесін реформалау және ақша банкнотасын өндіруге байланысты өзінің меншікті қуатын енгізуі, Қазақстандағы қолма-қол ақшамен байланысты жағдайды түбірімен өзгертті. Осыған байланысты 1992-1993 жылдары қолма-қол ақшаның тапшылығы тұсында енгізілген директивті саясаттың орнына республикамызда қолма-қол ақша айналысын тұрақтандыру және басқарудың экономикалық әдістерінің алғышарттары жасалынды.
Дамыған елдерге бұл процесс кеңінен дами түсуде: оларда қолма-қолсыз ақша айналысы өрістеп жатыр. АҚШ-та халықтың есеп айырысуларының 25-27 % ғана қолма-қол ақшамен, ал қалғаны чек несиелік карточкалар, тағы басқа көмегімен жүргізіледі.
Өмірлік тәжірибе көрсеткендей, ақша айналысын ақша айналымын бөлуге болмайды. Ақша айналымын қолма-қол және қолма-қолсыз деп қатаң түрде шектеуді ғалымдар онша қабылдай қоймады.
Бұл екеуі өзара тығыз байланысты, сондықтан оларды бөлу қажет емес. Ақша өз айналасында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға (және керісінше) өтеді. Мысалы, кәсіпорынның бөлшек саудасынан түскен түсім банкке түскеннен соң оның есеп айырысу шотында қолма-қолсыз ақша қаражаттарына айналады да, ол бұдан өз жеткізушілеріне ақша аударуына мүмкін.
Сонымен бүкіл ақша айналысы: қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар болып бөлінеді. Сондай-ақ:
-
өнімді өндіру және сату процесін, яғни тауарлы сипаттағы есеп
айырысулармен байланысты ақша айналымы;
-
тауарлы емес сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша
айналымы;
-
ақша айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден өтті және металл,
қағаз несие ақшалар көмегімен жүзеге асырылды.
Бақылау сұрақтары:
Достарыңызбен бөлісу: |