Лекция Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың алатын орны. Педагогика пәні мен міндеттері, негізгі категориялары


Ашық анкета - оқушы өз ойынан жауап береді. Жабық анкета



бет7/47
Дата28.01.2024
өлшемі0.49 Mb.
#490087
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   47
дәрістер (1)

Ашық анкета - оқушы өз ойынан жауап береді.
Жабық анкета - оқушының жауабы шектеулі, ол дайын жауаптардың біреуін таңдайды, мысалы: иә-жоқ..
Атаулы анкета - оқушы өзінің аты-жөнін жазады.
Анонимдік анкета - оқушы өзінің аты-жөнін жазбайды.
Полярлық анкета - жауаптарға сәйкес балл береді.
«Эксперимент» сөзі латын тілінен аударғанда «тәжірибе» деген мағынаны білдіреді. Педагогикалық эксперимент - педагогикалық құбылысты арнайы жағдайда зерттеу. Эксперимент оқу-тәрбие процесінің әдіс-тәсілдерін, формаларын, жүйесін тексереді. Педагогикалық эксперимент оқушылардың бір тобын, тұтас бір сыныпты не мектепті қамтиды. Эксперимент мақсатына қарай тексеру (анықтаушы) және жасампаз (қалыптастырушы) болып, ал орнына қарай табиғи және лабораториялық болып бөлінеді.
«Тест» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «тексеру» деген мағынаны білдіреді.
Тестілеу - белгілі бір мақсатпен, зерттелушілердің бәріне ортақ, қатаң бақылауда өтетін тексеру. Зерттеудің басқа әдістеріне қарағанда тестілеудің ерекшелігі - қарапайымдылығы, дәлдігі, автоматтандыруға болатындығы. Тест әдісі педагогикаға психологиядан келді.
Тестілеу шетелдерде ХІХ ғ. соңында пайда болып, кеңінен қолданылды. Алғашқы тесттер арқылы адамның жеке ерекшеліктерін - есте сақтауын, зейінін, т.б. зерттеген. Біздің елімізде ХХғ. 2-ші жартысынан бастап кеңінен қолданыла бастады.
Педагогикада жиі қолданылатыны - оқу үлгерімін тексеруге арналған тесттер. Тесттің әрбір сұрағына бес жауаптан келеді. Арасында біреуі ғана дұрыс, қалғандары қате немесе жартылай дұрыс жауаптар. Оқушы дұрыс жауапты таңдайды.
Социометрия әдісі ұжымдағы балалардың арасындағы қарым-қатынасты анықтау үшін қолданылады. Оқушылар «Кіммен бірге бір партада отырғың келеді?», «Кімді туған күніңе шақырар едің?», т.б. сұрақтарға жауап береді. Сондай-ақ қарсы сұрақтар да қоюға болады: «Кіммен дос болуды қаламайсың?», «Кіммен бірге отырғың келмейді?» т.б. Оқушылар сұрақтарға жауап бергенде, олардың таңдау еркі көзделеді. Бір оқушылар көп, екіншілері аз, үшіншілері мүлдем таңдалмауы мүмкін. Жауаптарға талдау жасап, кімнің беделі жоғары, кімнің беделі төмен екені анықталады. Б арлық балалардың жауаптары матрицаға толтырылады.
Матрицаның негізінде диаграмма құрылады. Ең көп таңдалғандар кіші шеңбердің ішіне, орташа таңдаулар санына ие болғандар ортаға, ал таңдалмағандар шеңбердің сыртына белгіленеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет