Лекция атауы: Туылу кезіндегі асфиксия хаж-10 коды бойынша



бет1/12
Дата11.12.2023
өлшемі41.84 Kb.
#486152
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Асфиксия казакша




Асфиксия – нәрестенің туылғаннан кейінгі болған кезінде жəне туу кезінде оксигенацияның бұзылып, өздігінен тыныс алып немесе туылғаннан кейін бірден тынысын қалыпты жағдайда ұстауға қабілетсіздігі 

Лекция атауы: Туылу кезіндегі асфиксия

ХАЖ-10 коды бойынша:
Р21.0 Туылу кезіндегі ауыр асфиксия
Р21.1 Туылу кезіндегі орташа және шамалы асфиксия
Р21.9 Туылу кезіндегі анықталмаған асфиксия

Такырыпка қолданылатын қысқартулар:
Алгоритм – «Нәрестенің жансақтау алгоритмі»
ӨЖЖ – өкпенің жасанды желдетілуі
ДДҰ ЕАБ – ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросы
НСГ – нейросонография
НЭ – некрозды энтероколит
ААТ – ашық артериалды түтік
АСТ – ашық сопақ терезе
ЦҚК – циркуляцияланған қан көлемі
SpO2 – қанның оттекпен қанығуы
РДС - респираторлы дистресс синдромы
ЖОҚ - тыныс жолдарындағы үнемі оң қысым
ААС – ауа азаю синдромы
ТЖ – тыныс алу жиілігі
ЖЖЖ – жүрек жиырылуының жиілігі

Клиникалық жіктелуі:
Туылған кездегі ауыр (неонаталдық) асфиксия
Жүрек соғу жиілігі жай немесе тұрақты, минутына 100 реттен аз, өздігінен тыныс алуы ретсіз немесе тыныс ала алмайды, бұлшықет тонусы төмен, тері жамылғысы бозғылт, туылғаннан кейін 1 минуттан соң Апгар шкаласы бойынша бағалау 0-3 балл аралығында.
Туылған кездегі аздаған немесе орташа деңгейдегі неонаталдық асфиксия
Туылғаннан кейінгі 1 минуттан соң тыныс алуы қалыпқа түспеген, бірақ жүрек жиырылу жиілігі минутына 100 рет немесе одан көп; бұлшықет тонусы мардымсыз, аздап тітіркену, туылғаннан кейін 1 минуттан соң Апгар шкаласы бойынша бағалау 4-7 балл аралығында.
Диагностикасы

Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі

Негізгі диагностикалық іс-шаралар:

А. Нәрестенің асфиксиямен туылу мүмкіндігін болжап жансақтауға дайындау үшін жүкті әйел мен босанушы әйелдің қауіп факторларын талдау

Антенаталдық:
анасындағы қант диабеті;
• жүктіліктегі артериялық гипертония;
• созылмалы гипертониялық ауру;
• ұрықтың анемиясы немесе изоиммунизациясы;
• алдындағы ұрықтың өлімі немесе нәрестенің неонатальды кезеңдегі өлімі;
• жүктіліктің екінші немесе үшінші триместріндегі қан кетуі;
ана инфекциясы;
• жүрек, бүйрек, өкпенің невроздық патологиясы немесе ана қалқанша безінің ауруы;
• көпсулылық;
• азсулылық;
• қағанақ суының ерте кетуі;
• көпұрықтылық;
• жүктіліктің ай-күннен өтуі;
• жүктілік уақытына ұрық мөлшерінің сəйкессіздігі;
• туа біткен ақаулар мен ұрықтың ақаулықпен дамуы;
• ананың дәрігерлік терапиясы;
• адреномиметиктерді қолдану;
• ананың нашақорлығы мен алкогольды тұтынуы;
• ұрық белсенділігінің дамуы;
• ана жасының 16-дан төмен немесе 35-тен артуы;
• медициналық антеналды қараудың болмауы.

Интранаталды:
• шұғыл жағдайдағы кесарь тілігі;
• босандыруға қысқыш немесе ұрыққа вакуум-экстракторын қолдану:
• ұрықтың жамбастық немесе басқаша патологиялық жатысы;
• мерзімінен бұрын босану;
• екпінді босанулар;
• хориоамнионит;
• ұзақ уақыт сусыз болу мерзімі (туғанға дейін 18 сағат);
• ұзақ уақытқа созылған босанулар (24 сағаттан көп);
• ұрық макросомиясы;
• ұрықтың жүрек қызметінің бұзылуы (ұсынылған кардиотокография бойынша 2 немесе 3 категория паттерндері)
• жалпы анестезия қолдану;
• ұрықтың жүрек қызметінің бұзылуымен сипаттас гипербелсенділігі;
• туғанға дейінгі кем дегенде 4 сағат бұрын анаға есірткі құралдарын енгізу;
• қағанақ суының меконаиальді боялуы;
• кіндік ілмектерінің түсуі;
• бала жолдасының сыдырылуы;
• бала жолдасының орналасуы;
• босану кезіндегі патологиялық қан жоғалту



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет