Лекция жинағын дайындаған: Д. Мұстапаева


-лекция. Тақырыбы: Қожа Ахмет Ясауи мектебінің жайылу кеңістігі, ұстанымдары мен ерекшеліктері



бет11/38
Дата25.02.2022
өлшемі231.63 Kb.
#455758
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38
лекция тезис 2022Документ Microsoft Office Word

5-лекция. Тақырыбы: Қожа Ахмет Ясауи мектебінің жайылу кеңістігі, ұстанымдары мен ерекшеліктері
Лекция жоспары:
1.Қожа Ахмет Ясауи мектебінің жайылу кеңістігі
2. Ұстанымдары мен ерекшеліктері.
3.Ғылым үйрену, діни төзімділік
Лекция ның оқыту нәтижелері:
1.білім алушы ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі;
3.Түркі халықтарының діни және діни емес дүниетанымының, Ясауи ілімінің теориялық негіздерін түсіндіреді;
4.Ясауи дүниетанымын көпшілікке жеткізу дағдыларын көрсетеді;
5.Түркі халықтарының дүниетанымындағы ортақ сопылық мәселелерін шешу барысында өз көзқарастарын, идеалдарын жақтауда жоғары сенімділік көрсетеді;


Лекция мазмұны:
Қожа Ахмет Яссауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Ал, халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты – топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. Қожа Ахмет Яссауи кемелдікке жету үшін адамда ашқ (қуатты махаббат) пен дерт болу керек дейді. “Дертсіз адам адам емес, мұны аңла; Ашқсыз инсан хайуан жынысы, бұны тыңда”. Осы хикмет жолындағы “дертсіз адам” адамдық сезімнен жұрдай, өз ұлтының, қоғамының, Отанының алдында жауапсыз, мұңсыз, қара басының қамын күйттейтін жан. “Ашқсыз адам” – илаhи фитраттан, яғни Алла тарапынан адамға берілген құдайлық сыйдан мақрұм қалған, өзінің адамдық қадірін бағалай алмайтын, парасаттылыққа ұмтылмайтын, өзін қоршаған әлемге, адамға, табиғатқа, осының бәрін Жаратушы иеге мән бермейтін жан. Дертті адамның Қожа Ахмет Яссауи іліміндегі алатын орны ерекше. Ол хикметінде “Білімің – шырақ, халің – пілте, көз жасың – жағатын май” болсын дейді. Дертті, шерлі адам пілте болып жанып, ашқ отына түсіп, қоғамның кемшілік тұстары мен ақсаған руханиятын көріп, көз жасы, қайрат-жігерімен одан шығар жол, дауа іздейді. Шынайы ашққа осы дерт арқылы ұласады. Ал ашқ кемелдікке жетелейтін күш-қуат көзі. Қожа Ахмет Яссауи ілімінде адамның жаратылыс мақсаты – Хаққа құлшылық ету (ибадат), ол “Сізді, бізді Хақ жаратты ибадат үшін” – дейді. Бұл ибадат (убудийат) – Хақты тану жолындағы ең жоғарғы мақам. Құдайлық ашқты, Аллаға деген махаббатпен тұтастықта көретін Қожа Ахмет Йассауи дүниетанымы Алла жаратқан адам баласын кемсітпей, өзімен тең дәрежеде құрметтеуді парыз деп қарайды. “Сүннет еткен кәпір де болса берме азар, Көңілі қатты ділазардан Құдай бизар” деген хикмет адамның тегі мен түсіне, діні мен діліне қарамастан оған құрмет көрсету, адам ретінде ардақтауды пайғамбарлық сүннет (жүйе, заң, қағида) ретінде танытады. Өйткені Қожа Ахмет Яссауи ілімі – дін, мазһаб аясына сыймайтын шексіз ашқ (махаббат) жолы. Қожа Ахмет Яссауи дүниетанымында “дертті адам”, “топырақ адам”, “кемел адам”, сондай-ақ, “ғарип адам” тұлғалары да дәріптеледі.Ғарип адамды кемелдік мәртебесіне жеткізіп, пайғамбардың қоғамдағы өкілі, ізбасары ретінде бағалайды. Қожа Ахмет Яссауи өзін де ғарип ретінде көрсетеді: “Ғариппін ешкімім жоқ, бейшарамын hәм пақыр, Сенен басқа кімім бар, рақым ет Сен (Алла) таң сәріде” – деп рақымды тек Алладан ғана күтеді. Өйткені оны Алладан басқа шын ұғатын, қолдайтын ешкім жоқ. Оны ғарип қылып, жалғыздыққа итермелейтін күш оның дүниеге деген көзқарасы, илаhи ашқ – Хақ жолына деген ұмтылысы мен махаббаты. Ғариптік – адамның өз-өзімен іштей күресіп, санасын сансыратқан мәселелердің шешімін табу жолында рухымен тілдесу, өз әлімен ғана ләззат алу сияқты көңіл-күйді білдіретін психологиялық хал. Сондықтан да Қожа Ахмет Яссауи “Қай жерде ғарип көрсең һем дем болғыл” дейді. Яғни оларға дем бер, қолдау көрсет, қасынан табыл, құрметте дегені еді. Қожа Ахмет Яссауи дүниетанымында өмір мен өлім мәселесінің мәні өзгеше. Ғазали “өлімнің ақиқатын түсіну үшін, өмірдің мәніне жету керек, ал рухты білмей тұрып, өмірді тани алмайсың” дейді. Оның ілімінде нәпсі – жамандықтың, рух – жақсылықтың қайнар көзі болып табылады. Жақсылық пен жамандық секілді нәпсі мен рухтың да қатар өмір сүруі мүмкін емес. Рухтың өмір сүруі үшін нәпсінің өлуі шарт. Өйткені өмірдің мәні рухтың тазалығында, яғни көңіл айнасының сафтығында жатыр. Рух тазалығын мақсат тұту “ашқ” мәртебесіне ұласып, Хақ дидарын көру болып табылады. “Муту қабла ан тамуту-топырақ болмақ; Ашқтар өлмес бұрын өледі екен…” “Құл Қожа Ахмет, нәпсіні тептім, нәпсіні тептім, Өлмес бұрын жан берудің дертін шектім, Дидар тілеп тәрк етсем масиуаны; Өлмес бұрын болмысыңды айла фани…” Бұлар – “өлмес бұрын өлу” философиясына тән хикметтер. Қожа Ахмет Йассауи мұнда масиуаны (Хақтан басқа барлық дүниені) тәрк ету арқылы шынайы өмір мәнін ұғынуға шақырады. Оның көзқарасы бойынша, “шынайы өмір” деп, рухтың нәпсіден арылып, илаhи нұрлармен шайылуын айтады. Бұл ілім негізінде адамдарды “өлілер” және “тірілер” деп қарауға болады. Бұл жердегі “өлі” және “тірі” ұғымы рухқа байланысты. “Өлілер” – дүниеде нәпсінің құлы болып өткендер, олар тірі болса да өлікпен тең. “Тірілер” – нәпсілерін жою арқылы рухтарына “өмір” сыйлағандар, олар өлсе де мәңгілік өмірмен қауышқандар, бақи мәртебесіне жеткендер. Қожа Ахмет Яссауи дүниетанымында физикалық өлім жоқ. Ол жай ғана рухтың тәннен айырылып, басқа бір халге ауысуы. Аллаға құлшылықтың ең жоғарғы халі – еркіндік. Рухани өмір ішкі рухқа қатысты болғандықтан,Қожа Ахмет Яссауи іліміндегі еркіндік мәселесі де адамның “ішкі еркіндігі” шеңберінде қарастырылады. Ішкі еркіндікті ислам ахлағында “моральдық еркіндік” дейді. Яғни, Хаққа толық құл болған адам ғана толық еркін, азат. Демек, Алладан басқа барлық нәрседен тазару шынайы еркіндікке ұласады. Сопы Хақ алдында құл, халық алдында азат, еркін. Рухани өлімнің нәтижесінде нәпсі үстемдік құрып, адамды өзіне құл етеді. Адам өзінің жаратылысын, табиғатын жатсына бастайды. Нәтижесінде рух еркіндіктен айырылады. Қожа Ахмет Яссауи әдісі бойынша, рухты еркіндікке қауыштырудың жолы – зухд Қожа Ахмет Яссауи ілімінде ішкі еркіндікке жетудің дәрежелері мен басқыштары айтылады. Бұлар сопылық дүниетанымдағы “халдер” мен “мақамат” категорияларының рет-ретімен жалғасуы арқылы жүзеге асады. Ішкі еркіндік жайындағы мәліметтің негізі – дін. Ал дін адамзатқа “ішкі құлдықтан” құтылу және “ішкі еркіндікке” жетудің жолын көрсететін Алла тарапынан берілген илаhи жолдағы Қожа Ахмет Яссауи ілімі бойынша, “өлілер” мен “тірілер” ұғымына сәйкес, еркіндік мәселесінде де адамдарды екі топқа бөліп қарауға болады. Бірінші топ – “еркіндікті аңсаушылар”. Бұлар тек қана Хаққа табынып, құлшылық етеді. Екінші топ – “еркіндіктен қорқатындар”. Бұлар – нәпсі, мансап, байлық, атақ, дүние, адамға, т.б. табынып, құлдық ұрады. Хикметтің басы – Алланы бар және бір деп білу .Қожа Ахмет Яссауи адам баласы осы шындықтан бейхабар қалғанда өзінің негізінен алыстай бастайтындығын айтады. Осы ақиқатты адам баласына ескертіп, тікелей еске салып отыратын таным көзі – Құран деп біледі. Сонымен қатар, Алланы танудың негізгі сыры адамның өзінде екендігін айтады. Адам – микрокосмос болса, рух, бүкіл әлем, болмыс – макрокосмос, Алланың аяттары, яғни белгілері. Адам – рух әлемінде Алламен болған сұхбат-антты бұзбай “Зікір” арқылы үнемі есте сақтаушы. Қожа Ахмет Яссауи іліміндегі зікір, уажд (экстаз), сама сияқты әдістер Алламен болған сертті ұмытпау үшін қолданылған. Адамның арабша “инсан”, яғни “ұмытшақ” екендігін ескергенде, Құранның бір аты болып табылатын зікір (еске алу) адамдық болмысты толықтырып, кемелдендіріп отыратын әдіс екендігі белгілі. Осы тұста “қалу бәла” серті (“…мен сендердің Жаратушың емес пе едім” деген Тәңірінің сұрағына рухтардың “Ия, әлбетте” деген жауап-серті) мен рух әлеміндегі онтол. және туыстық бірліктің адамзат арасында осы кезге жалғасып, сақталуына деген ұмтылыстың, тілектің жатқандығын байқау қиын емес. Жалпы сопылық дүниетанымға тән бұл теориялы-тұжырымдамалық ұстанымды Қожа Ахмет Яссауи түркілік дүниетаным негізінде жаңғыртты. Ислам тарихында дінді ұғынудың, қабылдаудың ерекше түрі ретінде пайда болған “сопылық ағым” ресми діндегі (қалам мен фикһ) қасаңдыққа қарсы бағыт ретінде бой көрсетті. Сол секілді Қожа Ахмет Яссауи ілімі де түркілік дүниетанымның негізгі категориясы болып табылатын әмбебаптыққа сай дамыды. Тәңірді жазалаушы, қорқыныш иесі ретінде ғана емес, Тәңірді сүю және оның үкімдерін құрметтеу арқылы Аллаға махаббатпен қауышу-ұласу әдістерін қалыптастырды. Өйткені сопылық дүниетанымда Алла – ғашық (сүюші), мағшуқ (сүйілуші) әрі ғашықтықтың өзі болғандықтан да, ғашықтық болмыс жаратылысының ең негізгі мұраты. Бұл адам бойында махаббат, жауапкершілік сезімді, иман, т.б. асыл құндылықтарды қалыптастырады. Адам хикмет арқылы, оның нәтижелі жемістерінің негізінде ғана мәнді, мағыналы өмір, “адамша тіршілік ету өнерін” меңгере алады (қазіргі “Диуани хикмет”). Қожа Ахмет Яссауи ілімінің танымдық тірегін құрайтын адамгершілік қағидалардың өзегі – ахлақ (мораль). Ахлақ – хикметтің нәтижесінде қалыптасқан рухани құндылықтар жиыны. Адам ахлақ арқылы адамдық болмысқа, мәнге ие болады. Яғни, адам ахлақтық-рухани құндылықтарды бойына сіңіргенде ғана “шындыққа”, “жан тыныштығына” қауышады. Қожа Ахмет Яссауи ілімінде “жан тыныштығы”, “шындыққа жету” адамгершілік қасиет пен сипатқа ұласу арқылы тариқатта жүзеге асады. Аллаға қауышудың жолы қоғамға, адамға қызмет ету – тікелей ахлақтық кемелдену арқылы өтеді. Нәтижесінде рухани тазалыққа, өзін өзі меңгеруге қолы жетіп, “Кемел адам” тұрпаты қалыптасады. Көшпелі түркі қауымын имандылыққа шақыру арқылы Қожа Ахмет Яссауи ілімі барша түркі халықтары мәдениетіне үлкен өзгеріс енгізді. Дәстүрлі түркілік дүниетанымның негізі сыршылдық (мистика) дін екендігін ескерсек, сопылық танымның түркі мұсылмандығының ең маңызды ерекшелігін қалыптастырудағы себептерін ұғыну қиын емес. Бұл құбылыстың табиғилығын дін феноменолы тұрғысынан қарасақ, діндердің таралуындағы ескі ұстанымдардың толығымен жойылмайтынын, жаңалары сол құндылықтар, түсінік, ұғымдар негізінде өз орнын табатынын көруге болады. Көбінесе діндерде ескі ұстанымдар мистикалық институттармен тұтасып, “халық діндарлығы” түрінде тіршілігін жалғастырады. Бұл құбылыстың көрінісін Қожа Ахмет Яссауидың сопылық-моральдық ілімінен көруге болады. Оның “құрма” символизмі арқылы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарға байлануы, осы құбылысқа Арыстан бабтың “себеп” болуы, өмірін пайғамбар өміріне ұқсатуға тырысуы, пайғамбарға ұқсаудың ишараты ретінде ұлының атын Ибраһим қоюы, пайғамбар жасына келгенде тірідей “жерасты мешітіне”, яғни қылуетке түсуі, осының бәрі оның іліміндегі көшпелі түркілерге исламды таратудағы маңызды әдістемелік, құбылыстық ерекшелік әрі жаңалық болып табылады.Теориялық тұрғыдан Ясауи ілімі қалб, зауқ, илһам жолы аркылы мағрифатқа және батинға ден қояды. Яғни, оның ілімі рух пен нәпсіге мән беретін болса, карматилер толығымен саяси бағытта, сырт көрініске мән беретін акаидтық (ақаидтық) сипатта болса, Ясауи тариқаты толығымен рухани бағытта өрбиді. Ясауи тариқаты Халлаж әл-Мансұр жолының жалғасы деушілердің қатарында француз шығыстанушысы Массиньон Луис бар. Оның "аллаж әл-Мансур" еңбегінде Халлаждың түркі мұсылмандығында алатын орны кеңінен сөз бола¬ды. Ясауи Халлажды ислам әулиелерінің пірі деп таныған. Исбатйиа сопылық ағымының өкілі Мансур ол-Халлаж негізгі ерекшеліктерін сопылық дүниетаным категориялары ("фана фи Аллах" (Аллаға еру), "мухаббатуллах" (Аллаға ғашықтық), "тарк-и дүния" (Алладан басқаны төрк ету), "хикмет" (даналық), "ғашықтық (ашқ)", "мурақаба" (өзіне сын көзбен қарау), "тасфийиа-и калб" (жүректі арылту) деп айқындайды. Кейбір ерекшеліктері болмаса, Ясауи ілімінің мазмұны Халлаж іліміне сай келеді. Дегенмен бұл ілімнің теориялық негізінде исбатийаға қарағанда, Маламийа ағымының белгілері басым. Солай бола тұра, Ясауи хикметтерінде Мансұрдың аты мен жолы көп дәріптеледі. Маламийа доктринасына (негізін салушы Баязид Бистами), жалпы алғанда, дәстүрлі түркілік дүниетаным негізінде қалыптасқан. Адамның псих, халін зерттеуге бағытталған маламийа дүниетанымы тәңірге ішкі сезім мен түйсік арқылы "зауқ", "уажд" және "истиғрақ" халдерімен ұласып жатады. Бұл — Аллаға мойынсұнудың жолы. Негізгі этикалық ұстанымдары ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынас, Түпкілікті 6 үкім (аһкам): Алланы тану;жомарттық;шынайы адалдық; йакиннің (шекеіз таным) моніне қанык болу;тәуекел;тафаккул (терең ой). Шейх болушы: дін ғылымына қанық, жұмсақ мінезді, сабырлы, ықыласты, Хақ ризалығымен кауышқан, Хаққа жақын болуы тиіс. Тариқаттың 6 міндеті (уажиб): кемелдікке жетуте талаптану;Хақка жақындауға тырысу;Хаққа қауышу үшін жан сала ұмтылу;Хақ жолында қауып пен үміт халінде болу;үнемі зікірде болу;үнемі Хақикат туралы сөйлеу.Тариқаттың 6 түрлі дәстүрлі жолы (сунна): көппен бірге намаз оқу;таң сәріде ояу болу;үнемі дәретті, таза болу;өзін үнемі Алланың құзырында сезіну;Алланы ешқашан естен шығармау (зікір ету);салиқалы және кемел адамдарға тағатты болу.Тариқаттың 6 ерекше касиеті (мустаһаб): қонақжайлылык; жағдайына қарай қонақ күту; конақтың коп қонуын ырыс деп білу;қонақтың көп болуына көңіл бөлу;қонақтың тілегін орындау;Қожа Ахмет Ясауиге және өз уақытының шейхына дұға, тілек ету.Тариқаттың 6 этикалық тәртібі: екі тізерлеп, қарапайым, әдепке сай отыру;өзін барлық адамнан төмен санау;барлық адамды өзінен артық санау;ұстаздарды құрметтеу;шейхтардың алдында рұқсатсыз сөз сөйлемеу;олардың айтқан ақылдарын естен шығармау.Тариқатқа кірген мүридтің кемелдікке жетуінің 4 шарты: макан (кеңістік),аман (уақыт),михуан (бауырмалдық — өзара ынтымақтастық),рабт-и Султан (мемлекет басшысына риясыз берілгендік).
Ахмет Ясауидің көзқарасы бойынша Аллаћ адамның көңілінде, жанында орын тепкен. Адамның көңілін Аллаћ үйі Қағбаға теңеген Қажы Бекташ Уәли де Қожа Ахметтің осы пікірін қуаттайды. Қажы Бекташ Уәли “Аллаћ үйі Қағбаға аяғымен қажылыққа барған адамға Құран жолдас, ал адамның көңіліне тәңір жолдас” дей отырып, Құранның: “Біз оған (адамға) күре тамырынан да жақынбыз (Қаф-16), - деген аятын назарымызға ұсынады және аталған түркi дәруiшiнiң жоғарыда баяндалған ойы Қожа Ахметтiң мына бiр өлең жолдарымен сабақтасып жатыр:
Алла, Алла жаным Алла, ділім Алла,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет