Кілт сөздер Дерек, сын, тарихи синтез, әдіс, әдіснама, деректану пәні.
1. Деректану теориясы пәні, мақсаты мен міндеті. 2. Деректанулық ұғымдар мен терминдер туралы.
Деректану теориясы пәні, мақсаты мен міндеті. Деректану, тарихнамамен қатар тарихшыларды теориялық методологиялық дайындауда негізгі фундаментальдық пәндердің қатарына жатады. Деректанудың фундаментальдығы тарих ғылымының тарих обьектісіндегі-өткен қоғам ретіндегі тарихшыға тікелей берілген емес, ол тарихи деректерді таным арқылы тану арқылы тарих ғылымының субьектісі ретінде қаралады.
Деректану тарихи зерттеудің практикалығынан туындаған. Алғашқы кезде жазба деректер зерттеліп, деректанудың қолданбалы фактілік жағы ескерірілді, ол деректерді тануда нақты тарихи фактілерге жүгінді.
Жаңа деректердің ғылыми айналымға түсуіне байланысты, тарихи деректер және сол тарихи деректердің оқиғалары, процестері әр деректе, әр қырынан көрсетіледі. Деректің оқиғаларды қалай баяндауына байланысты, эмперикалық және апробиралық практикалық жолмен алынған деректер жазба деректерді әдістемелік зерттеу нақты фактілік матиралдарды алуда зерттеу обьектісіне айналды. Жазба деректер заттай деректерден тармақталып бөліне бастады (археологиялық).
Курстың мақсаты – деректердің тарих ғылымындағы табиғатын зерттеу, белгілі әлеуметтік жағдайдағы оның туындау себептерін, осы жағдайдағы деректердің гносологиялық табиғатын тарихи танымның зерттеу обьектісіне айналдыру.
Курстың мақсатты жұмыстары.
Деректерді таңдау, сыни анализ жасау және зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Тарихи зерттеуде деректілік-ақпараттық базалық негізін жасау.
Тарихи зерттеуде терминалогиялық аппаратты негіздеу.
Деректерде анализ жасауда әдістеме жүйесін білу және оның тәжірибеде қолдану мүмкіндігі.
Аймақтық тарихи деректерді зерттеумен танысу. Дерктану пәні архивпен және қосалқы тарихи пәнімен тығыз байланысты.
Деректанулық ұғымдар мен терминдер туралы. Деректанудың жалпы мазмұны, теориялық негіздері, мақсаты және мәні барлық жерде бірдей болғанымен, оның белгілі бір ұлттың тарихын зерттеуде, сол ұлттың төл деректерінің негізінде және, ең бастысы, сол ұлттың тілінде жазылғанда ғана өзінің міндетін дұрыс атқара алатындығы анық. Орыс ағартушысы Н.Г.Чернышевскийдің: “Верный призник удовлетворительного или неудовлетворительного состояния науки удовлетворительность или неудовлетворительность ее терминологии” [1]-деген қағидасы бізден алдымен деректанудың қазақша ұғымдары мен терминдеріне көңіл бөлудің қажет екендігін көрсетеді.
Алғаш қазақ халқының өз тіліндегі ғылыми терминдерін қалаптастыру қажеттігін айтып, мәселе көтерген алаш ардагерлері болды. “Қазақ” газетінің бірінші нөмірінің бас мақаласында: “Сөз қару, мұны бұзуға жұмсақ бұзады, түзеуге жұмсақ түзейді” деп, сөз құдіретін жоғары бағалаған А. Байтұрсынұлы мен М. Дулатұлы алты жыл бойы газет арқылы өз халқын сөздің мағынасын дұрыс ұғынып, орынды пайдалана білуге үйретті.
Қазақ тіліндегі ғылыми терминдер қалыптастыру ісі кеңес өкіметі тұсында да жалғастырылды. Мысалы, 1926 жылы Бакуде өткен Бүкілодақтық екінші тюркология съезінде А. Байтұрсынұлы термин сөздерді мынадай үш қайнардан алып қалыптастыруды ұсынды: “1) ана тілінің өзінен 2) тектес, жүйелес түркі тілдерінен 3) басқа тілдерден”. Сонымен қатар ол алғашқы терминдер жасауға да қатысты. 1935 жылы бірнеше тілді жетік меңгерген қазақтың лингвист ғалымы Құдайберген Жұбановтың басшылығымен қазақша терминдер сөздігі жасалынды. Ұзақ жылдар бойы Қ. Жұбановтың аты аталмағынымен сөздіктің өзі ғылымның көптеген салаларында пайдаланылып келді.
Ұғым-зерттеушілердің тәжірибелік-эмпирикалық және ғылыми-танымдық іс әрекеттерінің барысында қалыптасқан, зерттеудегі объектер мен құбылыстардың мәні мен ерекше белгілерін тұтас және жалпылама ашатын ойлау формасы. Терминдер – сол ұғымның сөздік, табиғи тілдік айтылуы. Олар не бөлек сөздерден, немесе белгілі бір сөз сәйкестіктерінен тұрады. Терминология әлі қалыптаспаған жағдайда ұғымның мазмұны суреттеу арқылы ашылуы мүмкін.
Дерек термині бүгінгі күні екі мағынада қолданылып жүр. Біріншісі: Дерек-хабар-ошар, мәлімет, мағлұмат сөздерінің сининимі ретінде. Екіншісі дерек көзі шежіре, жылнама, ретінде жиі қолданып жүр. Тарихи деректер өзінің саны, көлемі жағынан аса көп, мазмұны, түрі жағынан әр алуан.
Демек, «деректану» түсінік ретінде нақты уақиғалар туралы зерттеушіге жеткен деректерді, (хабар, мағлұмат, мәліметтерді) немесе сол деректерді жеткізген дерек көздерін (шежіре, жылнама) зерттеу, талдау мағынасын білдіреді.
Бекіту сұрақтары 1. Теориялық деректану пәні дегеніміз не?
2. Деректанудың алдына қойған міндеттерін атаңыз?
3. Зерттеу міндетттерін жүзеге асырғанда деректануға қандай қосалқы тарихи пәндер көмектеседі?