Әзербайжан әдебиеті. Әзербайжан әдебиетінің қайнар көзі б.з.б. ҮІІ ғ. дүниеге келген «Авестадан» басталады деп тұжырымдалған. «Қорқыт ата» кітабы да әзербайжан әдебиетінің бастауы болып есептелінеді.
Әзербайжанның әйгілі ақындары Низами Гәнжауи, Мұхаммед Физули, Ф.Ахундов, Вивади, Вагиф, Талибов әзербайжан әдебиетінің өркендеуіне елеулі үлес қосты.
Сондай-ақ, М.ПәнаҺ Вақыф, М.Ә.Расулзада және басқалар өнімді еңбек етті. Әзербайжан зиялылары көп қуғынға ұшырады.
Мұһажырат әдебиеті. Әзербайжанның бірсыпыра ақындары мен жазушылары түрлі себептерге орай туған елін тәрік етіп, жат елде өмір сүруге мәжбүр болды. Шетелде жүріп жазылған көркем шығармалар «Мұһажырат әдебиеті» деп аталды. Мұнда ауыз әдебиетінің үлгілері де, жазба әдебиет түрлері де молынан болды. Онда, негізінен, отанды ағсау болып көрінген.
Қарашай-малқар әдебиеті. Бұл этнос иран тілді алан тайпалары және түрік тайпаларының араласуынан қалыптасқан. Орыс патшалығы Кавказды жаулап алуы үшін 30 жыл тоқтаусыз шабуылдады. Формальды түрде 1828 ж. Малқарлар, 1828 ж. Карашайлар Ресей патшалығының құрамына енді. Кейін оларды екі губернияға бөліп жіберді. Қарашай-малқарлардың ауыз әдебиетін зерттеп, пайымдау жасау, баяндама жасау.
Құмық әдебиеті. Ноғайлар ноғай ордасын, ноғай мемлекетін құрған. Ногай батырдың қол астында түрік-монғол тайпаларының ортақ атауы ретінде ХІҮ ғ.былай қарай мәлім болды. Ноғай ұлысы әдебиетінің тарихы Ү-Х ғ. Орхон-Енисей ойма жазуынан бастау алатынын алға тартады. Ноғайлардың қаһармандық дастаны «Ахмед Айсұлұлы» болып есептеледі. Дастанда 1343 ж.таққа отырған Жаныбек ханнан және оның ұлы Бердібектен әңгіме болады. Ноғай ордасы Едігенің ерлігімен жаңа бір саяси тарихтың белесіне көтерілгенде (1426-1558) «Едіге» дастанын туғызған. Ноғай фольклоры өте мол. Қазақтың эпостық жырлары түгел осыларда болған. Татар әдебиетімен «Едіге» дастанына, Ғ.Тоқай (1886-1913) еңбектерінің мәнін ашу.
Достарыңызбен бөлісу: |