Лекция тақырыбы: Жалпы тіл білімі курсына кіріспе. Лекция жоспары


Натуралистік немесе биологиялық бағыт



Pdf көрінісі
бет29/46
Дата23.11.2023
өлшемі0.72 Mb.
#484184
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   46
Лекция жинағы

Натуралистік немесе биологиялық бағыт. 
Натурализм латынның натура 
(жаратылыс) деген сөзінен шыққан. Натурализм жеке ағым ретінде көркем әдебиетте, 
өнерде, ғылымда 19 ғасырдың екінші жартысында Дарвин ілімінің әсерінен пайда болды. 
Ғылымда натуралистер деп аталатындар – қоғамдық құбылыстарды зерттеуде 
жаратылыс заңдарын басшылыққа алып, мәселені соған негіздеп шешуге ұмтылушылар. 
Тіл біліміндегі натурализм көрнекті неміс ғалымы, Россия Ғылым академиясының 
корреспондент-мүшесі Август Шлейхер (1821-1869) есімімен байланысты. А.Шлейхер – 
салыстырмалы-тарихи тіл білімінде тіл философиясын қалыптастырушылардың, тіл 
фактілерін салыстыруда дыбыс құбылыстарының заңдылықтарын қатал сақтауды талап 
етушілердің, үндіеуропалық ататілді мүсіндеушілердің, тілдердің типологиялық ұқсастығы 
мен генеалогиялық бірліктерін жан-жақты талдаушылардың ең көрнектілерінің бірі. 
Жас грамматикалық бағыт. Жас грамматикалық бағыт (младограмматизм) 19 
ғасырдың 70-жылдарынан бастап қалыптасты. Алғаш Германияда туғанымен, көп ұзамай 
оған тілектес, пікірлестер әр елден табылып, өте тез өркен жайды. Францияда М.Бреаль, 
Швейцарияда Ф.де Соссюр, Америкада Уитни, Италияда Г.И.Асколи, Россияда 
Ф.Ф.Фортунатов бастаған Мәскеу лингвистикалық мектебі мен Бодуэн де Куртенэ бастаған 
Қазан лингвистикалық мектептері болды.
Бұл ағым өкілдері салыстырмалы-тарихи тіл білімінің өздеріне дейінгі өкілдерін «бұлар 
– жорамалға толы қапырық шеберханада үнді-еуропалық ататілді мүсіндеушілер» деп 
кекетіп, тіл ғалымдарын сол «сасық шеберхананы» тастап, жаңа жол табуға шығарған 
болатын. Олардың осы қызбалықтарына, албырттықтарына қарап, неміс лингвисі Ф.Царнке 
оларды «жас грамматистер» деп әжуалаған еді. Осы әжуа ат бірте-бірте лингвистикалық 
мектептің аты болып қалыптасты. 
Мәскеу лингвистикалық мектебі. Мәскеу лингвистикалық мектебін 19 ғасырдың 70-
80-жылдарында Мәскеу университетінің ғалымдары қалыптастырды. Оны басқарған сол 
кездегі орыс тілі білімінің көрнекті ғалымдарының бірі – академик Филипп Федорович 
Фортунатов (1848-1914). Ол Германияда, Францияда, Англияда болып, жас 
грамматикалық бағыттағы көрнекті ғалымдардың лекциясын тыңдаған, өзі де осы бағытты 
қуаттаған, компаративистиканың Россиядағы көрнекті өкілі болған, Үндіеуропа тілдерінің 
фонетикасын, морфологиясын зерттеп, бұл салада біраз еңбектер берген.
Бұл мектеп құрамында орыс тілі білімінің көрнекті өкілдері академик Алексей 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет