«Введение в языкознание» деп аталатын
оқу құралында методты сипаттама,
салыстырмалы-тарихи, тарихи-салыстырмалы, құрылымдық, стилистикалық, сандық,
автоматикалық талдау методтары деп сегіз түрге бөлсе, В. И. Кодуховтың 1974 жылы
басылған «Общее языкознание» атты оқулығында методты зерттеудің негізгі бағытына
қарай
топтауды
жөн
көріп
оны
сипаттама,
салыстырмалы,
нормативті-
стилистикалық метод — аспект деп үш түрге бөледі де, құрылымдық методты сипаттама
метод құрамында, салыстырмалы-тарихи, тарихи, салыстырмалы деп аталатын методтарды
салыстырмалы методтың салалары ретінде қараған. Ал енді, О. С. Ахманова, Б. Н. Головин
еңбектерінде метод ретінде қаралған басқа түрлерін В. И. Кодухов сипаттама методқа тән
тәсілдер методикалар деп санаған.
Мұндай ала-құлалық, біріншіден метод
деген терминді кең мағынада, методика мен
методология мағынасында да, қолданудан туса, екіншіден, бір-біріне белгілі жақындығы,
ұқсастығы бар методтарды біріктіріп, бір ғана атаумен беруге тырысудан туған. Бұлар өзіне
лайықты орында кейініректе сөз болады. Қазіргі заман тіл білімінде лингвистикалық әдістің
көпшілікке танылған, зерттеу объектісі айқындалған бірнеше түрлері бар.
Олар:
Сипаттама,
салыстырмалы
-
тарихи,
салыстырмалы,
құрылымдық,
математикалық әдістер.
Достарыңызбен бөлісу: