Лекция Тақырыбы: Кіріспе. Геронтология, гериатрия түсінігі. Кәрілік және қартаю жалпы түсінігі. Қаратаюдың кезеңдері. Гериатриялық фармакотерапияның негіздері



бет1/6
Дата06.01.2023
өлшемі32.53 Kb.
#468170
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6
Лекция 1. ГЕРОНТОЛОГИЯ


Лекция 1. Тақырыбы: Кіріспе. Геронтология, гериатрия түсінігі. Кәрілік және қартаю жалпы түсінігі. Қаратаюдың кезеңдері. Гериатриялық фармакотерапияның негіздері.

Соңғы 160 жылда өмір сүру ұзақтығы экономикалық дамыған елдерде жылына 3 айға ұлғайады. БҰҰ деректері бойынша 2025 жылы 60 жастан асқан азаматтар саны 1 млрд-тан асады. Дамыған елдерде өмір сүру ұзақтығы 80 жасқа жетті. Біздің елде қарт адамдардың саны 5 % құрайды.


Геронтология (грекше. geron, geront(os) – қарт + logos оқу)адамдардың қартаю қағидаларын, қарттық кезеңді зерттейтін ғылым. Алғаш рет бұл термин 1903 жылы И. И. Мечникпен ұсынылған болатын. «Оптимизм этюдтарында» Илья Ильич кәрілікті зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы барын атап өткен.
Қазіргі заман геронтологиясы – қартаю биологиясы, клиникалық геронтология (гериатрия), геронтопсихология мен әлеуметтік геронтологияны (герогигиена) қамтитын пән аралық ғылым. «Гериатрия» терминін 1909 жылы американдық дәрігер И. Л. Нашер енгізген болатын. Ол АҚШ-та1914 жылы «Гериатрия: қарттық аурулар мен олардың емі» атты алғашқы кітапты жарыққа шығарған. Қартаю биологиясының міндеттері – ағзалар мен популяциялардың алғашқы қартаю механизмдері мен өмір ұзақтығын анықтайтын факторларды іздестіру. Қартаю биологиясын зерттеу – түрлі жануарларды эксперименталды зерттеу мен адам өмірінің түрлі кезеңдерінде клиникалық талдамалар жүргізуге бағытталған.
Қазіргі заман медицинасының динамикалық дамыған саласы – клиникалық геронтологияның (гериатрии) міндеті – қарт адамның физиологиялық және патофизиологиялық ерекшеліктерін, патологиялық үрдістердің өтуі мен оларды емдеу тәсілдерін анықтау. Геронтопсихология міндеті – қарт адамдардың жүйке жүйесі мен әдет-қылықтарын зерттеу. Геронтопсихологияның маңызды саласы – түрлі тірі жандылардың жастық әдет-қылықтарын зерттейтін әдет-қылық геронтологиясы болып табылады. Әлеуметтік гигиенаның міндеті (герогигиена) – өмір сүру жағдайлары мен қоршаған ортаның қартаюы мен адамның өмір сүру ұзақтығына әсерін анықтау.
Валенсиялық геронтологиялық форумда қабылданып, 2002 жылы қартаю бойынша БҰҰ әлемдік ассамблеясында бекітілген 21 ғасырдағы қартаюды зерттеуге бағытталған БҰҰ бағдарламасы – қартаюдың түбегейлі механизмдері мен қартаю факторларын түсінуге бағытталған биомедициналық қағидаларға үлкен мән бөлген.
Қартаю мен оның дамуындағы қосалқы аурулар негізінде жатқан механизмдерді түсіну қажеттілігі де айтылған. Осының негізінде қарт адамдарға тән ауруларды нәтижелі емдеу мен алдын алу стратегиясы оайластырылу қажет. ЖИА, инсульт, төменгі тыныс жолдарының инфекциясы мен пневмония, өкпе рагі сияқты ауруларды алдын-алу, талдау тобының деректері бойынша өмір сүру ұзақтығын 9,3 жылға ұлғаюына алып келуі мүмкін (дамыған елдерде жылына4,4, экономикасы барынша дамыған елдерде жылына16,1).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет