Лекция. Тақырыбы: Кіріспе. Метрология ұғымы және негізгі мәселелері. Өлшеу ұғымы



бет1/5
Дата14.03.2022
өлшемі135.5 Kb.
#456252
түріЛекция
  1   2   3   4   5
1 лекция


1-лекция. Тақырыбы: Кіріспе. Метрология ұғымы және негізгі мәселелері. Өлшеу ұғымы.


2. Лекцияның оқыту нәтижесі: Білім алушылар метрология және өлшеу ұғымымен танысады, өлшеу әдістері, метрологиялық сипаттамаларды анықтайды; метрологиялық қамтамасыздандыру мәнін көрсетеді.



  1. Лекция мазмұны:

Пәнді оқыту нәтижелері бақылау нәтижелерін өңдеу, өлшеу нәтижелеріне және құралдың дәлдігіне баға беру, электр өлшегіш тізбегінің параметрлерін есептеуге дағдылану, құрылғылардың метрологиялық сипаттамалары мен осы параметрлердің байланысын орнату, стандарттаудың мәнін, ролін және қажеттілігін түсіндіру, сертификаттау жүйесін, объектілерін анықтау мәселелерін қарастырады.
Стандарттау, сертификаттау және метрология туралы түсінігін кеңейту, өлшеу құралдарын дұрыс таңдау және пайдалану, өлшеулер әдістемесінің негізгі ережелерін қолдануды үйрену, стандарттау және метрология құрылымына, рәсімделуіне, мазмұнына және объектілеріне қойылатын талаптарды меңгеру, өлшеу түрлерін, өлшеу әдістері мен объектілерін қарастыру, өлшеу, стандарттау туралы ұғымдарды қалыптастыру, стандарттау саласындағы негізге алынатын стандарттарды меңгеру және олардың талаптарын тәжірибе жүзінде қолдануды үйрену.
Метрология сөзі метро – өлшем және логос – ілім деген грек сөздерінен тұрады және өлшемдер туралы ілімді білдіреді.
«Өлшем» сөзінің жалпы мағынасы – затты бағалау құралы. Метрологияда оның екі мағынасы бар: бірліктің белгісі (мысалы, «шаршы өлшемдер») және шаманың бірлігін көрсету құралы.
Қазіргі метрологияда «физикалық шама өлшемі» термині бір немесе бірнеше белгіленген мөлшерлердің физикалық шамасын көрсетуге және сақтауға арналған өлшеу құралын білдіреді. Бұған гірлер, өлшеуіш кедергілер және т.с.с. мысал бола алады.
Қабылданған анықтамаға сәйкес метрология – өлшеулер, олардың бірыңғайлығын қамтамасыз ету әдістері мен құралдары және талап етілетін дәлдікке қол жеткізу тәсілдері жөніндегі ғылым.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет