4-Тақырып. Спорттық жаттығулар сипаттамасы
Дәріс мақсаты: спортшыны дайындау жүйесінің негізгі ұғымдары мен жаттықтыру амалдарын анықтау.
Тақырып сұрақтары:
1. Спорттық жаттықтырудың негізгі ұғымдары
2. Спорттық жаттықтыру амалдары.
Спорттық жаттықтыру дегеніміз - қозғалыс шеберлігі мен мен дағдысын қалыптастыруда, арнайы білім беруде, дене қуатын, психологиясын дамыту барысында жоғары спорттық көрсеткіштерге жетуге бағытталған дене тәрбиесінің арнайы педагогикалық үйрету және тәрбиелеу үрдісі. Спорттық жаттықтырудың әсерін, нәтижесін, спортшы дайындығының денгейін анықтағанда "дайындалғандық", "жаттыққандық" және "спорттық қалып" деген ұғымдар қолданылады.
«Жаттыққандық» дегеніміз - жүйелі дене тәрбиесі жаттығуларын жасау арқылы спортшы ағзасының берілген жаттықтырудың жүктемесіне қалыптасуы және оның жұмыс қабілеттілігі деңгейінің жоғарылауы.
«Дайындалғандық» спортшының дене қуаты қасиеттерінің, техникалық шеберлігінің, тактикалық және психологиялық дайындық деңгейлерінің жоғары деңгейге жетуі. "Дайындалғандық" термині осы аталған дайындық жақтарының кез келгеніне жеке де арналуы мүмкін.
«Спорттық қалып, спорттық бап» спортшының белгілі 6ір циклде спорттық жоғары нәтижелер көрсетуге дайын күйі.
Спорттық жаттықтыру амалдары. Дене мәдениеті жүйесінің арнайы саласы болғандықтан спорт жаттықтыруларында өзіндік амалдар қолданылады. Ол амалдардың көлемі мен құрамы спорттық жаттықтыру міндеттеріне байланысты болады.
Жаттықтырулардың негізгі амалдары дене тәрбиесі жаттығулары үш топқа бөлінеді:
1 Жарыс жаттығулары.
2 Арнайы дайындық жаттығулары.
3 Жалпы дайындық жаттығулары.
Жарыс кезінде орындалатын негізгі жаттығуларды жарыс жаттығулары дейміз. Барлық жарыс жаттығулары жарыс ережесіне сәйкес орындалуы керек.
Арнайы дайындық жаттығулары спортшыларды жарыс жаттығуларына дайындау үшін қолданылады. Ол 5 топқа бөлінеді:
- жақындататын жаттығулар – негізгі жаттығуларды меңгеруді жеңілдететін қимыл-әрекеттер;
- дайындық жаттығулары – негізгі жаттығуларды меңгеруге қажет дене қуаты қасиеттерін (күш, жылдамдық, төзімділік т.б.) дамытатын жатгығулар;
- жарыс жаттығуларының бір бөлшегі түрінде орындалатын жаттығулар. Мысалы, гимнастардың орындайтын жаттығуларының бөлшектері, жеңіл атлеттердің жүгіру қашықтықтарының бөлімдері т.б.;
- бейнелеу жаттығулары – жарыс жаттығуларын кеңістікте бейнелеу түрінде орындалатын жаттығулар (мысалы, конькимен жүгірушінің дөңгелекті конькимен жүгіруі т.б.);
- басқа спорт түрлерінің жаттығулары (мысалы, акробатикадағы сальто жасауды суға секірушінің қолдануы ж.т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |