Лекция тезистерi және оларға дайындалуға арналған



Pdf көрінісі
бет23/72
Дата22.12.2023
өлшемі0.86 Mb.
#487568
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   72
Текті обьект дегеніміз – қылмыстық қол сұғушылықтан қылмыстық заң 
қорғайтын біртектес немесе өзара ұқсас қоғамдық қатынастардың бір бөлігі. 
Қосымша объект дегеніміз негізгі объектіге қарсы жасалған қылмыстық 
құқық бұзушылықтан "жол-жөнекей" залал шегетін (немесе залал шегуі мүмкін 
болатындай қауіпке ұшырайтын) объект.
Мысалы, қарақшылық меншікке де, адамның денсаулығына да қол 
сұғады, алайда бұл жерде негізгі объект болып меншіктік қатынастар, ал 
қосымша объект болып адамның денсаулығы танылады, себебі қарақшылықтың 
негізгі мақсаты денсаулыққа зиян тигізу емес, бөтеннің мүлкін заңсыз алып 
қою.
3.Қылмыстың заты. Қол сұғушылық жасалатын объектіні зерттеудегі 
маңызды да, сонымен қатар даулы көзқарастардың бірі — қылмыс заты болып 
табылады. Егерде қылмыстың заты адам болса, онда ол қылмыстық құқық 
мағынасында жәбірленуші болып табылады. 
Қылмыс заты — кез-келген қылмыс объектісінің қажетті элементі, оған 
ықпал жасай отырып қылмыскер қылмыстық заң нормалары қорғайтын 
мүдделерге елеулі зиян келтіреді. Қылмыстардың барлығы сыртқы әлемнің 
заттарына әсер ету жолымен жасала бермейді, сондықтан да қылмыстың заты 
қылмыс құрамының факультативті белгісі болып табылады.
Мысалы, ұрлықтың, тонау және қарақшылықтың объектісі- меншіктік 
қатынастар, ал заты болып меншігі танылады. Ал, үкімет өкіліне қарсы зорлық-
зомбылық қолдануда жәбірленуші үкімет өкілі немесе оның жақын туыстары 
болып табылады. 
Жәбірленуші адам ретінде, қылмыстың затынан айырмашылығы, оның 
сипаттамалары билік өкіліне қатысты қызметіне байланысты болуында, 
мысалы, билік өкіліне қатысты күш қолданудың (380-бап) қылмыс құрамында 
орын алады.


29 
6 Тақырып: Қылмыстың объективтiк жағы 
 
Мақсаты: қылмыстың объективті жағының ұғымы, қоғамдық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет