Лекция тезистері лекция тақырыптары 2 сағатқа арналып жасалған. 1-лекция. Тақырыбы: Жалпы техикалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі пәніне кіріспе. Курстың пәні. Жоспары



бет11/30
Дата05.10.2023
өлшемі0.56 Mb.
#479914
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30
stud.kz-72859

Бақылау сұрақтары:
1. Мектептегі оқу жұмыстары түрлерін айтып беріңіздер.
2. Оқытуды ұйымдастыру формаларын түсіндіріңіздер.
3. Сабақта оқушылардың оқу жұмыстарын ұйымдастырудың қандай формалары қолданылады?
6-лекция. Тақырыбы: Кәсіптік оқыту сабақтарының түрлері және құрылымы
Жоспары:
1. Жаңаша сабақ түрлері
2. Сабақ құрылымы
3. Сабақ мазмұны.
4. Сабақ жоспары.
5. Оқушылардың сабақтағы оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формалары
Лекция мақсаты: Қазіргі мектептерде жүзеге асырылып отырған сабақтар және олардың мазмұны мен құрылымы, сондай-ақ жаңаша атаулары, оларды қолдану жөнінде түсінік беру
Лекция мәтіні: Технология пән сабақтарында көрсетілген міндеттер әрбір сабақтың немесе бірнеше сабақтар барысында қарастырылуы мүмкін. Осыған сәйкес технология пән сабақтарының мазмұны төмендегідей анықталды және осыларға сәйкес технологиялық картаға ұқсас кесте түзіліп, қысқаша конспектілер дайындалады.
Сабақтың мазмұны:
- сабақтың тақырыбы;
- сабақтың мақсаты;
- сабаққа керекті құрал-жабдықтар;
- сабақтағы көрнекіліктер;
- сабақтың түрі;
- тірек ұғымдар;
- техника-технологиялық мағлұматтар (оның ішінде, оқушылардың оқу материалдарын салыстыруды жүзеге асырудағы политехникалық бағыттылығы, халық қолөнеріндегі ұқсастықтар, т.б. қамтылады);
- практикалық іс-әрекеттер;
- кәсіптік бағдар беру;
- пәнаралық байланыс;
- пайдаланатын әдебиеттер.

Технология пән сабақтарын өткізу үшін сабақ жоспары бекітіліп, соған сәйкес қысқа тұжырымды әдістемесі сипатталды.

Сабақтың жоспары:


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Өткен сабақтағы материалды пысықтау, бекіту.

  3. Сабақтың жаңа материалын мазмұндау (тақырыбын, мақсатын, міндетін баяндау).

  4. Өткен материалды пысықтау, бекіту.

  5. Оқушылардың өзіндік жұмысы.

  6. Қорытындылау кезеңі.

Технология пән сабақтарындағы оқушылардың іс-әрекеттері өндірістік (еңбектік) үдерістерге байланысты. Сондықтан да технология пәні мұғалімі өндірістік үдерістердің психологиялық құрылымын білуі шарт болып табылады. Өндірістік үдерістерді құраушылар еңбек үдерісі, операциясы, тәсілі, жұмыс қозғалысы. Қозғалыс бірігуі нәтижесінде әрекет түзеді, әрекеттер тәсілге бірігеді, ал тәсілдер-операцияға немесе жұмыстың жекелеген түрлеріне бірігеді.
Оқушылардың еңбек іс-әрекетін жүзеге асыруы қажетті теориялық білімдерді игеру, іс-әрекетті қалай жасауды үйрену, жаттығу, негізгі іс-әрекеттерді бекіту және түзету сияқты негізгі кезеңдерден тұрады.
Сабақтарды қазіргі кезде жалпы түрде дәстүрлі және дәстүрлі емес немесе қалыпты және қалыптан тыс сабақтар деп атайды.
Дәстүрлі сабақ түрлері жоғарыда айтылды. Ал дәстүрлі емес сабақ түрлеріне мыналар жатады: ойын сабақ, сайыс сабақ, жарыс сабақ, театрландырылған сабақ, пәнаралық сабақ, т.б.
Технология пән сабақтарында технологиялық, нұсқау карталарын пайдаланумен қол еңбегі құрал-жабдықтарын қолданып, жұмыс жасаған кезде 5-7- сынып оқушыларының бойында: әрбір операцияға арналған құрал-жабдықтарды таңдау, белгілеу операцияларын орындау; құрал-жабдықтарды операция түріне байланысты кезектестіре отырып, жұмыс барысында өңдеу операцияларын орындау; әрбір операция соңында өзіндік бақылауды орындау; бөлшекті, бұйымды дайындауда біріктіру әдісін таңдау; біріктіру операцияларын орындау; әрлеу түрі мен әдісін таңдау; әрлеу жұмыстарын орындау; бұйымды, бөлшекті кептіру; ақауларды болдырмау жолдарын анықтау; алған білімдері мен бар тәжірибені бөлшек, бұйым дайындаудағы жаңа жағдайда пайдалана білу; құрал-жабдықтарға мұқият қарау; материалды, еңбек құралдарын, уақытты үнемдеу; санитарлық-гигиеналық және қауіпсіз еңбек ету ережелерін сақтау сияқты ептіліктер дұрыс қалыптастырылады.
Технологиялық бақылау жұмыстарын, техникалық және технологиялық есептерді бағалау критерийлерінде: берілген жауаптың тереңдігі мен дәлдік дәрежесі; өмірлік тәжірибесі мен ғылым негіздері білімдері бойынша жауап беру кезінде пайдалану; жауап беруде ғылыми-техникалық және өндірістік мағлұматтарды кірістіру; барлығына ортақты (жалпыны) табу, ажырату және салыстыру іскерлігі; жауап беруде техникалық терминдерді пайдалану ескерілуі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет