Лекция тезистері



бет1/11
Дата09.05.2023
өлшемі78.11 Kb.
#473417
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
бас білім лекциялар


ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
1-2 лекция. Бастауыш білім беру мазмұны және оқыту технологиясын жасаудың ғылыми-теориялық негіздері оқу пәні ретінде


Жоспары:
1.1 Курстың объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері және әдіснамасы.
1.2 Курстың басқа пәндермен (педагогикамен, психологиямен, бастауыш сыныптардың пәндерін оқыту теориясы және технологиясымен, дербесәдістемелік пәндерді оқытудың ғылыми-теориялық негіздерімен, қазіргі заманғы педагогикалық технологиялармен, т.б.) байланысы.


Мақсаты: магистранттарға оқу пәні ретінде бастауыш білім беру мазмұны және оқыту технологиясын жасаудың ғылыми-теориялық негіздері, курстың объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, әдіснамасы, пәнаралық байланыс жайлы мағлұмат беру.
Түйін сөздер: курстың объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, әдіснамасы, пәнаралық байланыс.
Бұл курс жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру мақсатындағы қоғамның сұранысына және мектеп дамуының қазіргі талаптарына сәйкес магистранттарды білім мазмұнын түзу мен оқыту технологиясы бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге дайындауды қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Курсты оқытудың мақсаты: магистранттардың бастауыш мектептегі білім мазмұнын құрастыру мен оқыту технологиясын түзу бойынша өз бетінше ғылыми зерттеулер жүргізе білу қабілетін қалыптастыру.
Аталған мақсатқа қол жеткізу мынадай міндеттер арқылы жүзеге асырылады:
- магистранттарды білім мазмұнын түзу мен оқыту технологиясының ғылыми-теориялық негіздері бойынша білімдермен жасауға қаруландыру;
- білім мазмұны мен оқыту технологиясының принциптерін ажырата білу;
- білім мазмұнын құрастыру және оқыту технологиясын түзумен байланысты біліктер қалыптастыру;
- бастауыш мектептегі білім мазмұнын түзуге және оқыту технологиясын жасауға ғылыми тұрғыда қарау қабілеттерін қалыптастыру.
Курсты оқып-үйрену нәтижесінде магистранттар:

  • «білім мазмұны» ұғымының мән-мағынасы мен көлемін;

  • білім мазмұнының құрылымын;

  • бастауыш білім мазмұнының деңгейлерін;

  • бастауыш білім мазмұнын іріктеу мен құрастырудың принциптерін;

  • бастауыш мектептің оқу пәндерін оқытудың қазіргі заманғы технологияларының үлгілерін білулері тиіс.

Курсты оқып-үйрену нәтижесінде магистранттар:
- өз бетінше жаңа білім алулары;
- іс-әрекеттің жаңа түрлерін оқып-үйренулері;
- бастауыш білімнің қазіргі заманғы мазмұнын және қазіргі заманғы технологияларын талдай алулары;
- ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жүйелей білулері;
-бастауыш білімнің базалық мазмұнын үш деңгейде (теориялық деңгейде, оқу пәні және оқу материалы деңгейлерінде) құрастыра алулары;
- бастауыш мектепте оқытудың қазіргі заманғы технологияларын жүзеге асыра білулері керек.
Білім мазмұнын құрастыру мен оқыту технологиясын түзумен байланысты қойылған міндеттерді шешу философияны, жоғары мектеп педагогикасы мен психологияны қамтитын теориялық білімдер жүйесі негізінде ғана жүзеге асады. Сондықтан аталмыш білім тарихы мен философиясы, шетел тілі, менеджмент, психология және педагогика сияқты базалық пәндерді оқып үйренгеннен кейін ғана енгізіледі. Сондай-ақ бұл курс дербесәдістемелік пәндерді оқытудың ғылыми-теориялық негіздері, педагогикалық пәндерді оқытудың әдістемесі, бастауыш оқытуда озат педагогикалық тәжірибелерді оқып үйрену, жалпылау және тарату әдістемесі, педагогикадағы математикалық әдістер деп аталатын бейіндік пәндерді оқып үйренумен тығыз байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет