Лекциялар 15 с Лабораториялық сабақтар 15 с СӨЖ 30 с обсөЖ 30 с



бет3/13
Дата13.06.2016
өлшемі1.18 Mb.
#133545
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


«Жаратылыстану» факультеті


«Биология» кафедрасы.

“Адам анатомиясы” пәні бойынша 05 01 13


«Биология»

мамандықтарының студенттері үшін.



Лабораториялық сабақтар жоспары.

9.Лабораториялық сабақтар.




Сабақтың мазмұны

Сағ.сан

Әдебиеттер

1

Сүйектер туралы ілім ( остеология).

1 сағ

1,2,3,4,5,6,8

2

Омыртқа жотасы және көкірек клеткасы.

1сағ

1,2,3,4,5,7

3

Қол сүйектері. Аяқ сүйектері


1 сағ

1,2,3,4,5,6

4

Бас сүйектері. Сүйектердің байланысу түрлері.


1 сағ

1,2,3,4,5,6

5

Көкірек клеткасының бұлшық еттері. Құрсақтың бұлшық еттері. Арқаның бұлшық еттері.


1 сағ

1,2,3,7,8,9

6

Мойынның және бастың бұлшық еттері. Қолдың бұлшық еттері. Аяқтың бұлшық еттері.


1сағ

1,2,3,4,5,6

7

Ас қорыту жүйесі

1сағ

1,2,3,4,5,6


Жұмыс № 1.

Тақырыбы: Сүйектер туралы ілім ( остеология).

Жұмыс жоспары : 1. Адам скелетінің жалпы құрылысымен танысу. 2. Сүйектің химиялық құрамын түсіну үшін отқа күйдіріп, тұз қышқылының ерітіндісіне салған сүйектің қасиетін зерттеу.

Жұмысқа керек жабдықтар: Адам скелеті мен жеке сүйектер. Сүйектің ( ұзына бой және көлденең) кесінділері. Тұз қышқылының ерітіндісіне салып жұмсартылған және отқа күйдіріп қатайтылған – сүйектер. Атластар мен осы тақырыпқа байланысты таблицалар: “ Адам скелеті”, “ Бас сүйектер”, “ Қол-аяқ сүйектері”.


Жұмыс № 2.

Тақырыбы: Омыртқа жотасы және көкірек клеткасы.

Жұмыс жоспары: 1. Омыртқа жотасының құрылысымен танысып болғаннан кейін, оның әрбір бөлігінде жатқан омыртқалардың ерекшеліктерін зерттеп, ажырата білу. 2. Көкірек клеткасының құрылысын сипаттап көкірек клеткасы мойын,арқа,бел,құйымшақ омыртқалары мен сегізкөз сүйегінің суретін салу. 3. Омыртқа жотасы мен көкірек клеткасының сүйекаралық байланысымен танысу.

Жұмысқа керек жабдықтар: адам скелеті, омыртқа жотасы мен омыртқалар. Көкірек клеткасы мен оның жеке сүйектері ( қабырғалары мен төс сүйегі). Атластар мен түсті таблицалар: “ Скелет”, “ Омыртқа жотасы”, “ Көкірек клеткасы”, “ Жеке омыртқалар”, “ Қабырғалар”.



Жұмыс № 3

Тақырыбы: Қол сүйектері. Аяқ сүйектері

Жұмыс жоспары: 1. Қол сүйектерінің құрылысымен танысып болғаннан кейін сүйекаралық байланыстарды зерттеу. 2. Жеке сүйектердің ( жауырынның, тоқпан жіліктің, қол басының) суреттерін салу. 3. Аяқ сүйектерінің құрылысымен танысып болғаннан кейін, олардың өзара байланыстарын зерттеу. 4. Жеке сүйектердің (жамбастың, ортан жіліктің) суретін салу.
Жұмысқа керек жабдықтар: Адам скелеті. Қолдың жеке сүйектері (жауырын, бұғана, тоқпан жілік, шынтақ жілік, кәрі жілік, қол басының сүйектері). Атластар мен түрлі түсті таблицалар: “ Қол сүйектері”, “ Жауырын”, “ Тоқпан жілік”, “ Шынтақ жілік”, “ Кәрі жілік”, “ Қол басының сүйектері”. Адам скелеті. Аяқтың жеке сүйектері ( жамбас, ортан жілік, асық жілік, асық жілік шыбығы, аяқ басының сүйектері). Атластар мен түсті таблицалар: “ Қол сүйектері”, “ Жамбас сүйегі”, “Сирақ сүйектері”, “ Аяқ басының сүйектері”.
Жұмыс №4.2

Тақырыбы: Бас сүйектері. : Сүйектердің байланысу түрлері.

Жұмыс жоспары: 1 Ми сауыты мен бет бөлімінің сүйектерінің құрылыс ерекшелігімен танысқаннан кейін олардың өзара байланыс түрлерін білу. Күрделі құрылыстағы ( самай, сына, жоғарғы жақ, тор т.б.) сүйектердің суретін салу. Адам денесіндегі сүйекаралық байланыс түрлерін зерттеу.

2.Буын құрылысмен танысып болғаннан кейін препараттар арқылы олардың түрлері мен пішіндерін анықтау.

3. Буындардың білектерден айнала өтетін жұмысын зерттеу.

Жұмысқа керек жабдықтар: Бас скелеті мен сүйектері. Бас сүйектерінің муляждары. Атластар мен түсті таблицалар: “ Бас скелеті”, “ Бастың жеке сүйектері”, “ Жас нәрестенің бас сүйегі”. Адам қаңқасы мен жеке сүйектер. Буын түрлерінің препараттары мен муляждары, атластар мен таблицалар: “ Буындар құрылысы”, “ Білектер”.



Жұмыс № 5.

Тақырыбы: Көкірек клеткасының бұлшық еттері. Құрсақтың бұлшық еттері. Арқаның бұлшық еттері.

Жұмыстың жоспары: 1. Әрбір еттің құрылысын қай сүйектен басталып, қай сүйекке тіркелу жағдайын білгеннен кейін қандай жұмыс атқаратынын анықтау. 2. Жалпы көкірек клеткасының еттері мен құрсақ еттерінің тыныс алу т.б. физиологиялық процестердің өтуіне тигізетін әсерін зерттеу.3. Арқа еттерінің атқаратын жұмысын зерттеу.
Жұмысқа керек жабдықтар: Адам скелеті. Көкірек еттері мен құрсақ еттерін көрсететін муляждар мен торстар. Тыныс алу еттерінің муляждары. Атластар мен таблицалар: “ Көкірек клеткасының бұлшық еттері”, “ Құрсақ еттері”. Адам скелеті. Арқа еттері көрсетілген торстар мен муляждар. Атластар мен таблицалар: “ Арқа еттері”.
Жұмыс № 6.

Тақырыбы: Мойынның және бастың бұлшық еттері. Қолдың бұлшық еттері. : Аяқтың бұлшық еттері.

Жұмыстың жоспары: 1.Мойынның бұлшық еттерінің құрылысы мен жұмысын зерттеу. 2.Бастың, ымдау еттерінің құрылысын тексеру.3 . Қолдың бұлшық еттерінің құрылысын зерттеу, олардың жиырылғанда атқаратын қызметін білу. 4.Аяқ еттерінің құрылысын зерттеу мен атқаратын қызметімен танысу.

Жұмысқа керек жабдықтар: Бас скелеті. Бас еттерінің муляжі. Мойын еттерінің муляжі. Атластар мен таблицалар: “ Мойын еттері”, “ Бас еттері”. Адам скелеті. Қол сүйектері. Атластар мен таблицалар: “ Қол еттері”, “ Иық белдеу еттері”, “ Білек еттері”, “ Қол басының еттері”. : Адам скелеті. Жеке аяқ сүйектері. Атластар мен таблицалар: “ Аяқ еттері”, “ Жамбас белдеуінің еттері”, “ Сан еттері”, “ Сирақ еттері”, “ Аяқ басының еттері”.


Жұмыс № 7.

Тақырыбы: Ас қорыту жүйесі

Жұмыс жоспары: 1. Ас қорыу органдарының қабырға құрылысына жалпы анықтама беру. 2. Ауыз қуысының құрылысын зерттеп, тілдің дәм еміздікшелерінің түрлерін, орналасуын анықтап, тістің дентин, эмаль, цемент заттарын тіс қуысындағы пульпаны көру. 3. Жұтқыншақтың, өңештің, аш және тоқ ішектің құрылысын зерттеп, олардың қабырға қабаттарының ерекшелігін түсіну. 4. Тілдің, тістің суретін салу. 5.Қарынның орналасуын атластар мен таблицалардан, барельефтан көргеннен кейін сыртқы пішіні мен құрылысын зерттеп, суретін салу. 6. Аш ішектің жалпы бөлімдерімен, құрылысы мен танысқаннан кейін оның атқаратын (қорту және сіңіру) қызметтерінің қалай өтетінін түсіну. Он екі елі ішектің бауыр мен және қарынасты безімен байланысу маңызын зерттеу. 7. Барельеф және муляждар арқылы тоқ ішек құрылысы мен жұмысының ерекшелігін анықтау. 8. Бауыр мен қарынасты бездерінің құрлысына байланысты өтетін ас қорту және зат алмасу процестеріне тиетін әсерін түсіну.

Жұмысқа керек жабдықтар: муляждар: “Адам торсы”, “ Ас қорту органдары”, “ Бас сүйектің сагитальды кесіндісі”, “ Тіс”, “ Төменгі және жоғарғы жақ”, таблицалар: “Ас қорту органдары”, “Көмей тесік”, “Тіс”, “Тіл”, “Сілекей бездері”, “Жұтқыншақ құрылысы”, “Өңеш құрылысы”, “Қарынның құрылысы”, “Аш ішек және тоқ ішек құрылысы”, “Бауыр мен қарын асты безінің құрылысы”. таблицалар мен муляждар: , “Қарын құрылысы”, “Аш ішек құрылысы”, “Бауыр құрылысы”, “Қарынасты безінің құрылысы”, “Ішкі органдардың топографиясы”.



Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Негізгі


1. Жандар Керімбектің Ермаханы.Тәнтану. А. 2004

2. А.Р.Рахышев .Адам анатомиясы А.2005.1-2 тт

М. Юсупова . Адам анатомиясының практикумы . А. Мектеп . 1984.

3. Воробьев В .П. Атлас анатомии человека , тт 1-3 ; М-Л ., Мегдиз , 1938-1942.

4. Гримяцкий М. А. Анатомия человека . М.1950.

5. Иваницкий М. Ф. Анатомия человека. М 1965.

6. Курепина М. М., Воккен Г. Г. Анатомия человека. М. 1971.

7. Привес Г. М. Анатомия человека. Л. 1974.


Қосымша :

1. Анохин П.К. биология и нейрофизиология условного рефлекса . М. Медицина . 1968.

2. Асратян Э. А. Фи9зилогия центральной нервной системы . М. Медгиз. 1953.

3. Беленов Н. Ю. Условный рефлекс и подкорковые оброзования мозга . М. 1965.

4. Бенритов И. С. Структура и функции коры большого мозга . М. Наука . 1969.

5. Бруновт е.П. Малахова Г. Я. Основы анатомии, физиологии и гигиены .А .1970.

6.Гарибьян Р. Б. Марков Н . Г. Анатомия и физиология человека . А. 1973.

7. Гримяцкий М.А. Анатомия человека .М. 1970.

8.Кабанов А. Н. Чарбовская А.П. Анатомия , физиология и гигиена детей дошкольного возраста. М. Просвещение. 1969.

9.Леонтьева Н.Н. Маринова К.В. Анатомия и физиология детского организма. М. Просвещение .1986.


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.
«Сырдария» университеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет