Лекциялар: 30 сағат Семинар: 15 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат



бет4/8
Дата14.06.2016
өлшемі0.73 Mb.
#135425
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8

XVIIІ-лекция.

Тақырып: Азаматтық құқық жүйелерінің негізгі элементтері жӘне олардың Әлеуметтік Өмірге Әсері.
(1 сағат)

Жоспар:

1. Азаматтық құқық жүйесінің негізгі элементтері

2. Азаматтық құқық жүйесінің әлеуметтік өмірге әсері

Лекцияның мәтіні:

Адам құқықтары мен бостандықтары – дүниежүзілік қоғамдастық игерген, мойындаған және тиісті халықаралық-құқықтық актілерде бекітілген, әлеуметтік және заңдық жағынан қамтамаз етілген, әрбір адамның құқы ретінде сойындалған, ешкімде шектеп немесе тыйым сала алмайды. Адам өзінің табиғи құқығы мен бостандығының қайнар көзі, сондықтан олардан шеттетілмеу тиіс.

Қазақстан мемлкеті адам құқығы мен бостандығының оның қай елдің азаматы екендігіне қарамастан мойындайды, кепілдік береді әрі қорғайды.

Адам құқығы оның міндетімен байланысады, сондықтан олардың жүзеге асырылуы нақтылы жағдайларға қатысты; адамға берлген құқық оның мүмкін болған мінез –құлық түрімен өлшемінен сипат алады. Адам бостандықтары ешқандай жағдайларға байланысты болмайды, ол оның еркінің нәтижесі. Адам құқығы азаматтардың құқықтарымен тепе-тең емес.

Республика азаматтарының құқықтарымен бостандықтары Қазақстан мемлкеті мойындайтын әрі кепілдік беретін өз азаматтарының белгілі мінез –құлқының заңдық мүмкіндіктерін білдіреді. Адам құқықтарымен бостандықтары және азамат құқықтарымен бостандықтары өзара байланысты, бірақ бір-біріне дәл келмейді. Біріншісі, бастауыш және жан-жақты категория, ал екіншісі, қоғам мен мемлкеттің даму деңгейін көрсетеді.

Алайда, кез келген жағдайда құқықтар мен бостандықтар деген атау – Қазақстан Республикасы Конституциясының басты категориясына жатады, адамды қазақстандық қоғамның ең қымбат қазынасы ретінде бекітуге бағытталған. Адам және азамат құқықтарымен бостандықтары серпінді түрде кеңейе түсуде. Өркениетті мемлекеттердегі адам мен азаматтардың қазіргі құқықтарымен бостандықтары толық көлемде Республика Конституциясында бекітілдген.

Бүгінгі таңда әлемдегі әрбір мемлкеттіңөзіне тән құқықтық жүйесі бар. Қандай елде болмасын, құқық жүйесі аясындағы азаматтық құқықтың орны айрықша. Француз ғалымы Рене Давид азаматтық құқыққа мынадай анықтама берген: “Нағыз құқық-жеке құқық болып қала береді, заңгерді қалыптастыру тек азаматтық құқықты оқып-үйрену арқылы болуы мүмкін”.
Англо-саксондық құқық жүйесі. Бұл жүйе роман-герман жүйесі сияқты жария және жеке құқық немесе азаматтық пен сауда құқығы деп бөлінбейді, онда тек, “жалпы құқық” және “әділдік құқығы” деген жүйе бар. “Жалпы құқық” король сотымен құрылып, бүкіл Англияға қолданатын құқық болып табылады. “Әділдік құқығы” канцлер сотымен құрылатын жалпы құқық нормаларына өзгертулер мен толықтырулар енгізетін нормалар жиынтығы. Мұндай бөлініс бүгінде ағылшын құқығының негізіне айналған. Сондықтан да ағылшындар заңгерлерді “жалпы құқықтық” заңгерлері және “әділдік құқығының” заңгерлері деп бөліп қарайды.

Құқықтың мұсылман жүйесі. Мұсылман құқығы шариатқа негізделген. “Шариат”-арабтың “шариа” – “мақсатқа жетудің дұрыс жолы”, “шариа”-“заңдарды жолдау, шығару” деген ұғымдарды білдіреді. Осы түбірден келіп “ташриун”-“заң шығару”, “шариун”-“заң шығарушы”, “мута-шариун”-“зан маманы” деген сөздер шыққан. Ислам өзінің мән-мағынасы бойынша дін заңы болып табылады. Мұсылман құқығы (“фикһ” деп аталады) шариаттың құрамдас бөлігі болып саналады. Мұсылман құқығы құқықтың мынадай негіздерінен тұрады: 1) Құран-исламның қасиетті кітабы; 2) сунна-Мұхаммед пайғамбардың сөздері мен уағыздары; 3) қияс – аналогия; 4) пікірлері; 5) фетв-жоғары діни білімпаздарының заң туралы түйіндері; 6) адат – исламды насихаттайтын арабтар мен басқа халықтардың дәстүрі мен әдет-ғұрыптары.

Құран - мұсылмандық құқық негізі. Құран – араб тілінен аударғанда “кітап, оқу” деген мағынаны білдіреді. Құран сүрелерден, аяттардан тұрады. Мәселен, азаматтық құққа жетпіс сүре арналған. Мәселен, әлгінде айтқанмыздай, сунна, иджма, қияс, әдет-ғұрып заңдары, ғибадат ету және адамдарың қарым-қатынасын реттейтін нормалары бар.

XІX-лекция.

Тақырып: Азаматтардың Әрекет қабілетттілігі
(1 сағат)

Жоспар:

1. Азаматтардың әрекет қабілетттілігі және әдет-ғұрып


Лекцияның мәтіні:

Азаматтардың әрекет-қабілеттілігі дегеніміз, азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі болып табылады.

Азаматтардың әрекет-қабілеттілігі азаматтық құқық қабілеттілігінен ерекшеленеді. Азаматтың құқық қабілеттілігі оның дүниеге келген сәиінен бұл дүниеден озғанынша бірге болады. Азаматтың әрекет қабілеттілігі үшін оның өз еркімен мүлікті иеленіп оған билік ету немесе өзіне міндеттеме алуға тілек білдіруі қажет. Сондықтан да азаматтық құқық қабілеттілігі оның жасы мен психикалық жағдайына қатысты келеді. Ол өзіне азаматтық құқық пен міндеттілігібарлардың бәрі бірдей әрекет қабілеттілігі белгілі бір уақыт арасында болуы мүмкін.

Әдебиеттерде азаматтардың әрекет қабілеттілігі толық, ішінара және шектеулі деп бөлінеді. Оның өзі азаматтың әрекет қабілеттілігіне байланысты жүзеге асады. Жаңа туған бала толығынан құқық қабілеттілігі бола тұрса да, өзі әрекет жасап қайсыбір құқыққа ие болуға немесе өзіне міндеттер алуға қабілетсіз екендігіне байланысты. Сондықтан әрекет жасау жасы толған адамдарға ғана болады.

Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайда ұшратқан азаматтың әрекет қабілеттілігін сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіп бойынша шектеуі мүмкін. Оған қамқоршылық белгіленеді. Ол тұрмыстық мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Басқа мәмілелерді жасауды, сондай-ақ табысын, зейнетақысын және өзге де кірістерін алуды және оларға билік етуді олтек қамқоршысының келісімімен ғана жүзеге асыра алады.

Ал, азамат, айталық, жүйке ауруынан жазылып, арақты қойып, нашақорлықтан құтылса, заң осыны ескере отырып, сот арқылы оның әрекет қабілеттілігіне қойылған шектеудің күшін жояды. Сот шешімінің негізінде азаматқа белгіленген қамқоршылықтың күші жойылады. Нәтижесінде сот оны әрекет қабілеттілігі бар деп таниды.

Қазақ қоғамындағы құқықтық өмір арнасы түптеп келгенде ауызша сөйлеу мәдениетіне негізделген. Сөз өнері құқықтық жүйенің негізгі рухани тіректерінің бірі, мәйегі әрі құралы. Құқықтық болмыс сөз өнерінің шуағы мен қуаты аумағында болып, соның нұрынан суарылып, толып-толысып отырады.

Қазақ даласында сөз өнерінің орыны ерекше. Сөз өнері-халықтың рухани өмірінің символы іспеттес.

Тіл, сөз еркіндігі қоғамдағы басты құндылықтың бірі болып саналады. Сондықтан әдет-ғұрып құқында “үлгілі сөз”, “ескіден қалған сөз”, “аталы сөз” деген ұғымдар ерекше орын алады.

Сонымен, құқықтық қағида, норманы орындау, іске асыру ел арасында “сөзде тұру”, “сөзге берік болу”, “уәдеден таймау” түсініктерімен шекараласып, шектесіп жатады.

Сөздің әсер ету пәрменділігі, қызмет жасау қуаты, оның адам ойы мен ісіне, жүріс-тұрысына, тәртібіне ықпал етуі ерекше. Сондықтан адамдардың әрекет қабілеттілігінің дұрыс жолда болуына әдет-ғұрып қағидаларының әсері мол. Тіпті сот процесінде орынды қолданылатын мақал-мәтел, айшықты афоризмдер, қанатты сөздердің тәрбиелік мәні зор.

XX-лекция.

Тақырып: Ар-намысты, қадір-қасиетті іскерлік беделді қорғау құқығының Әлеуметтік Өмірдегі алатын орны.
(1 сағат)

Жоспар:

1. Ар-намысты құқығының әлеуметтік өмірде алатын орны

2. Қадір-қасиетті іскерлік беделді қорғау құқығының әлеуметтік өмірдегі алатын орны
Лекцияның мәтіні:

Азаматтық кодекстің (АК) 143-бабына сәйкес ар-намысты, қадір-қасиетті жәнеіскерлік беделді азаматтық-құқықтық қорғау былайша жүзеге асады, яғни азамат немесе заңды тұлға өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтарды, егер ондай мағлұматтарды таратушы адам олардың шындыққа сай келетіндігін дәлелдей алмаса, сот арқылы теріске шығаруды талап етуге құқылы.

АК-тің 143-бабында “теріске шығару” ұғымы ашып көрсетілмеген, тек ар-намысқа, қадір-қасиетке немесе іскерлік беделге кір келтіретн мағлұматтар деп қана жанама түрде айтылған.

Ар-намыс дегеніміз тұлғаның (азамат немесе заңд тұлға) рухани және әлеуметтік болмысына берілетін қоғам бағасы. Ал, қадіп-қасиет дегеніміз тұлғаның өзін-өзі бағалауы, өзінің жеке сапаларын сезінуі, қабілет-қарымын көре білуі, дүниетанымын, қоғамдағы орны мен борышының маңызын іштей түсінуі, өзін-өзі бағалау тұлғаның моральдық және басқа сапаларын бағалаудағы әлеуметтік маңызд түйіндерге негізделеді.

Азаматтардың ар-намысына, қадір-қасиетне және іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтар қатарына баспасөзде жарияланған теріс мағлұматтар, радио және теледидар арқылы және басқа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берілген хабарлар, қызмет мінездемесінде және басқа мінездемелерде, жария сөз сөйлеулерде, түрлі ұйымдар мен лауазымды тұлғаларға бағытталған, оның ішінде ауызекі түрде айтылған хабарлар жатады. Ауызекі нысандағы мағлұмат бір немесе бірнеше тұлғаға қатысты болуы мүмкін.

Азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты олардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік дебеліне кір келтіретін мағлұматтар таратылған болса, олар мұндай мағлұматтарды теріске шығарумен бірге олардың таратылуымен өздеріне келтірілген залалдың немесе моральдік зиянның орның толтыруды талап етуге құқылы. Егер азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысына, қадір-қасиетіне іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтарды таратушыны анықтау мүмкін болмаса, өзі жөнінде осындай мағлұматтар тараған адам таратылған мағлұматтарды шындыққа сай келмейді деп тануы туралы сотқа шағымдануға құқылы.

Егер жауапкер соттың шешімін орындамаса, сот оған тәртіп бұзғаны үшін бюджеттің кірісі өндіріліп алынатын айыппұл салуға құқылы. Айыпппұл азаматтық іс жүргізу заңдарында белгіленген тәртіп пен мөлшерде салынады. Айыппұл төлеу тәртіп бұзушыны сот шешімінде көзделген әрекетті орындау міндетінен босатылады.

Сонымен, Қазақстан Республикасының біртұтас құқықтық жүйесі бірнеше салаға бөлінеді, соның бірі, біз талдап отырған – азаматтық құқық.

Қазіргі нарықтық экономика жадайында ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғауда азаматтық құқықтың алатын орны ерекше. Азаматтык кодекстің 3-бабының 4-тармағында азаматтық қатынастар ғұрыптармен, сонң ішінде іскерлік айналым ғұрыптарымен реттелетін ережелерімен белгіленетінің атап өтуіміз керек.

Азаматтық кодекстің 272-бабында іскерлік дағдылардың қолданылу мүмкіндігі көзделген. Атап айтқанда, міндеттеме тиісті түрде, міндеттеменің ережелері мен заңдардың талаптарына сәйкес, ал мұндай ережедер талаптар болмаған жағдайда іскерлік айналм ғұрыптарына немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиіс. Сонда ғана азаматтық айналымға орныққан мінез-құқлық ережелері іскерлік дағдылар деп түсініледі.



XXІ-лекция.

Тақырып: Адамның жӘне азаматтың Әлеуметтік құқықтары мен бас бостандықтарына қарсы қылмыстар
(1 сағат)

Жоспар:

1. Адамның және азаматтың әлеуметтік құқықтары мен бас бостандықтарына қарсы қылмыстар


Лекцияның мәтіні:

Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы-ҚР құқықтық жүйесіне кіретін өз алдына жеке құқық саласы. Ро негізінен, мемлекет, егер орындамаса, өзінің жазалайтндығын алға тарта отырып, бекіткен және санкциялаған, белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салатын ережелердің жиынтығын құрайды.

Қылмыстық құқықтың реттеу аясына мемлкеттік және қоғамдық құрылыс меншік, жеке адам, құқықтық тәртіп, қоршаған орта және т.б. сияқты сан-саналы қоғамдық қатынастар, соның ішінде, басқа құқық салаларымен реттелетіндері де кіреді.

Қылмыстық құқықты иіндескен құқық салаларынан даралап алуға оның реттеу пәні, яғни қылмыс жасауға және оған белгілі бір жазалар қолдануға байланысты туатын қоғамдық қатынастар негіз болады.

Қылмыстық заң қоғамға қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатынын анықтап, оларға жаза бекітеді.

Қылмыстқы құқық қылмыстық жауаптылқтың жауаптылықпен жазадан босатудың талаптары мен негіздерін, қылмыстық жазаны іске асыруда, қылмысқа қарсы күрес пен оның алдын алуда қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қатысу нысандарын реттейді.

Қылмыстық құқық пәнінің үш түрлі бағытта шоғырланғандығын байқауға болады: реттеуші, қорғаушы, қылмыстың алдын алдын алушы қоғамдық қатынастар.

Бұрынғы қылмыстық кодекстерде қорғалатын объектілерді баяндау ретінің өзгеше болғандығын, алдынғы кезекте мемлкеттік қоғамдық, содан соң ғана жеке адамның мүдделерін қорғау тұрғандығын айта кету керек.



Қылмыстық құқықтың принциптері. Қылмыстық құқықтың принциптері – қылмыстық құқық басшылыққа алатын орның институттары мен нормаларының негізгі мазмұны мен бағытын ақындайтын бастаулар. Қылмыстық құқық қандай жетекші идеяларды ұстанады? Олардың бірқатарын санап шығуға болады, бірақ соның ішінде төмендегі он принцип: қылмыстық құқықтың басты-басты қағидалары:

  1. Заңдылық принципі. Ол қылмыспен күресуді заң шеңберіндегі оның талаптарын мүлтіксіз орындай отырып, жүргізуге иек артады. Ешкімде соттың үкімінсіз, заңға қайшы жолмен кінәлі болып табылмайды.

  2. Заң алдында азаматтардың теңдігі принципі. Ол адамның тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, дінге көзқарасына, тіліне, намысына, тұрғылықты жерне қарамай қылмыстық заң алдында бірдей жауап беретіндігін көрсетеді. ҚР Конституциясының 14-бабында “Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең”,-делінген.

  3. Қылмыстық құқық принциптерінің енді бірі – қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершіліктің тумай қоймайтындығы. Әрбір қылмыс жасаушы қолымен істегенді мойынымен көтеретінің біліп жүруге тиіс.

  4. Жеке жауапкершілік принципі. Қылмыс жасағаны үшін заңды тұлғалардың емес, тек қана жеке тұлғалардың (адамдарды) қылмыстық жауаптылығын көрсетеді.

  5. Айыпты жауаптылық принципі қылмыстық әрекет үшін басқа адамдар емес нақты сол әрекетті жасаушы адамды жауапқа тартуды ғана білдірмейді, сонымен қоса оны айыпты түрде жасаған адам аыпты екенің көрсетеді.

  6. Әділдік принципі объективті, жеткілікті, заңға сәйкес мәліметтерге сүйене отырып қана қылмыстық жауапқа тартуға болатынын, айыптының жасаған ісі мен тартқан жазасының сәйкес болуы, бір қылмыс үшін қайталап жауапқа тартылуға болмайтындығын білдіреді.

  7. Демократизм принципі. Сот төрелігін жүзеге асыру барысында істі қатысушылар мен сол ауданның басым бөлігі білетін тілде жүргізу, сотталушыларды егер қажет етсе, аудармашының, қорғаушының көмегімен қамтамасыз ету демократизм принціпінің көрінісі болып табылады.

  8. Гуманизс принціпінің мәні кішігірім қылмыстарды алғаш жасаған адамдарға кешіріммен қарап, жеңіл жаза тағайындап, кейде әкімшілік жауапкершілікпен ауыстыра отырып, қылмыстақ жауапкершіліктен толығымен босатудан, керісінше ауыр қылмыс жасағандарға, рецидивтерге, ұйымдасқан құрылымдардың мүшелеріне неғұрлым ауыр жаза қолданудан тұрады.

  9. Қылмыстық қудалау шараларын орынды қолдану принципі. Мемлекет қылмыстық қудалауды (жазаны) қылмыс жасаушының түзеуден басқа жолы қалмағанда қолдануға шарасыздан барады

  10. Интернационализм принципі ұлттық теңдікті бұзғаны үшін басқа мемлекеттің мүддесіне, халықаралық қауіпсіздікке, ұлттар арасындағы бейбітшілікке қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік белгілейтін нормалардан көрініс табады.



XXIІ-лекция.

Тақырып: Қоғамдық тӘртіпке қарсы қылмыстар жӘне еркіндік
(1 сағат)

Жоспар:

1. Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың сипаттамасы

2. Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстарды құран сипаттамасы
Лекцияның мәтіні:

Еркіндік дегеніміз – адамдардың өз қалауымен және өз түсініктері бойынша істеуіне болатын істерді атқаруға сыртқы кедергілердің болмауы.

Біріншіден, адам белгілі бір әрекетті істесем бе, әлде істемесем бе деп тұрса және соны ойластыруға оның уақыты болмаса, онда әрекет, не сол әрекеттен бас тарту ол адамның сол сәттегі қабылдаған әрекетінің салдарлары ол үшін жақсы бола ма немесе болмай ма деген көзқарасымен қажетті байланыста.

Екіншіден, адам бір әрекетті істеу керек пе, әлде істемеу керек пе дегенді ойластырғанда, ол ең алдымен оны істеу менің өзіме жақсы ма, әлде жаман ба-осыны ойлайды.

Үшіншіден, қандай да болмасын ойластыруда, яғни қарама-қарсы тілектердің ауысу тізбегінде, ең соңғы тілекті біз ырық деуіміз керек.

Төртіншіден, ойластырылып барып істелген әрекет өз еркімен болған және соның арқасында қалап алынған әрекет деп қаралуы керек.

Бесіншіден, еркіндікті былай деп анықтауға болады: еркіндік әрекет етуге ешбір кедергі жоқ деген сөз, егер ондай кедергілер әрекет етуші субъектінің өз табиғатында немесе ішкі қасиеттерінде болмаса. Мысалы, былай дейміз: су өзен арқасымен еркін ағады, немесе ағу еркіндігі бар, себебі ол бағытта оған ешқандай кедергі жоқ, бірақ арнаға көлденең ағуға оның еркіндігі жоқ, себебі жағалар оған кедергі болады.

Алтыншыдан, ешнәрсенің бастауы өзінде емес, барлық нәрсе басқа бір сыртқы тікелей агенттің әрекетінен болады.

Жетіншіден, өзінің салдарын туғызу үшін ешқандай қосымша нәрселерді керек қылмайтын себептерді – жеткілікті себептер дейміз. Ол тағыда қажетті себеп. Себебі, егер жеткілікті себеп өз салдарын туғызуға қосымша ықпалды қажет етсе, ол жеткіліксіз себеп болады. Бірақ жеткілікті себеп өз салдарын туғызбай қоймайтын болса, онда ол қажетті де себеп болады, себебі салдарын міндетті түрде туғызатын себеп оның қажеттілігін де туғызады. Бұдан шығатын қорытынды-туғызылған нәрсе қажетті түрде туған, себебі туған нәрсенің бәрі жеткілікті себептен туған, әйтпесе ол пайда болмаған еді.
Қылмыстық тікелей объектісі – қоғамдық тәртіп, ал қосымша объектісі – адамның денсаулығы, ар-намысы немесе меншігі болып табылады.

Осы қылмыстың жәбірленушісі кез-келген адам болуы мүмкін. Қылмыстық кодекстің 257-бабының 2-тармағының “а” тармақшасында бұзалықылықтан жәбір көретіндердің тізімі: өкімет өкілі, қоамдық тәртіпті бұзуға тыйым салушы өзге де адамдар деп тура көрсетілген. Өкімет өкіліне қоғамдық тәртіпті бұзушылықты тыюға құзіретті барлық лауазым адамдары жатады.

Объективтік жағынан бұзақылық қоғамды анық құрметтемеуін білдіретін, азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен не ерекше арсздықпен ерекшеленетін әдепсіз іс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушылық әрекеттер арқылы сипатталады.

Бұзақылықтың мақсаты қоғамдық тәртіпті өрескел бұза отырып, жәбірленушіге күш көрсету, қорқыту, оның бойына қорқыныш туғызу, мүлкін жою, бүлдіру болып табылады.

Отбасында, пәтерде туған-туысқандарын, таныстарын балағаттау, ұру, денесіне жарақат түсіру және жеке бастың араздығынан, жәбірленушінің теріс қылығынан болған осыған ұқсас әрекеттер жеке адамды қарсы қылмыс жасағаны үшін жауапкершлік көрсетілген Қк-тің баптарының саралануы тиіс. Егер мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіпті өрескел бұзумен ұласса және қоғамды көпе-көрінеу құрметтемеушілікті білдірсе, онда кінәлінің әрекеті бұзақылық ретінде сараланады.

XXIIІ-лекция.

Тақырып: Қылмыстық-атқару құқығының қағидалары жӘне олардың Әлеуметтік Өмір дамуына Әсері
(1 сағат)

Жоспар:

1. Қылмыстық-атқару құқығының қағидалары және олардың әлеуметтік өмір дамуына әсері


Лекцияның мәтіні:

Қылмыстық атқару қызметі басқа да құқық қызмет түрлерімен, мысалы, сот, прокуратура, ішкі істер органдары қызметімен байланысты жүргізіледі.

Қылмыстық-атқару құқығы дегеніміз – Қазақстан Республикасының Қыдмыстық кодексіндегі қарастырылған жазаларды өтеу және атқару кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін заң нормаларының жүйесі болып табылады.

Қылмыстық-атқару құқығының қағидалары ретінде, барлық нормалардың бағытын бір жолға салып біріктіретін, сол бағытта нормаларын түзететін, құқықтық қатынастарды реттеу жолында басшылыққа алып отыратын заңның ізгі пікірлері алынады. Демек, қылмыстық-атқару құқығының қағидалары дегеніміз – құқықтың осы саласының сипатына, оның мазмұны мен міндеттеріне қоғамның пікірін білдіретін негізгі ережелер, жеткшілікке алынатын идеялар болып табылады.

Заңды сақтау дегеніміз – заңның жеке адамдардың мақсатынан жоғары тұруын білдіреді. Жеке ниет-мақсаттар әртүрлі бола береді. Мысалы, саяси-экономикалық, әскери, т.б. мақсаттар.

Гуманизм қағидасы кейбір мемлкетте болмасын, адамды бір-біріне жау тұтып қарамай, бір-біріне ізгілікпен, кешіріммен, байырмашлықпен қарауды білдіреді. Сол сияқты, адам мен адам арасындағы қатынас қана, ізетті, ізгілікті болып қоймай, мемлкет пен адамның, дәлірек айтқанда, заң мен адамның арасындағы қатынастар да ізгілікті, кешірімді болуы керек.

Демократизм және жариялық қағидасы сотталған адамдардың хал-жағдайымен қоғамның хабардар болуын білдіреді. Қылмыстық жазаны атқару қызметі барлық жаза түрі бойынша жабық түрде жұмыс істемейді. Бас бостандығынан айыру жазасын атқаратын мекемелер де мемлекет, қоғам алдында жабық жұмыс істемейді. Ондай түзеу колониялары мемлекет, қоғам қоғам тарапынан бақылауда болып, өздернің жұмыстары жайлы мемлекет алдында есеп беріп отырады.

Баршаның заң алдындағы теңдігі қағидасы сотталған адамдардың нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, шығу тегі мен әлеуметтік жағдайына қарамай, олардың заң алдында теңдгін білдіреді. Ол мемлекеттің негізгні байлағының бірі болып табылады және әр адамның ұлтына, дініне, мүліктік, т.б. жағдайларна қарамай заң алдындағы теңдігі конституциялық нормалардан туындайды.

Жазаларды атқарудың саралану (диференциация) қағидасы сотталған адамдарды белгілі бір категорияларға бөлуді талап етеді және жазаны атқарушы органдарда әр категориядағы сотталған адамдарды бөліп ұстауды білдіреді.

Жазаны атқарудың жеке-даралығы (индивидуализация) қағидасы сотталған адамдарды топтастырғанда құқықтық белгілерді қолдануға итермеледі. Бұл қағиданың негізі ретінде, сотталған адамның жасаған қылмысының қоғамға қауіптілік дәрежесі мен сипаты, қылмыстық жасау жағдайы, сотталған адамның мінез-құлқындағы жекелеген ерекшеліктері мен олардың түзеу мекемелерінде жаза өтеу кезіндегі мінез-құлқының өзгеруі алынады.

Жазаны түзеу ықпалымен жалғастыру қағидасы сотталған адамдарға қолданылатын түзеу құралдарын кешенді түрде қолдануды міндеттейді. Сотталғандармен түзеу жұмыстары жалпы және жеке жүргізіледі.

Қай құқық саласы болмасын, өзінің негізгі реттеушілік қызметін қоғамға пайдалы бағытта атқаруы, оның басты мақсаты болып табылады.

Қылмыстық-атқару құқығы сотталған адамдар болсын, басқа адамдар болсын, қылмыс жасаудан сақтандырып, қоғамда әлеуметтік әділеттілікті орнатуды көздейді. Себебі, бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру, қамау, өлім жазасы, өмір бойына бас бостандығынан айыру тәрізді жазалар адамдарға әрқилы әсер етеді. Сондықтан олардың денсаулығын сақтау, адамгершілікке баулу, еңбекке тәрбиелеу мәселелері ешуақытта назардан тыс қалмауы керек.


XXIV-лекция.

Тақырып: Сотталған адамдардың құқықтық жағдайлары жӘне оларды тӘрбиелеу жолдары
(1 сағат)

Жоспар:

1. Сотталғандардың адамдардың құқықтық жағдайлары

2. Сотталған адамдардың құқықтық тәрбиелеу жолдары

Лекцияның мәтіні:

Қылмыстық-атқару заңы сотталған адамдардың құқықтарының көлемін кеңейтіп, барынша анықтап көрсетуге тырысқан. Заңнан “Сотталған адамдардың құқықтары, заң ғана емес, сонымен бір сотталған адамдарды ұстау режимімен де шектеледі”, - деген бөлім алынып тасталды. Бұл дұрыс, себебі ол ереже бұрын практика мен режим арасындағы толық реттелген тұстар бойынша қайшылықтар тудырды. Ондай реттелмеген не анықталмаған заң тұстарын түзеу мекемелерінің әкімшілігі өз көзқарасынша шешіп отырады. Мысалы, сотталушының некеге тұруы немесе некені бұзуы заң қарастырылмағандықтан, бас бостандығынан айыру орындарнда режимге негізделіп иыйым салынды.

Сотталған адамдардың құқықтарын, құқықтар саласы бойынша былай топтастыруға болады:


    • саяси құқықтар – бұл азаматтың мемлекетік және қоғамдық саяси өмірге араласу мүмкіндігі, мемлкеттік басқару ісіне араласуға саяси бостндығын білдіреді;

    • жеке азаматтардың құқықтарымен бостандықтары – бұл адламның жеке өмірі мен ішкі дүйниесін басқа адамдардың араласуынан қорғайды, адамның жеке даралығын қамтамасыз етеді;

    • әлеуметтік және экономикалық құқықтарымен бостандықтары – адамның материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, экономикамен тығыз байланыста болуын білдіреді;

    • мәдени құқықтарымен бостандықтары – бұлар азаматтарды мәдени игіліктерді қолдануына бағытталған.

Сотталған адамдардың Қазақстан Республикасы зейнетақы туралы заңдарына сәйкес, зейнетақы алып тұруға немесе лны жақын туыстарына, отбасына жіберліп тұруға құқығы бар.сондай-ақ сотталғандар өздері қажет деп тапқан жағдайда заң көмегін сұрауға, адвокаттарымен кездесу өткізуге құқылы. Сотталғандар адвокаттармен тек қысқа мерзімді кездесулер түрінде, оңаша кездеседі.

Сотталғандардың құқықтарының бірі – адамдар жеке басы қауіпсіздігін сақтауға құқылы болып табылады. Бас бостандықтарынан айыру орыныдарындағы сотталғандардың арасында бірін-бірі қорлау, бір жыныстағы адамдардың жыныстық қатынасқа түсуге азғыру, өзара төбелес, кісі өлтіру кездесіп отыратыны рас. Бұрынғы заң бойынша, мұндай жағдайлар көрініс алғанда, түзеу мекемесінің әкімшілігінің оларды бір-бірінен ажыратуға, басқа колониялар немесе жеке камераларға ауыстыруға заңды мүмкіншілігі болмады.

Сотталғандардың ар-ождан бостандығы мен өтініш жазу құқығына заң үлкен көңіл бөледі. Бұл жайттар жеке баптарда қарастырылған.

Қай жағдайда болмасын, Азаматтық-құқықтық заңдардың тәрбиелік функциясының міндеті – құқықтық сана мен құқықтық мінез-құлықты қалыптастыру болып табылады. Бұл тәрбиелік іс-шаралардың жүйелі түрде жүзеге асырылуын қажет етеді.

Әрбір жеке тұлға, азамат, топ мемлкеттік құқықтық институттардың қызметін, қала берді құқықтың өзін өздерінің мүдделері мен мақсаттарының орындалуына тигізетін әсерінің нәтижелік көрсеткіштері тұрғысынан бағалайды. Сонда ғана олардың бойында заңның ақиқаттылығы мен әділдігі туралы қалыптасқан көзқарастарымен сенімдерінің жиынтық бейнесі қалыптасады.



ХXV-лекция.

Тақырып: Қолданбалы социологияның зерттеулердің кезеңдері мен түрлері
(1 сағат)

Жоспар:

1. Қолданбалы социологияның зерттеулердің кезеңдері

2. Қолданбалы социологияның зерттеулердің түрлері
Лекцияның мәтіні:

Социология ғылымының пайда болуы мен дамуы өмірлік тәжірибеден алынған мағлұматтарды талдаумен тығыз байланысты. Социология зерттеулер дегеніміз – зерттеліп отырған нысан туралы объективті мағлұматтар алу мақсатындағы бір-бірімен өзара байланысты жүргізілетн логикалық, методологиялық, тәсіолік және ұйымдастырушылық-техникалық амалар жиынтығы. Нақтылы социологиялық зерттеулер:




    • қоғамдағы әлеуметтік құбылыстар мен процестердің шынайы сипатын білуге жағдай жасайды;

    • әлеуметтік байланыстарды дамытудағы қайшылықтар мен тенденцияларды айқындауға мүмкіндік береді;

    • экономикалық, саяси және әлеуметтік дамудың бағдарын айқындаға көмектеседі;

    • қоғамдық прогресс жолдарын анықтауға жағдай жасайды.

Социологиялық зерттеулер теориялық сипаттағы методологиялық тұжырымдамаларды және нақтылы әлеуметтік құбылыстарды немесе процестерді зерттеуге арналған әдістерді қамтитын бағдарламалар жасаудан бастау алады.

Социологиялық зерттеулер әлеуметтік процестер мен құбылыстарды танудың тек бір құралы ғана болып табылады, сондықтан да оның нәтижесін асыра дәріптері болмайды. Бірақ ол басқа тәсілдердің жаннда біздің қоғамды тану мүмкіндіктерімізді арттыра түсетін, объективті мағлұмат алудың маңызды құралы.


Социологиялық мониторинг жүйесін екі салаға: әлеуметтік маниторинг және статистикалық маниторинг деп бөліп қарастыру қажет.

Әлеуметтік маниторинг қоғамда болып жатқан өзгерістерді қадағалап отырудың біртұтас жүйесі болып табылады. Оның басты міндеті – жаңа, қажетті және жүйеленген мәліметтерді бірден емес, белгілі бір уақыттарда жүйелі түрде алып тұру болып табылады.

Әдетте, аса зәру проблемалар бойынша әр айда, тоқсанда экспресс сауалнамалар өткізіліп тұрады.

Статистикалық маниторинг – сандық сипаттамалар, нақтырақ айтқанда қоғам өмірінің түрлі жақтары туралы статистикалық көрсеткіштер мен коэффициенттер алу жүйесі. Оның басты мақсаты саяси, экономикалық, әлеуметтік т.б. құбылыстарды тиімді талдауға қажетті әлеуметтік және экономикалық статистика көрсеткіштерін жинап беру болып табылады.

Әлеуметтік және статистикалық маниторингтер түрліше мағлұматтар береді: әлеуметтік моноторинг түрлі мәселелерге қатысты адамдардың субъективтік пікірлерін білдірсе, статистикалық моноторинг объективті сандық көрсеткіштердің көмегімен түрлі құбылыстарды сипаттайды. Бірақта әлеуметтік және статистикалық деректер сипатының түрліе болуына қарамастан әлеуметтік және статистикалқ моноторингтер жүйесін ұйымдастыру принциптері бір-біріне сай келеді, бұл екеуі біріге келе әлеуметтік мониторингтік біртұтас жүйесін сұрайды.

Сонымен әлеуметтік мониторинг дегеніміз – қоғам өмірінің аса зәрі проблемалары жайлы әлеуметтік және статистикалық, мәліметтер алу, өңдеу және сақтаудың тармақталған жүйесі.



XXVІ-лекция.

Тақырып: Қолданбалы социологиялық зерттеу бағдарламасы
(1 сағат)

Жоспар:

1. Қолданбалы социологиялық зерттеу бағдарламасы


Лекцияның мәтіні:

Қолданбалы социологиялық зерттеу бағдарламасы зерттеудің барлық кезеңдерін жүргізудің теориялық-методологиялық негізін – мәліметтер жинау, оларды өңдеу мен талдаудықамтиды. Бағдарлама ғылыми құжат ретінде бірқатар талаптарға жауап беруі тиіс. Бағдарлама методологиялық, әдістемелік және ұйымдастырушылық сипаттағы түрлі қызмет атқарады. Бағдарлама қарастырылатын проблеманы дәл айқындауға, зерттеудің мақсаты мен міндетін белгілеуі, зерттеу нысаны мен пәнің анықтап, алдын ала талдаулар жүргізуге, болжамдар жасауға, негізгі ұғымдарды бөліп алуға, оларды түсіндіріп тексеруден өткізуге мүмкіндік беруі қажет. Бұл – методологиялық қызметі болып табылады. Бағдарламаның мұндай қызметі осы зерттеу жұмысында бұрын осы іспеттес проблемалар бойынша жүргізілген істерге белгілі бір көзқарастың қалыптасуынан да көрінеді. Бағдарламанң методологиялық бөлігі не зерттелінеді деген сауалға толық жауап беруі керек.

Бағдарламаның бірінші әдіснамалық тарауында бірнеше құрамдас бөлімдер болады. Оларға:


  1. проблеманы талдау мен проблемалық жағдайды анықтау;

  2. зерттеу нысаның айқындап, оны алдын ала ой елегінен өткізу;

  3. зерттеу пәнің анықтау, оны алдын ала сараптау;

  4. зерттеудің мақсаты мен міндетін айқындау;

  5. болжам жасау;

  6. негізгі ұғымдарды іріктеп алып, оларды түсіндіру.

Социологиялық бағдарлама жасағанда алдымен ерттелуге тиісті проблема ой елегінен өткізіліп, талданады. Әдетте, проблемалық жағдайлар бірнешеу болады, бірақ олар өзара бір-бірімен терең байланысып жатады. Оның үстіне бұл байланыстар әртүрлі болып келеді. Ал проблема проблемалық жағдайдан кең болуы мүмкін. Кейде, керісінше, проблемалық жағдайда бірнеше проблемалар болып немесе ол көптеген проблемалардан туындауы мүмкін. Проблемалық жағдай бір проблеманың аясында мүмкін, бірақ ол одан кіші, не кең бола береді. Проблема мен проблемалық жағдайдың арақатынасы әлеуметтік нысанды зерттеудің түріне, ауқымы мен тереңдігіне байланысты. Социологиялық зерттеудің бағдарламасын жасау барысында біз нені, қандай ауқымда зерттейміз дегенді дәл анықтап алуымыз қажет. Егер проблема шешімін таппаған абстрактылы түрдегі міндет болса, онда проблемалық жағдай империялық зерттеуге жататын қайшылықты нақтылы анықтайтын проблеманың квинтэссенциясы іспеттес.

Әлеуметтік және ғылыми прпоблеманы ажырата білу керек. Әлеуметтік проблема дегеніміз – оны шешуге бағытталған іс-әрекеттер ұйымдастыруды талап етіп отыратын өмірдегі әлеуметтік қайшылықтар. Ғылыми проблема дегеніміз – қоғамның белгілі бір іс-әрекеттерді қажет етуін білу мен оларды жүзеге асырудың тәсілдері мен құралдарын білмеу арасында туған қайшылықтар. Оның үстіне ғылыми пробламаның қойылуы зерттелгеннен зерттелінбеген ауқымға шығуды да білдіреді.

Әлеуметтік проблема әртүрлі маштапта болады. Бір шағын әлеуметтік топтарды, не шағын территорияны, екіншісі үлкен әлеуметтік топтарды, әлеуметтік институттарды, тұтас аймақтарды, үшіншісі бүкіл қоғамның қажеттліктері мен мүдделерін, төртіншісі бірнеше елдерден толғандыратн әлеуметтік проблемаларды қамтиды.

Танымдық проблема өзінің күрделігіне, белгілі бір қайшылықтарды әлеуметтік қажеттіліктің пісіп етілу деңгейіне, осы сала бойынша ғылыми білімдердің дәрежесі мен социологтардың практикалық тәжірибелеріне келіп тіреледі. Бағдарламаны жүзеге асыру, зерттеу түріне байланысты. Шын түрін анықтағанда, зерттеу нысаны мен пәнін зерттеу тереңдігі негізге алынады. Осы негізде зерттеулер, барламалық, сипаттамалық және талдамалық түрлерге бөлінеді. Бұлардың ішінде, талдамалық зерттеу ең күрделісі және тереңі саналатындықтан да оның бағдарламасы барынша жетілген әрі терең болуы керек.




XXVIІ-лекция.

Тақырып: Алғашқы социологиялық ақпарат жинау Әдістері
(1 сағат)

Жоспар:

1. Алғашқы социологиялық ақпарат жинау әдістері


Лекцияның мәтіні:

Эмпириялық ақпараттардың дені сұрау салу арқылы алынады. Бұдарда сұралып отырған адамның қоғамдағы аса маңзды құбылыстар мен оқиғаға деген көз қарас турал ақпарат болады. Бұл әдіс біріншіден, ұйымдастыру жағынан артықшылығымен, екіншіден, арзандығымен, үшіншіден ақпараттың мазмұндылығы және әмбебаптылығымен, төртіншіден, алынған ақпаратты өңдеуге техникалық құралдарды барынша мол пайдалану мүмкіндігімен ерекшеленеді.

Сонымен бірге сұрау әдісінің кемшілік жақтары да бар. Осы әдіс арқылы алынған ақпараттың сапасына, бір жағынан, сұралған адамның ерекшеліктері, екінші жағынан, зерттеушінің өзінің қызметіне байланысты факторлар әсер етеді. Сұраудың нәтижелеріне жұмыс кезінде бөтен адамдардың болуы, сәтсіз уақыт пен орын, анонимдік принціпінің сақталынбауы, сұрау салу процесінің дұрыс ұйымдастырылмауы сияқтылар кері әсерін тигізеді. Мұндай факторлардың болмауы үшін сұрау әдісін падаланудың нормативтік талаптары қатаң сақталуы керек.

Сұрау әдісінің негізгі түрлеріне анкеталық сұрау мен әлеуметтік интервью жатады. Олар кейбір белгілеріне қарай: тұтастай және ішінәра, тікелей және топтап жүргізу, жаппай және саралап , ауызша және жазбаша, бетпе-бет және сыртай, бір реттік, көп реттік, стандартты және стандартсыз болып жіктеледі.

Сұрау тәсілінің өзіндік ерекшелігі “сұрақ-жауап” жүйесі логикалық көзқарас тұрғысынан жүзеге асып, алынған жауаптар кейіннен сапалық және сандық өндеулерге түсуінде жатыр. Бірсыпыра ортақ белгілерінің болуына қарай, бұл әдістің өзіндік ерекше сипаттамасы айқындалады. Анкеталық сұрауды қарастырудан бастайық. Әлеуметтік сұраулар бұл әдістің қазіргі түсінігінде ғылымда ХІХ ғасырдың екінші жарымынан бастап қолданыла бастады. Бұл әдісі алғашқылардың қатарында К.Маркс пен Ф.Энгльс өздерінің жұмысшы табының жағдайы жайлы еңбектерін жазу барысында қолданған. Эмпериялық социологияның дамуына баланысты бұл әдіс ХХ ғасырдың басында кеңінен қолданыла бастады. Қазір бұл әдістің көп қолданылатындығы соншалық социология ғылымының өзіндік белгісіне айналды десе де болғандай.

Бұл әдістің атауының өзі-ақ оның құрылымын көрсетіп тұр: зерттеуші, сондай-ақ оларды байланыстыратын аралық буын-анкета. Бұлардан басқа бұл әдістің өзіндік процесс ретінде құрылымы да бар. Оған мыналарды атап көрсетуге болады.



  1. Дайындық кезеңі(сұраудың бағдарламасын, жұмыстың графигі мен жоспарын жасау, құралдарын жобалау, оны пилотаждық тексеру, қажетті материалдарды көбейту, анкета жүргізушінің, сұралушының тағы да басқа қатысушылардың нұсқауларын жасау, сұраушыларды, анкета жүргізушілерді іріктеп алу, дайындау, ұйымдық мәселелерді шешу);

  2. Шапшаң кезең – кезеңімен жүзеге асырудың өзіндік сатылары бар анкета жүргізу процесі;

  3. Нәтиже шығару кезеңі алынған ақпараттарды өңдеу. Әдістің құрылымына қарай анкеталық сұрау салу құжаттарына, анкета жүргізушіге, сұралушыға, құралға қойылатын талаптардан құралатын оның сипаттамасы айқындалады.

Қолданбалы социологиялық зерттеу тәжірибелі ғылыми жетекші басқаратын тұтас бір топтың жұмыс істеумен ерекшеленеді. Мұндай ұжымда іштей шығармашылық еңбек бөлінісі болады: зертеу бағдарламасын жасау, құрал-жабдықтарды даярлау, сұрау салу жүйесінің жұмыстарын ұйымдастыру, анкета жүргізу, алынған мағлұматтарды машиналық және талдау жолдарымен талдау.

XXVIIІ-лекция.
Тақырып: Бақылау Әдісі

(1 сағат)

Жоспар:

1. Бақылау әдісі


Лекцияның мәтіні:

Бақылауда зерттелетін объектіге социологиялық мағлұматтарды көзбен көріп, құлақпен есіту арқыды жинау әдісі. Социологиялық ақпарат жинау әдісі кеңінен қолданылады. Бақылаудың ерекшелігі зерттеу объектісін тікелей өз көзімен көріп қабылдауында.

Бақылау:


    • адамдардың мінез құлқын түсіндіру арқылы емес, тікелей көзбен көру арқылы болады;

    • мәліметтерді сұралушының өзі туралы айтқысы келу келмеуіне, айта алу-алмауына қарамастан алуына мүмкіндіктер береді.

Бақылаудың мәліметтер жинау әдісі ретіндегі артықшылығы зерттеуші мен объектінің арасындағы тікелей байланыс барлығынан көрінеді. Бұл объективті ғана емес, сонымен бірге шапшаң ақпараттарды алып тұруға мүмкіндіктер ашады. Бақылау бақылаушының түрлі жағдайларындағы іс-әрекеттерін, мінез-құлқын дәл және кеңірек ұғынуға, олардң болып жатқан оқиғаларға реакциялары мәнін түсінуге көмектеседі. Мұндай мағлұматтарды социологтар қолданып жүрген басқа тәсілдер арқылы ала алмайды. Осында сөзсіз артықшылықтарымен бірге, бақылау әдісінің елеулі кемшіліктері де бар. Социолог бақылау ісіне белсенді, немесе енжер түрде қата отырып, кейде лның табиғатына еріксіз араласып, соның салдарынан теріс нәтижелер болуы мүмкін. Социолог-бақылаушы зертеліп отырған оқиғалар туғызбай проблемалар жиынтығының бір ғана бөлігін бақылай алады. Бақылау шектеулі сипатта болып, уақыттың сол бір сәтіндегі деректерді ғана тіркей алады.

Социолог-бақылаушы бақылау нәтижелерін тіркеп отыруға байланысты ұдайы қыйындықтарға ұшырап отырады. Ереже бойынша нәтижелерді тіркеу зерттеушілермен байланыстан кейін жүзеге асады. Мұнда да өзіндік проблемалар туындайды: кейбір қажетті жағдайлыр ұмытыла бастады. Кейде тіркелген нәтижелдер шындыққа сай келмей жатады; өйткені оған бақылаушының өзіндік көзқарасынан, ұстанымынан туындайтын субъективтік бағалары әсер етпей қоймайды. Осындай себептерге байланысты қажетті мәліметтер жинау әдісі басқа да әдістермен бірнеше кезекте сұрау салумен кешені түрнде қолданылады.



XXІX-лекция.

Тақырып . Сынақ
(1 сағат)

Жоспар:

1. Сынақ әдісі



Лекцияның мәтіні:

Тәжірибелі зерттелетін оқиғаның жағдайын жоспарлы түрде басқару арқылы себепті байланыстары туралы болжамдар тексеріліп, сыни тұрғыдан қарастырылады. Ол қарастырылып отырған құбылыстың белгілі бір гипотетикалық моделін жасауға негізделіп, оның негізгі параметрлері, өзара және басқа да құбылыстармен байланыстырады, сондай-ақ байланыстарының себепті салдары бағыттары айқындалады. Тәжірибеде зерттелетін осы модельдің көмегімен құбылыс өзгермелі жүйе ретінде сипатталады; оның ішіне іс-әрекеті басқаруға бағынып, тәжірибенің бақылауындағы тәуелсіз өзгермелісі ерекшеленеді.

Эксперименттің бұл жалпы анықтамасы оның социология саласындағы сипаттамасына да қатысты. Сондықтан да әлеуметтік тәжірибенің негізгі белгілеріне:


    • зерттеушінің зерттеліп отырған құбылыс жүйесіне белсенді түрде араласуы;

    • шартты түрде дербес тәжірибелік факторларды жоспарлы түрде енгізіп отыру, олардың түрліше болуы, басқа да факторламен орын ауыстыру;

    • барлық себепті факторларды жоспарлы түрде бақлап отару;

    • тәуелді өзгерістердің өзгеру тиімділігі өлшеніп, олардың әсеріне айналуы жатады. Әрине социологтарға жаратылыстану ғылымдарында қалыптасқан тәжірибеге қойылатын талаптарды толық көлемінде орындау қиын.

Тәжірибенің құрылымы оны ұймдастыру мен өткізу кезеңдеріне тікелей байланысты. Алғашқы кезең теориялық сипатта болады. Оның барсында социолог айқындап, оның нысаны мен пәнін, зерттеудің тәжірибелік міндеттерімен болжамын белгілейді; проблема негізгі міндеттерге орай анықталады. Зерттеу нысаны әртүрлі әлеуметтік топтардың, ұжымдардың, қауымдастықтың өкілдері болады. Бақылаудың пәнін анқтағанда экспериментальды жағдайдағы шынайы тұлғаны белгілермен жобалау қажет.

Екінші кезеңде тәжірибе жасаудң бағдарламасы оның қалай өтетіндігі, барлық элементтері көрсетілген құжат жасалады. Үшінші кезеңде тәжірибенің бағдарламасы жүзеге асады. Оның барысында ойластырылған тәжірибе, оның кезеңдері мен барлық жүру тәртібі яғни экспериментельді жағдай тікелей жүзеге асады.

Төртінші кезеңде тәжірибе жасаудың барысында алынған нәтижелер талданып, бағаланады, алға қойылған мақсат орындалды ма, зерттеу болжамы дәлелденді ме деген сауылдарға жауап беріледі. Негізгілермен бірге қосымша да нәтижелер алынып, олар бұдан кейінгі ғылыми ізденістерде қолданылуы мүмкін.

Әдіснама әлеуметтік тәжірибені мынадай түрлерге бөледі. Нысан мен зерттеу пәнінің сипатна қарай: әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік-психологиялық, эстетикалық тәжірибелер. Тәжірибелердің мұндай түрлері ғылыми пәндердің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты анықталады. Зерттеу жүргізуді сипатына қарай тәжірибелер: реалды және ойша болып бөлінеді. Реалды болжамды тексеру әлеуметтік қызметтің жағдайын жоспарлы түрде басқару арқылы жүзеге асады. Ал тәжірибені оймен жүргізуде болжамды тексеру өмір құбылыстары емес, олар туралы мағлұматтар арқылы жүзеге асады. Әлеуметтік тәжірибенің кең тараған түріне реалды және ойша экономикалық тәжірибелер жатады: ғылыми және қолданбалы; экспериментальды жағдайдың сипатына қарай көбірек не азырақ бақыланатын т.б. болып бөлінеді.


XXX-лекция.

Тақырып . Құжаттарды қолдану Әдісі

(1 сағат)

Жоспар:

1. Құжаттарды қолдану әдісі


Лекцияның мәтіні:

Құжат деп социологияда адамның белгілі бір материалға түсірілген мәліметті ұғынлады. Құжат қолжазба, тасқа баслған мәтін, баяндаманың стенограммасы, магнитафон жазбасы, фотосурет, сурет, кинофильм, видиожазба күйінде болуы керек. Мәліметті жазып алу, беру және сақтау үшін микрофильм, микрофиша, компьютер дискеті, лазер дискасы жиі қолданылады.

Құжаттарды түрлі белгілеріне қарай жүйелеуге болады. Мәліметтерді тіркеу тәсіліне қарай төмендегіше бөлінеді:


  1. Жазба құжаттар. Вербальды жазбаша құжаттарға - кітап, хат, баспасөз, ал статистикалық-халық саеағының, әлеуметтік сұраудың мәліметтері, елдің немесе аймақтың экономикалық не әлеуметтік даму көрсеткіштерінің статистикалық материалдар жинақтары, т.б. жатады.

  2. Фрнетикалық, яғни есту арқылы қабылданатын құжаттар.

  3. Иконографиялық құжаттар.

Құжаттарды талдауға қалыпқа түспеген және қалыпқа түскен әдістері қолданылуы мүмкін. Сапалық талдауда құжаттар оқылып, оның мазмұны логикалық операцияларды пайдалана отырып түсіндіріледі. Мұндай талдау зерттеушінің өз тұлғасына да байланытсы. Зерттеушінің білім деңгейі мен қабілеттілігі, психлдлгиялық ерекшелітері мен идеологиялық бағыты құжаттарды талдау мен түйіндер жасау түрлі дәрежеде көрініс таппай қоймайды. Сөйтіп, талдаудың сапалылығы субъективті жағдайларда тікелей байланысты екен. Осы субъективизмнен арылу мақсатында құжаттарды талдаудың қалыпқа түскен тәсілдері жасалып, ол контент-талдаудеп аталады. Оның дамуы мен кеңінен таралуына ақпараттық процестердің бұқаралық сипат алуы, осыған байланысты кең ауқымдағы мәліметтерді талда қажеттілігі маңызды алғы шарты болды. Контент-талдау бұқараға арнап хабарлар тарататын журналистика саласында айтарлықтай нәтижелер берді. Ол алғашында бұқаралық ақпарат құралдарын зерттеуге қолданылады. Кейіннен бұл әдіс кең тарап, әлеуметтік өмірдің басқа салаларында да, құжаттарда да қолданыла бастады.

Сонымен бірге контент-талдау жасауға құжаттардың барлығы бірдей келе бермейтінін, оны қолданудың мәні де бола бермейтінін есте ұстағаны жөн. Ол а) зерттеу нысаны бір типті құжаттардан тұрса; б) зертеушіні қызықтыратын мазмұн элементтері құжаттарда жеткілікті болса ғана қолданылады.

Неғұрлым объективтілік компьютердік контент-талдауда ғана болады. Құжаттармен жұмыс істеу процесінде қолданылатын контент-талдау әдістемесінің серпімді болуын бақылау тәсілдері бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет