Лекциялар: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат


Заңдылық, құқықтық тәртіп және заңды тәжірибе



бет10/11
Дата17.06.2016
өлшемі0.83 Mb.
#142328
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Заңдылық, құқықтық тәртіп және заңды тәжірибе.


Жоспар

  1. Заңдылық және құқықтық тәртіп.

  2. Заңдылық түсінігі және түрлері.

  3. Заңдылықты қамтамасыз етудегі конституцияның орны мен ролі.

  4. Конституциялық заңдылық, заңдылық пен құқықтық тәртіп негізі.

Қоғам тәртіпке, заңдылыққа негізделіп, соған арқа сүйеп қалыптасып, өмір сүре алады. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, қирайды, оның келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден – ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекетін реттейтін қағидалардың әсерімен орнатылады. Қоғамдағы барлық қарым – қатынасты құқықтық реттеу өте күрделі; ол көп салалы, көп жүйелі процесс. Құқықтық басқарудың екі күрделі бағыты: құқықтың қоғамдағы қатынастарға тигізетін әсері, ықпалы және құқықтық реттеудің, басқарудың ролі. Бұл екі процесті қосып айтқанда – қатынасты құқықтық реттеудің, басқарудың механизмі дейді.

Қоғамдағы қатынасты құқықтық реттеу механизмі құрылымының элементтері; құқықтық норма, құқықтық қатынас және заңды құқық пен міндеттің орындалуы туралы акті.

1. Құқықтық норма - арқылы қоғамдағы заңдылықтың, тәртіптің талабы, мазмұны, шеңбері, мүдде- мақсаты анықталады; олардың орындалу бағыттары, жолдары, тәсілдері көрсетіледі. Егер дұрыс орындалмаса, жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі.

2. Құқықтық қатынас арқылы субьектілердің арабайланысын мүдде – мақсатын, құқық пен міндеттерін анықтап, біліп отырады. Ол мүдде – мақсаттарды қандай нормативтік актілер арқылы іске асырады; қатынастың басталуы мен аяқталуы көрсетіледі.

3. Заңды құқық пен міндеттің орындалуы туралы актіде қатынастың толық орындалып, аяқталуы: мүдде-мақсаттың екі жақты іске асуы; дұрыс орындалмаса себептері көрсетіледі, оны түзеу, орындау жолдары анықталады.

Осы үш элементтерге сәйкес қатынасты реттеу механизмі үш кезеңге бөлінеді: қатынастың басталуы, ол қатынасты реттеу үшін жаңа норманың өмірге келуі, субьектілердің құқықттары мен міндеттерінің орындалуы.

Заңдылық дегеніміз – мемлекеттің конституциясын, парламенттің қабылдаған заңдарын, президенттің заң күші бар жарлықтарын қатаң бақылап, оларға нышан келтіруге жол бермеу. Заңға тәуелді актілерді бақылау заңдылыққа жатпайды. Заңдылықтың мазмұны үш элементтен құрылады.



  1. Қоғамда әділ заң саясаты болу керек. Сол арқылы мемлекеттің заңдары бостандықты, теңдікті, адамгершілікті, инабаттылықты, парасаттылықты т.б. жақсылықты қорғау керек; мемлекет пен азаматтардың арақатынасын дұрыс басқару.

  2. Конституцияның, заңның мазмұнын толық іске асыру, дұрыс, орындау. “Сөз бен іс бір жерден” шығу керек.

  3. Конституция мен заңды халлықаралық құқықтың принциптерін қатаң қорғау, оларға нұқсан келтіруге жол бермеу.

Міне осы элементтер іс жүзінде бірігіп, қалыптасса, қоғамда заңдылық орны, құқықтық мемлекет орнатуға мүмкіншілік болады.

Заңдылықтың негізгі талабы:



    1. заңның үстемдігін қамтамасыз ету;

    2. заңды түсіну мен орындаудың бірлестігін қатаң, орындау;

    3. адам өз құқығын, өз бостандығын қорғаймын деп. басқаның құқығына нұқсан келтірмеуге міндетті:

    4. заңдылыққа еш мәселені қарсы қоюға болмайды.

    5. құқықты бұзушылыққа қатаң күрес жүргізу.

Құқықтық тәртіптің жоғары дәрежеде болуы заңдылықтың деңгейіне байланысты. Заңдылық жақсы болса, тәртіп те жақсы болады. Бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланыста дамиды.

Азаматтарды тәрбиелеудің әр мемлекетте тиісті жүйелері болады, оның түрлері: саяси, құқықтық, моральдық эстетикалық т.б. Бұлардың әр – қайсысының өзіне тән ерекшеліктері болады. Бірақ бәрі бірігіп бір мүдде – мақсатты іске асыруға, орындауға үлес қосады. Мақсат – азаматтардың рухани сана – сезімін, психикасын, білімін, өмірлік тәжірибесін, тәртібін, адамгершілігін көтеріп жақсарту. Құқықтық нормалардың басым көпшілігі әдептілік нормалардан нәр алады, соларға арқа сүйейді. Неғұрлым құқықтық нормаларға әдептілік нормалар арқау болса, соғұрлым заңдардың әділеттік, адамгершілік мәні жоғары болады.

Осы жүйенің негізгі түрлерінің бірі - құқықтық тәрбиелеу. Бұл жұмыс екі бағытта жүргізіледі: бірінші бағыты – азаматтарға құқықтық білім беру; екінші бағыты – олардың құқықтық сана – сезімін жақсарту. Құқықтық тәрбиенің негізгі мақсаты:


    1. адамдардың қоғамдағы құқықтық жүйесін, оның мазмұнын жақсы біліп, жақсы түсінуін қамтамысз ету;

    2. адамдардың заңға, құқықтық тәртіпке деген мінез – құлқын, іс-әрекетін жақсарту;

    3. адамдардың құқықтық нормаларды дұрыс қолдану, дұрыс орындау тәжірибесін жақсарту.

Құқықтық тәрбиелеу жүйесі үш элементтен тұрады:

1) субьект – мемлекеттік орган, лауазымды тұлғалар – тәрбие жұмысын жүргізетін;

2) обьект – адамдар;

3) құқықтық тәрбие көлемінде жүргізілетін арнаулы жұмыстар, іс-әрекеттер.

Құқықтық тәрбиені іске асыру, орындау механизмі төрт бөлімнен тұрады:

1) қоғамдық құқықтық сана

2) құқықтық норма жүйесі

3)құқықтық тәрбие жұмысының нысаны және әдіс- тәсілдері

4) тәрбие жұмысымен қамтылған адамдардың құқықтық сана – сезімі.

Осы құқықтық тәрбиенің механизмі арқылы қоғамдағы заңдылықты, құқықтық тәртіпті дамытып, жақсартуға мүмкіншілік қалыптасады.



Тақырып – 29

Құқық және жеке тұлға

Жоспар:


  1. Құқық және жеке тұлға, әр түрлі қоғамдағы жеке тұлғаның жағдайы.

Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі: түсінігі, құрылымы, түрлері.

Адам қоғамы мыңдаған жылдар бойы - сонау көне дәуірден қазіргі заманға дейін әлеуметтік нормалар арқылы басқарылып келді. Сондықтан жеке адамның құқығы мен бостандығы туралы теорияның мыңдаған жылға созылған, тарихи және мол тәжірибесі бар.

Біз осы тарихқа, осы мол тәжірибеге сүйене отырып, әлеуметтік нормалардың диалектикалық обьективтік даму процесімен танысамыз. Адам қоғамының әр формациясында азаматтардың қандай құқығы, қандай бостандығы болғанынан білеміз.

Адам құқығы – тарихи, табиғи обьективтік құбылыс. Сондықтан әлеуметтік норма әр уақытта даму процессінде болады. Әлеуметтік норма адам қоғамы мен бірге дамып, бірге өзгеріп, бірге өмір сүріп келеді. Қоғамдағы жүздеген, мыңдаған қарым-қатынасты реттейтін, басқаратын әлеуметтік норма. Қоғам дамып, нығайып, жақсарған сайын әлеуметтік норма да дамып, нығайып жақсарады, оның әділеттік бостандық, демократиялық шеңбері де, кеңістігі де молаяды, күрделенеді.

Құқықтық мәртебе – жеке тұлғаның қоғамға заңды түрде қалыптасқан бостандығы, табиғи және саяси құқықтары, әлеуметтік кемеліне келген жағдайы, рухани, мәдени білімі. Бұл мәртебенің мазмұны адамның қоғамның әлеуметтік құрылысындағы алатын орны, ал мәртебесінің нысаны – сол адамның қоғамдғы алатын орнын заңды түрде сипаттауы. Мәртебе латын тілінен аударғанда “положение – жағдай” – деген ұғымды көрсетеді.

Құқықтық мәртебенің негізгі түрлері:


  1. Жалпылама құқықтық мәртебе – бұл азаматтық мәртебесі, қоғамның мүшесі, Конституциялық мәртебе.

  2. Арнаулы құқықтық мәртебе – студенттер, зейнеткерлер, шахтерлер т.б. мәртебелер.

  3. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі- бір адамның өмір баянының реквизиттері: білімі, қызметі, отбасы, аты-жөні т.б. Олардың қоғамның қай саласында қызмет атқаруы, соған сәйкес саяси және арнаулы жеңілдіктер болуы.

  4. Жеке түлға және заңды тұлғалар мәртебесі.

  5. Шет елдердің азаматының мәртебесі.

  6. Казахстан Республикасының шет елдердегі азаматтарының мәртебесі.

  7. Жүйелік мәртебелер: азаматтық әкімшілік т.б.

  8. Кәсіпқойлық, лауазымды тұлғалар мәртебесі.

  9. Мәртебе – қиын жағдайда жұмыс атқаратын адамдар (солтүстікте, қиыр – шығыста, қорғаныс өндірісінде, құпия өндірісте т.б.)

Қазіргі заманда жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі заң ғылымының бір саласына айналды және жалпы теорияның жеке тақырыбы болып отыр.

Сонымен, адам құқығы – жеке тұлғаның табиғи мүмкіншіліктері арқылы қоғамның барлық саласында іс-әрекет жасап, өздерінің қадір- қасиетін, ар-намысын, абырой беделін қорғап, жақсы өмір сүруін қамтамысыз етуі. Заң ғылымында адам құқығы, азамат құқығы, жеке тұлға құқығы деген ұғым бар. Оларға қысқаша түсінік берейік.

Адам құқығы – табиғи құқық, оған мемлекеттің ешқандай қатысы жоқ. Егерде ол табиғи құқықтарды мемлекет Конституцияға кіргізіп, бекітсе, онда ол адам сол мемлекеттің азаматы болады.

Азамат құқығы - табиғи құқықтар жинақталып, жүйеге келтіріліп, мемлекеттің заңдарында, нормативтік актілерде көрсетілген, мемлекеттің қорғауында болып адамдар сол қоғамның азаматы болу.

Обьективтік құқық – заңды нормалардың бір жүйесі, оның мазмұны, нормалардың өмірге келуі жеке адамдармен қатысы жоқ.

Субьективтік құқық – субьектілердің бостандығы мен құқықтары обьективтік құқықтағы іс-әрекеттерді орындауға байланысты.

Азаматтардың, адамдардың негізгі құқықтары мен бостандығы халықаралық актіде және әр мемлекеттің Конституциясында толық көрсетіледі. Оның түрлері: азаматтық, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени, экологиялық, ақпараттық құқықтар. Енді оларға қысқаша түсінік берейік.

Тақырып: 30

ҚР конституциясы бойынша адам құқығы мен бостандығын жіктеу.

Жоспар


1.Жеке тұлғаның жауапкершілігі.
Адам құқығы - азаматтың басты игілігі.
Қазіргі заманда өркениеттің басты жетістігі адам құқығы мен бостандығын нақты қалыптастыру болып табылса, барлық мемлекет оны қорғап, оған кепіл болуы тиіс. Осындай ізгілікті үрдістен тәуелсіз Қазақстан да шет қалып отырған жоқ.

Қазақстан Ата заңының 1-бабында: “Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары”, деп атап көрсетілген. Осы заң сөздері Қазақстанға әлемнің дамыған елдерінің қатарында тұруға моральдік құқық береді.

Кепілдік – қоғамның экономикалық жағдайы, құралдары, әдіс-тәсілдері бірігіп, адамдардың бостандықтары мен құқықтарын іске асыруға қолайлы мүмкіншіліктің қалыптасуы. Кепілдіктің қағидлары: гуманизм, әділдік, заңдылық, теңдік, демократизм т.б. Кепілдік мазмұны, мақсаты – адамдардың бостандықтары мен құқықтарын іске асыруға қолайлы жағдай жасау. Оның функциясы - осы бағыттағы нормативтік актілерді уақытында, дұрыс орындалуын қамтамасыз ету. Обьектісі – құқықтық қатынастардың жақсы дамуына, аяқталуына мүмкіншілік жасау.

Кепілдікті жүйелеудің түрлері толып жатыр. Оның әлеуметтік бағытына қарай үш түрі болады: материалдық, саяси рухани.

Материалдық кепілдік – қоғамда демократиялық басқару жүйенің қалыптасуы, халықта экономикалық, саяси, әлеуметтік бостандықтың болуы. Ақпараттың жұмысына бақылауды жою. Сын мен сөзге толық бостандық беру.

Әдебиеттер

1. ҚР Конституциясы. Алматы, 1995 ж.

2. ҚР Конституциясының түсіндірме сөздігі.

3. Алексеев С.С. Теория права М., БЕК, 1993 ж.

4.Венгеров А.Б. Теория государства и права М., 1994

5. Ливщиц Р.З. Теория права М., БЕК, 1994

6. Лазарева В.В. Общая теория права и государство /Под ред. М., 1994

7.Бабаева В.К. Общая теория права Курс лекций / Под ред. Нижний Новгород, 1994.

8. Хропанюк В.Н. Теория государства и права М., 1995, 1996.

9.Хутыз М. Х., Сергейко П.Н. Энциклопедия права М., 1995

10. Пиголкина А.С. Общая теория права. / Под ред. М., 1993

11.Бабаев В.К. Теория современного советского права. Фрагменты лекций и схемы. Н. Новгород, 1991

12. Иванов Ю.В. Теория государства

и права Определения и схемы. Красноярск, 1989.

13. Права человека. Сборник международных документов М., 1991

14.Бейсенова А., Біржанова К. ҚР мемлекет және құқық негіздерін оқып үйренушілерге көмек. Алматы: Жеті Жарғы, 1997

15. Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права Казахстана Алматы 1994

16.Сапаргалиев Г.С. Заң терминдерінің сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 1996

17. Ибраева А.С. Заң терминдерінің қазақша – орысша және орысша –қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 1996


  1. Профессор М.Н. Марченко. Теория государства и права. / Под ред. МГУ, 1996.

  2. Сапаргалиев Г.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: Жеті жарғы, 1997.

  3. Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права. Учебное пособие. Алматы: Жеті Жарғы, 1997

  4. Спиридонов Л.И. Теория государства и права. М., 1995.

  5. А.С. Пиголгина. Общая теория и права. / Под ред. М., 1996

  6. М.Н. Марченко Теория государства и права /Под ред. М., 1998

  7. Теория государства и права М., 1998

  8. В.К. Бабаев, В.М. Баранов, В.А.Толстик Теория государства и права в схемах и определениях. М., 1998

  9. Сапаргалиев Г.С., Ибраева А.С. Мемлекет пен құқық теориясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1998

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі


“Сырдария” университеті

“Экономика және құқық” факультеті

“Құқық” кафедрасы

“Мемлекет және құқық теориясы” пәні бойынша 050115 “Құқық және экономика негіздері” мамандығының студенттері үшін

Студенттердің өзіндік жұмысының жоспары

(СӨЖ)


Жетісай – 2007 ж.

11. СӨЖ - ТАҚЫРЫПТАРЫ





Тақырыбы мен мазмұны

Сағат саны

Әдебиет

1

Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі.

1

Ә-2-9

2

Мемлекеттің пайда болуы, оның белгілері.

1

Ә-4-15

3

Мемлекеттің шығуы туралы теориялар

1

Ә-5-12

4

Мемлекет типологиясы

1

Ә -9-17

5

Мемлекет нысаны.

1

Ә-3-16

6

Мемлекеттің қызметі. (функциясы)

1

Ә-1-12

7

Әр типтегі мемлекет функциясы.

1

Ә-5-11

8

Мемлекеттің тетігі (аппарат).

1

Ә-8-16

9

Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекет.

1

Ә-3-9

10

Құқықтық мемлекет

1

Ә-1-5

11

Құқықтың түсінігі, мәні.

1

Ә-6-14

12

Құқықтың типологиясы қазіргі кезеңдегі негізгі құқықтық жүйелері.

1

Ә-3-7

13

Қоғамның әлеуметтік-нормаларының жүйесінде құқықтың алатын орны.

1

Ә-5-13

14

Құқық нысандары (қайнар көздері).

1

Ә-5-19

15

Құқық нормалары.

1

Ә-4,5

16

Құқық шығармашылығы және нормативтік – құқықтық актілерді жүйеге келтіру.

1

Ә-6-15

17

ҚР мемлекеттік органдарының құқық шығармашылық қызметттері

1

Ә-1-13

18

Құқық жүйесі және оның құрылымы.

1

Ә-3-13

19

Халықаралық құқықтың ұлттық құқықтан басымдылығы.

1

Ә-8-16

20

Құқықтық сана және құқықтық нигилизм.

1

Ә-3-9

21

Құқықтық мәдениет.

1

Ә-1-5

22

Құқықтық қатынастар.

1

Ә-6-14

23

Құқықтық жүзеге асыру.

1

№23-30

3-16 бет


24

Нормативтік актілерге түсінік беру.

1




25

Құқықты реттеу механизмі.

1




26

Құқық және заңды мінез құлық

1




27

Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік.

1




28

Заңдылық және құқықтық тәртіп

1




29

Құқық және жеке тұлға

1




30

ҚР конституциясы бойынша адам құқығы мен бостандығын жіктеу.

1







Барлығы :

30





Мемлекет және құқық теориясы пәнінің барлық тақырыптары бойынша оқып үйренуге ұсынылатын нормативті актілер мен негізгі әдебиеттер:

1.Алексеев С.С Теория права М- 1993, 1995



  1. Алексеев С.С. Восхождение к праву. Пойски и решения -М. 2001

  2. Алексеев С.С. Теория права М 1995

  3. Анисимов В.П. Васенков В.А. Дмитриева И.В. др Правоведение. Практикум Москва 1999

  4. Антология мировой правовой мысли в пяти томах. М Мысль 1999

  5. Бабаев В. К, Баранов В.М,Толстик В.А. Теория государства и права в схемах и определениях М, 2000

  6. Веденин Н.Н. Гусов К.Н. Дашков Г.В. и др Правоведение. Учебник для студентов вузов Под. Ред О.Е: Кутафина М. Юрист 2001

  7. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М 1994

  8. Венгерев А.Б. Теория государства и права Ч. 1-М 1995 4.2-М. 1996

  9. Жеругов Р.Т. Теория государства и права: Учеб. Пособие для вузов. – “Эльфа” 1995

  10. Кашанина Т.В. Пройсхождение государства и права. М. 1999

  11. Класические теоретические преставления о государстве, праве и политике: Учеб. Пособие Красноярск: Краснояр гос. 1999

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі


“Сырдария” университеті

“Экономика және құқық” факультеті

“Құқық” кафедрасы


“Мемлекет және құқық теориясы” пәні бойынша 050115 “Құқық және экономика негіздері” мамандығының студенттері үшін


Оқытушының басшылығымен студенттердің өзіндік жұмыс жоспары



(ОБСӨЖ)

Жетісай – 2007 ж.



    1. ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы






Семинар тақырыбы, жоспар

Сағат саны

Бақылау түрі

1

Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі.

1

Ауызша талдау

2

Мемлекеттің пайда болуы, оның белгілері.

1

Жазбаша бақылау жұмысына арналған сұрақтар

3

Мемлекеттің шығуы туралы теориялар

1

Сұрақ-жауап түрінде

4

Мемлекет типологиясы

1

Тестілік сауалнама

5

Мемлекет нысаны.

1

Реферет

6

Мемлекеттің қызметі. (функциясы)

1

Сұрақ-жауап түрінде

7

Әр типтегі мемлекет функциясы.

1

Тестілік сауалнама

8

Мемлекеттің тетігі (аппарат).

1

Реферет

9

Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекет.

1

Жазбаша бақылау жұмысына арналған сұрақтар

10

Құқықтық мемлекет

1

Сұрақ-жауап түрінде

11

Құқықтың түсінігі, мәні.

1

Тестілік сауалнама

12

Құқықтың типологиясы қазіргі кезеңдегі негізгі құқықтық жүйелері.

1

Реферет

13

Қоғамның әлеуметтік-нормаларының жүйесінде құқықтың алатын орны.

1

Сұрақ-жауап түрінде

14

Құқық нысандары (қайнар көздері).

1

Тестілік сауалнама

15

Құқық нормалары.

1

Реферет

16

Құқық шығармашылығы және нормативтік – құқықтық актілерді жүйеге келтіру.

1

Сұрақ-жауап түрінде

17

ҚР мемлекеттік органдарының құқық шығармашылық қызметттері

1

Ауызша талдау

18

Құқық жүйесі және оның құрылымы.

1

Жазбаша бақылау жұмысына арналған сұрақтар

19

Халықаралық құқықтың ұлттық құқықтан басымдылығы.

1

Сұрақ-жауап түрінде

20

Құқықтық сана және құқықтық нигилизм.

1

Тестілік сауалнама

21

Құқықтық мәдениет.

1

Реферет

22

Құқықтық қатынастар.

1

Сұрақ-жауап түрінде

23

Құқықтық жүзеге асыру.

1

Тестілік сауалнама

24

Нормативтік актілерге түсінік беру.

1

Реферет

25

Құқықты реттеу механизмі.

1

Жазбаша бақылау жұмысына арналған сұрақтар

26

Құқық және заңды мінез құлық

1

Сұрақ-жауап түрінде

27

Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік.

1

Тестілік сауалнама

28

Заңдылық және құқықтық тәртіп

1

Реферет

29

Құқық және жеке тұлға

1

Сұрақ-жауап түрінде

30

ҚР конституциясы бойынша адам құқығы мен бостандығын жіктеу.

1

Тестілік сауалнама




Барлығы :

30





Мемлекет және құқық теориясы пәнінің барлық тақырыптары бойынша оқып үйренуге ұсынылатын нормативті актілер мен негізгі әдебиеттер:

1.Алексеев С.С Теория права М- 1993, 1995



  1. Алексеев С.С. Восхождение к праву. Пойски и решения -М. 2001

  2. Алексеев С.С. Теория права М 1995

  3. Анисимов В.П. Васенков В.А. Дмитриева И.В. др Правоведение. Практикум Москва 1999

  4. Антология мировой правовой мысли в пяти томах. М Мысль 1999

  5. Бабаев В. К, Баранов В.М,Толстик В.А. Теория государства и права в схемах и определениях М, 2000

  6. Веденин Н.Н. Гусов К.Н. Дашков Г.В. и др Правоведение. Учебник для студентов вузов Под. Ред О.Е: Кутафина М. Юрист 2001

  7. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М 1994

  8. Венгерев А.Б. Теория государства и права Ч. 1-М 1995 4.2-М. 1996

  9. Жеругов Р.Т. Теория государства и права: Учеб. Пособие для вузов. – “Эльфа” 1995

  10. Кашанина Т.В. Пройсхождение государства и права. М. 1999

  11. Класические теоретические преставления о государстве, праве и политике: Учеб. Пособие Красноярск: Краснояр гос. 1999



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі


“Сырдария” университеті

“Экономика және құқық” факультеті

“Құқық” кафедрасы

“Мемлекет және құқық теориясы” пәні бойынша 050115 “Құқық және экономика негіздері” мамандығының студенттері үшін

Студенттердің білімін бақылау түрлері:
а) Тестілік сауалнамалар

б) Жазбаша бақылау жұмыстары.

в) Коллоквиумдар

г) Сөзжұмбақтар

д) Глоссарий

е) Эссе

Жетісай – 2007 ж.
13. Тестілік сауалнама


  1. Төмендегі ұғымдардың қайсысы, әдіс-тәсілдердің жүйесі ретінде анықталды:

А) Методология

В) Теорема

С) Парадигма

Д) Концепция




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет