Лекцияның мақсаты


Ғылыми жазба жұмысының әдістемелік бөлімі мен қорытындысы



бет14/15
Дата20.09.2022
өлшемі60.02 Kb.
#460959
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
stud.kz-53668

Ғылыми жазба жұмысының әдістемелік бөлімі мен қорытындысы.Болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнеріноқытудағы әдістемелік технология дегеніміз- студенттерді оқытудағы бағдарламалық талаптары қамтамасыз етудегі оқытушының сабақ берудегі белгілі тәсілдерінің, амалдарының, әдістерінін жиыны. Оқытудағы жүйелілік, бірізділік, тиімділік сияқты бұрын айтылған талаптарды ескеру, олардың оқыту сапасын арттыру, пәнді толық меңгеру әдістемесін іске асыру секілді іс әрекеттерден жинақталады. Негізгі мақсаттарымен топтасуы белгілі жағдайларды әдістемелік технологияға әкеліп соғады.Жоғары оқу орнындағы оқу үдерісін болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнеріне даярлық проблемасы болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнерін оқытуға даярлықтың дидактикалық шарттары оқытудың мазмұндық, ұйымдастырушылық, әдістемелік, материалдық жағынан қамтамасыз етуді көздейді. Мазмұндық қамтамасыз ету: «Бейнелеу өнері тарихы мен теориясы», «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» пәндерінің бағдарламасына қосымша бағдарлама жасау сол бойынша дәрістік, тәжірибелік сабақтар өткізу; «Педагогикалық іс тәжірибе» бағдарламаларына қосымшалар енгізу арқылы мектептегі өнер пәнінен сабақтар мен сабақтан тыс тәрбиелік іс шаралар ұйымдастыру; «Этнодизайн өнерін оқыту әдістемесі» атты элективті курс бағдарламасын жасау және оның сабақтарын өткізуді қамтамасыз ету карастырылады. Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бойынша:болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнерін оқытуға даярлық тақырыптары бойынша практикалық сабақтар өткізу, дипломдық жұмыс, курстық жұмыс, өнер мұражайларына экскурсиялар ұйымдастыру, тренинг, тест тапсырмаларын дайындау, өнер туралы пікір алысу, баяндама, нұсқау, кеңес беру, сауалнама, конференция, семинар, дебат, көрме жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету танылады. Әдістемелік қамтамасыз ету бойынша: оқу бағдарламалар, оқулықтар, көрнекілік құралдар, электрондық оқулықтар, дидактикалық материалдар дайындау болашақ мұғалімдерді Этнодизайн өнерін оқытуға байоанысты. Материалдық қамтамасыз ету: оқу үдерісі кітапхана қорымен, интерактивті тақта, видео, компьютерлік кластар оқу материалдарымен жабдықталуы қамтамасыз етілуі жоспарланады. Үрдістің барлық қатысушыларының белсенді қатысуын талап етеді және тұлға мен ұжымның қалыптасуына ықпал етеді. Этнодизайн өнеріне болашақ мұғалімдерді дайындау мәселелері бойынша ғылыми педагогикалық әдебиеттер мен педагогикалық іс тәжірибелерді сараптау негізінде этнодизайн өнеріне болашақ мұғалімдерді дайындау байланысты жинақталған материалдарды студенттерге арналған оқу материалдары ретін де жинақталып олар он үш бағыт бойынша былайша жіктеліп мазмұндалады: Бірінші бағыт. «Этнодизайн», «Этнодизайн салу», «Этнодизайн салу технологиясы» ұғымдарына түсініктер беру тақырыбына материалдар біріктірілді.Екінші бағыт. Этнодизайн өнеріне болашақ мұғалімдерді дайындау мәселелері тақырыбына материалдар біріктірілді Үшінші бағыт. Этнодизайн өнеріне болашақ мұғалімдерді дайындау мәселелері мақсаттары мен міндеттері және осы заманғы педагогикалық талаптар, тақырыбына материалдар біріктірілді. Төртінші бағыт.Этнодизайн өнеріне болашақ мұғалімдерді дайындаудың өнертанымдық негіздері.Бесінші бағыт.Этнодизайн өнеріне болашақ мұғалімдерді дайындау әдістемелік негіздері тақырыбына арналған материалдар біріктірілді.Алтыншы бағыт. Этнодизайн өнеріне болашақ мұғалімдерді дайындау дидактикалық принциптері.Жетінші бағыт. Этнодизайн өнеріне болашақ мұғалімдерді дайындау мазмұны. Сегізінші бағыт.Этнодизайн өнеріне болашақ мұғалімдерді дайындау сабақтарының жоспарларының құрылымы.Тоғызыншы бағыт. Этнодизайн өнеріне болашақ мұғалімдерді дайындау сабағындағы мұғалім және оқушының қызметі.Оныншы бағыт.Бұл бағыт тақырыбына этнодизайн өнеріне болашақ мұғалімдерді дайындау ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктерімен байланысты материалдар біріктірілді.Он бірінші бағыт. Этнодизайн өнеріне болашақ мұғалімдерді дайындау ұйымдастыру әдістері мен оған қойылатын талаптар.Он екінші бағыт. Этнодизайн өнеріне болашақ мұғалімдерді дайындау жұмыстарды ұйымдастыру.Он үшінші бағыт. Этнодизайн өнеріне болашақ мұғалімдерді дайындауға арналған оқу кабинеттерін жабдықтауға қойылатын талаптар. Болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнерін оқытуға даярлық әдіс тәсілдерін меңгеруге бағытталған практикалық сабақтардың мәтіндері дайындалды. Практикалық сабақтарда оқыту технологиясын таңдап алу проблемасы бойынша талдаулар жасау; этнодизайн салу технологиясын үйрету; этнодизайн өнерін оқыту сабағының көрнекті құралдарын жасау; этнодизайн салу материалдарын дайындау технологиясын қолданудың талдауларын жасау тапсырмасы орындалады.
Болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнерін оқытуға даярлық мәні мен мазмұнына кәсіптік даярлық жүйесінде талдау жасау олардың мақсатын, міндеттерін, заңдылықтары мен принциптерін, атқаратын функцияларын, әдіс-тәсілдері мен өзіндік ерекшеліктерін дәлелдеп көрсетуге мүмкіндік береді.

№15. Лекция. Ғылыми зерттеу жұмысы түрлері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет