Олар жолға шықты, қару дегенде тек пистолеттері ғана бар, сонсоң немістердің қолынан босанған әскери тұтқындар болып документтер алған. Луковец хуторына жақындағанда, партизандар пистолеттерін жасырып, әскери тұтңындар болып бару- ға ұйғарды. Полицейлер оларды тінтіп документтерін тексерді де, қоя берді. Ымырт жабылысымен олар Вюнище селосына келді. Бірақ Сергей Минович Шпи- тальдің үйін іздеді, өйткені Попов бұрын мұнда сан рет келсе де, оның үйін ұмытып қалыпты. Олар үйді әрең тапты. Терезені ишаралап шертіп еді, Сергей Миновичтің зайыбы шықты, Попозты та- нып, ол ерін шақырды. Сергей Миновичтің үйінде олар көп отырмады, ас ішті де, жер астындағы қару-жарақ, азық-түлік қойма- сы бар жерге тартты. Мұндағы нәрселер түгелдей сақ- таулы екен. бірақ Сергей Минович оны полицайлар аңдып жүргенін хабарлады. Сондықтан ол бізден қой- мадағы құрал-жарақтарды, азық-түліктерді тезірек алып, отрядқа тасып әкетуді өтінді. Партизандар мүмкін болғанынша кешіктірмей әке- туге уәде берді де, онымен қоштасып кетті. Таң білін- генше олар Днепрдің жағасында отырды, өйткені Днепрден түнде өту қауіпті еді, мұз түсіп жатқан болатын. Днепрден таңсәріде өтіп, Луковец хуторына кіруі- ақ мұң екеп, қас қылғандай бұларға үш полицай ки-
лікті. Ңарусыз партизандарды ұстап алды да, мектеп- ке айдап келді. Мұның себебі осының алдында Пере- яслав комендатурасынан ерсілі-қарсылы өткендердің барлығын ұстап алып, комендатураға алып келіңдер деген жарлық болған екен. Біраздан соң мектепке тағы да үш полицай және жасы елулер шамасына келген жалғыз көзді жергілік- ті староста келді. Ол партизандарды желкелеп мұға- лімдер бөлмесіне енгізді де, полицайларға қарап:
Бұлар совет бандиттері ғой, көрмей тұрсындар ма? Бұларға уақыт кетірудің, комендатураға апарып әуре болудың не қажеті бар? Оларды бір жарға апа- рып, ит секілді атып тастау керек! — деді.