Мынау сенің мамаң ба? — деп сұрады.
Мамам. Менің мамам! — деп іркілмей жауап берді Серік. Серік жауабы соққы көріп тұрған ана жа- нына ерекше бір қозғау салғандай еді осы кез. Бала мінезі, бала өжеттігі Анна Ивановнаны да жігерленді- ре түскендей болды.
Тілмаш әйел комендантқа, комендант оған қарап қалды. Сәлден соң комендант екі баланы нұсқап, бірде- мелерді тілмашқа айтты да, «тұтқындарға осы айтқа- нымды түсіндір» дегендей иек қақты.
Жетісіне бір рет келіп, осындағы комендант кө- мекшісіндегі тізім кітапшасына өзіңіздің осында екен- дігіңізге белгі жасатып отырсын дейді пан комендант. Қазір жүре беруіңізге болады,— деді тілмаш әйел.
Анна Ивановна екі баласын ертіп сыртқа шықса, комендатураға қарай Тамара келе жатыр екен.
Сатқынды атарға оғы, асарға шамасы болмаған Анна Ивановна, Тамараға оқты көзімен бір қарады да, Т1С жармай өте шықты. Азғын Тамара: «Менің кім окенімді енді білген шығарсың. Мен өмірдің бағасын !лем. Сендер сияқты азап шекпей-ақ, күнімді көре
адамын. Кәзір сен кім, мен кім? Менің бағам неміс офицерлерінің арасында сенен мың есе артың. Сен ме- Вщ алақанымдасың. Ңызыл комиссардың әйелі болған сені мен өлі талай рет неміс офицерлеріне ұстатам да, талай рет сыбағаңды тартңызам. Сенің маған бас игің келмейді өкен ғой. Келмесе, не боларыңды білмей қа ларсың»,— деген зымияндық көз қарасын тастап, сай ңалдана жүріп бара жатты.
Арада үш күн өткен соң, Анна Ивановнаны екі ба ласымен комендант тағы шақырды.
Мұның тағы да Тамарадан келген бәле екенін сезе ңойғян Анна Ивановна барарын да, бармасын да біл- мей дал болып отырған шағында, баң жақтағы терезе- ні біреу қақты. Жүйрік сезім күші жетегіне алған Анна Ивановна өз адамдарының бірі екенін бірден түсі ніп, терезеге келсе, ойлағандай-ақ Полина Петровна екен. Ол терезенің тесігіне аузын төседі де:
Аня, саған Борис Андреевич селодан тез кетсін деп сәлем айтты. Комендант сені бүгін тұтқынға ал маңшы. Уақыт өткізбе, тез кет! — деп қоштасқандай ңол бұлғады да, баққа ңарай жүгіре жөнелді.
Достарыңызбен бөлісу: |