Үлы Отан соғысының батыр- лары Талғат Бегелдинов пен Сағадат н үрмағамбетовке, Ба- уыржан Момыиіүлы мен Ра- хымжан Қошқарбаевңа, ңаһар- ман партазандар Әди Шәріпов пен Тоңтағали Жәнгелдинге


Игнат аға, Игнат аға? — деп, жылап қоя берді



бет353/395
Дата26.12.2023
өлшемі0.57 Mb.
#488075
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   395
Jau tilinda 2

Игнат аға, Игнат аға? — деп, жылап қоя берді.

  • Мишенька, жылама! Сені босатады, жылама! — деп жұбатқан болды Игнат Исакович.

  • Мені босатпайды! Мені өлтіреді! — деп, Миша көзінің жасын сүртті де, өлімге белін буып бекінгендей болды. Сосын сәл кідіріп барып: — Ивандарды да қа- мады ма? Оларды көрдіңіз бе? — деді өксіп тұрып.

  • Оларды қамаған жоқ. Олар қашып кетті. Аман! Көрдім. Бүгін гағы барам оларға,— деді Игнат Исако- вич асыға сөйлеп.

  • Оларға айт...— деп Миша тағы кемсеңдеп жы- лап жіберді.— Ертең кешке Мария апайды Македонға апарыгі жауап алады. Соны Николай ағайға хабарла- сын деп Мария апайдың өзі айтты...

  • Ертең бе? Ергең кешке ме? — деп, Игнат Исако- вич қадағалап сұрай бастады. Сосын ол жан-жағына мұқият қарап шығып, сарайдың іргесіндегі бір жіңіш- келеу тақтайды сыртқа қарай жұлып алды да:

  • Миша, мына жерден шығып қаш,— деп екінші бір тақтайды босата бастады. Миша есік жаққа қарап қойып, әлгі жердегі Игнат Исакович сыртқа қарай та- бандап тартып жатқан тақтайды тізерлей отыра қалыгг екі қолымен итере бастады. Енді әлгі тақтай аралығы едәуір кеңіп қалды. Сол кезде Игнат Исакович:

  • Миша, байқа, жандарм келе жатыр. Бірақ, қа




    шу керек,— деді. Сонан кейін не болғаны белгісіз, Ми- ша Игнат Исаковичтің даусын ести алмады. Сарайдың қай жагына барып саңылау-саңылаудан сығалап қара- маса да, оның алып тұлғасын көре алмады. Ол енді сарайдың есігіне келіп қараса, есік алдында өзін алып келген жандармдардың екеуі темекі тартып, қарқыл- дап күлісіп тұр екен. Миша оларға кектене қарады да, сарайдың артқы жағындағы әлгі жерге келіп, босаған тақтайды сыртқа қарай итеріп еді, өзі сиярлықтай бо- лып қалған екен. Миша дереу етпетінен жата қалып басын тесікке тығып сыртты болжады. Ешкім көрінбе- ген соң: «Сарайдан шығып қалай қарай қашамын?» — деп ойлап отырды. Енді өз селосына қарай беттегісі келмеді. Ол жақтан машина, мотоциклдермен қаптап жүрген неміс солдаттарының сойқан бейнелері көз ал- дына елестей кетті де, өзін жуан неміс солдаты шап беріп ұстап алғандай болды. Миша осы сәтте селк ете түсті де, көзін жұмып, бетін екі қолымен баса қойды. Сәл кідіріп, көзін ашып, орнынан атып тұрды да, те- сіктен жып-жылдам сыртқа шығып алып, жүгіре жә- нелді. Ол қайгсе де осы селодан шығып кеткісі келіп, тура далаға қарай тартты. Жан ұшырып жүгіріп ке- леді, жүгіріп келеді... Мұның қашып келе жатқан ба- ғыты «Көк орман» еді. Жақын маңда орман болмаған соң, партизандар осы орманда шығар деп жорамалдай- тын. Міне, қазір де «Ивандар немістерден қашып кет- кен боііса, осы «Көк ормандағы» партизандарға барып паналаған шығар»,— деп ойлап келеді. Оның екі көзі мұнартып көрінген «Көк орманда».
    «Көк орман» Пи селосынан төрт-бес шақырым қа- шықтықтағы шағын ну тоғай еді. Ағашының дені қа- рағай болғандықтан, ол қысы-жазы жап-жасыл болып көрініп тұратын. Оның үстіне, сол орманды айнала қо- ныстанған селолардың үйлерінің мұржаларынан шық- қан көк түтін де соған жиі оралып, алыстан көк мұнар көрсететін. Әлде осыдан ба, әйтеуір, осы шағын орман атам заманнан бері «Көк орман» деп аталатын.
    Миша жол ортаға жеткенде, селодан қуғыншы жан- дармдар да шықты. Миша қуғыншыларды көргенде, ^канын қоярға жер таба алмады. Кіріп кетерге тесік жер болмаған соң, жандәрмен қылып алға қарай жүгіре бер- Ді- Міне, орман да алыс емес. Бірақ жаяу қуғыншылар- ДЬІҢ соңынан екі мотоциклист шығып қуыи келеді.




    Жанұшырған Миша, орманның шетіне ілінді. Сол кезде қуып жете алмайтынын біліп, орманға кірсе көз жазыц ңалармыз деген жендеттер екі автоматтан оң жауды рып жіберді. Миша орманның шетіндегі бір жіңішк • қарағайды құшақтай алды. Ол денесін ауырсынып, сә; кідірді де, бұрылып артқы жағына қарап еді, жендет тер «өлген шығар» дегендей, мотоциклдерінің жанын да сойдиып-сойдиып тұр екен. Миша есін жинағандаі болып, ілгері жүрмекші болып еді, жүре алмады. Өз денесін ңан жауып кеткенін көріп, ол шошып кетті.

    • Ваня! — деп бар даусымен айқайлап жіберді Оның сәби кеудесінен ңысылғанда шыққан жіңішкғ даусын орманның әр ағашы да «аянышты халіңді аға ңа жеткізейік» дегендей, Мишамен бірге қосарлана бі рінен соң бірі қайталап, орман ішін шарлап кеткендей болды. Енді бір сәтте әбден әлсіреген Миша жерге құ лап түсті. Енді ол май айының көтеріліп қалған шөбі нің тасасынан жендеттердің қарасын көре де алмады Сөл сұлқ жатты да, басын көтеріп ілгері ңарай еңбек теді. Уыз денесінен аққан ыстық қан жасыл шөпті ңызыл бояумен бояп келеді. Елу-алпыс метрдей еңбек теп келді де, бір топ бүргеннің ішіне кіріп сұлқ жата кетті. Ары жылжуға еш дәрмені жоқ. Ңимылсыз жата берді. Көз алдында мотоциклге мінген, автомат кезеніп тұрған неміс солдаттары елестесе, әлсіз жан-жүрегі түршігіп кетеді. Кей кезде өз адамдарын елестетіп қал са, сөйлескісі келгендей аузын жыбырлатады. Немесе Иван ағасын, туыстарын құшақтағысы келіп, қимы; жасайды. Жоң, сөйлеуге де, басқа қимыл-әрекет жа сауға да дәрмені жоқ. Ңұр сезім жүйесі ғана соғаі көңілді жетектейді. Сол өмір мен өлім арасындағы бі] қыдыру елес үстінде жатқан Мишаның ойы бірте-бірт тұманданып барып, үзіліп кетті. Бәрі де ғайып болды Күнәсіз сөби бала сол етпетінен түскен күйі мәңгі кө зін жұмды...



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   395




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет