Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Орыс саяхатшылары мен тарихшыларының қазақ халқының тарихын зерттеудегі ролі
2.Ш.Ш.Уәлиханов және оның іс-қайраткерлігі
3.А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин және олардың туған өлкені зерттеп-танудағы ролі
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
1.Қазақстанда өлкетану ісінің басталуы. Өлкетану бұл жаңа құбылыс емес, оның тамыры адамзат тарихының көне дәуірінен басталады. Бұл жұмыстар ХVІІІ-ғасырдың басталу кезеңі, сол кездегі қазақ халқының экономикасы мен мәдениетін, тарихын зерттеумен айналысқан орыс және жергілікті зиялылардың демократиялық бөлігінің прогрессивті ролінің күшейген кезеңі.
Қазақстандағы өлкетанудың пайда болуы – ХУII ғ. Өлкетану ХУ111 ғасырда әсіресе кең құлаш жайған. Географияның гүлденген уақыты деп аталады. Өлкетану зерттеулерінің нәтижесі жергілікті әкімшілік құжаттарында, губернатор «Есебінде»,губернияның «Топографиялық жазбаларында», Бас жер өлшеушілер материалдарында көрініс берді .
1834 ж. жергілікті статистикалық мәліметтерді жинау,өңдеу қажеттілігі, губерниялық статистикалық комитеттер құру қажеттігін айқындады. Олардың міндеті: жергілікті әкімшілік статистикасының толық нақты жазу, статистикалық экспедицияларды жабдықтау.
Өлкетану жұмысын өлкетану музейлер Х1Х- ғасырда кең жайдырды. ХХ-ғасырдың басында өлкені зерттеуші қоғамдар пайда бола бастады.
Ресейде губерниялық және уездік (болыстық) экономикалық кеңестер, жергілікті еңбек және қорғаныс кеңесін ашуға шешім қабылдады (СТО – Совет труда и обороны). 1917 жылы Халық-ағарту комиссариатының құрамында ғылыми бөлім құрылды. 1923 ж. өлкетану журналдары шыға бастады: «Өлкетану»,«Орталық өлкетану бюросының хабаршысы» (Известия ЦБК, 1925 ж.) .1930-1936 жж. «Кеңес өлкетану» деп аталды. Бүкілресейлік өлкетану конференциялар 1924, 1927, 1 Бүкілқазақстандық ғылыми-өлкетану съезі 6.04.1930 ж. өтті .
Өлкетану зерттеулер көп университеттер, ғылыми қоғамдардың бөлімшелер мен филиалдар: Еркін экономикалық, археологиялық, географиялық, Ресейдің бұрынғы тарихы, жаратылыстану қызығушылар, антропология және этнография қоғамдар, губерниялық архив комиссия, земстволар жүргізді.
2.Қазақстанда өлкетану жұмыстарының негізгі кезеңдері
1 кезең. Революциядан бұрыңғы кезең, патшалық Ресейдің қиыр алыс түкпірлерінде өлкетану үйірме, қоғамы мұражайлары пайда болды. Олар жергілікті мәдениет саласы халық тұрмысын жазып, жинау зерттеуде елеулі табыстарға жетті. Бұл кеңес дәуірі кезеңіндегі өлкетану қозғалысының кең өркендеуіне бастама болды.
2 кезең. Кеңес өлкетануының пайда болуы мен қалыптасуы 1917 жылдан 20 – жылдардың ортасына шейін. Онда өлкетану ғылыми – мәдени қозғалыс ретінде нығайды.
3 кезең. Көпшілік өлкетану қозғалысының гүлдену кезең. 20-шы жылдардың ортасынан 30-жылдардың ортасына шейін. Онда Кеңес тарихы өлкетануының негізгі тек орталықта ғана емес, Республикада да қаланды.
3.Орыс саяхатшылары мен тарихшыларының қазақ халқының тарихын зерттеудегі ролі
Ресейде орыс кітап басып шығаруы ХУ1 ғ. ортасында пайда болып тарихи мәліметтер, саяси-экономикалық адамдардың рухани өмірі туралы кітаптар күрт көбейді. Х1Х ғ.соңы -ХХ ғ. басында, әсіресе қызығушылық тудырған басылымдар Ресей тарихы бойынша жекелеген анықтама басылымдар, жол көрсеткіштері, өлкетану анықтамалары, монографиялар: губерниялық статкомитеті шығарған қоғамының еңбек жинақтары және жазбалары, Еркін экономикалық қоғам, жаратылыс, білім, антропология, этнография әуесқойлар қоғамы, Орыс географиялық қоғамы ежелгі Ресей және тарих қоғамы, университеттердің археологиялық қоғамы, губерниялық архив қоғамдары, жергілікті өлкетану қоғамдары (мысалы, «Костромалық байырғылар) ж.т.б мекемелер әрі жергілікті газет-журналдар.
көп томды «Орыс өмірбаян сөздігі», «Татар дәуірі кезіндегі Солтүстік Ресейдің жекелеген ұлы князьдары», В.НТатищевтің«Лексиконы»(1793),А.А.Плюшардың 17 томдық «Энциклопедиялық лексиконы (1735-1747), С.А. Селивековскийдің 3-томдық «Этнографиялық сөздігі» (1821-1826). Х1Х ғ. 2-жартысы ХХ ғ. басында шыққан әмбебап энциклопедиялардың ішінде айта кететіні: И.И.Березиннің 16 томдық «Орыс энциклопедиялық сөздігі» (1873-1879), Брокгауз және Эфронның «Энциклопедиялық сөздігі» (1-ші басылым 82 том және қосымша 4 том (1890-1907жж.), С.Н.Южаковский 22-томдық «Үлкен энциклопедиясы» (1-ші басылым 1900-1902 жж., 2-ші басылым 1902-1909 жж.), ағайынды Гранаттардың «Энциклопедиялық сөздігі» 7 басылым 1892 жылдағы шейін шығарылған және 21 том - кеңес дәуірінде).
Әртүрлі анықтамалар мен сөздіктер: П.П.Семеновтың «Ресей империясының географиялық-статистикалық сөздігі» 5 томдық (1863-1885 жж.)., П.П.Семенов Тянь-Шанскийдің редакциялық басқарумен (1881-1889) барлығы 12 том «Біздің отанның толық географиялық жазбалары». Бұл басылымда өлкенің толық мағлұматын, оның табиғатын, тарихын, тұрғындардың тұрмысы мен мәдениеті, шаруашылығын, көптеген елді-мекендерді және революциядан бұрынғы Ресейдің көрнекті жерлерін табуға болады.
А) ХУ1 ғасырдағы орыс әдеби деректемелерінің пайда болуы. Қазақ халқы туралы алғашқы өлкетану мәліметтер
Б)ХУ11 ғ. соңы- ХУ111 ғ. басындағы қазақтар туралы өлкетану білімінің толығуы және тереңдетілуі Қазан төнкеріске дейінгі қазақ өлкесін зерттеудегі ғылыми бағыттар
Достарыңызбен бөлісу: |