«лингвомәдениеттану» курсы бойынша дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұНЫ



бет14/27
Дата02.01.2022
өлшемі498 Kb.
#452238
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27
«лингвом дениеттану» курсы бойынша д рістерді ЫС аша мазм НЫ

Langage = ↑↑

{ langue
Сөйтіп, сөйленетін сөз (дискурс) тілдің соңынан ілесе жүреді екен. Тілдің өзінде де ойлау факті және сөйлеу факті бар әрі олардың бір біріне сәйкестігі тағы бар.

“Жүйе үшін ақиқаттық танытатын заң бойынша, жүйе қашанда біртұтас және дәл солай бола тұра, көптүрлі, өйткені ол өз бойына құрамдас бөліктерін жинай жүреді. Бір элементтен тұратын жүйе жоқ. Жүйе идеясы міндетті түрде бинарлықты талап етеді: жүйе болу үшін, ең кем дегенде, екі құрамдас бөлік болуы тиіс”, - дейді Гийом [133, 80 б.].

Соссюр сөз сөйлеуді (parole) тіл білімінің шеңберінен негіздеп шығарды. Сөйлеу мен тілдің бір-бірімен тығыз байланысты екені белгілі. Бұл мағынада сөйлеу индивиуалды, өйткені сөйлеу актілерін жеке адамдар жүзеге асырады, бірақ тілдесу үшін бұл индивидтер қоғамдық практикада қалыптасқан және бәріне ортақ тілдік таңбаларды, дыбыс шығару мен оның мағынасын қолдануы керек. Бұдан шығатыны – сөйлеудің әлеуметтік негізі бар және ол ортақ заңдылықтарға ие. Бұл тұжырымның аударма үшін маңызы зор, өйткені аудармашы тіл жүйесімен емес, сөйлеу туындысымен жұмыс істейді.

Ксенофонт герменейя – тілдік қабілет – құдай сыйы деп айтқан екен. Қазірде сол түбірден тараған герменевтика – сөзге қатысы бар ғылыми пәндердің барлығына ортақ тәсілдеме. Ол басқа тәсілдемелерді жоққа шығармайды, бірақ, әсіресе, жоғары материялар туралы толғанған философия үшін, мәдениеттану үшін таптырмас түсіну жолы. Сөйлесу құдіреті бізге туа берілген, біз бірдеңелерді дыбыстап айта аламыз. Дегенмен, тіл құдіреті туа берілмеген. Тіл өзін ойлауға ашты, сөйтіп ойлаудың өзін өзгертті. Әйтпесе тілді ойлау өзінің көмекші құралы ғана деп түсініп келді емес пе? Ойлауға ашылған тіл бізді біраз трансценденталды ой кезулерден кейін өзіміздің бастапқы мәнімізге, өзіміздің "болмыс үйіне" (Хайдеггер), өз "босағамызға", өз "болмысымызға" қайтарды.

Тілді біз өмір бойы үйренеміз. Тіл – жаратылысынан шартты-мәмілелі (конвенционалды) дүние әрі "шындығында, тілдің өзі келісімге келу (конвенция) шарты" [134, 233 б.]. Демек, конвенция, келісім-шарт қандай да бір нәрсенің оқтын-оқтын қайталанып отыруын қажет қылады, ал сол келісім-шарт жасалу үшін, яғни адамдар бірдеңе туралы ымыраласу үшін, пәтуаға келу үшін, әрине, сөйлейтін көпшілікке түсінікті тіл керек. Адамдардың тіл арқылы қатынасуының барлық түрінен сондай бір қайталанып отырушылықты көреміз. "Тілдің болуына қоғам жағдайшарт тудырады" [134, 231 б.]. Тілдің конвенционалды табиғатын тұжырымдаудың аударма ісіне тікелей қатыстылығы оның бір тілдік ұжымнан екінші тілдік ұжымға көшіп-қонатындығында, ендеше, бір ымыраласу аясынан екінші біреуіне өтуінде деген сөз. "Тілдік шарттылықтарды (конвенцияларды) білу интерпретациялау үшін негіз болады" [134, 231 б.].

Жоғарыда тілге қатысты ізденістер жүргізген философиялық бағыттардың топтамасында үшінші жолда структуралистер келтірілген болатын. Енді соларға алдыңғыларына қарағанда арнайы көбірек тоқталғымыз келеді. Өйткені ол бізге уақыт тұрғысынан болсын, тілге деген ұстанымдардың бүгінгі парадигмасын беруі тұрғысынан болсын жақын дүниелер. Сол үшінші топтағы бағыт тіл мәселесіне келгенде асқан белсенділік танытқан философия мен мәдениеттанудағы, тілтанудағы структуралистік бағыт болды. Сол структуралистер тілді жаңа қырынан көре білді. Структуралистер аса құрметтеп, бас иетін Э. Кондильяк: “Кез келген тіл – аналитикалық тәсіл, ал кез келген аналитикалық тәсіл ол – тіл”, - деген екен [135, 272 б].

У. Эко қоғамдық санада құрылым ұғымының қалыптасуына, қызмет етуіне тоқтала отырып, оны өмірлік формалар тақырыбымен байланыстырады. Ол былай деп жазады: “Қазіргі философияны неше түрлі “формалар” қоныстаған – Шпрангердің “өмірлік формасынан” (Lebensformen) Криктің “праформасына” (Uhrformen) дейін, Дильтейдің “негізгі формасынан” (Grundformen) Гуссерльдің “мәндік формаларына” (Wesenformen) және Шелердің “сезіну формаларына”(Gebunsformen) дейін. Олардың әрқайсысы тарихи, онтологиялық немесе психологиялық шындықты құрылымдық тұрғыдан реттеу болып көрінеді” [136, 260-261 бб.]. Сонымен, құрылымдық таным форма туралы қағиданы алға тартқан формалистер мектебінің қисынды жалғасы деп айтуымызға мүмкіндік бар.

Жалпы, формализмнің структуралистік бағыттың алғышарты болғандығын естен шығармау керек. Формализм структурализмнің бетке ұстаған тұғырнамасын – субъект-объектілік қарым-қатынастардың классикалық емес интерпретациясын берді. Формалистер бұрындары болмаған, кейінірек структуралистік зерттеулер негізіне енген теориялар мен тәсілдердің орталық ұғымдарын енгізді. Формалистер бірден лингвистикаға жүгінді. Онда философиялық “форма” мен “мазмұнның” классикалық оппозициясы “тіл” және “сөз” немесе “сыртқы” және “ішкі” тіл проблематикасы арқылы түсіндірілген. Структуралистік формалды схематизмді структурализмнің көрнекті өкілі Л. Ельмслевтің тілді “таза схема, не болмаса форма” [137] деп түсіндіруінен де байқаймыз. Л. Ельмслев тілді әмбебап абстрактылы схема деп түсінгендіктен, тілдің әлеуметтік табиғаты мен дамуын, тілдің қызметін және т.с.с. мәселелерді көзге ілмеді.

Герменевтикалық және психоаналитикалық тұрғыдан алғанда лингвистикалық методология шығармашылық пен туындының өзін түсіну құралы болып табылады. Орыс формализмі мәдениеттанулық, эстетикалық ізденістердің лингвистикалық дәстүрге бағдарлануына жол салып, бастап берген болатын. Ал лингвистикалық дәстүрде, таңданарлық ештеңе жоқ, тіл қашанда белгілер жүйесі ретінде қарастырылады.

Формализм "шинелінен" шыққан структуралистер тілді тек қана ақпарат жеткізудің белгілік формасы деп қана емес, материалды-заттық және идеалды-рухани әлем арасындағы байланыстырушы құрылым ретінде қабылдады. 30-шы жылдардың басындағы чех структурализмінде "құрылым" ұғымы қалыптасты. Я. Мукаржовский құрылымды тұтастық ретінде анықтай келе, оның құрамдас бөліктерінің динамикалық сипатын баса атап өткен болатын.

Шығарманы семиотикалық түсіну арқылы Я. Мукаржовский бүкіл көркем қызметті біртұтас коммуникативті процесс ретінде көрсетуге тырысқан: өнер шығармасы өзінің ішкі ұйымдастырылуында белгі болып табылады, өзінің нақты шындыққа, қоғамға қатынасында да белгі болып табылады. Ендеше, сол шығарманы қабылдаушы субъектке қатынасында да ол белгі болмақ. Шығарманы қабылдау барысында сол шығарма туындаған қоғам құндылықтарына деген қатынас қалыптасады. Шығарма идеологияға аса қатты көңіл аударады, сонымен қатар, өзі де сол идеологияның жүзеге асуына және тұрақтылығына қызмет етеді.

Структуралистер шығарманың ішкі құрылымындағы барлық элементтердің бір біріне сәйкестілігі туралы идеяны ұстанатындықтан, мәдениетті де шығарма сияқты түсіндіре бастады. Теориядағы ұғымдар іштей орын ауыстырып, бір біріне ыңғайласа орналасатындығы сияқты, мәдениет фактілері де, структуралистердің ойынша, функционалды байланыстары өзгерген жағдайда басқа мәнге ие болатын көрінеді. Сондайда мәдениеттің кейбір фактілері өз өзіне тең түспей, өзін өзі жоққа шығаруы да, құндылығынан айырылуы да мүмкін. Структурализмнің семиологиялық бағдар алуы өзіндік мәдениет философиясын туындатты. Структурализмнің жарқын өкілі – К. Леви-Стросс көптеген белгілік жүйелерде: мифтерде, рәсімдерде, салт-дәстүрлерде адам белсенділігін анықтайтын санадан тысқары әлдебір құрылым бар деп біледі.

Структурализм идеяларының қарқынды дамуы барысында постструктуралистік деп аталатын көршілес көзқарастар пайда бола бастады. Бірақ постструктурализмнің дүниеге келуі структурализмді жоққа шығарды деуге тағы да болмайды. Өзінің аты айтып тұрғандай-ақ, постструктурализм біртұтас жүйе ретінде структурализмнің орнын басты, сөйтіп, оның дүниетанымдық көзқарастарының бір тобын жалғастырды. Постструктурализмді структурализмнің заңды жалғасы, трансформацияланған түрі деуге толық негіз бар. Постструктурализм өкілдеріне Ж. Деррида, М. Фуко, Р. Барт, Ж. Делез, Ф. Гваттари, Ю. Кристеваларды жатқызамыз.

Постструктурализм өкілдері структурализм идеяларын және белгіге қатысты дәстүрлі концепцияны сынға алады. Логика мен математикалық формулаларға, түсіндірмелік кестелер мен таблицаларға көп қызығушылық танытатын структурализммен салыстырғанда, постструктурализм қатаң ғылымилықтан ат-тонын ала қашып, батыстық логоцентристік дәстүрді сынайды. Логоцентристік дәстүр деп постструктуралистер не нәрседен болмасын бастапқы себепті, қатал тәртіптілік пен мағына іздеушілікті түсінеді. Постструктурализм мен постмодернизмнің ара жігін ажырату қиынның қиыны. Постмодернді күй, жағдай ретінде алар болсақ, онда арнайы бағыт ретінде қалыптасқан постструктуралистер постмодерн күйіне ұшыраған еді дерміз.

Еуропадағы – В. Гумбольдтың, Америкадағы – Ф.Боас, Э. Сепир, Б. Уорфтың этнолингвитикалық мектептерінің қалыптасуы. Ресейлік этнолингвистика өкілдері – Д.К. Зеленина, Е.Ф. Карский, А.А. Шахматова, А.А. Потебня және т.б. В.Н. Топоров, В.В. Ивановтардың тілге қарап этностың материалдық және рухани өмірін қайта құрастыру мүмкіншіліктері туралы көзқарастары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет