-
Лисаков қаласы әкімдігінің 2013 жылғы «05» қараша № 527 қаулысына қосымша
Лисаков қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 3 тамыздағы № 403 қаулысымен бекітілген
|
“Красногор ауылы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
-
Жалпы ережелер
1. «Красногор ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі мәтін бойынша - Ауыл әкімінің аппараты) Красногор ауылы әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы басшылығын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Ауыл әкімінің аппаратында ведомстволар жоқ, өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады, Лисаков қаласының әкімдігімен құрылады, таратылады және қайта ұйымдастырылады.
3. Ауыл әкімі аппаратының құрылтайшысы Лисаков қаласының әкімдігі болып табылады.
4. Ауыл әкімінің аппараты ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Ауыл әкімінің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсе алады.
6. Ауыл әкімінің аппараты өз атынан, сондай-ақ егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, Лисаков қаласы әкімдігінің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Ауыл әкімінің аппараты өз құзыретiнiң мәселелерi
бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен шешімдер және өкімдер қабылдайды.
8. Ауыл әкімі аппаратының құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111202, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Лисаков қаласы, Красногор ауылы.
10. Толық атауы: «Красногор ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Ауыл әкімі аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
12. Ауыл әкімі аппаратының қызметін қаржыландыру Лисаков қаласы бюджетінен жүзеге асырылады.
13. Ауыл әкімінің аппаратына кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Ауыл әкімі аппаратының функциялары болып табылатын мiндеттердi
орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
-
Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,
функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
14. Миссиясы: жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы мемлекеттік саясатты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іске асырылуын қамтамасыз ету
Мақсаты: Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өкілеттіктер шегінде жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы Ауыл әкімі аппараты қызметінің тиімділігін көтеру.
15. Міндеттері: ауыл әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
16. Функциялары:
1) ақпараттарды жинауды, өңдеуді жүзеге асыпады және ауыл әкімін әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелер бойынша ақпараттық-талдау материалдарымен қамтамасыз етеді;
2) іс-қағаздарын және корреспонденцияларға, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне өңдеу жүргізеді;
3) бұқаралық ақпарат құралдарында әкім қызметінің, нормативтік құқықтық актілердің жариялануын қамтамасыз етеді;
4) ауыл әкімі аппаратының хал-ахуалына талдау жүргізеді, әкімді ақпараттандырады;
5) аппарат жұмысын жоспарлайды, мәжілістер, семинарлар және өзге де іс-шаралар жүргізеді;
6) ауыл әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
7) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, қала, ауыл әкімдігінің және әкімінің актілері мен тапсырмаларының және өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады;
8) құқықтық және нормативтік-құқықтық актілердің, шарттардың, процессуалдық құжаттардың, сондай-ақ заңды сипаттағы өзге де құжаттардың жобаларын әзірлейді;
9) анықталған бұзушылықтарды, заңнаманың сақталмауын жою жөнінде шаралар қабылдайды;
10) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтен өтуге, кадрларды іріктеуге және орналастыруға байланысты мәселелерді шешеді;
11) ауыл әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерін дайындауды және қайта дайындауды ұйымдастырады;
12) ауыл әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерін аттестаттауды ұйымдастырады және өткізеді;
13) әкімнің азаматтар мен заңды тұлға өкілдерін қабылдауын жүргізуді ұйымдастырады;
14) мемлекеттік тілді кеңінен қолдануға бағытталған шараларды қабылдайды;
15) жұмыс стилі мен әдістерін жақсарту, жаңа ақпараттық технологияларды енгізу бойынша жұмыс жүргізеді;
16) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша есептік ақпараттарды ұсынады;
17) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша тиісті нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің автоматтандырылуын қамтамасыз етеді;
19) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің оңтайландырылуын қамтамасыз етеді;
20) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес нотариалдық іс-әрекеттерді жүзеге асырады;
21) Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
22) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) ауыл әкімінің өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан және ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұратуға және алуға құқылы;
2) тиісті аумақта басқару тиімділігін арттыру мәселелері бойынша мемлекеттік басқару органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен құқықбұзушылықтың алды алу саласындағы заңнамасы нормаларының қадағалануын қамтамасыз етеді;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
-
Ауыл әкімі аппаратының қызметін ұйымдастыру
18. Ауыл әкімі аппаратының басшылығын Ауыл әкімінің аппаратына жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы талаптарының бұзушылықтарына дербес жауап беретін ауыл әкімі жүзеге асырады.
19. Ауыл әкімін Лисаков қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Ауыл әкімінің өкілеттілігі:
1) Красногор ауылының аумағында Лисаков қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғасы болып табылады және мемлекеттік органдармен, азаматтарымен және ұйымдармен қалалық әкімдік және ауыл әкімі аппаратының атынан сенімхатсыз қарым-қатынасқа кіреді;
2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
4) ауыл әкiмі аппаратының әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлеп, қалалық мәслихатқа бюджеттік бағдарламаларды бекiту үшiн Лисаков қалалық әкiмдiктiң қарауына енгiзедi;
4-1) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаны әзiрлеу кезiнде жергiлiктi қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қала бюджетiнiң құрамында көзделген бағыттар бойынша жергiлiктi маңызы бар мәселелердi қаржыландыру жөнiндегi ұсыныстарды шығаруға құқылы;
5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауға жәрдемдеседi;
6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
7) мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылда автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етеді;
8) шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседі;
9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;
14) мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;
15) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
16) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
17) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;
18) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;
19) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
20) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
21) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
22) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
23) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
24) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
25) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
26) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
27) мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
28) өз құзыретi шегiнде кентті сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
29) ауылды абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
30) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
31) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;
32) қаламен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде қалалық әкімдігіне ұсыныстар енгізу, сондай-ақ қажет болған жағдайда оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
33) басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді;
34) берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
35) берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
36) берілген қалалық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;
37) жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;
38) басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;
39) берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;
40) кіріс көздерін қалыптастырады;
41) бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етеді;
42) бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;
43) жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісілгеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша түсімдері мен шығыстары жоспарын бекітеді;
44) мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді.
2. Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.
3. Ауыл әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық (облыстық маңызы бар қалалық), республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының алдында жауап бередi.
Ауыл әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға ауыл әкімі аппаратының бас маманы жүзеге асырады.
21. Ауыл әкімі аппаратының қызметкерлері үшін екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Бес күндік жұмыс аптасы кезіндегі күнделікті жұмыс ұзақтығы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауыл әкімі бекіткен «Красногор ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс регламентінде анықталады.
Жұмыс күні сағат 9.00-де басталады, демалу және ас қабылдау үшін сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейін үзіліс беріліп, сағат 18.00-ге дейін созылады,
Ауыл әкімі аппаратының қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген шектеулер ескеріліп, үстеме жұмыс белгіленеді.
-
Мемлекеттік органның мүлкі
22. Ауыл әкімі аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
23. Ауыл әкімі аппаратының мүлкі оған меншiк иесi (Құрылтайшы) берген мүлік есебiнен қалыптастырылады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, ауыл әкімінің аппараты
өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
-
Ауыл әкімінің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату
25. Ауыл әкімінің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
26. Ауыл әкімінің аппаратын тарату кезінде мемлекеттік мүлкі Лисаков қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігіне беріледі.
________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |