Хабаршы. Филология сериясы. №2 (170). 2018
104
Текстология ғылымының өзекті мәселелері
уда сыни әдісті жасап шығарды. Ал оның ізін
жалғастырушы – неміс тарихшысы Леопольд
фон Ранке (1795-1886) – кең ауқымды тарихи
зерттеулер саласына И. Беккер әдісін қолданды.
Неміс текстология мектебі негізінен ежелгі
әдебиет ескерткіштерін зерттеуге иек артты.
Мәтіннің жаңа филологиялық сынының негізін
Карл Лахман (1793—1851) қалады. Оған «ортақ
қателіктер» теориясы тиесілі, аталмыш «ортақ
қателіктерді» анықтау қолжазбалардың шығу
тегі ұқсас екенін көрсетті.
Жаңа заман әдебиетін зерттеуде текстология-
лық зерттеу қағидаларын қолдануды М. Бер-
найс пен В. Шерердің
неміс текстология мектебі
енгізді. К. Лахманның идеялары Прага текстоло-
гия мектебінің еңбектерінде де әрі қарай дамы-
ды. Оның ғылыми теориясы және сарамандық
жұмысы негізінен текстологияның тарихи-
филологиялық бағытында өрбіді.
Алайда К. Лахманның теориясы әмбебап
бол ған жоқ. Оны Ш. Бедье сынға алды. К. Лах-
ман бұрынырақ жазылған мәтінді артық көрді.
Себебі, оны кейінгі тізімдерде «бұрмаланады»
деп санады. Жаңа әдебиетке қатысты қолтаңбалар
мен алғашқы жарияланымдар «ластанбаған» деп
саналды.
XIX ғасырдың ортасынан бастап Францияда
текстологияға көңіл аудару күшейді. ХХ ғасыр Г.
Лансонның ғылыми текстология мектебінің пай-
да болуымен, париждік Көне мәтіндер тарихы
институтының белсенді жұмысымен есте қалды
(http://www.textologia.ru).
Орыс ғалымдарының еңбектерінде текстоло-
гия ның негізгі міндеттері түпнұсқаны анықтауға
қол жеткізу, өзгерістер мен түзетулердің себеп-
терін түсіндіру, қажет жағдайда автор психоло-
гиясын зерттеу, мәтін жазылған кезеңді зерт-
теу, мәтін нұсқаларын анықтап алу, т.б. осы
сияқты қазіргі текстологияға қажетті негізгі
тұжырымдарды, оларды зерттеуді жүзеге
асырудың әдіснамасын көрсетіп бере алды.
«Текстология» терминін дұрыс бағытта
қолда нылып, термин ретінде қалыптасуына
Б.В. Томашевскийдің еңбегі зор болды. Бұған
дейінгі батыс және орыс ғалымдары «мәтін
сыны» деген атауды қолданған болатын.
А.С. Рейсер, Б.В. Томашевский, Д.С. Лиха-
чев, В.В. Виноградов, Г.О. Винокур, П.Н. Бер-
ков, Е.М. Прохоров, В.С. Нечала, Н.Л. Горина т.б.
орыс ғалымдары текстология саласында үлкен
еңбек етіп, теориялық зерттеу жұмыстарын жа-
сады. Олар Х-XYIІІ
ғасырлардағы көне орыс
жазба мұраларын, классик ақын-жазушылардың
шығармаларын зерттеу нәтижесінде көптеген
теориялық еңбектер жариялады. Ал, Л.Д. Окуль-
ская, И.Г. Ларина, М.В. Безродный, В.А. За-
падов сияқты ізденуші ғалымдар кандидат-
тық, докторлық диссертациялық жұмыстарын
жазды.
Орыс филологиясында текстология тео-
риялық, әдістемелік негізі қалыптасқан іргелі
ғылым салаларының бірі. Тіпті, жазба ескерт-
кіштері мен тарихи құжаттарына тек қана әдеби
тұрғыдан ғана емес, тілдік тұрғыдан да талдау-
лар жүргізілген.
Д.С. Лихачев «Текстология» атты еңбегінде
мәтіндерді жарыққа шығару оны тәжірибеде
қолданудың бір ғана саласы деп таныды
(Likhachev, 1964).
Тіл тарихын
зерттеуде жазба ескерт-
кіштеріміздің алар орны ерекше. Ал олардың
түрлі көшірмелерін бір-бірімен салыстырып,
мәтінге тілдік тұрғыдан зерттеу жүргізу тари-
хи грамматика үшін өте қажет. Әсіресе, ежелгі
дәуір әдебиеті мәтіндерін салыстыру ісіне өзбек,
әзірбайжан, түркмен филологиясында жақсы да-
мып келеді. Атап айтар болсақ: П. Шамсиев «На-
учно-критический текст Хамса Новой». Таш-
кент, 1970; «Научно-критеческий текст поэмы
Низами «Хосров и Ширин». Баку, 1960; Д.Ж. До-
далишаев «Поэма «Хафт и Манзар» Хатыфы и
ее научно-критический текст». Душанбе, 1974;
«Текстологические исследования Китабы-деде-
Коркыт». Баку, 1985.
Ежелгі дәуір әдебиеті шығармаларының
бірнеше нұсқалары салыстырылып, кандидаттық,
докторлық диссертациялар қорғалған жұмыстар
да бар. Мысалы, М.Х. Рашидова «Текстологи-
ческие исследования произведения Алишера
Навои «Назмул Джавахир»», АКД, – Ташкент,
1991; Г.К. Ругия «Подготовка научного текста,
текстологические исследование и комменти-
рование труда Фридун-Бека Кочарли», АКД,
– Баку, 1981; И.Г. Галяутдинов «Тарих-наме и
булгар» Таджетдина Ялсыгулова / лингвотексто-
логический анализ списков памятника. Фоноло-
гические интерпретаций графики, морфология/
АКД, – Москва, 1977; т.б.
Қазақ филологиясында
алғашқы текстоло-
гия лық жұмыстар Абай шығармаларынан
бас тап жасалды деуге болады. 1965 жылы
Қазақ әдебиеті газетінде жарияланған Р. Сыз-
дықованың мақаласында: «Ұлы ақын Абай
шығармаларының ең соңғы 1957 жылғы ба-
сылуы шын мәнінде едәуір толық ғылыми
текстологиялық жұмыстың жүргізілгенін және
ол жұмыстың дұрыс бағыт алғанын көрсететін
үлгі деп айта аламыз», – деді (Sizdikova, 1964).
ISSN 1563-0223 Eurasian Journal of Philology: Science and Education. №2 (170). 2018
105
Құлжанова Б.Р., Ильясова Н.Б.
Бұл ғылыми жұмысты Қ. Мұхамедханов жаса ған
болатын.
З. Ахметов, Ы. Дүйсенбаев, Б. Кенжебаев,
Ғ. Мұсабаев, Т. Абдрахманов, Қ. Өмірәлиев,
Ш. Сарыбаев, Ә. Құрышжанов, Р.
Сыздықова,
Б. Сағындықұлы, Е. Жұбанов, М. Малбақов т.б.
ғалымдар классик ақын-жазушылардың, ежелгі
дәуірлерден келіп жеткен жазба мұралардың
мәтінін ғылыми басылымға әзірлеуде аса құнды
еңбектерімен танылды.
Е. Жұбанов пен М. Малбақовтың «Қозы
Көрпеш – Баян сұлу эпосының текстология-
сы» – Алматы, 1994; Ғ.Айдаровтың «Орхон
ескерткішінің тексті». – Алматы, 1990; Б. Әбіл-
қасымовтың «ХІІІ-ХІХ ғасырдағы қазақ әдеби
тілінің жазба мұралары». – Алматы, 1988 және
т.б. еңбектерді орта ғасыр және ежелгі дәуір
әдебиеттерін зерттеуде жасал ған текстологиялық
жұмыстардың жемісі деп есептеуге болады.
Ш. Сарыбаев пен Ә. Құрыш жановтың «Халық
жырларының текстологиясы» (ҚазССР Ғылым
Академиясының Хабаршысы, 1959, №9),
Ә. Ибатовтың «Абай тілінің сөздігін жасаудағы
кейбір текстологиялық ескертпелер (Қазақстан
мектебі, 1965, №8), Қ. Мұхамеджановтың
«Бұхар жырау» (ҚӘ,1982, 30 июнь), Н. Келім-
бетов тың «Жыраулар поэзиясын сөз етсек»
(ҚӘ,1982, 12 март), Қ. Өмірәлиевтің «Иә, терең
зерттеу қажет» (ҚӘ,1971, 24 декабрь)
деген
мақалалары текстологиялық мақсатқа тіке лей
бағытталмағанымен, шығарма дәлдігін айқын-
дауға қатысы бар аса маңызды мәселелерді
қозғайды (Ubaydullaeva, 2001).
Соңғы жылдары ғылыми текстологиямен ай-
налысушылар қатары біршама өсіп, таза тілдік
тұрғыда текстологиялық талдау жұмыстары
жасала бастады. Мәселен, Б. Сағындықұлы Ах-
мет Йүгінекидің «Һибат-ул хақайық» («Ақиқат
сыйы»)атты ХІІ ғасыр ескерткішін алғаш бо-
лып барлық көшірмелерінің түпнұсқаларын
бір-бірімен салыстырып, қазақ тіліне лингвис-
тикалық аудармасын және транскрипциясын жа-
сады. «Ахмет Йүгнекидің «һибат-ул хақайиқ»
атты дастаны ХІІ ғасырда көне түркі жазба
әдеби тілінің арғу, чығыл, яғма диалектілік
негізінде жазылған. Бірақ көшірмешілер өз
тарапынан әр түрлі себептермен оғыз бен
қыпшақтың жаңа элементтерін енгізіп жіберген.
Бұл текстологиялық зерттеулер негізінде
анықталады», – деп түркі жазба ескерткіштерін
жеріне
жеткізіп зерттеп, текстологиялық
жұмыстарды тілдік тұрғыда зерттеу түрколог
ғалымдардың ұшан-теңіз еңбек етулерін талап
етеді (Sagyndykuly, 2002).
Осы еңбектің негізінде тарихи грамматикаға
көптеген жас ғалымдардың назары ауып,
көне ескерткіштер тілін жан-жақты зерттеу
жұмыстары қолға алынды. Сол еңбектердің бірі
Г. Убайдуллаеваның Алтын Орда дәуіріндегі
түркі тілдес халықтар тілінде туған ең көрнекті
жазба ескерткіштерінің бірі – Хорезмидің
«Мухаббат наме» ескерткіш тіліне жасаған
текстологиялық жұмысын атап айтуға бола-
ды. Ғылыми еңбекте аталмыш ескерткіштің
бізге жеткен барлық жазба нұсқаларын са-
лыстыра отырып, тілдік тұрғыдан алғашқы
текстологиялық зерттеу жұмысын жасап көрсетті.
Ғ. Әнес әл-Фараби атындағы ҚазҰУ хабаршы-
сы журналында жарияланған «Текстологиялық
зерттеулердің зәрулігі»
деген мақаласында бұл
ғылым саласының өзекті мәселелерін қозғай
келіп, оның «зерттелуі түбегейлі қолға алы-
нып, лингвистикалық тұрғыдан теориялық
тұжырымдар түйілуге тиісті ғылым саласы-
на айналғаны» туралы сөз қозғайды (Anes,
1999). Сонымен қатар, Ғ. Әнестің «Махамбет
Өтемісұлы өлеңдерінің лингвотекстологиясы»
атты кандидаттық диссертациясын және «Мәтін
кеңістігі: семантикалық, этимологиялық аспект»
атты докторлық диссертация жұмысын текстоло-
гия саласына жасаған бағалы еңбектер қатарына
жатқызуға болады (дегенмен, Ғ. Әнес «текстоло-
гия» терминін «мәтінтану» деп береді).
Достарыңызбен бөлісу: