ҚҰлмалиева с. С. Материктер мен мұхиттар физикалық географиясы Студенттердің өздік жұмыстары


-тапсырма.Орта Еуропа жазығына физикалық-географиялық сипаттама. Үлгі жоспар



бет2/4
Дата15.06.2016
өлшемі475.5 Kb.
#137108
1   2   3   4

2-тапсырма.Орта Еуропа жазығына физикалық-географиялық сипаттама.
Үлгі жоспар.

1.Орта Еуропа жазығы, табиғат жағдайының өзіндік ерекшеліктері және оларды қалыптастыратын жағдайлар.

2. Территорияның тектоника-геоморфологиялық құрылысының ерекшеліктері.

3.Ішкі аймақтық айырмашылықтары.


Сарамандық жұмыс.

Кескін картаға Орта Еуропа жазықтығының шекарасын және оның төмен кешендерін қалыптастыратын табиғат кешендерін көрсетіңдер.



Тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулар
Хуанхэ және Янцзы өзендерінің ұқсастығы мен айырмашылығын көрсете отырып, оларға салстырмалы сипаттама беріңдер.Салыстырып отырған өзендердің гидрографиялық және гидрологиялық ерекшеліктерінің территорияның табиғат жағдайларына байланысын анықтаңдар.

Орта Еуропа жазығының геологиялық және геоморфологиялық құрылымын талдаңдар.Биоклиматтық факторлардың жер бедерімен өзара байланысын көрсетіңдер. Табиғи факторларға байланысты топырақ пен өсімдік жамылғысының таралу ерекшелігін айқындаңдар.

Әдебиеттер:1,7,12,16,19,20.

9-нұсқа.

1-тапсырма. Рейн және Дунай өзендерінің салыстырмалы сипаттамасы. Жұмысты 3-кесте түрінде орындаңдар.

3-кесте


Өзендер сипаттамасы

Рейн

Дунай

1. Географиялық орны







2. Өзен және оның алабы туралы жалпы мәліметтер







3. Алабаның табиғат жағдайы







4. Гидрологиялық ерекшеліктері







5.Шаруашылық маңызы








Сарамандық жұмыс.

1.Өзендердің гидрологиялық режимінің алабының табиғат жағдайларына байланысын анықтаңдар. Рейн мен Дунайға салыстырмалы талдау жасаңдар.


2-тапсырма. Кіші Азия және Иран таулы қыраттарына салыстырмалы сипаттама.(1-нұсқаның 2-тапсырмасына арналған жоспарды қара).
Сарамандық жұмыс.

Таулы қыраттардың тектоникалық құрылысының картасын түсіріп және оған морфоқұрылымның негізгі типтерін салыңдар.Әрбір климат типіне метеостанциялар бойынша М.П.Забродская және басқалардың (әдебиет тізімінен қара) оқу құралдарында көрсетілген климат графигін түсіріңдер.


Тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулар
Алаптардың табиғат жағдайларын ауданның гидрографиялық және гидрологиялық ерекшеліктерін анықтайтын факторлар ретінде сипаттаңдар. Өзендердің қоректену типтерін, олардың су режимін, жылдық ағынын талдау жасауға керекті материалды ФГАМ-нан (58-61 бет) қараңдар.

Азияның тақырыптық (ФГАМ, 96-116 бет)карталарынан және оқу құралдарынан Кіші Азия және Иран тау қыраттарының жеке сипаттарындағы ұқсастығы мен айырмашылықтарын табыңдар. Жер бедерінің пайда болуын тектоникалық, геологиялық және геоморфологиялық карталарды физикалық картамен салыстыру арқылы түсіндіріңдер, ландшафттарының типтерінің өзіндік ерекшеліктерімен олардың аймақтық айырмашылығын түсіндіріңдер.

Әдебиеттер:1,7,12,16,19,20.
10-нұсқа.

1-тапсырма. Батыс Еуропа көлдерінің сипаттамасы.
Үлгі жоспар.

1.Көлдердің таралу ерекшеліктері және оларды генетикалық топтарға бөлу.

2.Кешенді сипаттама.

3.Шаруашылық маңызы.


Сарамандық жұмыс.

Кескін картаға Батыс Еуропа аймағындағы көлдердің таралу облыстарын көрсетіңдер.


2-тапсырма. Кіші Азия және Корея түбектеріне салыстырмалы сипаттама. Жұмысты 1-кесте түрінде орындаңдар.(2-нұсқа 2-тапсырмасын қараңдар) Кіші Азия және Корея түбектерінің ұқсастығы мен айырмашылығын сипаттай отырып, олардың өзіндік белгілерін түсіріңдер.
Сарамандық тапсырма.

Кескін картадан салыстырылып отырған түбектердің негізгі орографиялық элементтерін, шілде және қаңтардағы изотермаларды, жылдық жауын-шашынды, негізгі өсімдік типтерін көрсетіңдер.


Тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулар
Батыс Еуропадағы көлдерге және олардың территорияда таралу ерекшеліктерін сипаттап беріңіздер. Бұл барлық табиғи факторларын терең қарастыруды талап етеді. Көлдердің әртүрлі генетикалық типтерінің орналасу ауданын көрсетіңдер. Олардың ішіндегі ірілеріне сипаттама беріңіздер.

Кіші Азия және Корея түбектерінің салыстырмалы физикалық-географиялық талдау барлық табиғат компоненттері бойынша орындалады, сонымен бірге морфоқұрылым және биоклиматтық факторлары жан-жақты талданады. Көрсетілген территорияның ландшафт ішілік ерекшеліктеріне баса назар аударылады. Әдебиеттер:1,7,12,16,19,20.


11-нұсқа.

1-тапсырма. Орталық Азия көлдерінің сипаттамасы.

10-нұсқаның 1-тапсырмасына арналған жоспарды қара.


Сарамандық жұмыс.

Кескін картаға Орталық Азия территориясындағы көлдердің таралу облыстарын бөліп көрсетіңдер.


2-тапсырма.Альпіге физикалық-географиялық сипаттама.
Үлгі жоспар.

1.Географиялық орны.

2. Геологиялық құрылымы және жер бедері.

3.Климаты.

4.Топырақ-өсімдік жамылғысы.

5.Альпінің биіктік белдеулерінің ерекшеліктері.

6.Ішкі айырмақтары.
Сарамандық жұмыс.

Кескін картаға Альпінің шекарасын және негізгі орографиялық элементтерін түсіріңдер.


Тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулар
Орталық Азия көлдерінің сипаттамасын олардың осы жерге таралу ерекшеліктерінен бастаңдар. Ол барлық табиғи факторларды терең қарастыруды талап етеді.Барынша үлкен көлдерін қарастырыңдар.

Альпінің физикалық-географиялық талдауын оның географиялық орнының ерекшедіктерінен бастаңдар. Геологиялық құрылымы мен жер бедері осы территорияның тарихи дамуына байланысты қаралады.Климатының негізгі ерекшеліктерімен климатын қалыптастыратын факторларды және басым болатын топырақ және өсімдік типтерін атаңдар.

Әдебиеттер:1,7,12,16,19,20.
12-нұсқа.

1-тапсырма. Батыс Еуропаның топырақ-өсімдік жамылғысы.
Үлгі жоспар.

1.Батыс Еуропадағы өсімдіктердің қалыптасу ерекшеліктері және олардың зоналық типтері.

2.Топырақтың негізгі типтері, климаттың топырақ түзілуіндегі ролі.

3.Жер бедерінің топырақ-өсімдік жамылғылары құрылымына әсері.

4.Антропогендік факторлардың топырақ-өсімдік жамылғысының өзгеруіне әсері.
Сарамандық жұмыс.

Еуропаның кескін картасына басым орын алған топырақ және өсімдік типтерін көрсетіңдер.



2-тапсырма.Үндістан түбегіне физикалық-географиялық сипаттама. 1-нұсқаның 2-тапсырмасының жоспарын қараңдар.
Сарамандық жұмыс.

Кескін картаға Үндістан түбегінің шекарасын және негізгі орографиялық элементтерін түсіріңдер.


Тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулар
Т.В.Власованың оқулығынан карта бойынша (88,89 беттер 1-бөлім) Батыс Еуропадағы топырақ және өсімдіктердің кеңістіктегі таралу ерекшеліктерін талдаңдар.Олардың шаруашылықта пайдалануын көрсетіңдер.

Үндістан түбегінің физикалық-географиялық сипаттасасын оның географиялық орнының ерекшеліктерінен бастаңдар.Геологиялық құрылымы мен жер бедері осы жердің тарихымен байланыстырылып қаралады. Климаттың және климатты қалыптастыратын факторлардың негізгі ерекшеліктерін, сол сияқты басым таралған топырақ және өсімдік типтерін көрсетіңдер.Ішкі аймақтық айырмашылықтарды талдаңдар.

Әдебиеттер:1,7,12,16,19,20.
13-нұсқа.

1-тапсырма. Шығыс Азияның топырақ-өсімдік жамылғысы. (12-нұсқаның 1-тапсырмасының жоспарын қара).

Сарамандық жұмыс.

Азияның кескін картасына басым таралған топырақ жене өсімдік типтерін көрсетіңдер.


2-тапсырма. Пиреней түбегіне физикалық-географиялық сипаттама.(1-нұсқа 2-тапсырмасының жоспарын қара).
Сарамандық жұмыс.

Кескін картаға Пиреней түбегінің шекарасын және негізгі орографиялық элементтерін көрсетіңдер.



Тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулар
Т.В.Власованың оқулығындағы картадан (1-бөлім, 85,87 б) Шығыс Азиядағы топырақ және өсімдіктің кеңістіктегі таралу ерекшелігін талдаңдар. Топырақ-өсімдік жамылғысының шаруашылықтағы маңызын көрсетіңдер.

Пиреней түбегіне физикалық-географиялық сипаттаманы оның географиялық орнының ерекшеліктерінен бастаңдар. Геологиялық құрылысы мен жер бедерін осы территорияның тарихи дамуымен байланыстырып қараңдар. Климаттың негізгі ерекшеліктерін және топырақ-өсімдіктің басым таралған типтерін анықтаңдар. Ішкі аймақтық айырмашылықтарын талдаңдар.

Әдебиеттер:1,7,12,16,19,20.
14-нұсқа.

1-тапсырма. Батыс Еуропаның жануарлар дүниесі.
Үлгі жоспар.

1.Батыс Еуропаның географиялық орны мен шекаралары.

2.Негізгі фауналық ерекшеліктері.

3.Зоналық экожүйесінің фауналық кешендері.

4.Жануарлар дүниесін қорғау.
Сарамандық жұмыс.

Кескін картаға Голактика облысының шағын облыстарын және табиғат зоналарының шекараларын көрсетіңдер.


2-тапсырма. Жапон аралдарына физикалық-географиялық сипаттама. (1нұсқаның 2-тапсырмасының жоспарын қара).
Сарамандық жұмыс.

Кескін картаға Жапон аралдарының шекарасын және негізгі орографиялық элементтерін көрсетіңдер.



Тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулар
Батыс Еуропа жануарлар дүниесінің ерекшеліктерін сипаттаңдар, бұл территорияның фаунасының өздік ерекшеліктерін анықтаңдар. Зоналық кешендердің фауналық құрамын және адамның жануарлар дүниесінің өзгеруіне әсерін талдаңдар.

Жапон аралдарына физикалық-географиялық талдауды оның географиялық жағдайының ерекшеліктерінен бастаңдар.Геологиялық құрылысы мен жер бедері территорияның тарихи дамуымен байланыстырылып қаралады. Климаттың негізгі ерекшеліктерін және климатты қалыптастыратын факторларды, сонымен бірге кең таралған топырақ түрлері мен өсімдіктерді көрсетіңдер. Аймақтық ішкі ерекшеліктерін анықтаңдар.

Әдебиеттер:1,7,12,16,19,20.
15-нұсқа.

1-тапсырма. Шығыс Азия жануарлар дүниесі. (14-нұсқаның 1-тапсырмасының жоспарын қараңдар).
Сарамандық жұмыс.

Кескін картада Голактика облысының және табиғат зоналарының шекараларын көрсетіңдер.


2-тапсырма. Исландия аралына физикалық-географиялық сипаттама. (1нұсқаның 2-тапсырмасының жоспарын қара).
Сарамандық жұмыс.

Кескін картаға Исландия аралының шекарасын және негізгі орографиялық элементтерін түсіріңдер.



Тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулар
Шығыс Азия жануарлар әлемінің ерекшеліктерін сипаттаңдар, территория фаунасының өзіндік ерекшеліктерін көрсетіңдер. Зоналық кешендердің фауналық құрамын және адамның жануарлар дүниесінің өзгеруіне әсерін талдаңдар.

Исландия аралын физикалық-географиялық талдауды оның географиялық орнының ерекшеліктерінен бастаңдар. Геологиялық құрылысы мен жер бедері территорияның даму тарихымен байланыстырылып қаралады.Климаттың негізгі ерекшеліктерін, климат құрушы факторларды, сонымен бірге басым таралған топырақ және өсімдік типтерін анықтаңдар. Аймақтық ішкі ерекшеліктерін талдаңдар.

Әдебиеттер:7,12,20.
16-нұсқа.

1-тапсырма. Азияның муссондық облыстарының климаты.
Үлгі жоспар.

1.Климаттың берілген типін анықтайтын себептер.

2.Климатты қалыптастыратын негізгі факторлар.

3.Метеорологиялық элементтердің таралу ерекшеліктері.

4.Климат белдеулері және облыстары.
Сарамандық жұмыс.

Кескін картаға Азияның муссондық облыстарының шекарасын, жауын-шашынды, қаңтар және шілденің изотермасын түсіріңдер.


2-тапсырма. Британ аралдарына физикалық-географиялық сипаттама. (1 нұсқаның 2-тапсырмасының жоспарын қара).
Сарамандық жұмыс.

Британ аралдарының шекарасы мен орографиясын көрсетіңдер.



Тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулар
Азияның муссондық облыстарын сипаттаңдар. Жауын-шашынның таралу ерекшеліктерін көрсетіңдер.Қаңтар мен шілденің изотермасын салыңдар.

Британ аралдарының геологиялық құрылысын,жер бедерін және басқа да табиғаттың компоненттерін талдаңдар, олардың өзіндік ерекшеліктерін көрсетіңдер. Аймақтық ішкі ерекшеліктерін талдаңдар.

Әдебиеттер:1,7,20.

17-нұсқа.

1-тапсырма. Африканың гидрографиялық торы
Үлгі жоспар.

1.Гидрографиялық тордың таралу ерекшеліктері.

2.Өзен ағыны, оның жауын-шашын және жер бедерімен байланыстылығы.

3.Өзендердің негізгі қоректену типтері мен режимі.

4.Ніл және Конго өзендерінің кешенді сипаттамасы. (29-нұсқаның 1-тапсырмасының жоспарын қараңдар).
Сарамандық жұмыс.

Кескін картаға Африка өзендерін олардың салаларымен бірге түсіріңдер және негізгі ағын алаптарын түрлі-түспен көрсетіңдер. Ніл, Конго, Нигер және Замбези өзендерінің алаптарының ауданын, жылдық ағынын, ұзындықтарын диаграммамен көрсетіңдер.


2-тапсырма.Орталық және Ұлы жазықтыққа салыстырмалы физикалық-географиялық сипаттама.

Солтүстік Американың тақырыптық картасын және ұсынған әдебиеттерді талдай отырып, 4-кесте түрінде сипаттама беріңдер.


4-кесте

Физика-лық-геогра-фиялық аймақ


Аймақтың ерекше-ліктері және оларды анықтай-тын фактор-лар

Аймақтың зоналық құрылымы

Зона


Климат типі және гидротер-миялық көрсеткіш-

тері


Топы-рақ типі


Өсім-дік типтері, көп тараған түрлері


Табиғат ресурс-тары және оларды пайда-лану























Сарамандық жұмыс.

Орталық және Ұлы жазықтықтардың тектоникалық құрылысы, морфоқұрылымдық типтері, климаттық аудандастыру және табиғат зоналарының картасын салыңдар.



Тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулар
Африканы гидрографиялық талдауды материктегі өзендер торының ерекшеліктерін көрсетуден бастаңдар.Содан кейін жер беті суларының таралуындағы өзендердің режимі мен қоректенуіндегі климат пен жер бедерінің ролін көрсетіңдер.Солтүстік және Оңтүстік Африканың ағынсыз тұйық облыстарын бөліп көрсетіңдер.Құрғақ арналары мен ағынсыз алаптық ойықтарының қалыптасуындағы плювиалдық кезеңнің ролін атаңдар.

Орталық және Ұлы жазықтың сипаттамасын аймақтық белгілерін табудан, яғни әрбір аймақтың өзіндік ерекшеліктерінен бастаңдар. Бұл жер бедері климат және басқа табиғат компоненттерінің ерекшеліктері болуы мүмкін. Мысалы,Орталық жазық ең алдымен тілімденген төбелі жазықты жер бедерімен және кең таралған қоңыржай белдеудің мұхит жанындағы секторда аралас және жалпақ жапырақты орманның кең таралуымен ерекшеленеді. Осы белгілерді қалыптастыратын факторларды талдаңдар.

Әдебиеттер: 4,7,8,13,16,18,19,20.
18-нұсқа.

1-тапсырма.Африканың топырақ-өсімдік жамылғысына сипаттама.
Үлгі жоспар.

1.Африка жеріндегі Голарктикалық және Палеотропикалық патшалықтағы флораның қалыптасу ерекшеліктері.Кап және Мадагаскар аралындағы флораның өзіндік ерекшеліктері.

2.Африка топырағының негізгі типтері.Климаттық,әртүрлі үрлеп- үгілудің топырақ қабатының түзілуіне әсері.

3.Зоналардың топырақ-өсімдік жамылғысына сипаттама:

а)басым топырақ типтерімен топырақ құрылу типтері;

б)басым өсімдік типтері және олардың жетекші түрлері;

в)мәдени өсімдіктер;

г)топырақ-өсімдік жамылғысының қазіргі жағдайы.


Сарамандық жұмыс.

Африканы ботаникалық-географиялық аудандастыру және табиғат зоналарының картасын құрастыру.


2-тапсырма. Лаврентий қыратының аймақтық айырмашылықтары.
Үлгі жоспар.

1.Тектоникалық-геоморфологиялық айырмашылықтары және олардың себептері.

2.Климат айырмашылықтары.

3. Лаврентий қыратының табиғат зоналарының сипаттамасы:

а)кеңістікте орналасу ерекшеліктері;

б)климат ерекшеліктері;

в)басым топырақ типі;

г)өсімдік типтері;

д)шаруашылыққа пайдаланылуы.

4.Физикалық-географиялық аудандастырудың ерекше белгілері.


Сарамандық жұмыс.

М.П.Забродская оқу құралындағы метеостанция мәліметтері бойынша әр климат типіне графк құрыңдар(әдебиеттер тізімін қараңдар).


Тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулар
Флораның қалыптасу ерекшеліктерін Африкамен ұзақ уақыт бойы тығыз байланыста болған материктермен салыстыра отырып қарастырыңдар. Қап флорасы мен Мадагаскар өсімдіктерінде эндемиктердің көп болуын, қоңыржай және тропикалық ендіктегі флораның араласуымен ерекшеленетін өзіндік қалыптасуынан екенін көрсетіңіздер.Топырақ қалыптасуының негізгі типтерін көрсетіңіздер.Топырақ қалыптасуының климатқа және материк территориясындағы негізгі жыныстардың үрлеп-үгілуге байланыстылығын көрсетіңдер.Топырақ-өсімдік жамылғыларының зоналдық типін сипаттау үшін Т.В.Власова оқулығындағы(1-бөлім, 374-375 б) топырақ және өсімдік карталарын талдаңдар және салыстырыңдар.

Лаврентий қыратының ішкі аймақтық айырмашылықтарын Солтүстік Американың атлас және оқу құралдарындағы тақырыптық карталарынан анықтаңдар. Аймақтағы қазіргі табиғаттың қалыптасуындағы неоген-төрттік кезеңнің ролін анықтаңдар.

Климаттың қалыптасуындағы айырмашылықтарда рельеф пен қоршаған мұхиттардың ролін көрсетіңдер.

Әдебиеттер:4,7,8,9,13,18,19,20.


19-нұсқа.

1-тапсырма. Африка және Оңтүстік Американың саванналарына физикалық-географиялық сипаттама . Жұмыс 5-кесте түрінде орындалады.

5-кесте.


Сипаттама жоспары

Африка

Оңтүстік Америка

1.Географиялық орнының ерекшеліктері.







2.Климат типі және оның сипаттамасы.







3.Гидрологиялық тор, ағын ерекшеліктері.







4.Морфоқұрылым типі.







5.Морфомүсін типі







6.Топырақ және топырақ қалыптасу типтері.







7.Өсімдік типтері.







8.Табиғат ресурстары және оларды пайдалану.







9.Ұқсастықтары мен айырмашылықтары.








Сарамандық жұмыс.

1.Кескін картаға Африка және Оңтүстік Америка саванналарын: шөлге айналып бара жатқан және астық тұқымдастар өскен саванналарды, льянос, кампос, тропикалық сирек ормандарды көрсетіңдер.

2.Екі материктің саванналарындағы басым орын алған топырақ типінің картасын салыңдар.

3.Саванна аймағында орналасқан метеостанциялардағы температура мен жауын-шашынның жылдық айналымының диаграммасын сызыңдар.


2-тапсырма.Куба аралына физикалық-географиялық сипаттама.
Үлгі жоспар.

1.Куба аралындағы табиғаттың оның тропикалық белдеудегі орнына байланысты алынған негізгі қасиеттері.

2.Шығу тегі және геоморфологиялық құрылысының негізгі ерекшеліктері.Үлкен Антель аралдары.

3.Тропикалық ландшафт.Оның климаты және жер бедеріне байланысты сипаттамасы.

4.Жағалаудағы шайып жатқан теңіздердің сипаттамасы.
Тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулар
Ылғалды және құрғақ айлар санының изогиетасы мен изосызығын, табиғат зонасының картасын изогиет және жауын-шашынның маусымдық карталармен салыстыру арқылы анықтаңдар (М.П.Забродская оқу құралын 45-46 б, Т.В.Власова оқулығын 2 бөлім, 136 бетті қараңдар).Астық тұқымдасты, қалыпты және шөлге айналған саваннадағы ылғал мезгілдің ұзақтығын көрсетіңдер. Сипаттаманың соңғы бөліміндегі басты ұқсастықтар мен айырмашылықтарды қысқаша атаңдар. Мысалы екі материктегі осы кешендердің типологиялық белгілерін қорытындылай отырып, сондай-ақ Оңтүстік Америкадағы саванналар зонасына маусымдық ылғалды климат тән екенін атауға болады. Құрғақ (қашан?) және ылғалды (қашан?) маусым күрт ауысады.Кубаның физикалық-географиялық сипаттамасы аралдық өте айқын, өзіне тән қасиеттерінен тұруы керек. Оны шайып жатқан теңіздердің ролін көрсету маңызды.

Әдебиеттер:4,7,8,11,13,19,20.


20-нұсқа.

1-тапсырма.Солтүстік Американың климатын қалыптастыратын фактарлар.

Үлгі жоспар.

1.Материк географиялық орнының ерекшеліктері.Радиациялық және климатты қалыптастыратын ауа айналымының өзіндік көрінісі.

2.Радиациялық жағдайлар мен атмосфера айналымының маусымдық өзгеруі және осыларға байланысты температура мен жауын-жашын түсуінің ерекшеліктері.

3.Материктегі температура таралуының және ылғалдануының аймақтық айырмашылықтары.Бұл айырмашылықтардың себебін түсіндіріңдер.


Сарамандық жұмыс.

Солтүстік Американың кескін картасына төмендегі тапсырмаларды орындаңдар:а) қысым орталығын және қысқы, жазғы мерзімдегі басым жел бағыттарын көрсетіп жазыңдар; б) қаңтар мен шілдедегі изотермаларды, теңіздік ағыстарды көрсетіңдер; в) жауын-шашынның орташа жылдық мөлшерінің таралуын көрсетіңдер, таулардың атын жазыңдар.


2-тапсырма. Бразилия және Гвиан таулы қыраттарына салыстырмалы физикалық-географиялық сипаттама.

Үлгі жоспар.

1.Географиялық жағдайының ұқсас және айырмашылық белгілері.

2.Аймақтар табиғатының өзіндік ерекшеліктері .

3.Таулы қыраттардың ерекшеліктерін қалыптастыратын факторлар.

4.Табиғат ресурстарын салыстырмалы түрде талдау.

5.Антропогендік өзгерістің бағыты мен сипаты.


Сарамандық жұмыс.

1.Гвиана және Бразилия таулы қыраттарының морфоқұрылым типтері картасын құрыңдар.

2.Әрбір климат типтеріне климаттық график сызыңдар.

Тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулар
Бірінші тапсырмадағы радиациялық және ауа айналымы факторларын маусымға бөліп қараңдар. Ауа айналымы факторларын сипаттау кезінде батыс ауа тасымалының ролін және Солтүстік Америкадағы оның әсер ету облысын, сондай-ақ муссондық айналымның ерекшеліктерін және пассаттардың әсер етуін талдаңдар.

Екінші тапсырмада таулы қыраттардың аймақтық табиғатының ұқсастығы мен айырмашылығын айқындау маңызды. Мысалы, екі таулы қыраттың ұқсастығы жазық таулы үстіртті жер бедерінің басым таралуы жатады, ал айырмашылығы ландшафт типтерінің әртүрлі болуынан көрінеді.

Келесі сатыда осы аймақтық ерекшеліктердің пайда болуына себепші болған факторларды табу. Мысалы, таулы қыраттарда мол, жеткілікті ылғалдылықтың таралуы, ландшафттардың типтерінің қалыптасуына жағдай жасайды.

Әдебиеттер:1,8,11,13,18,19,20.


21-нұсқа.

1-тапсырма. Австралияның климаттық белдеулері мен облыстары.
Үлгі жоспар.

1.Негізгі климат құрушы факторлар.

2.Климаттың маңызды ерекшеліктері.

3.Субэкваторлық, тропикалық, субтропикалық және қоңыржай белдеулердің сипаттамасы.


Сарамандық жұмыс.

Австралияның кескін картасына:1)жазғы және қысқы кезеңде материктегі атмосфераның ауа айналымының ерекшеліктерін анықтайтын қысым орталығын, сондай-ақ басым желдердің бағыттарын; 2)шілде және қаңтардағы изотермаларды, теңіз ағыстарын; 3)климаттық белдеулері мен облыстарының шекараларын, жылдық жауын-шашын мөлшерін және ірі орографиялық элементтерді түсіріңдер.


2-тапсырма. Канаданың Арктикалық архипелагына физикалық-географиялық сипаттама.
Үлгі жоспар.

1.Арктикалық белдеудегі аралдардың жағдайына байланысты аймақтың табиғатының өзіндік сипаты.

2.Архипелаг құрамына кіретін аралдардың пайда болуы және олардың осы заманғы жер бедерінің сипаттамасы.

3.Қатал арктикалық континентальды климат қалыптасу себептері.Осы заманғы мұздану.

4.Қазіргі климат жағдайларының негізгі жер бедері типтері мен байланысты және олардың арктикалық шөлдер, тундра ландшафттарының қалыптасуына әсері.

5.Архипелагты шайып жатқан су алаптарының сипаттамасы.


Сарамандық жұмыс.

1.Кескін картада архипелаг құрамына кіретін аралдарды көрсетіңдер.

2.Архипелагтың негізгі бақылау станциялары бойынша климаттық график құрыңдар.

Тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулар
Бірінші тапсырманың негізгі бөлігі барлық климат құрушы факторларды талдауды талап етеді. Бұл төменгі ендіктегі Австралия жағдайымен, материктің шамалы тілімденуі, мұхитардың әсері, негізгі орографиялық климат айрықтың Қиыр шығыста орналасуы т.б климаттың қандай ерекшеліктері жоғарыдағы факторлармен қалай анықталатынын түсіндіріңдер.Тропикалық климаттың басымдығын, ылғалдылықтың кеңістікте таралу ерекшеліктерін және оның көп бөлікте тұрақсыздығын түсіндіріңдер. Әрбір климаттық белдеудегі басым климат типін анықтаңдар және қарастырыңдар. Субтропикалық белдеудегі Австралияның Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік-Батысындағы климаттық ұқсастықтары мен айырмашылықтарына міндетті түрде тоқталыңдар.

Канаданың Арктикалық архипелагын сипаттау кезінде аймақтағы шектен тыс (аса қауіпті)жағдайлардың пайда болу себептеріне көңіл бөліңдер және олардың адамның өмірі мен қызметіне әсерін көрсетіңдер.

Әдебиеттер:1,2,8,15,18,19,20.
22-нұсқа.

1-тапсырма. Африкадағы жауын-шашын таралу ерекшеліктері.
Үлгі жоспар.

1.Материк туралы жалпы мәліметтер.

2.Ылғалдылықтың кеңістіктегі таралуы.Өте құрғақ және ылғалды территориялар.

3. Жауын-шашынның біркелкі түспеуінің себебі

4.Жауын-шашынның түсу режимі және Африканың әр ауданындағы құрғақ және ылғалды кезеңдердің ара қатынасы.

5.Жауын-шашын мен буланушылықтың ара қатынасы. Әр зонаның гидрометриялық коэффиценті.


Сарамандық жұмыс.

Африканың кескін картасына: а) изогиеталар мен негізгі орографиялық элементтерді; б) қысқы және жазғы кезеңдегі қысым орталығын, басым желдер мен ауа шептері орнын көрсетіңдер; в) шілде мен қаңтар изотермаларын, теңіз ағыстарын салыңдар.

2.Ауа-райын бақылау станциялары бойынша температура мен жауын-шашынды, климаттың басым типтерін: экваториальды, муссонды, пассатты (тропикалық), жерорта теңіздік типтерін сипаттайтын жылдық графигін салыңдар.
2-тапсырма.Антарктидаға физикалық-географиялық сипаттама.
Үлгі жоспар.

1.Антарктиданы қазіргі кездегі зерттеу және оны зерттеудегі маңызды географиялық проблемалар.

2.Материктің табиғатының жалпы аймақтық өзіндік ерекшеліктері.

3.Геологиялық, геоморфологиялық сипаттама. Шығыс және Батыс Антарктида арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар.

4. Қазіргі мұздану; оның қуаты, мұз қалқанының құрылымы. Мұздақтар типі.

5. Климат қаталдығының себептері, Мұз жамылғысының атмосфера және мұхитпен өзара байланысы. Материк пен антарктикалық суларды климаттық аудандастыру.


Сарамандық жұмыс.

1.Кескін картаға Антарктидада жұмыс жасап жатқан станцияларды түсіріңдер. 2.Материктің климаттық және физикалық, географиялық аудандастыру картасын орындаңдар.



Тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулар
Африканың кеңістіктік және маусымдық ылғалдануының заңдылықтарын және оның себептерін талдау; экватордың екі жағына орналасқан материктегі атмосфралық ауа айналымы ерекшеліктері; орографиялық тосқауылдардың әсерінің нәтижесі, материк жағалауындағы салқын және жылы теңіз ағыстары сияқты процестерді терең түсінуді талап етеді.Африка территориясының ылғалдануының жалпы заңдылықтарын және климаттық белдеулерімен климаттық облыстар бойынша жауын-шашын түсу ерекшеліктерін қарастырыңдар.Батыс-шығыс және кантинентальды секторлардың ылғалдануындағы ерекшеліктерді көрсетіңдер. Әр климаттық облыстағы басым жауын-шашын типін (фронтальды, конвективтік немесе орографиялық) атаңдар. Ылғалдану көрсеткіштерін буланушылықпен салыстырыңдар. (Н.П.Неклюкова оқулығы бойынша буланушылықтың картасын қараңдар,114 бет).Әдебиеттер бойынша Африка зоналарындағы гидротермиялық коэфиценттерді көрсетіңдер немесе өз беттеріңмен есептеп шығыңдар.

Антарктиданы физикалық-географиялық сипаттау кезінде кешенді экспедицияның жұмысын көрсететін мерзімдік баспасөз материалдарын пайдаланыңдар, осы материкті зерттеудегі бірлескен жұмыстың формасы мен нәтижесін көрсетіңдер.

Әдебиеттер:1,4,7,8,13,19,20.
23-нұсқа.

1-тапсырма.Австралиядағы өзендер торының сипаты және ағын ерекшеліктері.
Үлгі жоспар.

1.Географиялық орны.

2.Гидрологиялық тор, оның ерекшеліктері.

3.Ағын және оның климатпен байланысы.

4.Өзендердің қоректену типі және режимі.

5.Муррей-Дарлинг жүйесіне кешенді сипаттама.

6.Өзендерді шаруашылыққа пайдалану және оларды қорғау проблемалары.
Сарамандық жұмыс.

1.Австралияның кескін картасына; а)Тынық және Үнді мұхиттарының алаптарын, ішкі ағын облыстарын және беткі ағын жоқ облыстарды, (Налларбор жазықтығы);б)ағынның маусымдық бөлінуі және өзендердің қоректену көздерін көрсетіңдер, өзендер мен көлдердің аттарын жазыңдар. 2.Ауа райын бақылау станциялары бойынша Австралия ауа райының негізгі типін сипаттайтын метеоэлементтердің жылдық қозғалысының графигін салыңдар.


2-тапсырма. Аппалач тауларының физикалық-географиялық айырмашылықтары.
Үлгі жоспар.

1.Геологиялық- геоморфологиялық құрылысының ерекшеліктері.

2.Солтүстік және Оңтүстік Аппалач арасындағы ландшафттың айырмашылықтары.

3.Табиғат ресурстары және олардың игерілуі.


Сарамандық жұмыс.

1.Аппалач тауларының орографиялқ схемасын орындаңдар. (Үлкен Совет энциклопедиясын қара, 2-том, 375 бет)

2.Солтүстік және Оңтүстік Аппалачтың климаттық графигін құрыңдар.

3.А.М.Рябчиковтың (294 бет) реакциялаған «Физическая география зарубежных стран» оқулығындағы сурет бойынша олардың биіктік белдеулерінің схемасын сызыңдар.



Тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулар
Бірінші тапсырманы орынлдау үшін ФГАМ-дан алынған «Типы водного режим рек» және «Речной сток» атты дүниежүзілік гидрологиялдық карталарды пайдаланыңдар(58-61 б). Өзендер торының таралуын, жиілігін, өзен торының бейнесін, аңғарыныц морфолоиялық ерекшеліктерін оқып біліңдер.Ішкі ағын облыстарын және беткі ағыны жоқ облыстарды сипаттаңдар. Австралияның барлық өзендерінің гидрологиялық ерекшеліктерін талдаңдар; Муррей-Дарлинг жүйесіне толық тоқталыңдар.

Аппалач тауларының физикалық-географиялық айырмашылығын сипаттау. Солтүстік және Оңтүстік Аппалач тауларының арасындағы геологиялық-геоморфологиялық және ландшафттық айырмашылықтарды талдауға негізделеді. Картографиялық және әдебиет көздерін пайдаланып ұзына бойына геоморфологиялық зоналарды бөліп көрсетіңдер және жер бедерінің «Аппалачтық» типінің пайда болуын түсіндіріңдер.Солтүстік және Оңтүстік биіктік белдеулерінің схемасын талдау арқылы ландшафтың айырмашылығын табыңдар.

Әдебиеттер:2,8,13,15,16,18,19,20.
24-нұсқа.

1-тапсырма. Австралияның топырақ-өсімдік жамылғысына сипаттама.

Үлгі жоспар.

1. Австралия флорасының қалыптасу ерекшеліктері.

2.Топырақ типтерінің қалыптасуы және орналасуы өзіндік ерекшеліктері.

3.Өсімдік жамылғысының таралу ерекшеліктері.

4.Топырақ пен өсімдіктің зоналық типтерінің сипаттамасы.
Сарамандық жұмыс.

1) Австралияның табиғат зоналарының;

2) топырақтың басым типтерінің;

3) ботаникалық-географиялық аудандастырудың карталрын салыңдар.


2-тапсырма. Шығыс Африка таулы қыратына физикалық-географиялық сипаттама.
Үлгі жоспар.

1.Таулы қыраттың географиялық орны.

2.Африка платформасының қозғалмалы бөлігіндегі орнына байланысты экваторға жақын таулы қыраттың табиғатының өзіндік ерекше белгілері.

3.Ішкі региональдық айырмашылықтары.Таулы қыраттың климатын дифференциялаудағы жер бедерінің ролі.

4.Жер бедері мен климатың топырақ-өсімдік жамылғыларының қалыптасуына әсері.Тау массивтерінің біктік белдеулерінің типі.

5.Табиғат ресурстары, оларды пайдалану және қорғау.


Сарамандық жұмыс.

1.Кескін картаға Ұлы Африка рифтісінің бағытын көрсетіңдер.(Власова Т.В.,1бөлім,338 бет)

2.Негізгі ауа райан бақылау станциялары бйынша климаттық график салыңдар.
Тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулар
1-тапсырманы орындау үшін Т.В.Власова оқулығындағы (2-бөлім, 229-231бет) топырақ және өсімдік карталрын талдаңдар. Австралияның топырақ-өсімдік жамылғысының таралуының жалпы заңдылықтарын талдау кезінде табиғаттың бүтіндей даму тарихы жөніндегі және осы заманғы топырақ пен өсімдіктің геологиялық құрылыспен, жер бедерімен, климатпен өзара байланысы жөніндегі материалдарды пайдаланыңдар.Өсімдік пен топырақты терең сипаттау кезінде (белдеулер мн зоналар бойынша) материктің оңтүстік-шығысы мен оңтүстік-батысының айырмашылықтары мен олардың себептеріне, топырақ-өсімдік жамылғысының тігінен таралуына және үлкен Суайрығы жотасының топырақ және өсімдігінің айырмашылықтарына тоқталу қажет.

Шығыс Африка таулы қыратының өзіне тән айқын белгісі болып, неотектоникалық кезеңдегі платформаның қозғалмалылығын туғызған жер бетінің гипсометриялығы және шығу тегі жағынан қарама-қайшылық.Түбірлі-жақпарлы, жанартаулық және қабатты-денудациялық жер бедерімен сипатталатын морфоқұрылымдық зоналарды бөліп қараңдар, талдаңдар, сол сияқты шеткі және тау аралық ойпаңдардағы аккумулятивтік жазықтарды белгілеңдер. Климаттық айырмашылықтарды сипаттай отырып, шығыстан батысқа қарай, экватордан алыстағандағы климаттың өзгерісін анықтаңдар, ылғалды және құрғақ саванналардың, сирек ормандардың ерекшеліктері мен шекарасын көрсетіп, биіктік белдеулерінің типін талдаңдар.

Әдебиеттер:2,4,7,8,9,13,15,19,20.
25-нұсқа.

1-тапсырма. Канада Кордильері облысына физикалық-географиялық сипаттама.
Үлгі жоспар.

1.Облыстардың геологиялық-геоморфологиялық ерекшеліктері.

2.Ландшафттардың негізгі типтері.Биіктік белдеулердің типі.
Сарамандық жұмыс.

1.Канада Кордильерінің орографиялық схемасын орындаңдар (Т.В.Власованы қара, 2-бөлім,82 бет) және оған негізгі морфоқұрылымдық зоналарды салыңдар (ФГАМ-дағы геоморфологиялық карталарды қарандар, 145-бет).

2.Облыстардың биіктік белдеуліктерінің схемасын құрыңдар.
2-тапсырма. Австралияның морфоқұрылымдық облыстарының сипаттамасы.

1.Батыс,Орталық және Шыгыс Австралия облыстарының морфоқұрылымдық сипаттамасын 6-кесте түрінде құрындар.


6-кесте

Морфоқұрылым-дық облыс

Тектоника-лық құрылым

Геология-лық құрылысы

Морфо-құрылым типтері

Гипсометрия-лық бөлшектеу
















2.Әр облыстың жер бедерінің қалыптасу ерекшеліктерің талдаңдар, түсіндіріңдер.


Сарамандық жұмыс.

Австралияның морфоқұрылымдық типтерінің картасын түсіріңдер және одан морфоқұрылымдық облыстардың шекарасын көрсетіңдер.


Тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулар

Канада Кордильерінің облыстары-Ларамий(Маккензи және Жартасты таулары кіреді, Ішкі (Фрейзер, Нечако және Стикин тауларынаң тұрады) және Жағалық немесе Батыс жотасы және арал түріндегі таулары бір-бірінең геоморфологиялық , сондай-ақ климаттық және ландшафтың ерекшелектерімен өзгешеленеді.Олардын бастыларын мәтінде көрсетіңдер, оларды туғызатын себептерді түсіндіріндер.

Екінші тапсырмадағы кестені құрастыру және талдау үшін әдебиеттермен, тақырыптық, тектоникалық, геологиялық, геоморфологиялық және «Морфоқұрылымдық Австралия» карталарын пайдаланыңдар (М.П.Забротская оқулығы, 51 бет)

Әдебиеттер: 8,13,18,19,20.


26-нұсқа

1-тапсырма. Африка және Австралия көлдеріне салыстырмалы сипаттама.
Үлгі жоспар.

1.Көлдердің кеңістіктегі дифференциациялану ерекшеліктері.

2.Әрбір материктегі көлдердің шығу тегінің маңызды типтері.

3.Африка және Австралия көлдеріне кешенді сипаттама.

4.Ұқсастықтар мен айырмашылықтары.
Сарамандық жұмыс.

Африка және Австралия кескін картасына: 1)көлдердің әртүрлі шығу тегіне(тектоникалық, реликті, тоған) типтерінің аттарын жазыңдар, тұздыларын бөлек көрсетіңдер; 2)шілде және қаңтардағы изогиета мен изотермаларды көрсетіңдер.


2-тапсырма. Африканың географиялық зоналылығы.
Үлгі жоспар.

1.Африканың географиялық белдеулері мен зоналары және олардың материктегі бейнесінің ерекшеліктері. Материктің схемадағы теориялық орналасудан ауытқуы. Ауытқу себептерін талдау.

2.Географиялық белдеулеріне кешенді сипаттама:

а)экваторлық

б)субэкваторлық

в)тропикалық

г)субтропикалық
Сарамандық жұмыс.

7-кестенің үлгісі бойынша географиялық белдеулердің(секторлар бойынша) зоналық құрылымының кестесін құрыңдар.

7-кесте.


Географиялық белдеулер

Географиялық зоналар

Экватор-лық

Субэкватор-лық

Тропика-лық

Субтропи-калық

1.Батыстағы мұхит маңындағы сектор зоналары













2.Континентальды сектор зоналары













3.Шығыстағы мұхит маңындаға сектор зоналары















Тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулар
Екі материк те - Африка және Австралия төменгі ендіктерде орналасқан табиғаттың көптеген құрамдас бөліктері жағынан бір-бірінен айырмашылығы бар. Осы айырмашылықтарды талдап, оларды түсіндіріңдер.

Материктегі шығу тегі әртүрлі көлдердің орналасу облыстарын атаңдар, Ньяса, Танганьика, Виктория, Эйр, Чад олардың ішіндегі барынша ірілеріне сипаттама беріңдер. Олардың пайда болу жолдарын, гипсометриялық бейнеленуін, бейнесін, өлшемдерін(ауданын, енін, ұзындығын) тереңдігін, тұздылық деңгейін, ағынның болу-болмауын, деңгейлерінің жылдық және көпжылдық ауытқуларын және олардың термальдық өзгерістерімен және жауын-шашын тәртібімен байланысын көрсетіңдер. Бұл мақсатқа гидрологиялық карталарды, ФГАМ-дағы 58-61 б. Ірі көлдердің бейнесінің жоспарын және олардың су режимінің сызбасын(графигін) пайдаланыңдар.

Нақты және теориялық шекараларды салыстыру кезінде Африкада экаторлық және субэкваторлық белдеулердің орналасуына айрықша назар аударыңдар. Экватолық белдеудің батыстан шығысқа қарай «ығысуын», солтүстік және оңтүстік жартышарлардағы субэкваторлық белдеулердің қосылып кетуін, бұл материктің шығысында саванна мен сирек орман зоналарының басым болуын түсіндіріңдер.

Географиялық белдеулердің сипаттамасын оларды құрастыратын зоналарды талдау арқылы беріңдер. Белдеулер ішіндегі зоналардың қалыптасу себептерін түсіндіріңдер. Келесі сұрақтарға жауап беріңдер: Аден шығанағы және Сомали түбектерінің жағалауындағы қуаңшылық зоналарының пайда болуы немен байланысты? Мұхит жанындағы шөлдердің пайда болуын қалай түсіндіруге болады? Оңтүстік-Батыс және Оңтүстік-Шығыс Африканың субтропикалық кешендерінің табиғатының қандай өзгешеліктері бар?

Әдебиеттер: 2,4,7,8,13,15,16,18,19,20.
27-нұсқа.

1-тапсырма. Солтүстік Американың қоңыржай белдеуіндегі топырақ-өсімдік жамылғысына сипаттама.
Үлгі жоспар.

1.Географиялық орны және шекаралары.

2.Жер бедері, геологиялық құрылысы және климаты.

3.Флора ерекшеліктері. Ботаникалық-географиялық аудандастыру.

4.Осы заманғы өсімдік жамылғысының таралу ерекшеліктері және себептері.

5.Топырақтың кеңістіктегі таралу заңдылықтары және белдеу зоналарындағы топырақ түзілу ерекшеліктері.

6.Қоңыржай белдеу зоналарындағы өсімдік және топырақ сипаттамасы.

7.Топырақ-өсімдік жамылғысының шаруашылықта пайдаланылуы және өзгеруі.


Сарамандық жұмыс.

1.Кескін картаға Солтүстік Америкадағы қоңыржай белдеудің шекарасын түсіріңдер.

2. Флоралық патшалық пен облыстардың шекарасын, топырақтың басым типтерінің таралуын көрсетіңдер.

3.Өсімдіктің негізгі типтерінің таралуын көрсетіңдер. Әр типтегі басым таралған өсімдік түрлерін жазып алыңдар.


2-тапсырма. Шығыс Австралияға физикалық-географиялық сипаттама.
Үлгі жоспар.

1.Шығыс Австралияның аймақтық ерекшеліктері.

2.Оның өзіндік ерекшеліктерін туғызатын факторлар.

3.Жер бедері мен климаттың топырақ-өсімдік жамылғысының қалыптасуына тигізетін әсері.

4.Ішкі аймақтық айырмашылықтар.
Сарамандық жұмыс.

Шығыс Австралия климатының типтеріне арналған температура мен жауын-шашынның таралу графигін салыңдар.



Тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулар
1-тапсырманы орындауға керекті топырақ, өсімдік және Солтүстік Американы ботаникалық-географиялық аудандастырудың карталары Т.В.Власова оқулығында бар (2-бөлім, 31,41,43 беттер). Сарамандық тапсырмалар үшін бұл карталар жеткілікті.

Палеогеографиялық талдау кезінде қоңыржай ендіктегі флораның пайда болу орталығын және осы заманғы өсімдік дүниесінің қалыптасуындағы Еуразиямен байланыстың ролін және мұз басудың әсерін көрсетіңдер. Топырақ-өсімдік жамылғысын сипаттау кезінде климаттық ерекшелітеріне тоқталыңдар, өсімдіктің типтері мен жауын-шашынның арасындағы байланысты түсіндіріңдер. Қоңыржай белдеудің шығыс, батыс және ішкі бөліктеріндегі топырақ-өсімдік зоналарының таралуының өзіне тән сипаттарын анықтаңдар.

Зоналар белдеудің қай бөлігінде ендік бағытында, қай бөлігінде меридиандық бағытта болатынын көрсетіңдер. Шығыс Австралияның физикалық-географиялық сипаттамасын аймақтық табиғаттың айрықша белгілерін анықтаудан бастаңдар. Шығыс Австралияның өте айқын белгісі ол герциндік қатпарлануға жататын қатпарлы-жақпалы орташа биіктіктегі таулар мен ылғалды тропикалық және субтропикалық ормандар басымдығы. Одан соң мына ерекшеліктерді:аймақтың палеозойлық қатпарлы облысқа жатуын, пассаттық айналым облысындағы бүкіл жыл бойындағы жағдайы және т.б қарастырыңдар. Ішкі аймақтық ерекшеліктерді екі физикалық-географиялық облыс бойынша: Квинсленд таулары және Жаңа Оңтүттік Уэльс таулары бойынша анықтаңдар.

Әдебиеттер: 2,6,8,13,15,18,19,20.


28-нұсқа.

1-тапсырма. Солтүстік Американың жануарлар әлемі.
Үлгі жоспар.

1.Зоогеографиялық жағдайы.

2.Жануарлар дүниесінің қалыптасу тарихы және оның ерекшеліктері.

3.Зоналық экожүйенің жануарлары (арктикалық шөлде, тундрада, аралас және жалпақ жапырақты ормандарда, дала мен шөлейттерде).

4.Жануарлар дүниесін қорғау.

Сарамандық жұмыс.

Солтүстік Американың кескін картасына Голарктика облысының шағын облыстарын және оның ішіндегі табиғат зоналарының шекарасын көрсетіңдер.


2-тапсырма. Океанияға физикалық-географиялық сипаттама.
Үлгі жоспар.

1.Географиялық орнының ерекшеліктері.

2.Аралдардың пайда болу жолына қарай топтары(материктік, жанартаулық, биогендік) және олардың сипаттамасы.

3.Меланезия, Микронезия және Полинезия табиғатының өзіндік ерекшеліктері. Жаңа Гвинея және Жаңа Зеландия табиғатының өзіндік белгілері.

4.Океания табиғат ресурстарын пайдалану және қорғау.
Сарамандық жұмыс.

Кескін картаға Океания құрамына кіретін аралдар тобын түсіріңдер және географиялық белдеулер шекарасын жүргізіңдер.




Тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулар
Солтүстік Америка жануарлар сипаттамасын зоогеографилық аудандастыру картасы бойынша жасаңдар (Т.В.Власова оқулығында 2-бөлім, 49 бет). Солтүстік Америка фаунасының қалыптасуының негізгі кезеңдерін талдау барысында оның басқа материктермен тарихи кантинентальды байланысына және оның қазіргі фаунасының құрылуына ықпалын қарасытырыңдар. Көне Лавразия материгінің бөлінуінің қашан болғанын айтыңдар. Голарктика облысының Солтүстік Америка бөлігіндегі тарихи жағдайларға байланысты топталған жануарлар фаунасының айрықша ерекшеліктерін атаңдар. Жануарлар дүниесінің таралуынан, оның түрлік және сандық құрамынан тек палеогеографиялық кезеңдер ғана емес, сонымен бірге қазіргі табиғат ерекшеліктерін, адам өмірінің тигізген ықпалын көруге болады. Сондықтан Солтүстік Америка жануарлар дүниесінің ішкі кеңістік дифференциациясын жануарлардың тіршілік ету орнының айырмашылығымен анықтайтын табиғи шарттармен байланысты қарау керек, бұл бір мезгілде әрі экологиялық, әрі өмір сүру факторы болады деген сөз.

Жануарлардың таралуын сипаттаған кезде бір немесе бірнеше зоналық экожүйе типінің (тундралық, тайгалық және басқа)фаунаның құрамымен шектеліп қоймай, жануарлар санын, олардың биомассасын және өнімділігін көрсетіңдер.Жануарлар мен өсімдіктердің трофикалық (қоректік ) өзара байланысына назар аудара отырып, бұл көрсеткіштердің өзгерісін маусым бойынша қарастырыңдар. Әртүрлі зоналық экожүйедегі жануарлар дүниесінің өзгеруіндегі адамның ролін көрсетіңдер (қырып-жою, жерсіндіру т.б).

Екінші тапсырмада Океанияны құратын аралдардың негізгі топтарының табиғатының өзіндік және айрықша жағдайларын, олардың пайда болу жолдарын, Тынық мұхиттың әртүрлі ендігіндегі аралдардың орнына байланысты климаттық айырмашылықтар және органикалық әлемнің ерекшеліктерін көрсетіңдер.

Әдебиеттер:2,3,9,10,14,15,18,19,20.



29-нұсқа

1-тапсырма. Ніл және Конго өзендеріне салыстырмалы сипаттама. Жұмысты 8-кесте түрінде көрсетіңдер.

8-кесте.


Өзендер сипаттамасы

Ніл

Конго

1.Географиялық орны.







2.Өзен және оның алабы туралы жалпы мәліметтер, салалары.







3.Алаптың табиғат жағдайлары:

а)жер бедері;

б)геологиялық құрылысы;

в)климаты;

г)топырақ-өсімдік жамылғысы;

д)зоналық құрылымы.









4.Гидрологиялық сипаттама(су режимі ерекшеліктері және қоректеуі)







5.Өзендерді тиімді пайдпланудың шаруашылықтағы маңызы.







6.Ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

Өзендердің регионалдық ерекшеліктері.










Сарамандық жұмыс.

Африканың кескін картасына Ніл және Конго өзендерінің алаптарын бөліп көрсетіңдер, салаларының аттарын жазыңдар. Осы алаптар шегіндегі табиғат зоналарын көрсетіңдер. Нілдің су режимінің сағаларындағы және осы жердегі температура мен жауын-шашынның графигін салыңдар. Осы гидрологиялық және метеорологиялық графиктерді салыстырыңдар және олардың сәйкестіктері жөнінде қорытынды жасаңдар. Ауытқулардың себебін түсіндіріңдер.


2-тапсырма. Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Андының биіктік белдеу типтерінің салыстырмалы сипаттамасы.
Үлгі жоспар.

1.Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Андының биіктік белдеулерінің спектрі және оның ендік зоналылықпен байланысы.

2.Орманның жоғарғы шекарасы мен мәңгі қар зонасының биіктік жағынан айырмашылықтары.

3. Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Андыдағы әрбір биіктік белдеудің биоқұрылымдар жиынтығының ерекшеліктері.

4.Биіктік белдеулерінің ландшафтыларын шаруашылықа пайдалану.
Сарамандық жұмыс.

Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Анд биіктік белдеулерінің қимасын тұрғызыңдар.


Тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулар
Кестені толтыра отырып(1-тапсырмадағы) ең маңызды, негізгілерін бөліп көрсету керек. Мысалы, екінші жауапта басты өзеннің ұзындығын және алабының ауданын, орта және ең терең жерін, иректілік коэффициентін, еңістігін, жылдамдығын, аңғар формасын міндетті түрде көрсетіңдер. Бұл мәліметтерді салыстыру мүмкін болуы керек. Сол және оң жақтғы салаларды атап шығыңдар және сипаттама беріңдер. Алаптың табиғат ерекшеліктері, гидрологиялық торы сипатталадыды, аңғарлардың морфологиялық сипатын және өзендердің гидрологиялық ерекшеліктерін анықтайтын факторлар ретінде қарастырылуы керек. Гидрологиялық сипаттаманы өзеннің әр бөлігіне жүргізіңдер, жыл бойы судың деңгейінің және шығынның ауытқуын, өте көп және өте аз су шығындалу кезеңдерін және оның себептерін анықтаңдар. Бұл үшін керекті материал, сол сияқты Нілдің сағалық бөлігіндег су режимі туралы мәліметтер ФГАМ-да бар (58-61 бет).6-пунктке жауапта өзеннің ең басты ерекшеліктерін бөліп көрсетіңдер. Мысалы, Ніл материктегі ең ұзын өзен, бірақ ол жылдық ағынның көлемі бойынша Африка өзендерінің арасында бесінші орында тұр.Неге? Басқада ерекшеліктерін көрсетіңдер және түсіндіріңдер. Ніл ағынын қайта өзгерту жайын көрсетіңіз.

Екінші тапсырмадағы Солтүстік Анд деп Кариб теңізі жағалауымен 4º оңтүстік ендікке дейін созылып жатқан тау жүйесін айтамыз. Орталық Анд оңтүстік ендіктегі 4º пен 27º аралығындағы жерді алып жатыр, ал оңүстік (Патагония) Андсы 42º оңтүстік ендіктен оңтүстікке қарай орналасқан. Биіктік белдеулерінің қимасы негізгі жоталарының биіктігі, көлденең аңғарлары, ішкі үстірттерінің және жел жағындағы беткейлерінің көрсетілген таудың еркін кескіні түрінде бейнеленген орографиялық белдеу негізінде құрлады.Қимада негізгі белдеудің биіктіктерін, топырақ және өсімдіктерін көрсетіңдер.

Әдебиеттер:4,7,8,11,13,16,19,20.
30-нұсқа

1-тапсырма. Оңтүстік жартышардағы тропикалық шөл климатының сипаттамасы.
Үлгі жоспар.

1.Географиялық орны мен шекарасы.

2.Негізгі климаттық факторлар мен көрсеткіштері.

а) климатын құратын факторлар;

б)температура (жылдық өзгерісі және амплитудасы);

в)жауын-шашын (жалпы мөлшері, жылдық қозғалсы, құрғақшылық себептері);

г)жауын-шашын мен буланушылықтың арақатынасы.

3.Климаттың аймақтық ерекшеліктері.



Сарамандық жұмыс.

Кескін картаға оңтүстік жартышардағы тропикалық шөлдерді көрсетіңдер.Температура мен жауын-шашынның өзгерісінің графигін құрыңдар.


2-тапсырма. Солтүстік Американың Жағалық жазықтарына физикалық-географиялық сипаттама.
Үлгі жоспар.

1.Географиялық орнының ерекшеліктері.

2.Жер бедерінің даму тарихы және басты белгілері.

3.Жағалық жазықтарының климаттық жіктелуі.

4. Ландшафттың таралу заңдылықтары.

5.Аймақ табиғатын антропогендік өзгертудің ролі.



Сарамандық жұмыс.

1.Кескін картаға жағалық жазықтарының климт типтерін көрсетіңдер.

2.Әрбір климат көрсеткіштерінің қозғалысына арнап график құрыңдар.

Тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулар
1-тапсырманы орындау үшін арнаулы әдебиетті оқып, Н.П.Неклюкова (71-185 бет) оқулығы бойынша «Атмосфера және Жер климаты» бөлімін қайталаңдар және Б.П.Алисов пен Б.В.Полтораус оқулығы бойынша тропикалық климаттық белдеу сипаттамасын оқып шығыңдар. Материалды оқып білуді мысалдармен және климаттық графикпен толықтырыңдар. Жылу мен ылғал арақатынасын талдау үшін жауын-шашынның буланушулыққа қатынасын (оны анықтайтын мәліметтірді Н.П.Неклюкова оқулығы 45-бет жауын-шашын және буланушылық картасынан алыңдар) көрсететін Г.Н.Высоцкий және Н.Н.Иванов коэффициентін пайдаланыңдар.

Мұхит маңындағы шөлдердің климат ерекшеліктеріне міндетті түрде тоқталыңдар, орографияның және салқын ағыстың ролін көрсетіңдер. Мұхит маңындағы шөлмен тропикалық белдеудегі континентальды шөлдердің климат айырмашылықтарын көрсетіңдер. Қорытындысында Африканың, Австралияның және Оңтүстік Американың тропикалық шөлдері климатының аймақтық ерекшеліктерін атаңдар.

Жағалық жазықтарын сипаттай отырып, субтропикалық климатпен жазықтықтағы жер бедерінің өзара байланысын және оның гидрографиясының қалыптасуына, ағынға, топырақ-өсімдік жамылғысына әсерін атап көрсетіңдер.
Әдебиеттер:1,2,4,7,8,11,13,15,17,19,20.
31-нұсқа

1-тапсырма. Солтүстік Американың гидрографиялық торы.

17-нұсқадағы 1-тапсырманың жоспары мен сарамандық жұмысын қараңдар; жоспардың 4-бөліміндегі Миссисипи өзеніне кешенді сипаттама құрыңдар.


2-тапсырма. Оңтүстік Американың географиялық зоналығы.26-нұсқадағы 2-тапсырманың жоспары мен сарамандық жұмысын қараңдар.

Тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулар
Бірінші тапсырмада Солтүстік Мұзды, Тынық және Атлант мұхиттары алаптарының өзендері ерекшеліктерін талдаңдар. Оларды ең ұзын өзендер: Миссисипи, Маккензи, Колорадо мен Колумбияны мысалға ала отырып көрсетіңдер. Ішкі ағын облыстарын атаңдар, сипаттаңдар.

Оңтүстік Американың географиялық белдеулерінің зоналық құрылымының кестесін (2-тапсырма) қоңыржай белдеудің сипаттамасымен толықтырыңдар. Кестені толтыру кезінде теңіз ағыстарының және орографиялық кедергілердің роліне назар аударыңдар.

Әдебиеттер:8,11,13,16,18,19,20.
32-нұсқа

1-тапсырма. Оңтүстік Американың жануарлар дүниесіне сипаттама.

28-нұсқадағы 1-тапсырманың жоспары мен сарамандық жұмысын қараңдар.Жоспардың 4-бөліміндегі тропикалық, орманның, саваннаның, дала мен шөлейттердің жануарларына сипаттама беріңдер.


2-тапсырма. Сахара мен Суданға салыстырмалы физикалық –географиялық сипаттама. Жұмысты 9-кесте түрінде көрсетіңдер.
9-кесте

Табиғи белгілері

Сахара

Судан

1. Географиялық орны, шекаралары.







2.Физикалық–географиялық аудандастыру жүиесіндегі орны.







3.Геологиялық құрылысы.







4.Орографиялық ерекшеліктері.







5.Морфоқұрылымындағы ұқсастық.







6.Морфоқұрылым типтері.







7.Климат ерекшеліктері.







8.Гидрографиялық тор.







9.Топырақ-өсімдік жамылғысы.







10.Жануарлар дүниесі.







11.Табғат ресурстары.







12.Ішкі аймақтық айырмашылықтар.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет