«Ұлттық ДӘСТҮР – Қазіргі қазақ руханиятының Өзегі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының жинағы



Pdf көрінісі
бет22/37
Дата29.02.2024
өлшемі1.26 Mb.
#493209
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37
ғylymi-maqalalar-20.06.2022-3

 
ӘОЖ 800 
 
ҚАЗАҚ ЫРЫМ-ТЫЙЫМДАРЫНЫҢ ТЕОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ 
 
Түгелбай О. 
Ғылыми жетекшісі: Нұрдәулетова Б.И. 
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг 
университеті, Ақтау қ., Қазақстан 
 
Аңдатпа. Бұл мақалада ырым-тыйымдардың қазақ халқы өміріндегі маңызы 
көрсетіліп, кейбір ырым-тыйымдарының діни сипаты түсіндірілген. Ырым-тыйымдар 
туралы сүре, аяттардан дәлелдер келтірілген. 
Түйін сөздер: ырым-тыйымдар, ұлттық мәдениет, қазақ халқы. 
Қазақ халқының көне замандардан бастау алған ұлттық мәдениетіне зер салып 
қарасақ, халықтық сипаттағы наным-сенімдер мен ырым-тыйымдар қатарын байқауымызға 
болады. Қазақ халқымен ғасырлар бойы жасасып келе жатқан ырым-тыйымдар жүйесі хал-
қымыздың өмірінде, салт-санасында, әдет-ғұрпында, тұрмыс-тіршілігінде кеңінен көрініс 
тапқаны белгілі. Ұлтымыз ырым-тыйымдарды тәлім –тәрбиеге бағыттай отырып, үлгі-
өнеге, ақыл-кеңес беру барысында қалыптастырып отырған. Ата-бабаларымыз ырым-
тыйымдарды сақтай отырып, адамзатты бәле-жаладан, қауіп-қатерден, кесір-кесапаттан 
сақтайтынына, жамандықтың алдын алатынына сенген. Қалай дегенмен, ырым-тыйым-
дарды халқымыздың ұлттық болмысынан бөле-жара қарауға болмайды.
Ырым мен тыйым сөздерінің мағынасын ажыратып көрейік. Бұл ретте белгілі 
этнограф 
Сейіт 
Кенжеахметұлы: 
«Дәстүрде ырымның екі түрі бар. 
Олар 
– 


71 
салт ырымдары және сенім ырымдары. Мысалы, күйші болсын деп сәбидің тырнағын 
белгілі домбырашыға алғызу, отаншыл болсын деп туған жерге аунату, ержүрек болсын деп 
батырдың сарқытын жегізу, оның атын қою сияқты ырымдар бар» деп жазады. Ал тыйым – 
халықтың тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге, ақыл-кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірінен 
саналады. Бұл балаларды жаман әдет, жат пиғыл, ерсі қимыл, әдепсіз істерден 
сақтандыруда маңызды қызмет атқарады деп ой қорытады. 
Ал ғалым А.Әбдірәсілқызы ырым мен наным сөзінің мағынасына былай деп талдау 
жасайды: «Ырым бөлек те, наным бөлек. Ырым тікелей нанымның көрінісі болса, қазақ 
екеуіне екі атау бермес еді. Ырымда «осылай етсе, солай болады» деген үзілді-кесілді сенім 
емес, «осылай етсек, солай болса екен» деген тілек, ниеттену, сұрау тұрады. Оның бәрін 
адам жақсылықтан үміт күтіп жасайды. Ізгі ниетпен жасалған ырымдарды Пайғамбарымыз 
да ұнатқаны хадистерде келтіріледі». 
Бүгінгі күнге дейін сақталған көптеген қазақ наным-сенімдері табынушылық 
сенімнің жаңғырығын көрсетеді. Кейбір ырым-тыйымдар бағзы замандардағы шамандық, 
тәңірлік наным-сенімдердің сипаты, белгісі ретінде де көрініс беріп жатады. Тіпті кейбір 
наным-сенімдер Құранның жекелеген сүрелерінде түсіндіріледі. Ырым-тыйымдардың 
ғылыми негізі болмағандықтан, көптеген белгілер ырымшыл негізге ие және ырымшылдық 
деп аталады.
Ырым-тыйымдар мағынасына байланысты өмірдің сан алуан салаларын қамтиды. 
Дүние есігін енді ашқан сәби ғұмырынан бастап, қарттық ғұмырдың да сәттерін қоса 
қамтитын ырым-тыйымдар легі адамның дүниеден озғанға дейінгі ғұмырының әрбір 
сәтінде көрініс табады. Жаңа туған нәрестеге, жеткіншек жасқа, сапарға аттанғанға, келген 
қонаққа, ас-тағамға, мереке-жиынға, киім-кешекке, салт-дәстүрге қатысты қалыптасқан 
ырым-тыйымдар қатарын біразға дейін тізбектей беруімізге болады. Ырым сөздер де — 
қазақтың дәстүрлі мәдениетінің, әсіресе халық әдебиетінің ұрпақтан-ұрпаққа ауызша 
таралып, ipгeci сөгілмей келе жатқан құрамдас бөлігі. Кеңес кезеңіде електерден өтіп, 
мардымсыз жиналған бұл мұралар арқылы адамның тал бесіктен жер бесікке дейінгі 
ғұмырындағы бүкіл болмысын, қоршаған ортамен қарым-қатынасын, тұрмыс-тіршілікке
табиғатқа деген көзқарасын, сенімдерін, философиялық-діни түсініктерін, психологиясын 
айқын аңғаруға болады. Бұдан шығатын қорытынды, ырым-тыйымдардың негізі әлемнің 
құбылыстары мен адам тағдыры арасындағы қарым-қатынас туралы мистикалық идеяларға 
негізделген ежелгі халықтық дәстүрлер болып табылады. 
Қазақ халқының ырым-тыйымдарының қалыптасуына көңіл бөлсек, бастауы Ислам 
дінінде тұрғанына көз жеткіземіз. Халқымыздағы «Бейуақытта ұйықтама, күнмен жарысып 
ұйықтауға болмайды» деген ырымға дінімізден мынадай мысал келтіре аламыз: 
• «Ханбали құқық мектебін құрушы Имам Ахмәд «екінті уақытынан кейін ұйықтау 
ұнамсыз әрекет. Бұл ақылыңа қауіпті» дей келіп, бейуақта ұйықтамаған абзал екенін айтқан.
• «Шынында Алла елшісі (с.а.у.) құптаннан алдыңғы ұйқыны ұнамсыз көретін әрі 
құптаннан кейін әңгіме-дүкен құруды ұнамсыз көретін». 
Жалпы қазақта «бейуақ» деп күн қызарып батып, қараңғы түн әлі түсе қоймаған кезді 
айтады. Бұл – ақшам намазы мен құптан намазының арасындағы мезгіл. Осыған қатысты 
халқымызда «Іңірде жатқан ырыссыз қалар» деген мәтел бар. Яғни, күн батқанда жер бетіне 
жын-шайтандар жайылатындығы хадисте айтылған. 
Келесі басқа да ырым-тыйымдардың діни сипатына назар аударайық: 
• «Нанның ұсағын қалдырмай же». Бұған қатысты Құранның Ағраф сүресінің 31-
аятында былай делінген: «Жеңдер, ішіңдер, бірақ ысырап етпеңдер. Аллаһу тағала ысырап 
еткендерді, әлбетте, жақсы көрмейді» (Ағраф сүресі, 31-аят).
• «Түнде тамақ пен ыдыстардың бетін жабу керек» - Алла елшісі (с.ғ.с): 
«Ыдыстарыңның (су, тамақ) бетін жабыңдар, есіктеріңді (түнде) ашық қалдырмаңдар және 
шырақтарыңды сөндіріңдер. Ақиқатында, шайтанға сусын беру, оған есіктерді және 
ыдыстарды ашық қалдыру халал емес",- деген. 


72 
• «Тамақты оң қолыңмен же» - Аллаһ Елшісінің «Тамақ жеген кезде оң қолыңызбен 
жеңіз, су ішкен кезінде де оң қолмен алып ішіңіз. Себебі, шайтан сол қолымен жеп, сол 
қолымен ішеді» деген хадисі бар. 
• «Тамақты тауысып же» - Аллаһ Елшісі (с.а.у): «Кімде-кімнің қолындағы тамағы 
жерге түсіп кетсе, оны тазалап жесін. Шайтанға қалдырмасын». Аллаһ елшісі сөзін әрі 
қарай ыдысты тауыса ішудің маңыздылығымен жалғап: «Тамақтың берекетінің қай жерде 
екенін білмейсіңдер»,-деген. 
• «Нанды баспа» - Пайғамбар (с.ғ.с.): «Нанды құрметтеңіздер. Себебі ол - жер мен 
көктің берекеті». 
• «Шелектен су ішпе» - Хазреті Пайғамбар (с.ғ.с.) шелек және бөшке сияқты 
ыдыстарға ауыз салып су ішуге тыйым салды. 
• «Сынық ыдыстан су ішпе» - Алла елшісі кесенің жырық жерінен ішуден әрі ішетін 
нәрсесіне үрлеуден тыйды. 
Қазақтың ырым-тыйымдарының түп төркіні жалпы адамзатқа ортақ рухани 
қағидалармен тоғысып отырған және өзіндік ұлттық айшықтарымен, салт-дәстүр мен тәлім-
тәрбиенің белгісі ретінде ерекшеленген. Халқымыздың сан ғасырдан бері сүзгіден өткізіп, 
ұрпақ игілігі үшін қалдырған ырым-тыйымдарын бір мақалада толық қамту әсте мүмкін 
емес. Дегенмен, біздің ұсынбағымыз – халық тұрмысындағы ырым-тыйымдарды пайдалана 
отырып, ұлттық болмысымызға тән тәрбиеге бет бұру, жас ұрпақты жақсылыққа шақырып, 
адамгершілікке тәрбиелеу, рухани кемелдендіру.
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. 2-том: Дүниеге келгеннен 
өмірден озғанға дейін (отбасылық әдет-ғұрыптар ертеректегі авторлардың еңбектері 
бойынша) / Құраст. С.Әжіғали – Алматы: «Арыс» баспасы, 2006. – 416 бет. 
2. Сейдімбек А. Қазақ әлемі. Этномәдени пайымда. Оқу құралы. – Алматы, 
«Санат» 1997,- 464 бет. 
3. Байтенова Н.Ж., Туғанбаев Қ. Әл-Фараби атындағы қазұу Хабаршысы. Дінтану 
сериясы. №1(1). 2015 
4. Мұхиддин Әбу Зәкәрия Яхия ибн Шәрәф ибн Мурри. Хадистер жинағы(риядус-
салихин). – Алматы: «Көкжиек-Б», 2011. – 656 бет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет