«Ұлттық тәрбиенің бала тәрбиесіне әсері неде?» Ұлттық тәрбиенің міндеті



Дата04.07.2016
өлшемі124.65 Kb.
#175895
Тақырыбы: «Ұлттық тәрбиенің бала тәрбиесіне әсері неде?»

Ұлттық тәрбиенің  міндеті – мәдени-әлеуметтік өзгермелі жағдайдағы ұлттық тәрбиенің діңгегі – ана тілі болып қалатынын негіздеу, қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті мен ділін, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеуде жастардың ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру, бүгінгі қазақ елінің индустриалық-иннова­циялық жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін парасатты, ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу, білім және мәдени-рухани тұрғыда басқа өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету, қоғам мен адам, адам мен табиғат қарым-қатынасының өркениеттілік сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастыру. Тәрбиенің басты нысаны елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу, ұлтсыздықпен күресу болса керек.Ендеше, «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демекші, ел болып, ұлт болып қаламыз десек,  «Ұлттық тәрбие»  балабақшалар мен мектептерден бастап қолға алғанымыз жөн  деп ойлаймын

Ұлтық тәрбие адамгершілікке баулиды. Олай болса тәрбиелік кілті-халық педагогикасында деуге толық негізі бар. Өйткені халқымыздың тәлім тәрбиелік мұрасы адамгершілікті, қайрымдылықты,мейірбандылықты дәріптейді. Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығынқазақ халқы ерте түсінген, ешқандай жоғары білімсіз-ақ дана халқымыз тәрбиенің небір оңтайлы әдістерін бесіктен бастаған.Әңгімелер,ертегілер баламен қатынасының ең нәтижелі құралы болып табылады.Атақты педагог Ы. Алтынсарин : « Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрінде ертегіден алады »,-деп атап айтқан. Ертегілерде жақсылық пен жамандық, жауыздық, қорқыныш пен әдлетсіздік бар екенділігі белгілі. Сондай ақ олардың бір- біріне қарсылығы, ең бастысы, небір қиын- қыстау жағдайда қалай жеңіл шығу мүмкіндігі көрсетіледі. Сонымен қатар, балалардың танымдық қаблетін дамытуда ойындардың да атқаратын маңыздары зор.Ойын- баланың бірінші әрекеті . Ол баланың қабылдау,ойлау, қиял есте сақтау сияқты даму үрдістерінің жетілуіне көмектеседі. Баланың ақыл-ой белсенділігін қалыптастыратын тереңдететінде ойын.Ұлттық ойын түрлері мен ауыз әдебиеті үлгілерін сабақта пайдаланудың арқасында жасөспірімнің салт- дәстүрге деген саналы көзқарасы кеңейіп, ана тіліне қызығушылығымен ықылас-ынтасы артады. « Көкпар», «Алтын сақа», « Бәйге», «Тапқыр болсаң, талас жоқ», «Кім жылдам?» сынды түрлі зияткерлік ойындар бала қиялын дамытып , мүмкіндіктерін ашып, жаналыққа бәсекелеске ұмтылуға мүмкіндік береді.

Сәбилердің ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын молайтуға ауыз әдебиет үлгілері – ертегілер, жұмбақ, жаңылтпаштардың, халық ойындарының тигізетін пайдасы ұшан-теңіз. Әрине, ауыз әдебиеті үлгілерімен балаларды таныстыру үшін алдымен оқытылатын материалдың көлемін, мазмұнын анықтап алу керек. Материал мәтіннің мазмұны балаларды қызықтыратындай, жалықтырып жібермейтіндей шағын болу керек.
Ертегінің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Әсіресе адам өміріне байланысты іс-әрекет өткір сықақ-мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Бала жағымсыз кейіпкердің жексұрын әрекетінен бой тартып жақсылыққа құмартады. Ертегінің әр жақты сырын қызықты, тартымды, бала санасына лайықтай жеткізу айтушының шынайы шеберлігіне тікелей байланысты.
Бақшада ертегі оқу сабақта және сабақтан тыс уақыттарда өтіледі. Оқу жұмысы баланың жас ерекшелігіне орай жоспарланады. Сәбилер тобында ауызша әңгімелеп беру тәсілі қолданылады.
Сәбилер тобында оқығанды тыңдату және әңгімелеп беру қатар жүргізіледі. Біздің мақсатымыз – ертегіні ауызекі әңгімелеуге төсілдіре отырып оқылғанды шыдамдылықпен тыңдай білуге үйрету.

Балалар көркем әдебиеті мен халық ауыз әдебиеті шығармаларының туындылары

арқылы баланың эмоционалдық ортасын дамытамыз. Әдеби шығармалар арқылы өзара қарым қатынастар мен адами сезімдер әлемімен таныстырылады . Құрдастарымен және үлкендер м ен бірлескен іс-әрекет барысында қарым – қатынас ережелері сақталады. Досына қамқорлық жасап, қолдан келгенше көмектеседі.

Әдеби шығармалардың кейіпкерлерінің қарым –қатынасы мен өзін-өзі ұстауын талқылайды, өз көз қарасын білдіруге тәрбелей отырып әдебиетке қызығушылығы оянады. Ертегілер мен әдеби шығармалар кейіпкерінің адамгершілік қасиеттерін бағалау және оларға өзінің қатынасын білдіру іскерліктері қалыптастырылады. Баланың жас ерекшесіне байланысты жылдан жылға бағдарлама күрделенеді, себебі, бала есейген сайаын дамиды.Оның деңгейі, білімі арттырады. Әр баланың жас ерекшелігіне сай ертегіні окып беру.


ІІ. Сәбилер: «Қасқыр мен лақ», « Үш аю», «Үш торай», «Үйшік» , «Қисық үйрек», «Тышқан, ит және мысық»,

Ортаңғы:


«Тырна мен түлкі», «Түлкі мен қоян», «Түлкі, тасбақа және кене», «Түлкі мен маймыл».

Ересек:


«Ай мен күн», «Тазша бала», «Дәулет құс», «Жақсылық пен жамандық»

Даярлық:


«Қыт-қыттың сыры», «Үндемес ит», «Ақыл. Ғалым.Бақыт», «Тазы мен елік», «Үш тенгеге бір қой», «Теңіздін суы неге ащы»

етегілер баланың жасына сай оқылады.

Ертегі түрлері: «Қыт-қыттың сыры», «Үндемес ит», «Ақыл. Ғалым.Бақыт», «Тазы мен елік», «Үш тенгеге бір қой», «Теңіздін суы неге ащы»












Жұмбақ

Жұмбақадамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.

Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Ғалымдар Жұмбақтың әуелгі тегі тыйым сөздермен және табумен төркіндес деп есептейді. Бағзы дәуірлерде адамдар айналадағы өктем күштерден сақтанғандықтан, өзара шартты сөздермен, астарлы тіркестермен тілдескен. Жұмбақ кейінгі даму барысында табу мен тыйым сөздерден жіктеліп, бөлініп шыққан.

Жұмбақ жанрына тән басты ерекшелік – көлемі шағын, құрылымы жұп-жұмыр, шымыр болып, аз сөзбен көп нәрсені айта білуге бейімділік. Жұмбақ сөйлемдері көбінесе қысқа, жинақы келеді, кейде образбен өрілген кішкене ғана ұғымды білдіретін сөйлем, не сөз тіркесі түрінде кездеседі.

Жұмбақтың тілдік өрнектерінде халықтың тарихи-қоғамдық өміріндегі, тұрмыс-тіршілігіндегі өзгешеліктерді танытатын, солардан туындаған нақыш-өрнектер, ауыстырулар өте мол. Көбінесе көзбен көріп, қолмен ұсталған, тұтылған заттар тұспалдауға, жасыруға желі болады. Жұмбақ нысанасына айналған байламдар өмірдің барша құбылыстарын тақырып ете алады. Мысалы, аспан әлемі, табиғат құбылыстары, жер, хайуанаттар, құстар, жәндіктер, адам, үй жабдықтары, киім-кешек, тамақ-сусын, ыдыс-аяқ, өнер, шаруашылық, іс-құралдары, жол, қатынас, техника, оқу-білім, ойын-сауық, ән-күй, уақыт, дін, т.б. Сонымен қатар кейінгі кезде Жұмбақтардағы дәстүрлі тақырыптардың арнасы оқу-білім, ғылым мен техника дамуына байланысты толыға түсті.



Жұмбақтар

Әр баланың жас ерекшелігіне сай жұмбақтарды бөлу.

ІІ. Сәбилер:

Әр қызыл, әрі тәтті, Аласа ғана бойы бар,

Татқан жанды таңырқатты. (Алма) Тоғыз қабат тоны бар. (Пияз)
Жерге қазық қақтым, Қыста ғана болады,

Басына айдар тақтым. (Сәбіз) Ұстасаң қолың тоңбайды. (Қар)


Қысы- жазы көкпеңбек, Қалқиып ұзын құлағы,

Таңырқамай кеткен жоқ. (Шырша) Елеңдеп қорқып тұрады. (Қоян)


Ортаңғы:

Суда өседі, өнеді, Әдемі түнде, мен жүреді бірге. (Ай)

Сыртқа шықса, өледі. (Балық) Күндіз бәрі қашады, түнде аспанды басады. (Жұлдыз)
Ұшып жүрген гүл көрдім, Мұрны бейне түйе,

Қонғанша ұстап үлгердім. (Көбелек) Үсті толған ине. (Кірпі)


Қолдағы жұмыс жарағы- Тәп-тәтті тамағы,

Қайшы менен тарағы. (Шаштаразы) Астардың маманы. (Аспазшы)


Бір зат бар дүниеде құшағы кең, балалар жақсы көреді,

Ұшқан құс, жүгірген аң бәріне тең. Қыста ғана келеді.

Адамзат жан- жануар арасында Ән, жыр айтса қысылмай,

Мәңгілік өсіп-өніп,өмір сүрген. (жаз) Сыйлық кәмпит береді. ( Аяз ата)


Ересек:

Өзінңе шап-шақ, киген қалпағы , Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,

Балалар тұр қаптап. (Бақ бақ) Мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ. (Жылқы)

Кішкентай ғана бойы бар Өзі күшті, мүйізі мықты,қызылды көрсе, құтыра шықты

Айналдырып киген тоны бар. Төрт бұлағы-сүт, баға білсең-құт.

Төлі-егіз, өзі-семіз,айтшы, Шайнаңдайды сағыз, сүттің кені нағыз. (Сиыр)

Қане,қой түлік дейміз? (Қой)
Өзі жеке қалғанда,ас татуға ерінер.

Адам қолға алғанда, көк темірді кемірер. (Егеу)


Тыным көрмей тілдері, жарысады ілгірі.

Сол арқылы білеміз, уақытты күндегі.

Тілдері жүреді , дүрсілдейді жүрегі. ( сағат)
Даярлық:

Бес балаға бір бешпен, бірге киіп, бір шешпек. (Қолғап)


Ерте тұрдым, екі айыр жолға түстім. (Шалбар)
Ұзынды күзеді, қисықты түзейді. ( Қайшы)
Көзі жасты-жылауық, келе жатыр бір алып .

Жабырқаса, жылайды, жадыраса құлайды. (Бұлт)


Жылт-жылт еткен, жылғадан өткен.

Құйсаң шығар гүл өсіп, қатады қыста сіресіп. (Су)


Түйсіндіреді көзіңді көзіңе, жолықтырады өзіңді өзіне. (Айна)

Сын тұрғысынан ойлаудың даму жолдары:


Кезеңдері:

  1. Қызығушылықты ояту

  2. Мағынаны ашу (ажырату)

  3. Ой толғаныс

Әдістері:

  1. Топтастыру

  2. Ассоциация

  3. Ой қозғау

  4. Джик-Со

  5. Инсерт

  6. Венн диаграммасы

  7. Кубизм

  8. Бес жолды өлең

  9. Ой толғау

Ой қозғау әдісі:

  • дамытушы;

  • сұрақтар арқылы ой салу;

  • жауап талап ету.

Топтастыру әдісі:

  • тақырыпқа қатысты барлық мағлұматты топтсатыру.

Ассоциация әдісі:

  • зат жайлы жалпы мәсілемт жинау.

Инсерт әдісі:

  • сөздің көп мағынасын ашу;

  • синонимдер;

  • антонимдік сөздік қорларын кеңейту;

  • сөзді дұрыс қолдануларын қалыптастыру.

Венн диаграммасы әдісі:

  • екі затты салыстыру;

  • ортақ белгісін табу;

  • берілген тақырыпты қорытындылау, нақтылау.

Кубизм әдісі:

  • балалардың білімдерін салыстырып, дәлелдеу;

  • ерекшелік;

  • мен үйрендім;

  • суреттер;

  • қолдан сұрақтар арқылы айқындау.

Бес жол өлең:

  • балалардың шығармашылығын тұрақтандыру;

  • Не? Қандай? Не істейді?

  • Түйінді сөз

Бәріне белгілі болғанындай, қиял – ғажайып ертегісінің қызметін (функцияларын) саралап келгенде В.Я.Пропп мынадай қорытындыға келеді:
 Ұлттық тәрбие:

1.      «Отбасындағы ұлттық тәрбие»

2.      «Балабақшадағы ұлттық тәрбие»,

3.     «Мектептегі ұлттық тәрбие»    деп бөліп талқыланады.


Қазақта мынадай құнды өсиеттер бар.   Мысалы:

Жеті қазына                                  Жеті ата                            Жеті жұт

Ер жігіт                                           1. Бала                           1. Құрғақшылық

Сұлу әйел                                       2. Әке                             2. Жұт (мал қырылу)

Ақыл, білім                                    3.Ата                              3.Өрт

Жүйрік ат                                       4.Арғы ата                     4. Оба (ауру)

Қыран бүркіт                                 5. Баба                            5. Соғыс

Берен мылтық                                6. Түп ата                       6. Топан су

Жүйрік тазы (ит)                           7. Тек ата                        7. Зілзала (жер сілкіну)



Жеті күн                                    Жеті ғалым                                  Жеті әулие

Бүгін                                        1. Шығыс                                        1. Меке шәріп

Ертең                                       2. Батыс                                           2. Мәдина шәріп

Бірсүгіні                                  3. Оңтүстік                                      3. Бұхар шәріп

Арғы күні                                4. Солтүстік                                    4. Шам шәріп

Ауыр күн                                 5. Аспан (жоғары ғалым)              5. Қатым шәріп

Соңғы күн                                6. Жер орта                                    6. Құддыс (Мысыр) шәріп

Азына                                       7. Жер асты( төменгі ғалым)        7. Кәләм шәріп (Құран)



Жеті жоқ                                                                        Жеті жетім

Жерде өлшеуіш жоқ                                           1. Тыңдамаған сөз жетім

Аспанда тіреуш жоқ                                           2. Киюсіз тозған боз жетім

Таста тамыр жоқ                                                 3. Иесіз қалған жер жетім

Тасбақада талақ жоқ                                           4. Басшысы жоқ ел жетім

Аққуда сүт жоқ                                                   5. Аққу – қазсыз көл жетім

Аллада бауыр жоқ                                              6. Жерінен айырылған ел жетім

Жылқыда өт жоқ                                                 7. Замандасы болмаса  – бәрінен де сол жетім



Бес қару                                                   Бес өсиет                                      Бес намаз

Садақ                                        1. Топасқа сенбе                                 1. Таң намазы

Мылтық                                   2. Жауға иілме                                     2. Бесін намазы

Найза                                        3. Сақ жүр                                            3. Екінді намаз

Қылыш                                     4. Аз үйге сенбе                                  4. Ақшам намазы

Айбалта                                    5. Жарлыдан сый алма                       5. Жашиық намазы



Бес жаратылыс                                                  Бес қатер

Күн                                                                          1. От

Ай                                                                            2. Жау

Жұлдыз                                                                   3. Борыш

Күндіз                                                                     4. Ауру

Түн                                                                          5. Сөз



Үш даусыз                           Үш арсыз                                Үш тәтті

Мінез                               1. Ұйқы арсыз                            1. Жан тәтті

Кәрілік                            2. Күлкі арсыз                            2. Мал тәтті

Ажал                               3. Тамақ арсыз                           3. Жар тәтті



Үш ғайып                                 Үш қадірлі                                   Үш қуат

Ажал ғайып                              1. Ырыс                                     1. Ақыл қуат

Қонақ ғайып                             2. Бақ                                         2. Жүрек қуат

Несібе ғайып                            3. Дәулет                                   3. Тіл қуат

 Яғни халық педагогикасы тәрбиені еңбек пен өнерге негіздей жүгізеді. Тек бертін келе ғана оқу-білім дамып, ғылым мен техника өрістей бастаған кезеңде ғылыми педагогика дүниеге келді.

 «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» болғандықтан әдебиет сабағында оқушыларға  тақпақтарды жалаң жаттатып, ертегілерді құр оқытып қана қоймай, оны оқушының  санасына сіңіріп, мағынасына терең бойлатуға тырысамын. Ол үшін түрлі көрнекі құралдарды пайдаланып  «Тазша бала», «Қожанасыр», «Алдар көсе» сынды ертегі кейіпкерлерін балалардың өздеріне ойнатып, жан-жақты амал-тәсілдерді қолданамыз.  Сондай-ақ  ежелгі ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызды, тарихымызды балалардың жадына жастайынан сіңіріп өсіруіміз шарт.




Павлодар қаласы

№ 5 сәбилер бақшасы.

МҚКК

Баяндама. № 4 пед кеңес

Тақырыбы:«Ұлттық тәрбиенің бала



тәрбиесіне әсері неде?»

Орындаған :Эльмира Утешева тәрбиеші

ІІ. Сәби «Б»

2012ж





МҚКК №5 сәбилер бақшасы



Ашық сабақ.

Тақырыбы: « Не деу керек?»



ІІ сәбилер «Б»

Тәрбиеші: Утешева Э.С-С.

2012ж




Павлодар қаласы

№ 5 сәбилер бақшасы.

МҚКК

Баяндама. № 4 пед кеңес

Тақырыбы:«Ұлттық тәрбиенің бала



тәрбиесіне әсері неде?»

Орындаған :



2012ж



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет