1.Жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, реттеу және сынақтан өтк
1.7. Тетіктердің бөлшектерін жуу Cыртқы ортаның әсерінен металдың бетінде әртүрлі қосылыстар пайда
болады және атмосфералық оттегінің әсері нәтижесінен тотықтар тез
түзеледі. Тығыздағыштардың ластануын болдырмау үшін тығыздауыш
элементтерді жөндеу кезінде ерекше тазалықты қамтамасыз ету өте маңызды.
Бөлшектер мен тығыздағыштарды жуу үшін пайдаланылатын сұйықтықтар
оларға бейтарап болуы керек. Бөлшектерді ваннада жуу кең таралған. Бұл
ванналарда жуу қарапайым операция болып табылатындығымен және арнайы
қондырғыларды немесе құрылғыларды жобалау үшін қаражат, дағдылар мен
уақыт шығынын талап етпейтіндігімен түсіндіріледі.
Сериялық және жаппай өндірістерде дайын бөлшектерді және
өнделетін түйіндерді жоңқалардан, металдық, абразивтік шаңдардан тазарту,
жуу суы ысытылатын жуы ыдыстары мен машиналарында орындалады, бұл
жерде қысым арқылы берілетін ыстық сілті судың ағынымен бөлшектің
барлық жағы да жуылады. Бөлшектерді ыңғайлы тазарту және тоттан қорғау
үшін әрдайым судың көлеміне байланысты 2
% кальцийленген сода қосады.
Машина жасау өнімдерінің (бөлшектер, жинақтар, бұйымдар) сапалық
сипаттамаларының жоғарылауымен оны әртүрлі ластанудан тазартуға
қойылатын талаптар жоғарылайды. Тазалау сапасы беріктікке, қорғаныс
жабындарының ұзақ қызмет етуіне нақты әсер етеді. Дәлдіктің 1-ші класы
бойынша орындалатын дәлдік құралдардың жұмысының сенімділігі, олардың
бөлшектері мен жинақтарын жоғары сапалы тазаламау мүмкін емес. Жуу мен
тазалаудың озық процестерін өндіріске енгізіп құрастыру сапасын
жақсартуға және бөлшектердің, машиналардың қызмет көрсету мерзімін
ұлғайтуға мүмкіндік береді.
1.8. Жұмыс орнын жоспарлауға және жабдықтауға қойылатын талаптар Бақылау сұрақтары 1. Диагностикалаудың негізгі міндетін ата?
2. Монтаждау және демонтаждау жұмыстарына қандай бекіткіш аспаптар
қолданылады?
3. Гидравликалық құралдарға қандай құралдар жатады?
4. Пневматикалық құралдарға қандай құралдар жатады?
5. Бақылау - өлшеу аспаптарына қандай аспаптар жатады?
6. Майлау материалдарын дұрыс қолдану неге әсер етеді?
7. Жұмыс орнын жоспарлауға қандай талаптар қойылады?