96
әрекет, арабша – әғмал (Оңдасынов, І, 1984, 37). Қазір не әмелдесің (Қарақ.).
Атар – саудагер, майда қолөнеріші, арабша – ғаттар (Араб-рус.сл., 666), бәрекет
– табыс, елат – ел, жұрт, халық, лақабы – атақ, қызмет т.б. андуа – үй сылайтын
қалақ, айуан – веранда, бимұрат – мақсатсыз (Перс.-русс.сл., 83), дәнден – тіс
тазалайтын шұқитын ағаш құрал (Перс.-русс.сл., 226) ; дүмше – шай
қайнататын
ыдыс;
қалы/галы-түкті
кілем;
жуалдыз-тебен
ине;
зәмбіл/зәмбер/зәмбіл-зембіл- кәрзеңке; шиша -шөлмек, бөтелке, шамның
шынысы т.б. [112,114-116-б.]. Н.Оңдасыновтың сөздігінен
қазір сөйленістер
көлемінде қолданылып жүрген мынандай сөздерді атауға болады: ауқат –
тамақ, қорек, ас, азық-түлік; ауқаттану – тамақтану (53-б); азан – таңғы мезгіл,
(азанғы, азанда (27-б.); беден – кеуде, көкірек, дене (бадан, беденді, беденсіз
(60-61-б.); тандыр – нан жабатын пеш (90-б.); әжет – қажет, керек, мұқтаж (108-
б.); әлет – хал, жағдай (114-б.); құжыра/ұжыра – бөлме (123-б.); әсіп – тамақтың
түрі (128-б.); асар – көмек, жабыла көмектесу, асарлату (128-б.); әулі – қора,
аула, үй-жай (14-б.); әуіз/қауыз/хауыз – бассейн, су қоймасы, шелек, күбі, су
құбыры (143-б.); қыжалат –
қажеттілік, мұқтаж болу (151-б); зәредей –
кішкентай; сыпа/сұпа – сәкі, тақта (248-б.); дық/дықты – өкпе, өкпелі (174-б.).
Л.Рүстемовтің еңбегінде берілген араб, иран тілдерінен енген сөздердің ішінен:
керім, көрім, дивар/дуал, дарбаза, кәкпір, әсел, арақ, азар, жегене, долы, сәбіз
(көкөніс мағынасында) сөздері аймақтық сөз қатарына жатады [113].
Тілдегі сөз ауысу, кірме сөзге жол ашылуының экстралингвистикалық
факторлары
басым екені айқын, ал сөздің тілде игерілуі лингвистикалық
заңдылықтарға бағынады, сондықтан жоғарыда айтылғандай,
араб және иран
тілдерінен ауысқан сөздер дыбыстық үйлесіміне қарай өзгеріп те, кейде
дыбыстық құрамын біршама сақтап та қалған, мағыналық жағынан да әр алуан
өзгеріске түскендері де, өз мағынасында қолданылып жүргендері де,
семантикалық дамуға түскендері де бар.
Достарыңызбен бөлісу: