Санағыштың жұмыс істеуін талдайтын болсақ, 7-кестеде көрсетілгендей триггерлердің сигналдың алдын ала ауысулары алдыңғы триггерде орын алады. Бұл дегеніміз аталған режимде келесі триггердің шақырылу сигналы құрастырылады.
114-сурет. Төрт разрядты реверсивті санағышты модельдеу сұлбасы
222
масыз ететін, қайта байланыспен ұйымдастырылған екілік сана- ғышты үш триггер қолдануға болады. Әр бесінші кіріс импульсі триггерлерді өшіріп тастайды және санауды қайта бастайды (113-сурет).
113-сурет.Төрт разрядты санағышты модельдеу сұлбасы
Зертханалық жұмыс тапсырмалары
Т-триггерінде төрт разрядты санағышты модельдеу. Модельдеу сұлбасы 113-суретте көрсетілген. Модельдеу сұлбасында Т-триггерлері JK-триггерлері негізінде қолда- нылады. Т-триггердің сұлбасын басқа жаңа терезеде жи- нап, барлық сұлба элементтерін белгілеу керек. Edit/Create Subsystem мәзірін қолдану арқылы санағышты модельдеу сұлбасында қолданатын Т-триггері блогын құру қажет (113-сурет). Модельдеуді орындап, санағыштың жұмыс іс- теуінің дұрыстығына көз жеткізіңіз.
Төрт разрядты реверсивті санағышты JK-триггерінде модельдеу. Модельдеу сұлбасы 114-суретте көрсетілген. Санағыштың жұмысын қосу және айыру режимінде бей- нелейтін уақыттық диаграммасының модельдеу жұмысы- ның нәтижесі болып табылады. Санағыштың жұмыс іс- теуінің дұрыстығына көз жеткізіңіз.
Бақылау сұрақтары:
Санағыштар не үшін қолданылады?
Екілік кодта санағыш арқылы есептелетін максималды сан неге тең? Ондық кодта қалай болады?
Әртүрлі типтегі санағыштардың тағайындалуын атаңыз.
Санағыштар қандай элементтерде құрастырылады?
«Санағыштың разряд салмағы» дегеніміз не?
Санағыштарды Simulink жүйесінде модельдеу кезінде Simulink жүйесі- нің қандай кітапхана элементтері қолданылады?