М. З. Якубова техника ғылымдарының кандидаты, доцент



бет31/141
Дата26.09.2023
өлшемі3.68 Mb.
#478578
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   141
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕР АРХИТЕКТУРАСЫ

БҚ (ОБҚ) – басқару қондырғысы (орталық басқару қондыр-
ғысы) – барлық басқа қондырғылардың жұмысын басқарады.
АЛҚ мен БҚ (ОБҚ) – процессорға айналады.

СҚ – есте сақтау құрылғысы (жады) – программа немесе оның бөлігін, ақпаратты немесе орындалып жатқан программа- ның аралық нәтижелерін сақтауға арналған құрылғы (бұйрық- тарды және берілген ақпаратты) [4].
ЕШҚ – енгізу-шығару құрылғысы – ақпаратты енгізуге-шы- ғаруға арналған құрылғылардың көптеген түрлері тұрады (ЕШҚ мен диск жетегі біріккен немесе бірікпеген құрылғылар: перне- тақта – енгізу құралы, принтер – баспаға беру). Есептеуіш тех- никаның бағытына құрылғылардың саны мен сапасына, бөлін- ген топтарына байланысты ЕШ құрылғылары әртүрлі болады.
АЛҚ – процессордың басты функционалдық бөлігі болып та- былады және тікелей ақпаратты өңдеумен айналысады.
АЛҚ-ның барлық амалдарын:
  • бекітілген нүктелі сандар үшін екілік арифметика;
  • жылжымалы нүктелі сандар үшін екілік арифметика амал- дары;
  • екілік-ондық санау жүйесінде көрсетілген ондық санау

  • жүйесінің амалдары;
  • адрестік арифметика амалдары;
  • логикалық амалдар;
  • әлипбилік-сандық өрістердің амалдары сияқты топтарға бөлуге болады.

  • Көрсетілген амалдарды орындау үшін АЛҚ:
  • сумматор (операндтардың кодтарында қосу және басқа амалдарды орындайды);
  • регистрлер (операндтардың кодтарын сақтау);
  • жылжытқыштар (кодты бір немесе бірнеше разрядтарын солға немесе оңға жылжыту үшін);
  • түрлендіргіштер (санның тура кодын кері және қосымша кодтарға түрлендіру үшін);
  • комбинациялық сұлбалар (логикалық амалдарды, мәлімет-

  • терді мультиплекстеу үшін, тасымалданатын ақпараттар- ды басқару және нәтиженің белгілерін құру үшін пайдала- нылады) сияқты функционалдық түйіндерден тұрады.
    Есептеуіш машиналардың классификациясы
    Есептегіш машиналар есептегіш жүйелердің немесе желі- лердің негізі болып табылады. Сондықтан есептеуіш жүйенің
    69

бағыты мен мүмкіндігін ең бірінші есептеуіш машина анық- тайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет