Түзетілген Гарвард архитектурасы
Ұсынылған сұлбаның кемшілігі қымбат болуы. Процессор кристалында командаларға және мәліметтерге бөлсе, процес- сорда екі есе көп шығынды талап етеді. Бұл мәселені шешуде барлық сыртқы мәліметтер үшін ортақ адрестік және мәлімет- тер шинасын, ал процессордың ішінде мәліметтер шинасын, ко- мандалар шинасын және екі адрестік шина пайдалану ұсыныл- ды. Осындай концепцияны түзетілген Гарвард архитектурасы деп атаған.
Кеңейтілген Гарвард архитектурасы
Кэш жадыны бөлінген шиналармен пайдалану «Super Harvard Architecture» («SHARC») – кеңейтілген Гарвард архи- тектурасы деп аталды.
Процессор «Analog Devices»: ADSP-21xx – өзгертілген Гар-
вард архитектурасы, ADSP-21xxx(SHARC) – кеңейтілген Гар- вард архитектурасы. Алғашқы компьютердің мысалы: Марк I. Гарвард архитектурасы микроконтроллерлерде: Microchip PIC, Atmel AVR, Intel 4004, Intel 8051 пайдаланылған.
2.4. Дербес компьютердің негізгі құрамы
Дербес компьютердің негізгі құрамына тоқталсақ:
- жүйелік блок;
- монитор;
- пернетақта (клавиатура);
- тышқан.
74
Компьютерлердің қазір шығып жатқан модельдерінің түрі сан алуан, портативті нұсқада жүйелік блок, монитор және кла- виатура бір корпуста орналасады: жүйелік блок пернетақтаның астында, ал монитор қақпағында болады.
Жүйелік блок – ДК-ның басты құраушысы болып табыла- ды, оның ортасында маңызды бөліктер бар. Жүйелік блоктың ортасында орналасқан құрылғылар ішкі, ал сыртынан жалған- ғандары сыртқы делінеді. Сыртқы ақпараттарды енгізу және шығарумен байланысты қосымша құрылғыларды перифериялық деп атаймыз. Сыртқы түрі бойынша жүйелік блоктардың айыр- машылықтары бар. Корпустар қуат көзі блогымен бірге ұсыны- лады, олардың қуаты корпустың басты параметрінің бірі болып табылады. Көптеген модельдер үшін қуаты 200-250 Вт болып келеді.
Жүйелік блоктың негізгі түйіндері:
- компьютердің жұмысын басқаратын электрлік платалар (микропроцессор, жедел жады, контроллер және т.б.) не оқуға арналған құрылғы, қатты дискідегі есте сақтау құ- рылғысы;
- ақпараттардың жазу және оқуға арналған қатты дискідегі
есте сақтау құрылғысы;
- иілгіш магниттік дискілерге арналған жинақтаушылар. Жүйелік плата ДК-нің негізгі платасы болып табылады. Он-
да келесі бөліктер орналасқан:
- процессор (санашық) – математикалық және логикалық амалдарды орындайтын негізгі микросұлба;
- чипсет (микропроцессорлық жиын) – аналық платаның не-
гізгі функционалдық мүмкіндіктерін анықтайтын және ДК ішкі құрылғыларын басқаратын микросұлбалар жиыны;
- шиналар – компьютердің ішкі құрылғыларының арасында сигнал алмасуды іске асыратын өткізгіштер жиыны;
- жедел еске сақтау құрылғысы (ЖЕҚ) – компьютер қосы-
лып тұрған кезде мәліметтерді уақытша сақтауға арналған микросұлбалар жиыны.
- тұрақты есте сақтау құрылғысы (ТЕҚ) – компьютер өші-
рілген жағдайда да мәліметтерді ұзақ уақыт сақтауға мүм- кіндік беретін микросұлба;
75
– разъемдер (ойықтар) қосымша құрылғаларды қосуға ар- налған (слоттар).
Достарыңызбен бөлісу: |