М. З. Якубова техника ғылымдарының кандидаты, доцент


Түзетілген Гарвард архитектурасы



бет34/141
Дата26.09.2023
өлшемі3.68 Mb.
#478578
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   141
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕР АРХИТЕКТУРАСЫ

Түзетілген Гарвард архитектурасы
Ұсынылған сұлбаның кемшілігі қымбат болуы. Процессор кристалында командаларға және мәліметтерге бөлсе, процес- сорда екі есе көп шығынды талап етеді. Бұл мәселені шешуде барлық сыртқы мәліметтер үшін ортақ адрестік және мәлімет- тер шинасын, ал процессордың ішінде мәліметтер шинасын, ко- мандалар шинасын және екі адрестік шина пайдалану ұсыныл- ды. Осындай концепцияны түзетілген Гарвард архитектурасы деп атаған.
Кеңейтілген Гарвард архитектурасы
Кэш жадыны бөлінген шиналармен пайдалану «Super Harvard Architecture» («SHARC») – кеңейтілген Гарвард архи- тектурасы деп аталды.
Процессор «Analog Devices»: ADSP-21xx – өзгертілген Гар-
вард архитектурасы, ADSP-21xxx(SHARC) – кеңейтілген Гар- вард архитектурасы. Алғашқы компьютердің мысалы: Марк I. Гарвард архитектурасы микроконтроллерлерде: Microchip PIC, Atmel AVR, Intel 4004, Intel 8051 пайдаланылған.
2.4. Дербес компьютердің негізгі құрамы
Дербес компьютердің негізгі құрамына тоқталсақ:
  • жүйелік блок;
  • монитор;
  • пернетақта (клавиатура);
  • тышқан.

  • 74

Компьютерлердің қазір шығып жатқан модельдерінің түрі сан алуан, портативті нұсқада жүйелік блок, монитор және кла- виатура бір корпуста орналасады: жүйелік блок пернетақтаның астында, ал монитор қақпағында болады.
Жүйелік блок – ДК-ның басты құраушысы болып табыла- ды, оның ортасында маңызды бөліктер бар. Жүйелік блоктың ортасында орналасқан құрылғылар ішкі, ал сыртынан жалған- ғандары сыртқы делінеді. Сыртқы ақпараттарды енгізу және шығарумен байланысты қосымша құрылғыларды перифериялық деп атаймыз. Сыртқы түрі бойынша жүйелік блоктардың айыр- машылықтары бар. Корпустар қуат көзі блогымен бірге ұсыны- лады, олардың қуаты корпустың басты параметрінің бірі болып табылады. Көптеген модельдер үшін қуаты 200-250 Вт болып келеді.
Жүйелік блоктың негізгі түйіндері:
  • компьютердің жұмысын басқаратын электрлік платалар (микропроцессор, жедел жады, контроллер және т.б.) не оқуға арналған құрылғы, қатты дискідегі есте сақтау құ- рылғысы;
  • ақпараттардың жазу және оқуға арналған қатты дискідегі

  • есте сақтау құрылғысы;
  • иілгіш магниттік дискілерге арналған жинақтаушылар. Жүйелік плата ДК-нің негізгі платасы болып табылады. Он-

  • да келесі бөліктер орналасқан:
  • процессор (санашық) – математикалық және логикалық амалдарды орындайтын негізгі микросұлба;
  • чипсет (микропроцессорлық жиын) – аналық платаның не-

  • гізгі функционалдық мүмкіндіктерін анықтайтын және ДК ішкі құрылғыларын басқаратын микросұлбалар жиыны;
  • шиналар – компьютердің ішкі құрылғыларының арасында сигнал алмасуды іске асыратын өткізгіштер жиыны;
  • жедел еске сақтау құрылғысы (ЖЕҚ) – компьютер қосы-

  • лып тұрған кезде мәліметтерді уақытша сақтауға арналған микросұлбалар жиыны.
  • тұрақты есте сақтау құрылғысы (ТЕҚ) – компьютер өші-

  • рілген жағдайда да мәліметтерді ұзақ уақыт сақтауға мүм- кіндік беретін микросұлба;
    75

– разъемдер (ойықтар) қосымша құрылғаларды қосуға ар- налған (слоттар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет