Магистратураға түсушілер үшін мамандық бойынша емтихан сұрақтары



Дата09.06.2016
өлшемі189.12 Kb.
#124125
Магистратураға түсушілер үшін мамандық бойынша

емтихан сұрақтары

6M0807 – Орман ресурстары және орман шаруашылығы
Дендрология


  1. Кәдімгі қарағайдың толық орман шаруашылық сипаттамасы. Биологиялық және экологиялық қасиеттері. Пішіндік әртүрлілігі. Әсемдік сапасы. Түрдің орман және халық шаруашылығындағы маңызы. Таралу ареалы.

  2. Ақ қайыңның толық орман шаруашылық сипаттамасы. Биологиялық және экологиялық қасиеттері. Пішіндік әртүрлілігі. Әсемдік сапасы. Түрдің орман және халық шаруашылығындағы маңызы. Таралу ареалы.

  3. Көктеректің толық орман шаруашылық сипаттамасы. Биологиялық және экологиялық қасиеттері. Пішіндік әртүрлілігі. Әсемдік сапасы. Түрдің орман және халық шаруашылығындағы маңызы. Таралу ареалы.

  4. Тянь-Шань шыршасының толық орман шаруашылық сипаттамасы. Биологиялық және экологиялық қасиеттері. Пішіндік әртүрлілігі. Әсемдік сапасы. Түрдің орман және халық шаруашылығындағы маңызы. Таралу ареалы.

  5. Ақ және қара сексеуілдің толық орман шаруашылық сипаттамасы. Биологиялық және экологиялық қасиеттері. Пішіндік әртүрлілігі. Әсемдік сапасы. Түрдің орман және халық шаруашылығындағы маңызы. Таралу ареалы.

  6. Ағаш өсімдіктерінің даму биологиясы және экология негіздері. Ағаш өсімдіктерінің тіршілік пішіндері. Ағаштардың, бұталардың, жартылай бұталардың, шырмауықтар мен жатаған өсімдіктердің, лианалардың жіктелуі.

  7. Ағаш өсімдіктерінің экологиялық негіздері. Ағаш өсімдіктерінің экологиялық қасиеттері мен әсерлері және олардың жіктелуі. Ағаш өсімдіктері тіршілік ететін жерлердің жағдайы, экологиялық реакциясының мөлшері мен экологиялық бейімділігі туралы ғылым. Негізгі экологиялық фактор топтарының әсерлері мен олардың ағаш өсімдіктеріне тигізетін әсері.

  8. Экологиялық климаттық факторлар: жарық түсу режимі, жылу және сумен қамтылуы, ауаның газ құрамы мен айналымы. Ағаш өсімдіктері өміріндегі өсу үрдістері мен жетілуіне, тіршілік ұзақтығына, өсімдік қалыптасуына экологиялық фактордың ықпалы.

  9. Климаттық факторлар тобының әсеріне байланысты ағаш өсімдіктерінің экологиялық топтары. Ағаш өсімдіктерінің тіршілік құбылыстарына, биологиялық өсімділігіне және қалыптасу қабілетіне тигізетін метеорологиялық жағдайы мен маусымдық өзгерістер әсері.

  10. Экологиялық Эдафикалық (топырақ-экологиялық) факторлар әсері: топырақтың механикалық және химиялық құрамы, қышқылдығы мен ылғалдану жағдайы. Эдафикалық жағдайдың өсімдік қалыптасуына және ағаш өсімдіктеріне әсер ететін топырақ жағдайының ықпалы. Ағаш өсімдіктерін топырақ құнарлылығымен, ылғалдылығымен, қышқылдығымен, топырақтағы жеке микроэлементтер мөлшерімен өзара байланысы

  11. Азот жинақтаушы ағаш өсімдіктері. Ағаш өсімдіктерін топырақтың жел және су эрозиясына қарсы қолдану.

  12. Ортаның топографиялық-экологиялық әсерлері: жанама әсер ететін фактор ретінде теңіз деңгейіне қарағанда жер биіктігі, экспозиция, тау беткейлері құламалылығының. Қазақстанның тік тау аймақтары мен ормандары.

  13. Ортаның биологиялық-экологиялық әсерлері: өсімдік фитоценозында өсімдіктердің өзара әрекеттестігі; микроорганизмдері және жан-жануарлар дүниесінің өсімдіктерге әсер ететін ықпалы.

  14. Экологиялық антропогенді факторлары: ортаның өзгеруі адам әрекеттерінің ағаш өсімдіктеріне және өсімдік жамылғысына оң және теріс әсері мен шаруашылық ықпалы.

  15. Табиғат қорғау, ағаш өсімдіктерін тиімді пайдалану, өсімдік флорасының сирек кездесетін және құрып бара жатқан ағаш өсімдіктерін анықау, зерттеу, қорғау мен көбейту, «Қызыл кітапқа» енгізуде орман инженерлерінің маңызы.

  16. Өсімдік әлемі ілімінің негіздері. Ботаникалық түрі мен оның ареалы. Популяцияның жиынтығы ретінде түр жайлы түсінік. Түрдің диагностикалық критерилері – генетикалық, физиолого-биохимикалық, анатомо-морфологиялық, экологиялық және географиялық.

  17. Түрлердің ареалы. Кең, тар, эндем, реликт ретінде таралған өсімдіктер туралы түсінік. Жаппай, таспа тәрізді және жолақты таралуы. Түрдің экологиялық амплитудасының оның ареалымен байланысы. Табиғи және жерсіндіру арқылы таралуы.

  18. Ағаш өсімдіктерін жерсіндіру (интродукция) және оның Қазақстан үшін маңызы. Өсімдіктерді жерсіндіру (интродукция) ұғымы туралы. өсімдіктерді жерсіндіру мен экологиялық бейімделу. Ортаның жаңадан пайда болған жағдайларымен байланысы.

  19. Ағаш өсімдіктерін жерсіндіру, табиғи орман алқаптары өнімділігін арттыру, далалық егісті қорғайтын екпе орман алқаптарын жасау, елді мекендерді көгалдандыру, шөл және шөлейт жерлерді игеру жұмыстарының маңызы.

  20. Қазақстан және басқа да елдердің ағаш өсімдіктері сипаттамасы мен филогенетикалық жүйесі

  21. Жалаңаш тұқымдылар бөлімі. Бөлімнің жалпы сипаттамасы (тіршілік пішіндері, өсімдіктердің географиялық таралуы мен ағаш өсімдіктері қалыптасуындағы ролі, морфологиялық - биологиялық және экологиялық ерекшеліктері, шаруашылық маңызы): филогенетикалық байланыстарының жалпы сызбасы.

  22. Жалаңаш тұқымды ағаш өсімдіктері сипаттамасы, жүйелі тәртіппен беріледі. Қазақстан және ТМД өсімдіктер дүниесінің «Қызыл кітапқа енген түрлері де сипатталады.

  23. Қылқан жапырақтылар немесе бүржемістілер сыныбы; Ашық тұқымдылардың филогенетикалық жүйесі.

  24. Қарағайлар тұқымдасының өкілдерін орманшылық салыстырмалы сипаттау. Туыстары: қарағай, майқарағай, жалған тсуга, шырша, самырсын.

  25. Сауырағаштар тұқымдасы. Туысы: сауырағаш, арша, туя, биота. Тисс тұқымдасы: жидекти және орта тисс. Туя туысы: шығыстық, батыстық.

  26. Қазақстанның және ТМД елдерінің негізгі орман түзуші ағаш тұқымдарының (сібірлік майқарағай; Шренк шыршасы, сібірлік шырша; сібірлік балқарағай; сібірлік самырсынды қарағай, кәдімгі қарағай) орманшылық және шаруашылық маңызы.

  27. Жабықтұқымдылар бөлімі. Жабық тұқымды ағаш өсімдіктердің жалпы сипаттамасы, ашық тұқымдылардан айырмашылық белгілері.

  28. Бөріқарақаттар тұқымдасы. Бөріқарақат туысы: кәдімгі, іле, қара зирек, Тунберг бөріқарақаттары. Шынар туысы: шығыстық шынар.

  29. Жылтыр шегіршіннің бұтақты қарағашпен салыстырмалы орманшылық сипаттамасы. Биологиялық және экологиялық қасиеттері. Пішіндік әртүрлілігі. Әсемдік сапасы. Түрдің орман және халық шаруашылығындағы маңызы. Таралу ареалы.

  30. Шәмшаттар тұқымдасы. Шәмшат туысы: орман шәмшаты, шығыстық. Емен туысы: кәдімгі емен, қызыл емен. Талшындар тұқымдыс бөлігі. Талшын туысы: асыл талшын.

  31. Қайыңдар тұқымдас бөлігі. Қайың туысы: қотыр қайың, ақүлпек, дөңгелек жапырақты, қызыл қайың, қортық қайың. Қандағаш туысы: сұр, қара қандағаш.

  32. Орман жаңғақтар тұқымдас бөлігі. Орман жаңғақтар туысы: кәдімгі орман жаңғағы, түрлі жапырақты. Граб туысы: кәдімгі граб.

  33. Тарандар тұқымдасы. Жүзгін туысы: жапырақсыз жүзгін. Жыңғылдар тұқымдасы. Жыңғыл туысы: боз жыңғыл.

  34. Талдар тұқымдасы. Терек туысы: көк терек, ақ терек, қара, бәйтерек, хош иісті, лавр жапырақты, бальзамды, қара тораңғыл, ақ тораңғыл, терек будандары. Тал туысы: ақ тал, ешкі тал, құба шілік, көктал, шыбық тал, шілік тал.

  35. Қарлығандар тұқымдасы. Туысы: қарлыған, кәдімгі тікенекті қарлыған. Туысы: қарақат: сары, қара, қышқыл. Биологиялық және экологиялық қасиеті. Пішіндік әртүрлілігі. Әсемдік сапасы. Түрдің орман және халық шаруашылығындағы маңызы. Таралу ареалы.

  36. Раушангүлділер тұқымдасы. Тобылғы тұқымдас бөлігі. Тобылғы туысы: орта, тау тобылғы. Раушангүлділер тұқымдас бөлігі. Раушангүл туысы: кәдімгі итмұрын. Таңқурай туысы: кәдімгі таңқурай, қара бүлдірген. Алма ағашы тұқымдас бөлігі. Алма ағашы туысы: Сиверс алмасы. Алмұрт туысы: кәдімгі алмұрт. Долана туысы: алқызыл, жұмсақ долана. Шетен туысы: кәдімгі шетен, Алатау. Ырғай туысы: кәдімгі ырғай. Қара өріктер тұқымдас бөлігі. Қара өрік туысы: кәдімгі алша, кәдімгі шомырт, алхоры. Шие туысы: далалық шие. Мойыл туысы: қара мойыл, Маак. Бадам туысы: кәдімгі бадам, ешкі сабақ. Сары өрік туысы: кәдімгі сары өрік.

  37. Бұршақтар тұқымдасы. Робиния туысы: робиния, боз қараған. Қараған туысы: сары бұта қараған. Қоян сүйек туысы: құм қараған. Шеңгел туысы: күміс түсті шеңгел. Аморфа туысы: бұталы аморфа.

  38. Қазақстанның дендрофлорасы жайлы жалпы мағлұматтар Дендрофлораның сипаттамасы. Орманды, орманды-далалық, далалы, Кавказ, Қырым, Қиыр Шығыс ормандары, Орта Азияның жазық және таулы бөлігіндегі ормандар мен Қазақстанның тоғайлы және өзен жағалауы ормандары.

  39. Орман шаруашылығына, далалы және егістік қорғаныштық мақсатта орман көбейту үшін келешегі бар интродуцент ағаштар

  40. «Қызыл кітапқа» енген ағаш өсімдіктері және оларды қорғау, көбейту шаралары жайлы ұсыныстар.

  41. Шөлді аймақтың негізгі орман құраушы ағаш түрлері: қара, зайсан, ақ сексеуіл, таралуы мен экологиялық жағдайы. Биологиялық және экологиялық қасиеті. Пішіндік әртүрлілігі. Әсемдік сапасы. Түрдің орман және халық шаруашылығындағы маңызы. Таралу ареалы.

  42. Тоғайлы орман және оның негізгі ағаш тұқымы: қара тораңғыл, Литвинов, ақ тораңғыл, олардың таралуы мен орманшылық-дендрологиялық сипаттамасы.

  43. Жиделер тұқымдасы. Туысы: жиде: боз жиде, күміс түсті жиде. Туысы шырғанақ: кәдімгі шырғанақ. Таралу ареалы және дендрологиялық сипаттамасы.

  44. Жайық өзені аңғары орман алқаптары: емен, көктерек, талдар. Ақ терек, қара, бальзамды терек, қара қандыағаш, Тобыл, Есіл, Ертіс өзендері аңғары орман алқаптары: ақ, қара, бальзамды теректер, талдар, қара қандағаш. Биологиялық және экологиялық қасиеті. Пішіндік әртүрлілігі. Әсемдік сапасы. Түрдің орман және халық шаруашылығындағы маңызы. Таралу ареалы.

  45. Қазақстанның солтүстік аудандарындағы шоқ ормандар: көктерек, қайың, тал. Қазақ ұсақ шоқылы ормандары: қарағай, қайың, көктерек. Ертіс бойындағы жолақты қарағай ормандары: кәдімгі қарағай. Таралу шекаралары. Орман және шаруашылық маңызы.

  46. Шығыс Қазақстанның таулы орманы: балқарағай, самырсын қарағайы, сібірлік шырша, майқарағай, қайың, көктерек. Жоңғар, Іле Алатауы таулы орманы: шырша, Сиверс алма ағашы, қызыл алма ағашы, долана. Батыс Тянь-Шан таулы орманы: алма ағашы, долана, грек жаңғағы, пісте ағашы.

  47. Үйеңкілер тұқымдасының толық орманшылық сипаттамасы. Үйеңкі туысы: шынар түсті үйеңкі, ұсақ жапырақты, өзен, татар, күміс түсті, Семенов, шаған жапырақты үйеңкі. Биологиялық және экологиялық қасиеті. Пішіндік әртүрлілігі. Әсемдік сапасы. Түрдің орман және халық шаруашылығындағы маңызы. Таралу ареалы.

  48. Ұшқаттар тұқымдасының толық орманшылық сипаттамасы. Шәңкіш туысы: кәдімгі шәңкіш. ұшқат туысы: кәдімгі ұшқат, көк, татар ұшқаты. Биологиялық және экологиялық қасиеті. Пішіндік әртүрлілігі. Әсемдік сапасы. Түрдің орман және халық шаруашылығындағы маңызы. Таралу ареалы.

  49. Зәйтүндер тұқымдасының толық орманшылық сипаттамасы. Шаған туысы: кәдімгі шаған, шарын, жасыл, биік шаған. Бирючина туысы: кәдімгі бирючина. Жұпаргүл туысы: кәдімгі жұпаргүл, венгр жұпаргүлі. Биологиялық және экологиялық қасиеті. Пішіндік әртүрлілігі. Әсемдік сапасы. Түрдің орман және халық шаруашылығындағы маңызы. Таралу ареалы.

  50. Ұсақ жапырақты жөке мен ірі жапырақты жөкенің салыстырмалы орманшылық маңызы. Биологиялық және экологиялық қасиеті. Пішіндік әртүрлілігі. Әсемдік сапасы. Түрдің орман және халық шаруашылығындағы маңызы. Таралу ареалы.


Орман питомнигі

  1. Орман питомниктің маңызы. Қазақстанда орман питомниктерінің даму тарихы.

  2. Көшет жадығаты және орман питомниктер туралы жалпы мәліметтер. Көшет жадығатының сипаттамасы.

  3. Көшет жадығатының түрлері, питомниктің түрлері. Орман питомниктеріне орын таңдау. Питомниктің шаруашылық-ұйымдастыру жоспары: жобаға тапсырма, картографиялық материалдары, түсініктеме жазбалары, техникалық есептері, өсірген көшеттердің өз бағасын есептеу.

  4. Орман питомнигі жерлерін ұйымдастыру: өндіріс бөлімі, олардың питомник көлемінде орналасуы мен қажеттілігі, жол торабы, суару торабы, қорғаныс орман жолақтары, тірі және механикалық қоршаулары.

  5. Орман питомнигі аумағын ұйымдастыратын қағидаттары. Орман питомниктерін ұйымдастыруына әсер ететін факторлар.

  6. Жалпы өндірістік пайдалы және көмекші аумақты, себу бөлімінде пайдалы өндіріс көлемдерін, тікпелер мен кесінделер тамырландыру, аналық кесінді бөлімдерін есептеу әдістері, сонымен қатар компьютерлерде есептеу.

  7. Орман питомнигінде кандай өндірістік бөлімдері бар, олардың ерекшіліктері және міндеттері.

  8. Питомникте жол торабын және суару торабын ұйымдастыру және орналасу ерекшеліктерін сипаттаңыздар.

  9. Питомникті жануарлар және қолайсыз табиғи факторларлардан қорғайтын шаралары.

  10. Себіндік бөлімінің пайдалы ауданын есептеу. Есептеу үшін қолданатын негізгі мәліметтер. Есеп әдістемесін сипаттаңыздар.

  11. Тікпе бөлімінің пайдалы ауданын есептеу. Есептеу үшін қолданатын негізгі мәліметтер. Есеп әдістемесін сипаттаңыздар.

  12. Аналық-қалемшелік бөлімінің пайдалы ауданын есептеу. Есептеу үшін қолданатын негізгі мәліметтер. Есеп әдістемесін сипаттаңыздар.

  13. Питомниктің көмекші және жалпы бөлімінің ауданын есептеу. Есептеу үшін қолданатын негізгі мәліметтер. Есеп әдістемесін сипаттаңыздар.

  14. Питомникте қандай нысандар пайдалы және көмекші ауданына кіреді, олардың міндеттері.

  15. Орман питомниктеріндегі ауыспалы егістері: сүрі танапты, сидералды және шөп танапты ауыспалы егістер. Қазақстанның әр түрлі табиғи аумақтарында орналасқан питомниктердің сеппе бөлімінде қолданылатын негізгі ауыспалы егістер.

  16. Орман питомнигінде сидералды сүрі танапты қолдану технологиясы.

  17. Орман питомнигінде ерте және қара сүрі танапты қолдану технологиясы.

  18. Орман питомнигінде топырақты өңдеу жүйесі,тәсілдері және түрлері.

  19. Орман питомнигінде көпжылдық арам шөптермен (тамырсабақты, атпа тамырлы) күресу тәсілдері және олардың сипаттамасы.

  20. Орман питомнигінде топырақ өңдеу. Питомниктің жер телімін игеру үшін алғашқы өңдеулері. Орман питомниктерінде топырақ өңдеу түрлері.

  21. Питомниктерде алғашқы және жыл сайын топырақ өңдеу ерекшеліктері.

  22. Орман питомниктерінде тыңай тқыштарды қолдану.Тыңайтқыштарды қолданудың теориялық негіздері. Тыңайтқ ытқыштардың түрлері және қолдану тәсілдері. Топырақтың құрамында қоректену элементтерінің қорларына байланысты тыңайтқыштарды енгізу мөлшерін анықтау. Көшет өсіруде тыңайтқыш қолданудың экономикалық тиімділігі.

  23. Орман питомникте қолданатын органикалық тынайытқыштардың түрлері.

  24. Орман питомникте қолданатын бактериалдық тыңайытқыштар және олардың сипаттамасы. Орман питомнигінде оларды қолдану технологиясы.

  25. Микротыңайтқыштар және олардың сипаттамасы. Орман питомнигінде оларды қолдану технологиясы.

  26. Өсімдіктерді үстемелеп қоректендіру. Орман питомнигінде оларды қолдану технологиясы.

  27. Топырақтарды ақтау, гипстеу және қумдау. Оларды қолдану технологиясы.

  28. Орман питомнигінде гербицидтерді қолдану технологиясы. Орман шаруашылығында гербицидтерді қолданудың казіргі заманғы көзқарастары және теориялық негіздері. Гербицидтерді жіктеу, орман шаруашылығында қолданатын гербицидтер.

  29. Сүрі танапта зиянды арамшөптерді жоятын гербицидтерді қолдану: сеппе және тікпе бөлімдерінде химиялық шараларды қолдану.

  30. Орман питомниктерінде көшеттерді өсіру кезінде гербицидтерді қолданудың экономикалық тиімділігі.

  31. Арамшөптердің экономикалық зияндылығының шегі және оны орман питомнигінде гербицидтерді қолдану кезінде пайдалану.

  32. Сеппе өсірудің биоэкологиялық негізі: тұқымдарды өсіргенде қойылатын талаптар және агротехникалық күтім жұмыстары.

  33. Ағаш өсімдіктерінің тұқымдарының тыныштық күйі және оған әсер ететін себептері. Тұқымдарының тыныштық күйінің түрлері.

  34. Тұқымдарды себуге дайындау: стратификация, қарда ұстау және тұқымдарды суда сулау.

  35. Тұқымдарды себуге дайындау тәсілдері. Табиғи тыныштық күйіндегі тұқымдарды себуге дайындау тәсілдері.

  36. Тұқымдардың өсу күшін ынтандырылатын электрофизикалық құралдары.

  37. Себудің түрлері, тәсілдері және сұлбалары: уақыты және агротехникалық мерзімі; тұқымдарының себу мөлшері оны есептеу әдістері,сіңіру тереңдігі,себу технологиясы. Атыздарды және себу қатарларды маркерлеу.

  38. Сеппе бөлімінде көктеулер пайда болуға және көктегеннен соң күтіп баптау жұмыстары. Егістерде және сеппе көшеттерді өсіру кезінде күтіп баптау жұмыстары. Бір жылдық сеппе көшеттерді өсіру кезінде күтіп баптау жүмыстары: көленкелеу, суару, арамшөптерді отау және топырақты қопсыту, тамырларды кесу, көшеттерді сирету, қоректердіру, егістерді қысқа дайындау.

  39. Екі жылдық және сонғы жылдардағы көшеттерді күтіп баптау. Көктеулерді және сеппе көшеттерді қолайсыз орта факторлардан қорғау (ызғарлар, күннің көзінің күйіктері, аяздан зақымдалуы), саңырау құлақтарынан пайда болған ауруларынан, энтозиянкестерден, кеміргіштерден және құстардан.

  40. Тікпе бөлімі. Тікпелерді өсіргенде агротехниканың орманшылық-биологиялық негіздері. Тікпелердің түрлері және олардың қажеттілігі, декоративті ағаштар, тікпелердің түрлері. Тікпелердегі ауыспалы егістер. Топырақ өңдеу. Тікпелерді отырғызу техникасы, топыраққа және тікпелерге істелінетін күтім жұмыстары.

  41. Ағаш және бұталарды вегетативті әдіспен көбейту. Өркен, тамыр, қысқы және жазғы кесінділері, ашық және жабық топырақта кесінділерді тамырландыру. Тамырланған кесінділерді жетілдіру тікпелері

  42. Жабық топырақта сеппелер мен тікпелерді өсіру. Стационарлы және ауыспалы полиэтиленді жабындылар, олардың құрылысы, микроклиматы, субстратты дайындау, агротехникалық ерекшеліктері. Полиэтиленді жабындыларды қолдану тиімділігі және болашағы. Тамыр жүйесі жабық көшеттерді өсіру.

  43. Салбыраңқы қайыңның сеппе көшеттерін өсіру агротехникасының ерекшеліктері.

  44. Кәдімгі қарағай сеппе көшеттерін өсіру агротехникасының ерекшеліктері.

  45. Шренк шыршаның сеппе көшеттерін өсіру агротехникасының ерекшеліктері.

  46. Істелінген жұмыстарды техникалық қабылдау, санақ жұмыстары (инвентаризация) және көшет дайындау. Өндіріс жұмыстарының кезеңі және әдісі. Көшеттердің сапалық көрсеткіштері және стандарттау. Сеппелер мен тікпелерді қазып алу. Шыбықтарды дайындау, олардан кесінділер кесу, сорттау, санау, уақытша көміп қою, сақтау және көшіру.

  47. Өндірісті ұйымдастыру және құжаттары. Жұмысшылар еңбегін ұйымдастыру. Жұмыс ұйымдастырудың экономикалық әдістері (жалдық, мердігерлік және т.б.).

  48. Питомниктерде өсімдіктердің вегетативтік көбейтудің маңызы және ерекшеліктері.

  49. Тал, терек, шырғанақ, ит мұрынның аналық-қалемшелік алқаптары.

  50. Жабық құрылыстар бөлімі және жасыл қалемшелеу. Орман питомниктегі жабық құрылыстар нысандарының түрлері және конструкциялары. Жасыл қалемшелеу.


Орманшылық


  1. Орман туралы түсiнiк. Көгалдандыру мақсатында егiлген екпе ағаштар мен бақтардан айыратын Орман ерекшелiктерi. Табиғи Ормандар мен екпе Ормандар.

  2. Ресей мен Қазақстан Орман ғылымы және Орман шаруашылығы даму тарихы. Жоғарғы Орман iлiмiн жетiлдiруге, ғылыми мектептердiң /қазақстандық/ құрылуына және Орман мамандықтарын дайындауға қосқан қазақстандық ғалымдардың үлесi.Қазақстан Республикасының орман кодексі.

  3. Ағаштарды бөлу /дифференциация/. Ормандағы табиғи сұрыптау. Орманда және кеңiстiкте өскен ағаштар құрылымы. Ағаштар құрылымындағы айырмашылық себептерi. Крафт жiктеуi.

  4. Сүрекдiңнiң өзiн-өзi табиғи сирету үрдiсi. Бәсекелестiк және ағаш тОптарында көрiнуi. Крафт жiктеуiнiң Орман табиғи сұрыптауындағы айқын көрiнiсi.

5. Табиғи орманның негізгі құрамы орман алқаптары. Сүрекдiң - Орманның негiзгi Элементi. Сүрекдiңнiң ерекшелiнетiн белгiлерi: құрамы, толымдылығы, сүрекдiң қолтығы жанасу дәрежесi, тығыздығы, жасы, бонитетi, қоры, тауарлығы.

6. Аласа ағаш тобы, тiрi жер жамылғысы, олардың орманшылық және шаруашылық маңызы. Аласа ағаш топтарын және тiрi жер жамылғысын зерттеу оқу әдiстерi.

7. Орман төсенiшi, оның топырақ түзу үрдiстерi мен нәрлi заттардағы айналу ролi. Сыртқы қабаттағы өсiмдiктер. Өскiндер, жас шыбық және қолдан себу. Орман фаунасы.

8. Климат және орманның таралуы, таралу заңдылықтары. Г.Н. Высоцкийдiң ылғалдану коэффициентi. Г.Т.Селяниновтың гидротермикалық коэффициентi.

9. Көлденең аймақтық және тiк белдеу. Қазақстан табиғат аймақтары және республика ормандарының таралуы. Орманшылықтағы орман таралуының географиялық заңдылықтарын пайдалану және маңызы.

10. Күн радиациясы, таралуы, күн белсендiлiгiнiң реттiлiгi, инсоляция климаттық көрсеткiштердiң кезеңдiлiкке әсерi. Құрғақшылық жылдар мен орман өртенуi. Орман тiршiлiгiнде жарықтың ролi. Инсоляция және жарықтандыру.

11. Жарықтың физиологиялық ролi. Жарық экологиялық фактор. Жарықтың өсiмдiк өсiп–дамуына, өнiмдiлiгiне әсерi. Орман шымылдығындағы жарық таралуы және әртүрлi қабаттағы өсiмдiктер құрамы. Жарық сүйгiш және көлеңкеге төзiмдi ағаштар.

12. Ағаштардың жарық сүйгiштiгiн анықтайтын әдiстер; көзбен өлшеу, ß.С. Медведевтiң таксациялық, М.К. Турский мен Э.Никольскийдiң екпе орманға Этиолирлеу әдiсi, И.Сурождың анатомиялық, И.Эизнердың фотометриялық, Л.А. Иванов пен Э.Н. Любимовтың физиологиялық әдiстерi. Ағаштардың жарық сүйгiштiк шкаласы.

13. Сыртқы ортаның басқа да факторларына байланысты ағаштардың жарыққа қатынасы; географиялық жағдайлар, жарықтандыру тәртiбi /ұзын және қысқа өсiмдiгi/, жылу тәртiбi, жасы, топырақ құнарлығы және ылғалдану тәртiптерi. Фрикенiң тәжiрибесi. Жарықтың ағаш өнiмдiлiгiне, гүлдеуiне және жемiстенуiне әсерi.

14. Жылу экологиялық фактор. Ағаштардың жылуға қатынасы. Ағаштар ареалдары жылу шекарасы. Эегетациялық кезең. Ағаш тұқымдастары жiктеуiнiң жылуға қатынасы.

15. Орманға төменгi температура, физиологиялық, механикалық әсерлер, өскiндердiң сығылуы, радиациялық, адвективтiк, ерте күздiк және кеш көктемдiк үсiктер. Аяздың түсуi.

16. Орманға жоғары температура әсерi. Өскiннiң солып қалуы, қабықтың күюi, ыстық жел.

17. Орманды және жазық жердегi температураның тәулiктiк ауытқуы. Орманды және жазық жердегi топырақ тоңдануы мен жiбуi.

18. Орман және жел. Орман тiршiлiгiндегi жел маңызы: гүл тозаңдануы, ұрық шашылуы, ауа құрамын реттеушi. Жел – физиологиялық, фактр.

19. Желдiң ағаш дiңi құрылысы мен ұшар басына әсерi. Н.С.Нестеров тәжiрибесi. Жазықты қорғаушы жолақтар мен жол бойы қорғаныс екпе ағаштар.

20. Парниктік әсер туралы. Атмосферадағы көмiрқышқыл газы концентрациясының ұлғаюына байланысты климаттың жылынуы.

21. Атмосферадағы оттегi құрамы. Өнеркәсiп қажетiне жұмсалатын оттегiнiң көбеюi. Оттегiнiң жаңаша тепе-теңдiгi және өзгеруi. Орман оттегiнiң негiзгi өндiргiшi. Озон. Атмосфералық азот. Өсiмдiктер қорегiндегi оның маңызы.

22. Өндiрiстiк кәсiпорындардың зиянды заттар бөлуi, ағаштардың ауадағы газдар мен шаң-тозаң сiңiруге қатынасы. Фитонцидтер. Орман ауа тазалаушы және сауықтырушы.Ылғалдың қажеттілік шкаласы А.А. Бельгард бойынша.

23. Орман және ылғал. Ылғал – негiзгi Экологиялық фактор. Судың физиологиялық маңызы. Жауын – шашын түрлерi: жаңбыр, шық, қар, мұздақ. Жауын–шашынның орманшылықтағы ролi: жер асты суы және топырақ ылғалдылығы /шектен тыс көп немесе жеткiлiксiз/. Ауа ылғалдануы және өнiмдiлiгi.

24. Топырақтағы ылғал мен ағаштардың ареалы арасындағы байланыс. Г.Н.Высоцский мен Н.С.Нестеровтың ылғал тепе–теңдiгi. Орман шымылдығында жауын – шашын /қатты және сұйық/ таралуы. Жауын – шашынның таралуы толымдылық құрамына, су қорғау және су реттеудегi ролi. Орман өсiрудiң топтамалық және жолақ жазықтық түрлерi. Г.Н.Высоцкий тезисi: „Орман даланы құрғатады, тауды суландырады”.

25. Орман iшiндегi және орман сыртындағы ауаның ылғалдануы. Орман төсенiшi – гидрологиялық фактор болып табылады. Орман – ылғал сақтаушы және тазалаушы. Орманның гидрологиялық ролі.М.Е. Ткаченко бойынша.

26. Орман және топырақ. Аналық таулы жыныс және орман. Топырақ. Топырақ құнарлығы. Құнарлылық факторлары. Топырақ қалыңдығы, қалыңдық қабаты тежегiштерi, топырақ қалыңдығы бойынша бөлiнуi. Топырақтың қалыңдық қабаты маңызы.

27. Тамыр жiктелуi. Ағаштардың тамыр жүйелерi. Топырақтың тамыр жүйелерi құрылысына әсерi. Топырақтың күлдiк элементтерi. Топырақ гумусы. Орман гумусы түрлерi және олардың құрылу жағдайлары.

28. Ағаш тұқымдастарының, шалғын шөптерiнiң және дәндi дақылдарының қоректену Элементтерiн қажет етуi. Ағаш тұқымдастарының қоректену Элементтерiн қажет етуi және олардың топырақта болуын талап етуi. Орманның топыраққа әсерi. Ормандағы топырақ құнарлығын жолдары. Ағаш тұқымдастары микротрофтылығы.

29. Орман және фауна /жануарлар дүниесi/. Орман жануарлардың өмiр сүретiн ортасы. Орман сипатына байланысты фауна құрамындағы айырмашылық. Азықтық база динамикасына байланысты фауна құрамындағы циклдық өзгерiстер. Трофикалық жалғасулар. Жануарлар миграциясы. Сүткореқтiлердiң орманшылық және шаруашылық маңызы. Орман және құстар. Әртүрлi құстарды әркелкi орман түрлерi мен өсiмдiктердi қабаттарына үйрету.

30. Құстар орман санитарлары. Жыртқыш құстардың пайдасы. Құстар аңшылық объектiсi. Құстарға келтiрiлетiн зиян.

31. Орман және жәндiктер. Жәндiктер орман компонентi. Пайдалы жәндiктер: тозаңдандырғыштар, санитарлар, жыртқыштар және паразиттер. Жәндiктер орман зиянкестерi. Орман зиянкестерiнiң жаппай көбеюiнен орманға келтiрiлген шығын. Зиянды жәндiктермен химиялық және биологиялық күрес тәсiлдерi. Алдын алу шаралар. Орманның патологиялық қызметi және оның маңызы. Орман топырағы фаунасы және оның маңызы.

32. Ағаш тұқымдастарының гүлдеуi. Гүлдеу мезгiлдерi: ерте және кеш гүлдейтiн ағаш тұқымдастары. Пiсiп жетiлген шақ және оның тұқымдастарынан, климаттан, өсу жағдайынан, сүректiң толымдылығынан және басқаларынан тәуiлдiлiгi. Бiрұялы және екiұялы тұқымдастар. Екi жынысты және әртүрлi жынысты гүлдер. Ағаш гүлдеуiне ауа–райының әсер етуi. Тозаңдану. Тозаңдануға ықпал жасайтын және кедергi жасайтын факторлар. Бүршiктiң пайда болуы.

33. Ағаштардың жемiс беруi. Тұқым пiсу мезгiлдерi. Жемiстенудiң кезеңдiлiгi. Жемiстену кезеңдiлiгiнiң өсу жағдайына, климатқа тәуелдiлiгi. Тұқым шығымдылығын есептеудiң: О.Г.Каппер, Н.С.Нестеров, Э.Д.Огиевский, М.М.Орлов әдiстерi. Тұқым таралуы /жел, су, құстар, жануарлар арқылы/.

34. Орманның вегетативтiк жаңаруы. Вегативтiк жаңару туралы түсiнiк. Вегативтiк жаңару тәсiлдерi: өскiн, тамыр атпасы арқылы, сабақтан өнген, қалемшемен, ұластыру арқылы және басқалары. Тұқымдық немесе вегативтiк жаңаруда берiлетiн тұқым қуалаушылық белгiлерi. Вегетативті жаңарудың биологиялық және шаруашылық маңызы.

35. Орман жаңаруын бағалау әдiстерi. Бағалау мақсаты. Жаңару жағдайының сандық бағалануы: көзбен өлшеу, сынақ алаңшаларындағы өскiндердi жаппай санау, есептеу алаңшалары әдiсi. Жануардың сапалық бағалануы /тiршiлiкке икемдiлердi бағалау/.

36. Тiршiлiкке икемдiлердi бағалау шкаласы. Осы бағалау әдiстерiнiң жағымды жақтары мен кемшiлiктерi. Эталондық әдiс. °дiстердi өңдеу кезектiлiгi. Тiршiлiкке икемдi өскiндердiң жастық топтары.

37. Ағаш тұқымдастарының алмасуы. Алмасу туралы түсiнiк. Г.Ф.Морозов пен Э.Н.Сукачев бойынша ағаш тұқымдастары алмасу жiктеуi. Алмасу үрдiсi – орман өсiру жағдайы мен ағаштардың орманшылық қасиеттерiмен байланысу әсерi жиынтығы. Шыршаның жұмсақ жапырақтылармен алмасуы, қарағайдың шыршамен алмасуы, еменнiң шыршамен алмасуы, қарағайдың көктерек және аққайыңмен алмасуы, еменнiң жұмсақ жапырақтыларымен алмасуы, қарағайдың еменмен алмасуы және басқа да алмасу түрлерi. Қазақстанның әртүрлi табиғи аймақтарында алмасудың орманшылық және шаруашылық маңызы.

38. Орман түрлерi. Орман типологиясының бастауы. Морозов кезеңiне дейiнгi бiрiншi типологтар – Рудский, Генко, Густорович. Морозов мектебi типологтары: Крюденер, Алексеев. П.С.Погребняк, Э.Н.Сукачев, Б.П.Колесников және И.С.Мелехов типологиясы. Орман түрлерiнiң орманшылық және шаруашылық маңызы. Орман типологиясының жаңаша жағдайы. Қазақстанның орман түрлерi.

39. Орманды күтiп – баптау мақсатында кесу. Орманды күту үшiн кесудiң биологиялық негіздері. Орман күту үшiн кесудiң биологиялық негiздерi және мақсаты. Күту үшiн кесу жүргiзу техникасы. Күту үшiн кесу түрлерi: жарықтандыру, тазартпалы, сиретпелi, өтпелi кесулер. Күту үшiн кесу әдiстерi. Күту үшiн кесу жүргiзу барысында ағаш таңдау. Орман күтiп – баптау мақсатында кесудiң ерекше түрлерi. Санитарлық кесу, кеңейтiп кесу, бұтақ кесу. Жарық түсiру үшiн кесу.

40. Орманның топқа бөлінуі. Басты мақсатқа пайдалану үшiн кесу. Жаппай кеспеағаш кесу. Жаппай кеспеағаш кесу, ерiксiз – таңдамалы. Осы кесулердiң жағымды және жағымсыз жақтары.

41. Жаппай кеспеағаш кесу. Жаппай кеспеағаш кесу ұйымдастыру ерекшелiктерi: ағаш кесетiн жер енi, кесу бағыты, ағаштың кесуге жақындаған мерзiмi, жанасу тәсiлi, тұқымдық ағаштар қалдыру жағдайы, кеспеағашты ағаш қалдықтарынан тазарту.

42. Шоғырлап кесу. Шоғырлап кесудiң даму тарихы. Кеспеағаш жiктелуi, ағаш тасымалдау сипаты, кеспеағаш пiшiнi. Шоғырлап кесуден кейiнгi тұқымдық ағаш тиiмдiлiгi. Шоғырлап кесуден кейiнгi тұқымдық ағаш тиiмдiлiгi. Шоғырлап кесу жүргiзiлген жердi жаңартуға бағытталған iс–шаралар.

43. Орманның табиғи жаңаруына ықпал ететiн әдiстер. Түсiнiк. Мақсаты. Тәсiлдерi. Құнарсыз топырақтарда орманның табиғи жаңаруына ықпал ететiн тәсiлдер. Жұмыс ұйымдастыру.

44. Орман рекреациясы орманды пайдаланудың бір түрі. Орман рекреациялық қызмет түрлері. Орманның жанама пайдалану. Түсiнiк. Жанама пайдалану түрлерi, Олардың әр алуандылығы. Мал жаю, Олардың маңызы мен реттiлiгi. Шөп шабу. Жанама пайдаланудың экономикалық маңызы.

45. Жанама пайдалануды орман шаруашылығы шаруашылық iс-әрекетiнiң негiзгi түрiне айналдыру мүмкiндiгi. Орманды қосымша пайдалануды ұйымдастыру. Елiмiздiң азық-түлiк бағдарламасы және жанама пайдалану.

46. Орман қрғау. Орман қорғау шешiмдерi. Орман шаруашылығы кәсiпорындарында орман қорғау ұйымдастыру. Орман қорғау сақшылыары құқығы мен мiндеттерi.

47. Орман өрттерi. Орман өртi келтiретiнi зиян. Орман өрттерінің түрлері. Орман өртi таралуына ауа-райы әсерi.

48. Орман өртi аумағын анықтау. Өрт қауiптiлiгiнiң кешендiк көрсеткiшi және оны есептеу техникасы. өрт қауiптiлiгiнiң шкаласы. Ормандағы өртке қарсы ескерту шаралары.

49. Орман кәсiпорындары өртке қарсы қызмет ұйымдастыру. Шолғыншы-қарауылдық өрт қызметi: өрт метео қызметi, жер және орман аЭиақадағалау, өрт мұнарасы мен байланыс қызметi. өрт мұнарасында тұрып, өрт шыққан тұсты анықтау техникасы.



50. Орман өртiн сөндiру. Төменгi және жоғарғы өрттi /аралық жолақтар орналастыру, қарсы от қою, өртеу/, жер асты өртiн /шымтезек және гумустық/ сөндiру. өртенген жердi қарауылдау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет