Магистрлік диссертацияның
Н Е Г І З Д Е М Е С І
Магистранттың аты –жөні: Раимбеков Самат Жандосұлы
Ғылыми жетекшінің аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: ж.ғ.к, доцент Ақсейіт Ғалия Манатқызы
Диссертацияның тақырыбы: Оралхан Бөкей публицистикасы
Зерттеудің өзектілігі: Оралхан Бөкейдің өр мінезі мен өзгелерден ерек шығармашылығы қаншама буын, қаншама ғасыр қойнауынан әлі де өзінің өзектілігі мен ерекше әсемдігінен айырылмақ емес. Жалпы, Оралхан Бөкейдің шығармашылығының бастауында публицистиканың жатқаны баршамызға жасырын болмаған. Үлкен нарын ауданындағы “Еңбек туы”, Шығыс Қазақстан Облысындағы “Коммунизм туы” газеттерінің редакциларында еңбек жолын бастаған публицисттің қаламын ұштап, шығармашылық жолына арқау болған да оның осы публицистикадан бастау алуында жатыр. Бұл магистрлік диссертацияның басты мақсаты да әдебиетте өз орнын тапқан бірегей жазушы, айрықша публицисттің шығармашылығы мен қатар публицистикасына да ден сала саралау жұмыстарын жүзеге асыру арқылы оны өзге қырынан таныту және тарих қойнауында жасырын кеткен жаңалықтарды, Оралхан Бөкей публицистикасының сыры мен қазіргі уақытқа актуалдылығын ашып көрсету.
Зерттеудің мақсаты: Зерттеудің негізгі мақсаты автордың публицисттік жолымен танысып, оның мақала, очерктеріне және т.б. жан-жақты саралау жұмыстарын жүргізу. Осыған байланысты қысқаша тоқтала кетсек:
- Оралхан Бөкей биографиясымен және публицистикалық жолымен танысу;
-Өз заманындағы ерекшеліктерді ескере отырып, автордың жазу стилі мен формасына талдаулар жасау;
- Оралхан Бөкей публицистикасын жан-жақты саралап, өз заманындағы өзге де публицисттермен салыстыра бағамдау;
- Оралхан Бөкей публицистикасының ерекшелігін саралау.
Зерттеудің міндеттері: Зерттеу жұмысының басты міндеті Оралхан Бөкей публицистикасындағы стильдік ерекшеліктермен қатар, өз кеңістігіндегі атқарған рөлін жан-жақты айқындау.
Ғылыми жаңалығы: Оралхан Бөкей шығармашылығы әр уақытта зерттелген, әрі зертеле бермек. Десе де, ұлы жазушының қаламынан туған шығармалардың бастауында Оралхан Бөкей публицистикасының жатқаны ұмыт қалады. Біздің зерттеу жұмысымыздың басты мақсаты осы бір олқылықтың орнын түзеп, Оралхан Бөкей публицистикасын жаңа қырынан ашып көрсету.
Ғылыми әдістемелік негізі: Зерттеу жұмысы барысында талдау, сараптама, баламалық, мәтін талдау және өзге де әдістер қолданылатын болады.
Зерттеу объектісі: Оралхан Бөкей публицистикасы
Зерттеу нәтижелерін жариялау: Жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша жалпы саны халықаралық ғылыми – практикалық конференциялардың жинақтарында 2 мақала жариялау жоспарлануда.
Достарыңызбен бөлісу: |