Мажилиса парламента республики казахстан



Дата23.02.2016
өлшемі42.04 Kb.
#8657



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ

ДЕПУТАТЫ 



ДЕПУТАТ

МАЖИЛИСА ПАРЛАМЕНТА

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 

Астана, Парламент Мәжілісі

201__ жылғы “_____”__________

№ ___________________


 

Астана, Мажилис Парламента

«__» ____________201__ года

№ ___________________



Қазақстан Республикасы

Премьер - Министрі

10.09.2014 жылы жарияланды К.Мәсімовке



Депутаттық сауал
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
Судың тіршілік нәрі екендігін айтпасамда білерсіз! Әсіресе ауыз судың тапшылығы өмір сүрудің қиындылығына алып келетіндігі сөзсіз. Бұған, биылғы жылдың шілде айында Алматы облысы Талғар ауданында болған су апаты дәлел.

Өзіңіз білетіндей, 17 шілде күні Талғар қаласының қақ ортасынан ағып өтетін Талғар өзенінің жоғары арнасы Маралсай шатқалы­нан 300 мың текше метр сел тасқыны жүрді. Су тасқынынан талғарлықтарды бөгет сақтап қалып, адам шығыны болған жоқ. Бірақ, апаттың салдарынан 12 шақырымдық су құбыры­ның 9 шақырымы бұзылған. Тал­ғар қаласы мен Қызылқайрат, Бірлік, Талдыбұлақ, Алмалық, Алмабақ сынды елді мекендердің тұрғындары ауыз сусыз қалып, бір айдан астам уақыттай қиыншылық көрді. 130 000 астам турғындарға суды водовоздармен тасуға мәжбүр болды. Әлі де бұл мәселе толық шешімін тапқан жок.

2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында топтық су құбырға 2-кезеңмен «Алматы облысы Талғар топталған сутартқышының құрылысы және қайта жаңғырту 2-кезең» жобасына сәйкес Талғар ауданының 130 мыңға жуық адам тұратын 12 ауылдық елді мекендерін қосу жоспарланған болатын (Белбұлақ, Қызыл-Қайрат, Бірлік, Талдыбұлақ, Алтын-Дән, Шымбұлақ, Бесағаш, Тұздыбастау, Айсұлу, Алмалық, Амангелді және Байбұлақ елді мекендер). Қазіргі таңда топтық су құбырының бас құрылысы аяқталды.

Жаңағы аталған 12 елді мекенге су тарту 2013 жылы жүзеге асырылуы тиіс еді, бірақ әлі жұмысы басталған жоқ. Екі жыл бойы бюджеттік жобаларды іске асыруға республикалық бюджеттен қаражат қарастырылмай келе жатыр. Бұған қоса, 2015 – 2017 жылдарға республикалық бюджеттен бұл мәселеге қаржы бөлу қарастырылмаған. Жобасы бар.

Дәл осындай мәселе Еңбекшіқазақ ауданында да орын алуда.

Апат болмай тұрған кездің өзінде де, аталған он екі елді мекен ішіндегі су құбырларының өлшемі біркелкі болмағандықтан судың берілуі тұрақсыз күйде еді. 40 жыл бұрын салынған құбырлар әбден тозған, жалғыз шешімі тек ауыстыру ғана.

Атап өтетін жәйт, жоғарыда аталған елді мекендер оңтүстік астанамыз Алматы қаласынан небәрі 15-20 шақырым жерде орналасқан. Еліміздің көптеген бұқаралық ақпарат құралдары аталған өзекті мәселені біраз жылдан бері айқындап келе жатыр.



Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!

Талғар ауданы елді мекендеріндегі ауыз су тапшылығының өзекті мәселе екенін ескеріп, «Ақ бұлақ» бағларламасы аясында 2020-шы жылға дейін келесі жобаларға республикалық бюджеттен қаржы бөлуіңізді өтінеміз:



  1. 2015 жылы - жалпы құны 2 710,183 млн. теңгені құрайтын алты іске қосылатын кешеннен тұратын «Алматы облысындағы Талғар топталған су тартқышының құрылысы және қайта жаңғырту (2-кезең).» жобасы.

  2. 2016 жылы – 3 130 млн. теңге (Кеңдала, Ақтас, Нұра, Тұғанбай, Өстемір, Дулат елді мекендеріне; Талғар қаласының бас су бөгеті мен магистралды сутартқышына; Талғар қаласынан Алматы қаласына дейін канализациялық коллекторына (ұзындығы 12 км).).

  3. 2017 жылы – 5 900 млн. тенге (Талғар қаласының су жүргізетін желілері – Үшінші кезеңі; Көктал және Береке елді мекендерінің сұ құбырларына; Талдыбұлақ, Бельбұлақ, Тұздыбастау елді мекендерінің канализациялары.).

  4. 2018 жылы – 4 700 млн.теңге (Талғар қаласы №1 Алаңы (Инкубатор); Панфилово және Арқабай елді мекендерінің су құбырларына; Талғар қаласының канализациялық желілеріне.).

  5. 2019 жылы – 2 800 млн. теңге (Төңкеріс, Түзусай, Тереңқара елді мекендерінің су құбырларына).

  6. 2020 жылы – 2 600 млн.теңге (Дәулет, Достық, Қайнар елді мекендерінің су құбырларына).

Сонымен бірге, қалыптасқан жағдайды ескере отырып, бір әкімшілік-аумақтық бірліктің ішінде қызметтерді жеткізуде бірыңғай көзқарасты қамтамасыз ету, бірыңғай тарифтік, техникалық-пайдалану саясатын сақтау үшін Сізден «Талғар топтық су тартқышын» Д.Қонаев атындағы ҮАК-ның балансынан, Талғар ауданы бойынша «Су құбыры» ШЖҚ МҚК балансына беруге ықпал етуіңізді сұраймыз. Бұл бұдан кейін елді мекендерге су жеткізу кезінде су құнының қымбаттауын болдырмау мақсатында жасалып отыр. Өйткені тарифтің өсуі тұрғындардың қалтасына айтарлықтай салмақ салуы мүмкін. Бүгінгі күні, бекітілген тариф бойынша Д. Қонаев атындағы ҮАК судың босатылу бағасы м3 үшін 70 теңгені құрап отыр. Яғни сатып алынатын суды есепке ала отырып, судың өздік құны м3 200 теңгеге жетуі мүмкін.

Жауапты заңда белгіленген тәртіпте жазбаша түрде беруіңізді сұраймыз.



Құрметпен, Ә.Тойбаев
Т.Асанов
З.Бәлиева
Р. Ким
Н.Логутов
Ү.Медеуов
А. Маковский


Орынд. Ж.Бидайбеков

8 (7172) 74 67 41



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет