Макроэкономиканың пәні мен әдістері. Макроэкономикалық көрсеткіштер



бет3/22
Дата04.04.2023
өлшемі1.75 Mb.
#471707
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Макроэкономиканы п ні мен дістері. Макроэкономикалы к рсеткіш

Макроэкономиканың зерттеу пəні – негізгі макроэкономикалық мəселелер төңірегіндегі ұлттық экономиканың жалпы біртұтас жүйе ретіндегі əрекет ету заңдылықтары. Алайда макроэкономика осы төрт мəселемен ғана шектеліп қоймайды, оған тəн басқа да мəселелер бар. Макроэкономиканың зерттейтін негізгі мəселелері:

  1. Тұрақты экономикалық өсу жəне оның қарқыны;

  2. Жалпы экономикалық тепе-теңдік жəне оған қол жеткізудің жолдары;

  3. Экономикалық цикл, оның пайда болу себептері;

  4. Жұмысбастылық деңгейі жəне жұмыссыздық мəселесі;

  5. Бағалардың жалпы деңгейі жəне инфляция мəселесі;

  6. Пайыз мөлшерлемесінің деңгейі жəне ақша айналымының

  1. мəселесі;

  1. Мемлекеттік бюджет жағдайы;

  2. Бюджет тапшылығын қаржыландыру жəне мемлекеттік

  1. қарыз мəселелері;

  1. Халықты əлеуметтік қорғау мəселелері;

  2. Төлем балансының жағдайы жəне валюта бағамының мəселелері;

  3. Ел ішіндегі ұлттық нарықтардың жағдайы жəне олардың сыртқы ортамен байланысы;

  4. Тиімді макроэкономикалық саясатты жүргізу мəселелері.

Макроэкономиканың зерттеу объектісі – бұл ұлттық эко- номиканың өсу қарқыны мен факторлары, ұлттық өнім мен ұлттық табыс көрсеткіштері жəне қоғамның байлығы.
Макроэкономикалық көзқарас тұрғысынан халық шаруашылығы төрт макроэкономикалық субъектіден құралады:

  1. Үй шаруашылығы – жұмыс күші ұсынысын жəне игіліктерге деген сұранысты қалыптастырады, алынған табыстарының бір бөлігін тұтынады, ал қалған бөлігін жинақтайды, олар ең аз шығын жұмсай отырып, өз пайдалылықтарын максималдауға ты- рысады.

  2. Фирма – өндіріс факторларына сұраныс білдіретін жəне игіліктердің ұсынысын жасайтын əрі инвестициялау үдерісін жүзеге асыратын белгілі бір елдегі барлық кəсіпкерлік сектор- дың жиынтығынан құралады. Фирмалар, əдетте, өз қызметтерін жүзеге асыру барысында ең жоғары пайда алуға тырысады.



  3. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет