ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
«Авимед» көпсалалы колледжі
«Бекітемін» Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары ________ Э.Т.Тезекбаева « ___ »_________ 2019 ж.
СИЛЛАБУС
Пән: ЖКП 03 Физиология негізіндегі анатомия және патология
Мамандығы: 0306000 «Фармация»
Біліктілігі: 0306013 «Фармацевт »
Курс: І
Семестр: І
Бақылау түрі: Емтихан
Жалпы еңбек салымының барлық сағаты/ кредитKZ 240
СӨЖ: 40
СОӨЖ: 10
Аудиториялық сабақтар: 40
Симуляциялар: 150
Пәннің силабусын жасаған: Мамыр Назерке Болысбекқызы
Оқу жұмыс жоспары мамандық бойынша негізделген : 0306000 «Фармация»
Жұмыс бағдарламасы «Медицина және фармация пәндері»
циклдық әдістемелік бірлестігінің (ЦӘБ) отырысында қаралды және ұсынылды.
Хаттама № 1 «28» тамыз 2019 ж.
ЦӘБ жетекшісі ____________ Байдарова Г.А.
Әдіскермен қаралған ____________ Умирбекова Ж.Ж.
Әдістемелік кеңестің отырысында мақұлданды
Хаттама № 1 «29» тамыз 2019 ж.
Әдістемелік кеңес төрайымы ______________ Тезекбаева Э.Т.
Силлабусқа келесі бөлімдер кіреді:
3.1. Кіріспе
Адам анатомиясы-адам денесінің құрылысы,орналасқан орны,пішіні және оның жастық, жыныстық, жекелеген ерекшелігіне байланысты дамуын зерттейтін ғылым. Анатомия тәжірибелі дәрігер, медбикелік іс мамандығына ӛте қажет болып саналатын қосымша клиникалық пәндердің медициналық білімінің негізі болып саналады. Анатомия пәнінің негізгі мақсаты-адам денесінің, мүшелер мен жүйелердің құрылысын, ағзаның жекелеген бӛліктерінің бір-бірімен ӛзара байланысын және тәуелділілігін ашу. Анатомия - адам денесінің, мүшелер мен ұлпалардың құрылысын химия, физика, биология және қазіргі заманғы медицинаның жетістіктерін қолдана отырып оқытады. «Жалпы патология» пәні аурудың пайда болуы, өтуі және аяқталуын заңдылықтарын, теориялық және тәжірибелік жағдайларын қамтып көрсететін біртұтас ғылым. Патологияның негізделетін басты пәндері патологиялық физиология және патологиялық анатомия. Физиология биологиялық пәндердің бірі,оны толық меңгермей тұрып,болашақ фельдшерлерді жоғарғы дәрежеде дайындау мүмкін емес.Физиология тірі ағзалардың тіршілік әрекеті процесстерін, оның мүшелерін және ұлпа мен жасушаның құрылымдық элементтерін, ал түрлердің жеке дамуы функцияларын,олардың өзара байланысы және ағзаның көңіл-күйінің түрліше болуы мен сыртқы ортаның түрлі жағдайда өзгеруін үйретеді.
3.2. Пән мақсаты: «Физиология негіздерімен анатомия және патология» пәнінің мақсаты – адам ағзасының құрылысы мен қызметін оқып білу. Студент мүшелердің орналасуын еркін тауып, анықтау керек. Жүйелер мен мүшелердің қызметін, ағзада өтіп жатқан үрдістерді, ағзаның өмір сүру заңдылықтарын және олардың қоршаған ортамен байланысын білуі тиіс.
Патологиялық физиология пәнінің мақсаты: патологиялық процесстердің пайда болу, даму және аяқталу негізгі заңдылықтарын зерттеу, білім алушыларды аурудың себептерін, патогенезін, клиникалық көріністерін, алдын алу принциптері мен емдеу негіздерін терең ұғынуға дайындау.
3.3. Пән міндеттері: білім алушылар біртектес дерттік үрдістердің даму себебін, даму жолдары мен негізгі белгілерін, әртүрлі аурулардың пайда болуы мен жалпы даму заңдылықтарын, ағзаның қорғаныстық-бейімделу тетіктерін, алдын-алу шараларын және емдеу әдістерінің негізгі бағытын білуі қажет
3.4. Оқыту нәтижелері:
адам ағзасындағы негізгі физиологиялық процестерді ;
адам ағзасына тиісті биологиялық тұрақтылықты;
адам ағзасының қоршаған ортамен байланысы және ғылыми ұсыныстар;
адам ағзасының өміріндегі физиологиялық процестерді талдау жасау;
сау және ауру адам ағзасындағы болатын құбылыстарды түсіне білу;
алған білімдерін жұмыс барысында дұрыс қолдана білу;
қанның құрамы мен қасиеттерін сипаттау;
жүрек-қантамыр,тыныс алу, асқорыту, зәр шығару мүшелерінде жүретін физиологиялық процестерге баға беру,
орта, шеткі және вегетативтік нерв жүйесінің қызметтерінің ерекшелігін ажырату;
қозғыш ұлпалардағы процестерді сипаттау;
эндокриндік жүйенің қызметтерін ажырата білу
типтік біртектес үрдістің даму себебі мен патогенезін, кең тараған ағза мен жүйелердің бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезі, олардың негізгі көріністері мен ағза үшін маңызын;
ауруды емдеу мен алдын-алу шараларының жалпы бағытын;
патологиялық физиологияның денсаулық сақтау
ұйымдарында аурудың алдын-алу бағытында шараларды дамытудағы маңызын;
3.5 Пререквизиттер: мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдері.
Достарыңызбен бөлісу: |