Мамыр Назерке Болысбекқызы Оқу жұмыс жоспары мамандық бойынша негізделген : 0306000 «Фармация» жұмыс бағдарламасы



бет5/23
Дата10.05.2024
өлшемі419 Kb.
#500828
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
ФАП СИЛ

Бөлім 11. Қозғыш ұлпалар
Оқу ақпараты:
Қозғыш ұлпалардың жалпы сипаттамасы. Қозғыш ұлпалардың физиологиялық қасиеттері (қозғыштық, өткізу қабілеті, тұрақсыздық, төзімділік).
Қозғыштар жіктелуі. Қозу заңдылығы. Тірі тіндердегі биоэлектрикалық құбылыстар: әрекет және тыныштық потенциалы. Әрекет потенциалының пайда болу механизмі. Жүйке талшықтарының физиологиялық қасиеттері. Жүйке талшықтарында қоздырғыштықты өткізу механизмі. Синапс туралы түсінік. Синапстың түрлері, құрылысы, қасиеттері. Қозудың синапстар арқылы берілуі. Парабиоз және қозғалыс аппараты туралы түсінік. Бұлшық еттердің физиологиялық қасиеттері. Біріңғай салалы бұлшық еттердің қаңқа бұлшық еттерінен айырмашылығы. Жиырылу түрлері. Тетанустың түрлері. Жиырылу кезіндегі бұлшық еттерде кездесетін химиялық өзгерістер. Қажу туралы түсінік.


Бөлім 12. Сезім мүшелері.
Оқу ақпараты:
Сезім мүшелерінің орналасуы, құрылысы және қызметтері. Сезім мүшелерінің анатомиялық және функционалдық және функционалдық сипаттамасы. Рецептор, анализаторға түсінік. Рецептордың жіктелуі. Көз алмасы. Көзалмасының ішкі ядросы мен қабықтары. Көздің оптикалық жүйесі. Қабылдау механизмі. Сәулелердің көзде сынуының ауытқуы (жақыннан көргіштік және алыстан көргіштік). Бинокулярлық көру. Сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтың құрылыстары. Дыбыстың сүйек және ауа кеңістігінен өтуі. Тепе-теңдік аппараты, құрылысы, қозудың өтуі. Тері құрылысы мен қызметі. Сипап-сезу, жылу және ауруды сезу. Дәм сезу мүшесі, иіс сезу мүшесі, қабылдау механизмі.


Бөлім 13. Эндокриндік жүйе
Оқу ақпараты:

Эндокриндік бездердің жіктелуі. Эндокриндік бездердің орналасуы, құрылысы, қызметтері (эпифиз, гипофиз, қалқанша, қалқанша маңы, айырша, бүйрек үсті). Гормондар туралы түсінік. Гормондардың қасиеттері. Гормондардың адам ағзасына әсері, шығару жолдары. Бездердің қызметін тексеру әдістері. Гипофиз құрылысы, гормондары. Эпифиз, қалқанша без, қалқанша маңы без, айырша без, бүйрек үсті бездерінің физиологиялық маңызы. Ұйқы безі мен жыныс бездерінің эндокриндік қызметтері.Эндокриндік бездердің гипо-және гиперфункциясында пайда болатын көрініс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет