Манап ауылдық округінде 2013 жылы атқарылған жұмыстар туралы Манап ауылдық округі әкімі есебі. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»



Дата22.02.2016
өлшемі52 Kb.
#2369
Манап ауылдық округінде 2013 жылы атқарылған жұмыстар туралы Манап ауылдық округі әкімі есебі.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында ауыл әкімдерінің есеп беру кездесулері тұрақты өткізіліп келеді.



Манап ауылдық округі бойынша экономикалық даму көрсеткішке тоқталатын болсам.

Округ бойынша 173 жанұяда 1128 адам тұрады ерлері-560, әйелі-568 округте 18 жасқа дейінгі балалар саны 514, зейнеткерлер 68, еңбекке қабілетті адамдар саны 527, оның ішінде 148 адам бюджеттік мекемеде жұмыспен қамтылған болса,45 адам темір жол саласында,9 адам тас карьерінде.Ауыл жастарының 43-і жоғарғы оқу орны мен колледжде оқыса,әскер қатарында 1 адам, қалған 338 адам ауылда және басқа қалаларда жұмыс жасайды.

Жыл басынан бері, 433 кіріс хат болса,мерзімі көрсетілген хаттарға уақтылы жауап берілді.Жоғары тұрған орындарға 437 шығыс хаттар жолданды.

2013 жылы 13 шешім,71 өкім қабылданды. Құқықтық оқу 5 рет өткізілсе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алуға байланысты іс шара бойынша 6 отырыс өткізілді.Ауыл әкімінің атына 17 жеке тұлғадан арыз түсті,оның 3-і тұрғын үйге жер сұраса, 1-і жерді қайтарып алу жөнінде, қалғаны басқа мақсаттарда, барлық, арыздармен, өтініштерге уақытылы жауап беріп қанағаттандырылды



Ауыл шаруашылығы бойынша

Ауылдық округ бойынша жалпы жер көлемі 13604 га,оның ішінде а/о жер қоры 5316 га,ауылшаруашылық жері 8288 га, о/і-де жайлымдық жер 7938 га,басқа алқаптар 330 га, егістік жер көлемі 20 га.

Барлық мал басы санын жылмен салыстырмалы түрде айтар болсам, түйе 157 , жылқы 120 ,мүйізді ірі қара 517 ,қой ешкі 3783 құс 351. Манап ауылдық округінде 4 шаруақожалығы тіркелген,оның 1-уі түйе,жылқы,ірі қара малымен айналысады.

2013 жылы бюджеттен бөлінген қаржыға атқарылған жұмыстарға тоқталар болсам. Манап ауылдық клубы 97 миллионға салынып, 20 қазан күні пайдалануға берілді. Қазіргі таңда 7 адам қызмет жасауда. Республикалық бюджеттен 181 миллион теңгеге Талап бекетінде ауызсу жүйесі жүргізіліп,пайдалануға берілді. Аудандық бюджеттен бөлінген 5 млн. теңгеге шағын футбол алаңы, 2 миллион теңгеге балалар ойын алаңы пайдалануға берілді,37 миллион теңгеге Манап ауылындағы екі көшеге асфальт төселді

Көркейту көгалдандыруға бөлінген 1064 мың теңгеге Талап бекетіндегі көшелерге тас төселіп ,екі ауылға 7 пано орнатылды. Аталған 7 паноға осы ауылдан шыққан белгілі азаматтар мен ауыл ақсақалдары, батыр аналар,мектеп оқушылары суреттері ілінді


Демеушілер арқылы атқарылған жұмыстарға тоқталар болсам, Мектепке жол акциясы барысында Ас-Сенім ЖШС директоры Алимов Серіктің демеушілігімен №160және №254 мектептің тұрмысы төмен отбасылардың 35 баласына мектепке керекті құрал жабдықтар әперді, Қарттар күні қарсаңында Бақ-Береке-2030 ЖШС директоры Ерназаров Қайраттың демеушілігімен 35 қарт кісіге сый-сияпат жасалды.Жаңа жыл мересінде екі банер жасалып, 30 оқушыға сыйлық жасалды Аудандық ішкі саясат бөлімімен бірлесе жұмыс жасап,ауылда атқарылған жұмыстар жайлы,баспасөз беттерінде жарияланып отырылды.

Білім саласы бойынша: Биылғы жылы №160 орта мектепті 7 бала бітіріп,оның 4-і ҰБТ-ға қатысып 70%-ық көрсеткішке қол жеткізді, мемлекеттік білім грантын 3 оқушы жеңіп алған .

Қазіргі таңда №160 орта мектепте 25 т/н қатты отын бар ,тұрмысы төмен отбасылардың 51 баласына ыстық тамақ берілуде ,интернат үйіндегі 13 оқушыға, тұрмысы төмен отбасыларының 44 баласына киімкешек берілді. Лагерьде 14 бала демалды.

.№160,№254 орта мектеп мұғалімдерімен оқушыларының пәндік олимпиаларда және басқада ұйымдастырылған жарыстарда жеткен жетістіктер баршылық. ҚР.Үкіметінің 28.05.2010 жылғы №448 қаулысымен бекітілген «Балапан»бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2013 жылдың тамыз айында Талап бекетінен «Гүл-Ару» жеке балабақшасы ашылып, 35 бала тәрбиеленуде, 9,25 штат бірлігі бар10 адам қызмет жасауда. Манап ауылында балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту мақсатында «Толағай»шағын орталығы ашылған.Шағын орталық №160 орта мектеп жанындағы интернат үйіне орналасқан Қазіргі таңда интернатта 14 бала,шағын орталықта 20 бала барлығы 34 бала тәрбиеленуде.

№254 негізгі мектепте қазіргі таңда 25 т/н қатты отын бар , тұрмысы төмен отбасылардың 20 баласына аудандық бюджеттен 197 мың теңгеге киім әперілсе, Талдысу, Тау самалы және Оңтүстік Қазақстан облысындағы лагерлерьде 8 балаға тегін жолдама берілді. 20 балаға шай берілуде.



Спорт саласы бойынша: Ауыл жастары аймақ көлемінде өткізілген спорттық жарыстарға тұрақты қатысып тұрды.Жастар арасында шағын футболдан өткізілген «Наурыз-2013» аудандық жарысында І орын иеленді.Салауатты өмір салтын қалыптастыру ауыл жастарын спортқа баулу бағытында аймақтық және ауылдық жарыстар өткізіліп отырды.
Денсаулық саласы бойынша: Манап ауыл жылжымалы медициналық көмек көрсуту орталығы келіп тіс дәрігері,УЗИ,зертханалық тексеруден өтсе.Биылғы жылы Талап бекетіне Денсаулық поезы келіп, рентгеннен 166,ПГДС-тен 17,УЗИ-ден 16,зертханалық тексеруден 21,басқа мамандардан 46 адам тексеруден өтті.Биылғы жылы округ бойынша 37 бала дүниеге келсе,қайтыс болғандар саны 3 адам. Жалпы ауылдық округ бойынша жұқпалы аурумен тіркелгендер жоқ.

Әлеуметтік сала бойынша: Биылғы жылға балалар жәрдем ақысына 1511 мың теңге,тұрғын үй көмегіне 296 мың теңге,атаулы әлеуметтік көмекке 93 мың теңге бөлінді. Бөлінген қаржы тоқсан сайын игерілді. Қоғамдық жұмысқа 15 адам тартылса, жастар тәжірибесіне бойынша С. Есенқұлова манап ауылдық округі әкімі аппаратына маман болып 4 ай мерзімге тартылды.

Мәдениет саласы бойынша;2013 жылдың 20 қазан күні ауылдық клуб уйінің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты жиынға облысымыздың әкімі Қ.Көшербаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі жерлесіміз Б.Сапарбаев және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қ.Ыдырысовтар қатысып, құттықтау сөз сөйлеп ашып берді.

6-қараша күні ауылдық клуб үйінде облыстық ардагерлер семинары өтті. Семинарды облыстық ардагелер ұйымының төрағасы С.Шаухаманов ашты.

16-қараша күні ауылымызда облыстық ақындар айтысы болып өтті. Айтысқа белгілі ақындар қатысып өзара бақ сынады. Жарыс соңында жеңімпаз ақындар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Тұңғыш президент күніне орай клуб үйінде «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» атты шығармашылық кеш өтті.

16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай ауылдық клубта ауыл тұрғындары мен мектеп оқушыларының қатысуымен «Тұғырлы Тәуелсіздік» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

29-желтоқсан Қош келдің Жаңа жыл! тақырыбында ауыл тұрғындарының мерекелік шарасы өткізілді


Манап ауылдық клуб меңгерушісі 2013 жыл көлемінде 36 мәдени іс шара өткізді, оның ішінде 15 концерттік бағдарлама,театрландырылған қойылым 5, 6 түрлі байқаулар, 3 тақырыптық кештер,7 салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында әңгімелер өткізілді. 70 мың теңгеге ақылы қызмет көрсетілді.

Манап ауылындағы кітапханадағы кітап қоры 12077 дана,о/і-де қазақша кітап 7045 дана, 5032 кітап орыс және басқа тілдерде. Биылғы жылы 235538 теңгеге 265 кітап Талап бекетіндегі кітапхана жеке үйде орналасқан,биылғы жылы 4,5 т/н қатты отын алынды. Кітап қоры 2849,оның ішінде қазақ тілінде 2075,қалған 774 орыс тілінде, оқырмандар саны 358.

Кітапханашылар жыл басында бекітілген іс шара бойынша, жұмыстар атқарып келеді.

Манап ауылдық округіндегі бюджеттік мекемелер қиындықсыз қыстан шығады деп сеніммен айтуға болады.



Жергілікті салықтың орындалуы жайлы:

Жер салығы болжам бойынша 62,5 мың болса орындалуы 86,5 мың . 138 пайыз.

Мүлік салығы болжам бойынша 12 мың болса орындалғаны 19,3. 160 пайыз

Көлік салығы болжам бойынша 345 мың болса орындалғаны 345 мың.100 пайыз.Жер және мүлік салығының орындалуы жөнінен ауданда бірінші орында тұр.

Манап ауылдық округі аппаратына қыркүйек айында 2,5 штат бірлігі берілді.

0,5 штат бірлігі іс жүргізуші Ү.Бәйімбетоваға толықтырылып берілді.1 жүктеме күзетші қызметіне С.Әбуов алынды.Өз өтініштері бойынша заңгер және есепші мамандары басқа жұмысқа ауысып, жаңадан заңгер, есепші мамандары алынды.

Жұмыспен қамту -2020 бағдарламасы бойынша 2 адамға 2200000 кредит беріліп 2 адам жұмыспен қамтылды .Алдағы уақытта 4 кісіге кредит беріледі

Проблемалық мәселеге тоқталар болсам.

1. Талап бекетіндегі №254 мектептің апатты жағдайда болуына байланысты өткен жылы облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық   соты шешімімен екі рет, 2 ай мерзімнен жабылды. Сметалық құжаты жасалып,сараптамадан өткізілді.Сметалық құны 381 миллион теңге.2014 жылдан қалдырмай жаңа мектепті салуды қажет етеді

2. №160 орта мектеп жанындағы интернат үйі 2004 жылы асар әдісімен салынған болатын, қазіргі таңда интернат үйімен бірге шағын орталығы орналасқан балалардың сыйыспауына байланысты бала-бақша жаңадан салынса.Жобалауға арналған сәулет-жоспарлау тапсырмасы дайындалуда №160 мектеп шеберханасымен интернаттың есік терезелері жарамсыз, пластикалық терезелерге ауыстырылса,сонымен қатар мектеп шеберханасында еңбек пәніне керекті құрал-жабдықтар жоқ.

3.Талап бекетіне баратын аудандық тұрғын үй,коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің теңгеріміндегі 6,5 шақырым жол асфальттауға ықпал жасалса.66 миллион теңгеге смета жасалынған

4. Талап бекетіндегі ФАП-асар әдісімен салынған 5-6 жылдың көлемінде жөндеу жүргізілмеген,қоршауы жыңғылдан қоршалған,қазіргі талапқа сай келмейді,жоғарыда аталған фельдшерлік пунктті жаңадан салуға ықпал жасауыңызды өтінер едім.

5.Манап ауылындағы негізгі проблеманың бірі аяқсу мәселесі.Ол проблеманы шешу үшін ауыл жанындағы тоғанның құжаттарын дайындап(жер актісі,техпаспорты жоқ) қаржы сұрау



Қызылорда облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы қызметкерлері келіп көріп кетті.Тоғанның меншік иесін анықтау мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет