Мұқаншы (Мақаншы) туралы



бет1/5
Дата24.01.2024
өлшемі0.58 Mb.
#489655
  1   2   3   4   5
DOC-20240116-WA0013.


Мұқаншы (Мақаншы) туралы зерттеулер.
ШҚО Үржар ауданы Мақаншы ауылы «Мақаншы орта мектеп-бақша» КММ Ғылыми жоба.
«Мақаншы өңіріндегі тыл ардагерлері»
Жобаның жетекшісі-Хосетов Серiккалы Алханович Үржар ауылы 2018-2019 оқу жылы

Жобанын мазмұны.




І. Кіріспе.


  1. I. Жобаның өзектілігі.




I. II. Жобаның мақсаты.


I. III. Жобаның міндеттері.




I. IV. Жобаның жаңалығы.


I. V. Зерттеу әдістері.




ІІ. Негізгі бөлім.


II.I. а)Мақаншы ауылының тарихы туралы мәлімет.


б) Мақаншы ауылында Ұлы Отан соғысы жылдарында өмір сүрген еңбек майталмандары туралы жалпы мәлімет.


ІІ.ІІ. Еңбек ардагерлерінің бастан өткерген қиыншылықтары, олардың төзімділіктері, атқарған қызметтері.




ІІ.ІІІ. Ата-апаларымыздың қалдырған естелік әңгімелері - баға жетпес асыл мұрамыз.


II.IV. Рухани жаңғыру бағдарламасының тәрбиелік мәні.


III. Қорытынды.


Жобаның өзектілігі: ұлттық құндылықтар -Ата тарихымыз, Төл мәдениетіміз, Ұлттык дәстүрлерiмiз негiзiнде менің замандастарыма берiлетiн тәлім мен тәрбие iсiнiң нәтижесiнде бiз бойымыздағы ұлттық санамызды, намысымызды, мiнез-құлқымызды және дүниетанымымызды қалыптастыра аламыз. Туган топырағымызда өмiр сүрген -ата апаларымыздың еңбектерін ескере отырып, олардың қалдырған мәдени мұраларын окып- үйрене, зерттеп-біле отырып, парасатты да білікті, мәдениетті де бiлiмдi болып шыгамыз, таным көкжиегіміз кеңейеді.


Жобаның мақсаты: мектеп оқушыларына ұлттық игіліктер мен адамзаттық

кұндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығы үрдiсiнде берiлетiн тәрбие ісінің тұғырын қалыптастыру. Туған топырағымызда өмір сүрген ата-апаларымыздың еңбектерiн, олардың қалдырған мәдени мұраларының ерекшеліктері мен мазмұнын ашып көрсету. Рухани жаңғыру бағдарламасы ауқымында ата-апаларымыз тарту еткен қасиеттi жәдігерлерiмiздiң жаңа ғасырдағы алатын орнын ашып-керсету.



Жобаның мiндеттерi: 1. Жоғарыда аталып кеткен ұлттық құндылықтар
арқылы ата-баба тарихына құрметпен қарауды, өз ұлтымыздың дәстүр- салтын, тарихы мен мәдениетін жетік бiлудi, тарихи саналылықтың жоғары деңгейiне жетудi, паториоттық ұстанымымызды қалыптастыруды қамтамасыз ету;

  1. Ауыл тарихы туралы мектеп оқушылары мен тағы басқа кызығушылық танытар жандарға тың тұжырымдар тiзбегiн ұсыну;

  2. Біздің ұрпақтың адами және рухани болмысымыздың негiзiн жағымды жағынан қалау үрдісін үзбей жалғау.



Жобаның жаңалығы: Ауылымызда өмір сүрген еңбек майталмандарының Ұлы Отан согысы жылдарында бастан өткерген қиыншылыққа төзiмдiлiктерiн ашып көрсету арқылы ұлттық болмысымыздың тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп, бүгiнгi таңда бiртiндеп жоғала бастаған ұлттық бет-бейнемiздiң тұғырын берiк етудiң манызды құралы ретiндегi - өскелең ұрпаққа ұлттық тәрбие беру ісінің маңыздылығын дәлелдеп шығады.


Зерттеу әдістері: 1. Қариялармен кездесіп, сұхбат алу;

  1. Баспасөз беттерінен деректер iздеу;

  2. Табылған, қол жеткізген материалдарды талдау, талқылау, ой елегiнен өткізу, салыстыру, т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет