«МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БҚМУ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ФАРМАКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ ДӘРІС - Тақырыбы: «ЖАЛПЫ ФАРМАКОЛОГИЯ. ФАРМАКОКИНЕТИКА»
- 3 курс, «Жалпы медицина»
-
- Фармакология кафедрасының доценті Алдабергенова К.У.
- Ақтөбе 2019
Мақсаты: - Фармакология ғылымының анықтамасын, дәрілер фармакокинетикасының жалпы заңдылықтарын түсіндіру.
Жоспары: - 1. Пәннің анықтамасы, фармакологияның ғылым ретінде даму кезеңдері.
- 2. Дәрі, дәрілік зат, дәрілік түр және дәрілік шикізат туралы түсінік. Олардың алыну көздері.
- 3. Фармакокинетика, анықтамасы.
- 4. Дәрілерді енгізу жолдары (энтеральды, парентеральды).
- 5. Дәрілік заттардың негізгі сіңу механизмдері (диффузия, белсенді тасымалдану, сүзілу, пиноцитоз).
- 6. Дәрілердің ағзада таралуы.
- 7. Дәрілік заттардың метаболизмі (биотрансформация, конъюгация). Дәрілік заттардың метаболизміне ықпал ететін факторлар.
- 8. Дәрілік заттардың ағзадан шығуы.
ФАРМАКОЛОГИЯ - Грек. тіл. pharmacon - дәрі
- logos – ілім, ғылым
-
ФАРМАКОЛОГИЯ Дәрілік зат - Дәрілік зат – организмге емдік немесе профилактилалық әсер ететін табиғи немесе синтетикалық немесе гендік инженерия жолымен алынған зат.
Дәрі - Дәрі – Фармакологиялық комитеттің рұқсатымен әртүрлі ауруларды емдеу, алдын алу немесе диагнозын анықтау үшін қолданатын дәрілік зат немесе бірнеше заттар қосындысы.
- Егер дәрі бір дәрілік заттан тұрса, онда бұл атаулар бір-біріне сәйкес келеді.
Дәрілік түр - Дәрілік түр (қалып) – қажетті емдік және профилактилалық әсер алу үшін пайдаланылатын, қолдануға, сақтауға ыңғайлы болу үшін дәрілік затқа берілетін қалып.
- Дәрілік қалыптар консистенциясына қарай қатты, жұмсақ және сұйық түрлерге бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |