Дарынды балалардың өзгеше ойлау ерекшеліктері
Неғұрлым көп білуі әрі білгенін ұмытпауы;
Алуан түрлі тақырыптарға қызығушылық танытуы;
Тіл байлығының болуы, тілді үйренуге деген қабілеттілігі;
Тез ойлау, тез қағып алу, өзгеше ойлауы;
Кең саралай алуы;
Мәселенің көп байқала бермейтін тұстарын байқауы;
Айтқанынан қайтпайтын қырсық, мақсат қойып соған ұмтылады, кейде оқыс қимылдар жасайды;
Өте ретті жұмыс істейді; тәуелсіз әрі адамға көп бағына бермейді;
Тез жалыққыш, бос тұра алмай бір нәрсе істегісі келіп тұрады;
Өте күрделі нәрселерді ұнатады, біреулермен таласқанды жаны сүйеді;
Басқалардың назарын өзіне аударуды қалап тұрады, мақтау сүйеді.
Метафизикалық сезім тұрғысынан ерекшеліктері
Түс, дыбыстар мен иістерге, т.б. деген өте сезімталдығы;
Физикалық әрі интеллектуалдық жағынан тез дамуы;
Өзі жетістікке жете алмайтынын сезген физикалық шараларға қатысқысы келмеуі;
Өнердің бір түрін өздігінен тамаша меңгеріп алуы;
Тылсым жағдаяттарға деген қызығушылығы;
Ақындыққа жақын болуы, әдемі әрі әдеби сөйлей алуы;
Бір іске қол сыбана кіріседі, талас тудырған мәселелерде пікір тудыра біледі;
Ішкі әлемінің тереңдігі, содан туындайтын жалғыздық;
Ынта-құлшынысының жоғарғы деңгейде болуы;
Жиі-жиі ойға берілуі, қиял шеңберінің кең болуы.
Дарынды балалардың сезімталдық жағынан ерекшелігі
Басқаларға қарағанда өте сезімтал. Біреудің ойлағанын тез сезеді;
Әзілдескені өзгелердікіне ұқсай бермейді. (Сонысымен кейде достарын да ренжітіп алады);
Басқалардан өзгеше екендігін өзі де сезеді, онысын сездіруге тырысады;
Жас кезінен алдына мақсат қояды;
Сезімге берілгіш, көңілі бос;
Үнемі ең жақсысына ұмтылады (өзіне де, басқаларға да көңлі толмайды);
Кейбір пәндерге аса алғырлық танытып, сол пәндерден үлкен жетістіктерге жетеді;
Таңсық, құпия тақырыптарды білуге көбірек құмартады;
Байсалды әрі бір іске бар ынтасын жұмылдыра алады.
Достарыңызбен бөлісу: |