Маржанбұлақ селолық округінің әкімі Б.Кангужиннің 2013 жылы атқарылған жұмысының есебі.
Құрметті ауылдастар!
Елімізде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың негізгі бағыттарына сәйкес тамыз айында селолық, аудандық маныздағы қалалық(селолық) округтердің әкімдерін сайлау жүзеге асқаны белгілі.Төменгі буындағы билік өкілдерінің мүмкіндіктерін көбейтіп, өкілеттіктері арнасын ұлғайтқан бұл кезеңнің қоғам тарихында бір ілгері қадам болып қалатыны аян.
Бұл саяси манызы бар бастаманы «Қазақстан-2050» Стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттін жана саяси бағыты» атты жылдағы халыққа Жолдауында Елбасы Н.Ә.Назарбаев көтерген болатын.
Президенттің 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлығына сәйкес селолық округ әкімдері жергілікті халыққа есеп беру кездесулерін тоқсан сайын бір рет, яғни келесі тоқсанның бірінші айы ішінде, жылына төрт рет өткізуге тиіс.
Сіздердің назарларынызға Маржанбұлақ селолық округі әкімі аппаратының 2013 жылы атқарған жұмысы туралы есепті ұсынамын.
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету.
Көп балалы, аз қамтылған және арнайы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар 61 отбасындағы 170 балаға жалпы 1млн 549,5 мың тенге жәрдемақы төленді.
Алғашқы рет республика денгейінде аталып өткен Отбасы күніне орай Қайыңдысай ауылының тұрғындары көп балалы Қудасовтар отбасына облыс әкімі атынан Ақтөбе қаласынан пәтер алуға сертификат беріліп, құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Әр тоқсан сайын бір соғыс ардагері және оларға теңестірілген 14 тыл ардагерлері Үкімет тарапынан берген женілдіктерді толық және уақытында алып отыр.Атап айтқанда, телефон байланысы, газ баллоны,электр жарығына және бір жолғы қысқы қатты отынға ҰОС ардагері В.Яровенкоға 2013 жылы 50,7 мың теңге, Семей полигонына қатысушы Б.Талыпқа 19,3 мың теңге, қалған 17 тыл еңбеккерлеріне 249,7 мың теңге жеңілдіктер төленді.
Жаз айында екі отбасы тегін, ал төрт отбасы арзандатылған бағамен шөп азығымен қамтылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету.
371 бас малға вет.паспорт, 43 бас малға вет.анықтама, 50 азаматқа жеке қосалқы шаруашылығы барлығы туралы анықтама берілді.
9 ай ішінде жеке азаматтардан 2149 арыз шағым қабылданды,оның ішінде 2000-жер теліміне кезекке коюға байланысты, 149 мемлекеттік қызмет көрсету бойынша.
Мәдениет саласы
Селолық округтің аумағында бір Мәдениет үйі, бір кітапхана қазіргі таңда жұмыс жасап тұр және толық мамандармен қамтылған..2013 жылдың бірінші тоқсанында МҮ аудандық МҮ қажетті музықалық құралдар алынды. Селолық округ кітапханасында 610 оқырман тіркелген, былтырғы жылмен салыстырғанда 333-ге жуық кітаппен толықты және жалпы кітап қоры 6000 кітапқа жетті. 2013 жылдын екінші тоқсанында кітапханаға қажетті бір компьютер,бір принтер алынды .
Мемлекеттік және ұлттық мерекелерді атап өту мақсатында «Масленица», «Наурыз», Женіс күніне,1 маусым-Халықаралық балалар қорғау күніне, 30-тамыз-Конституция күніне,1 қазан-қарттар күніне,16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне,Жана Жыл мерекесіне арналған мәдени іс-шаралар өтті. Облыстық филармониямен бірлесе отырып бір рет концерт ұйымдастырылды. А.Тырмышев жас отбасы аудандық «Жас отау» байқауына қатысып жүлделі төртінші орынға ие болды, «Жастар бірлігі» ұйымының ұйымдастыруымен өткен «Япырай, қазақ жастары» атты КТК (көнілді тапқыштар клубы) сайысына белседі қатысқаны үшін округ командасы аудан әкімі атынан арнайы сертификатқа ие болды.
Денсаулық сақтау,санитариялық тазалық және аббаттандыру саласы
Округ бойынша тоғыз айда дүниеге 48 сәби келсе, 13 адам қайтыс болды.14 бала Ақтөбе қаласындағы «Ақ бөбек» санаторийында денсаулығын нығайтып қайтса екі бала Алматы қаласындағы «Алатау» сауықтыру орталығында сауықтырудан өтті. Ауыл тұрғындарына кезекті дәрігерлік тексерулер уақытылы жүргізіліп тұрады. 10.06.2013-12.06.2013 жыл аралығында «Саламатты Қазақстан» жылжымалы денсаулық автопоезы келіп тұрғындар арасында тексеріс өткізді және тексерістен 221 адам өтті.
0-5 аралығындағы балалар ақысыз дәрі-дәрмекпен қамтылған, ал 700 науқасқа 950000 теңгеге дәрі берілген.Скринингтік тексеруден 257 (100 пайыз), флюровагоннан 413 (85 пайыз) округ тұрғыны өтті.Осы тексеру арқылы туберкулезбең ауыратын 3 адам, сары аурумең 1 адам дер кезінде анықталды және емделуге жіберілді. Маусым айынан бастап ауылдық амбулаторияда қарапайым зертханалық жұмыстар жүргізуге лаборатория жұмысы ұйымдастырылды.
Көктем-жаз айларында бюджеттен бөленгең 350 мың теңгеге елді-мекендердің аумағың қүл-қоқыстан тазарту және бұрыннан иесіз жатқан Маржанбұлақ ауылындағы екі тұрмыстық қалдықтары полигондарының орындарына тегістеу (рекультивация) жұмыстары ұйымдастырылды,45 қанғыбас ит атылды.Округ аумағында 200-ден астам көшеттер отырғызылды.
Білім саласы .
Округте 1орта, 1 негізгі және 1 бастауыш мектеп жұмыс жасап жатыр. Маржанбұлақ орта мектебі 2013-2014 оқу жылының ҰБТ қорытындысы бойынша 72,4 бал білім сапасын көрсетіп, өткен жылмен салыстырғанда 7% -ға төмендеді және аудандық орташа көрсеткіштен 1,4% төмен. Мектеп бітірген 22 түлектің 6 мемлекеттік грантқа ие болды Мектептерде аз қамтылған отбасылардың 68 баласына жалпыға бірдей білім беру қорынын киім-кешек, оқу құралдары алынды және ол оқушылар ыссы тамақпен қамтылған. Маржанбұлақ орта мектебінің жанынан 20 орын интернат ашылып, 2013 жылдың жаз айларында күрделі жөндеуден өтті. Қазіргі таңда онда 15 бала оқып жатыр.1-4 сынып және интернат оқушыларын ақысыз ыстық тамақпен тамақтандыруда (Маржанбұлақ ОМ – 72,5%,Ақырап НМ – 100%,Маржанбұлақ БМ – 100%).Маржанбұлақ орта мектебінің материалдық базасын нығайту мақсатында 2013 жылдың қыркүйек айында химия кабинеті жергілікті бюджет есебінен толық жабдықталып берілді. «Балапан» Маржанбұлақ бала-бақшасына «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасының төртінші бағыты бойынша Республиқалық бюджеттен 32 млн теңге қаражат бөлініп , балабақша күрделі жөндеуден өтті және 2014 жылдан бастап қосымша 25 балаға арналған бір топ ашу жоспарланып отыр.
«Көркейе бер,туған жер» атты облыстық акцияға біздің кәсіпкерлер,ШҚ басшылары, ауылдастар белсенді қатысты. ЖК Р.Шуиншалин «Балапан» Маржанбұлақ бала-бақшасына бір факс аппаратын сыйға тартты.
Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және өткізу мақсатында аптасына бір рет жастар би кеші өтеді. Мәдениет үй жанынан 1 бильярд столы, Маржанбұлақ орта мектебінің аула клубы, өнер студиясы жұмыс жасап тұр.
Телефон байланысы бойынша телефонмен Маржанбұлақ және Қайындысай ауылдары толықтай қамтылды . Қазіргі таңда бұл ауылдырда «СВИМ» ЖШС арқылы барлығы 347 телефон қондырылған. Өткен жылы Қарағандысай елді мекеніне «Қазақтелеком» АҚ бірлесе отырып 8 номер берілді.Маржанбұлақ ауылында «КСЕLL» станциясы қондырылды және ол ұялы байланыстың сапасын көтерді. «Картел» ұялы желісі көктемде Маржанбұлақ ауылына арнайы қабылдағыш қондырып сол арқылы ұялы байланыстың сапасын көтерді .Казіргі танда округтің Маржанбұлақ,Қайындысай ауылдары толық ұялы байланыспен қамтылған.Казіргі танда 4G байланыс жүйесін іске асыру мақсатында «Ал-тел» АҚ келісім-сөздер жүргізілді.
Ауыл шаруашылығы саласы
Көктемгі далалық егіс жұмыстарына 5 ШҚ және 2 ЖШС қатысты.Олар барлығы 2860 га егін салды,оның ішінде 200 га арпа,640 га судан шөбі және 2020 га бидай.Қуаңшылық пен шегіртке келтірген зияндығына байланысты бұл егін алқабының 60% шабуға жарамсыз деп танылды.Әр гектардан орташа 1,5 центнер өнім алынды. Биылғы қысқа округ бойынша 1890 ірі қара, 5782 қой-ешкі, 254 жылқы, 25 шошқа, 4800 бас құс түсті. Оларды қыстан аман-сау алып шығу үшін 9000 тонна шөп дайындалды. Аудандық ветеринариялық станция қызметкерлерімен бірігіп жасаған ветеринария және эпизоотологиялық іс-шаралар жоспарға сай орындалды.
Сарып ауруына қарсы тексерілген жалпы мал басынан 40 бас МІМ қара және 320 бас МҮМ шығып, белгіленген уақытында жойылды. 64 аулаға ақысыз дезинфекция жұмыстары ұйымдастырылды.
Бірдейлендіру жоспарын орындау мақсатында МІМ төлі- 401бас(108%),МҮМ төлі-2600 бас(100%),жылқы малы-86 бас(100%),шошқа-201 бас(100%) жұмыстар жасалды.
Жеті Ш/Қ егін егумен қоса мал шаруашылығымен айналысады.
Қайындысай ауылында"Талсай" Ш/Қ мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 2013 жылдың тамыз айында 70 бас МІҚ сатып алды, осы бағдарлама арқылы 2014 жылда тағы 70 бас МІҚ алуға жоспарлап отыр. «Үштаған» ШҚ
жеті жүз бас МҰМ сатып алды, шаруа қожалығын ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Қазіргі таңда шаруа қожалықтарында малшыларға арналған екі пәтерлі үй құрылысын аяқтап, тұрып жатыр және 5000 дана шөп тюгін алып үлгерді.
«Маржанбұлақ» ЖШС өз қаражатына 18 бас МІМ және бір бірлік МТЗ-82 тракторын сатып алды.
«Игорек» ШҚ лизингке бір бірлік МТЗ-82 тракторын сатып алды.
«Светлана» ШҚ «Камаз» автокөлігін сатып алуды жоспарлап отыр.
Жеке МІҚ малдарын асылдандыру мақсатында «Жақсылық» ШҚ басшысымен өзара келісім-шартқа тұрып Маржанбұлақ, Қайындысай ауылдарындағы жеке табындарға 10 бас асыл тұқымды қазақ ақбасты бұқалар 27.07.2013 жылдан бастап 15.11.2013 жылға дейін қосылды.
Итальян шегірткесіне қарсы 2013 жылдың маусым айында «Ақтөбе Құнарлық» ЖШС аэрозольды генератормен Маржанбұлақ селолық округі бойынша барлығы 4720 га жер химиялық өңдеуден өтті, оның ішінде 1700 га селолық округ жерлері, ал 3020 га ШҚ,ЖШС жерлері.
2013 жылы Үкімет тапсырмасы бойынша бос жатқан жерлерге ревизия жасалып 2 ш/қ жұмысын тоқтатып Үкіметке 3809 га жер қайтарылды, облыстық жер пайдалануын қадағалау инспекциясына жермен айналыспайтын 14 ш/қ бойынша құжаттар жиналып жалпы 13041 га жерді қайтадан Үкіметке қайтаруға ұсыныс жасалды.
Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында жеке тұлға Р.Шуиншалиннің жеміс ағаштарын өсіру мен қаз-үйрек асырау үшін 4 га жер телімін сұраған арызы, Т.Құлбасовтың жылыжай құрылысын салу үшін 50 сотық, Б.Жасановтың коммуналдық-тұрмыстық және басқа да қызмет көрсету ғимаратының құрылысына 25 сотық, сонымен қатар қоғамдық монша мен азық-түлік дүкенін салуға 8 сотық, З.Наймановтың сусындар құятын ыдыс даярлайтын цех құрылысын салуға 10 сотық, Ә.Кенетаевтың қоғамдық тамақтандыру орнын салу үшін 20 сотық, Қ.Масабаевтың қымызхана, кафе құрылысын салуға 20 сотық,К.Мамированың тойхана құрылысын салуға 30 сотық, Г.Киякованың демалыс және жағажай орнын орналастыруға 50 га және М.Изимованың өндірістік цех ашуға ескі мектеп орнын, азаматтар Ж.Урдабаева, Т.Жаркылов Б.Алдамжаровалардың азық-түлік дүкенін салуға рұқсат сұраған арыздары аудандық жер комиссиясының қарауына ұсынылып, қанағаттандырылды. Қазіргі таңда құжаттандыру жұмыстары жасалуда.
«Баймұрат» ШҚ Маржанбұлақ ауылынан шағын мал бордақылау алаңының және мал сою алаңының құрылысын бастады.
«Русарт» ШҚ Маржанбұлақ ауылынан шағын құс фабрикасы құрылысын бастады және қосымша 100 бас сауынды МІҚ алып ферма ашуға талаптанып жатыр.
Инфраструктура, газдандыру, ауыз су және электр энергиясымен қамтамасыз ету
Казіргі танда Маржанбұлақ ауылында 260 жеке азаматка кезек тізімі бойынша жеке үй салуға жер телімі берілді.,сонымен қатар жеке тұрғын үй салуға кезекке 2968 азамат тіркелді.
Бас жоспар бойынша берілген жерлерге енді инженерлік-коммуникациялық жүйелерін жүргізу үшін облыстық бюджеттен қаражат қарастыру қажет. 2013 жылы аудандық бюджеттен 2 млн 310 мың теңге бөлініп «Инженерное проектирование » ЖШС бұл қаражатқа жаңа салынып жатқан мөлтек аудандарға электр жүйесімен қатар жарықтандыру жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ жасап бітірді, казіргі таңда жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде.
Маржанбұлақ ауылын газдандыру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары 2012 жылы басталып ,оған облыстық бюджеттен 34 млн 500 мың теңге (10 пайыз)бөлінді,және бұл қаражатты мердігер «Мадмила» ЖШС толық және мақсатты игерді.
2013 жылы бюджеттен 93 млн теңге бөлініп, жаңа мердігер «Тәуекел» ЖШС құрылыс-монтаж жұмыстарын жалғастырып жатыр, келісім-шарт бойынша аяқтау мерзімі 2014 жылдың қазан айы.
Қайыңдысай ауылына газ құбырын және ішкі кварталдық жүйесін тартуға ЖСҚ қазіргі таңда дайын және мемлекеттік сараптамадан өтті, 2015 жылға дейін облыстық аймақтық даму бағдарламасына енгізілді, құрылыс-монтаж жұмыстары 2014-2015 жылдарға жоспарланып отыр.
Қазіргі таңда округтің үш елді мекеніне газ тасымалдау айына 1 рет "БАГС" ЖСШ арқылы жасалып жатыр.
Маржанбұлақ ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2012 жылы облыстық бюджеттен 56 млн 310 мың теңге қаражат бөлініп, мердігер «Мадмила» ЖШС толық игерді. 2013 жылы құрылыс-монтаж жұмыстарын жалғастыруға қаражат қарастырылған жоқ, басталған нысан құрылысын аяқтау 2014 жылға жоспарланып отыр. Аудан әкімшілігі көмегімен және демеушілер:«Бабек құрылыс» ЖШС, «Алға-жылу» мекемесі есебінең Маржанбұлақ ауылында бұрынғы ескі су құбыры іске қосылып казіргі танда 8 су колонкалары жұмыс жасап тұр. Аудандық санитарлық қадағалау органдарының сараптамасына сәйкес суды ауыз су ретінде пайдалануға болады.
2013 жылдың желтоқсан айында облыстық бюджеттен 5 млн.теңге бөлініп,мемлекеттік сатып алу әдісімен Маржанбұлақ ауылына жаңадан су құбырын тарту жұмыстарын жалғастыру бойынша жаңа мердігер анықталды, ол-«Ақтөбеэлектросетьстрой» ЖШС.Нысанды 2014 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.
2013 жылдың жаз айларында Маржанбұлақ ауылында 25, Қайындысай ауылында5, екі ауыл аралығындағы электролиния бойынша 5 электрлік тірек бағандары ауыстырылды. Қарағандысай, Қайындысай ауылдарында трансформаторларға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2013 жылдың кырқүйек-қазан айларында «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында Маржанбұлақ ауылынын 7 көшесіне барлығы 70 жарықтандыру нүктесі қойылды.
Маржанбұлақ бала-бақшасын және Маржанбұлақ орта мектебін тұрақты электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында аудандық бюджеттен 1 млн. теңге қарастырылып жана тоқ трансформаторы қондырылды.
Жол қатынасы бойынша.
Ақтөбе -Маржанбұлақ бағыты бойынша қазіргі таңда тасымалдаушы мен округ әкімі арасындағы уақытша тасымалдау ұйымдастыруға келісім-шарт бойынша үш мезгіл автобус қатынауда. Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 16.10.2013 жылы осы бағытта тасымалдауға байқау жариялады. Қайындысай ауылында Ақтөбеге қатынайтын адамдардың аз болуына байланысты бұл ауылға автобус қатынасы тоқтатылды. Сонымен қатар, ауыл әкімшілігі және Алға аудандық ауруханасының Бас дәрігерімен келісім бойынша аптасына бір рет аудан орталығына жергілікті тұрғындарды медициналық байқауға ақысыз тасымалдау ұйымдастырылды.
«Ақтөбе-Орал» автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан «Казахдорстрой» ЖШС мен «Русказдорстрой» ЖШС басшыларымен келісім бойынша құрылыс жұмыстары аяқталғанша Маржанбұлақ ауылына кіре берісі (700 метр) және Қайындысай ауылына кіре берісі (1200 метр) жолы ағымдағы жөндеуден өтетін болады.
2014 жылы бюджет есебінен Маржанбұлақ ауылының бір көшесін орташа ағымдағы жөндеуден өткізуге ЖСҚ дайындау жоспарланып отыр.
Қылмыстың алдын алу мақсатында селолық округте жоспарды түрде жұмыстар жүргізілді. 2013 жылдың 13 қылмыс тіркеліп, 8 қылмыстық іс ашылды.Ашылмай тұрған үш мал ұрлығының бәрі де малдың далада өз бетімен жайылып кетуінен және екі ұсақ ұрлығы/шарбақ қоршауы мен даладан шөп ұрлығы. Әкімшілік жауапкершілікке 98 округ тұрғыны тартылды,оның 50 пайызы 387 бап бойынша(санитарлық Ережелерді бұзғаны үшін) және 25 пайызы 336 бап бойынша(қоғамдық жерде алкогольды ішімдіктерді ішкені үшін)
Жұмыссыздықтың алдын алу, шағын және орта бизнесті дамыту.
Ақылы қоғамдық жұмыстарға 6 округ тұрғыны тартылды. Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша бала-бақшаның күрделі жөндеу жұмыстарына 14 жергілікті тұрғындар тартылды, Ақтөбе қаласындағы «Ситал-2» кірпіш зауытына 5 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, ауылдың газдандыру жұмыстарына 4 адам жұмысқа орналастырылды.
«Ақтөбе-Орал» тас жолын күрделі жөндеу жұмыстарына Маржанбұлақ және Қайыңдысай ауылдарынан 15 адам уақытша жұмысқа орналасты.
Бюджетке қосымша салық базасын кенейту мақсатында Маржанбұлақ ауылында 2013 жылы 1 дүкен , 3 Ш/Қ занды түрде ашылып қосымша 10 жұмыс орны ашылды.
Салық жинау жұмыстары 2013 жылы 104 пайызға орындалды, оның ішінде жеке мүлік салығы -121915 теңгеге , жер салығы-133055 теңгеге, транспорттан түсетін салық 479338 теңгеге орындалды.
Барлығы жергілікті бюджетке 734 308 мың теңге аударылды.
2014 жылға жоспарланған мақсаттар мең міндеттер:
-
жеке тұрғын үй салуға бөлінгең жерлерге жана элетрожүйе мен жарықтандыру құрылысы жобасын іске асыруға ықпал ету.
-
Маржанбұлақ ауылында газдандыру және ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарын аяқтауға күш салу.
-
Әлеуметтік нысандарды 2013-2014 жылғы қыс мезгілінде тұрақты жылумен қамтамасыз етуге күш салу.
-
Бір-екі жобаны «Жұмыспен қамту-2020», «Бизнес жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламаларына енгізуге ықпал ету.
-
«Маржанбұлақ-Ақтөбе» бағыты бойынша жолаушыларды тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру.
-
«Өнірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Қайындысай ауылында «Ы.Алтынсарин», «Маржанбұлақ», «Бейбітшілік», «Ақырап» көшелеріне барлығы 16 нүктеге жарық қондырғыларын орнату, округ аумағында санитарлық тазалықты ұйымдастыру бағытында 1500 тонна қоқыс шығару, 5915 ш.м. жерге тегістеу жүргізу, Маржанбұлақ орта мектебінің спорт залына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, т.б.
Б.Кангужин
Маржанбұлақ селолық округінің әкімі
Достарыңызбен бөлісу: |